2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5


Жоба

2016 жылдың қорытындысы бойынша

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды
I. Бағдарламалық құжаттың деректемелері (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушылар, іске асыру мерзімдері, оның ішінде кезеңдер бойынша)

Құжаттың атауы – «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы.

Құжаттың нөмірі және күні – Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы №464 Жарлығы.

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар: орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және басқа да ұйымдар.

Іске асыру мерзімдері (оның ішінде кезеңдер бойынша) – 2013-2020 жылдар, оның ішінде:

бірінші кезең – 2013-2017 жылдар.

екінші кезең – 2018-2020 жылдар.

Есеп беру кезеңі – 2016 жыл.
II. Есеп беру кезеңінде қол жеткізілген нәтижелер, оның ішінде нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар және есеп беру кезеңіндегі аралық мәндері бар нәтижелер көрсеткіштері (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, оның себептерін көрсету)

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) төрт бағыт бойынша іске асырылуда, ол бойынша 2017 жылы 83 нысаналы индикаторға қол жету жоспарланған. Нысаналы индикаторлардың аралық мәндері жылдар бойынша жоқ, бұл оларға қол жеткізу дәрежесін толық бағалауға мүмкіндік бермейді.

Мемлкеттік бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бірінші кезең) сәйкес, есептік кезеңді 12 іс-шараның іске асырылуын аяқтау қарастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 38 нысаналы индикатор бойынша (45,8%) 2017 жылдың мәніне мерзімінен бұрын қол жеткізілді, 9 нысаналы индикатор (10,8%) бойынша ресми статистикалық ақпарат кейіннен ұсынылады, 36 нысаналы индикатор (43,4%) орындалу сатысында.



1-бағыт. Архитектуралық тәсілдеме негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету

Аталған бағыт шеңберінде жоспарланған 16 нысаналы индикатордың 5-не мерзімінен бұрын қол жеткізілді.



Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру

Нысаналы индикаторлар

1) «Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингінде» 2017 жылы – алғашқы 38 елдің тізімінде, 2016 жылғы факт – 35 орын. 2017 жылдың көрсеткішіне қол жеткізілді.

Фактілер бойынша 2013 жылы – 50 орын, 2014 жылы – 53 орын, 2015 жылы – 41 орын, 2016 жылы – 35 орын, жалпы Қазақстанның рейтингідегі позициясының оң өзгеру динамикасы байқалуда. Бұл ретте, жоспарланған көрсеткіш 2016 жылы орындалды.

Мемлекет башысының Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру тапсырмасы бойынша Үкіметтің елдегі бизнес-климатты жақсарту және «DoingBusiness» Дүниежүзілік банкінің рейтінгісінде позициясын жақсарту бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында көрсеткіш орындалып отыр.

Сонымен, Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылғы 29 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық реформалар қабылданған. Сондай-ақ, 2016 жылы мақсаты іскерлік ортан одан әрі жетілдіру болып табылатын қолданыстағы заңнамаға бесінші өзгертулер пакеті қалыптастырылды.



2) 2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ең көп мерзімі – 5 жұмыс күнінен артық емес, 2016 жылғы факт –күнтізбелік 24 күн.

Фактілер, 2013 жылы – күнтізбелік 35 күн, 2014 жылы – күнтізбелік 26 күн, 2015 – 2016 жылдары күнтізбелік 24 күн осы индикатор динамикасының өзгеруі төмен екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, 2017 жылы индикаторға қол жеткізбеу қаупі туралы атап өту қажет.

Қазіргі уақытта мемлекттік қызмет көрсетудің уақытын одан әрі қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-процестерін талдау бойынша, қазіргі уақытта – «электронды үккімет» веб-парталы арқылы көрсетілітін электрондық қызметтерді талдау бойынша кеңес өткізуде.

Қазіргі күнде мемлекеттік қызметтерді көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы көрсетілетін ІІМ, ЕХӘҚМ, ДСМ, АКМ, МСМ, ДІАҚМ, БҒМ, ИДМ, МҚІСЖҚА, ЖС, БП, ҚМ, ЭМ, ӘМ, ҚМ, ҰЭМ, АШМ мемлекеттік қызметтері қаралды. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыс жоспарының жобалары әзірленген. Сонымен, мынадай қызметтерді көрсету бойынша процестер оңтайландырылған: кейіннен мерзімін 22-ден 8 жұмыс күніне дейін қысқарта отырып, композиттік қызмет көрсету бөлігінде «прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» және «соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру», сондай-ақ прокуратураның аумақтық органдарына апостиль қою бойынша өкілеттіктерді беру. АШМ субсидиялар бойынша ішкі қызметтер көрсету процестері оңтайландырылған, қорытындысы бойынша қызмет көрсету мерзімі едәуір қысқартылды. Мысалы, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды қысқартылды, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын құнын субсидиялау 37 бө-ден 11-бө және т. б.

Сондай-ақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бағыты бойынша штаб құрылды. Құрамы ақпарат және коммуникациялар министрлік қызметкерлері, ұлттық экономика, ҰКП «Атамекен», КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы «Азаматтарға арналған Үкімет» және АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар».

3) 2017 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын автоматтандыру – 80 %, 2016 жылғы факт – 99,96%.

Факт 2013 жылы – 97 %, 2014 жылы – 99,17 %, 2015 – 2016 жылдары 99,96 % фактілер көрсетіледі, осы индикаторға 2013 – 2016 жылдары асыра орындалуымен қол жеткізілді.

2013 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі көрсеткіштерді асыра орындауына қатысты Мемлекеттік бағдарламаны жоспарлау кезінде МОИП орталығы арқылы электронды түрде жолданатын электрондық құжаттардың саны бекітілген құжаттардың істер наменклатурасына сәйкес, барлығы 50,3% құрады. Осыған байланысты 2017 жылға – 80% көрсеткіш белгіленген.

Алайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі атқарып жатқан жұмыс көрсеткіштерді асыра орындауға алып келді. Мысалы, 2013 жылғы ақпанда мемлекеттік органдарда МОИП-та барлық нормативтік актілерді келісетін «НҚА-ны келісу» модулі іске қосылды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысымен мемлекеттік органдар Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдануының тиімділігін бағалау әдістемесіне көрсеткіш ретінде аталған модульді пайдалануды енгізген болатын.

Қазіргі уақытта МОИП 74 мемлекеттік органға, оның ішінде олардың ведомстволық комитеттеріне және 3044 аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ 16 облыс әкімдерінің аппараттарына енгізілді, 95 475 қолданушы тіркелді. 2016 жылы МОИП-та 14 560 НҚА жобалары келісілді.

ЭҚАБЖ 63 орталық мемлекеттік орган мен 1308 аумақтық мемлекеттік органдарға енгізілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық пошталық жүйесі қызметі мемлекеттік органдардың 83 080 пайдаланушысына ұсынылады.



Мемлекеттік органдардың ашықтығы

Нысаналы индикаторлар

1) Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) бағдарламаның іске асырылуы ішінде алғашқы 5 қатарында болуы тиіс, 2016 жылғы факт – 67 орын.

БҰҰ есебіне сәйкес 2016 жылы осы индикатор бойынша Қазақстан 67 орынға дейін төмендеді, факт бойынша 2012-2013 жылдары – 2 орын, 2014-2015 жылдары – 22 орын. Осылайша, Қазақстанның е-қатысу индексі бойынша позициясы төмен динамикаға өзгергендігі байқалып отыр, бұл осы бағыттағы жұмыстың нашар екендігін көрсететінін атап өту қажет.

Е-қатысу көрсеткіші электонды ақпарат беру, электронды кеңес беру және e-gov қолданушыларының электронды шешім қабылдауы сияқты 3 кіші индекстерінен тұрады. Бұл көрсеткіштер бойынша төмендеу үрдісі байқалуда.

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарылуда және берілген көрсеткішті, оның ішінде индекс көрсеткіштерін жоғарлату үшін барлық шаралар қабылдануда.

Осылайша, заң жүзінде тәртіп туралы нормалар, ақпаратты алу мен сұраныстың формалары мен жолдары бекітілген (2015 жылы «Ақпаратқа қол жеткізу», «Ақпараттандыру туралы» ҚР заңдары қабылданған).

2015 жылдың аяғынан бастап ҚР-да ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер және МО қызметі тиімділігін бағалау сияқты компоненттерден тұратын Ашық үкімет порталы жұмыс істейді.

Қазіргі кезде порталдағы мәліметтер саны 2272 құрайды, порталдың мәліметтеріне негізделген 23 қосымша жарияланған.

Ашық НҚА порталында НҚА жобаларын талқылау жүзеге асырылады, порталдың жұмыс істеп тұрған уақытынан бастап 11 000-нан аса НҚА және заң жобалары тұжырымдамалары талқылаудан өткен.

2015 жылы «Ашық диалог» шеңберінде блог-платформалар мен интернет-конференциялар, сонымен қоса сауалнама жүйесі іске асырылды. Блог-платформаға 184 мыңнан аса өтініш келіп түсті, 183 конференция өткізілді және сауалнамаға 200 000 астам қолданушы қатысты.

Ашық бюджет порталында бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша есептері мен жобаларын көпшілік талқылау және орналастыру жүргізіледі. Порталда 8450 бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған, 6443 жоба және 3200 аса мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер есебі қоғамдық кеңеске берілді. Сонымен қатар, өткен есептік жылға арналған орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру есептемелері жарияланған.

Қазіргі уақытта «МО қызмет тиімділігін бағалау» порталы әзірлену сатысында. «МО қызмет тиімділігін бағалау» порталында МО қызметін бағалау туралы мәліметтер, стратегиялық жоспардың мақсатты индикаторларына қол жеткізу және аумақтың даму бағдарламалары туралы есептемелер, сондай-ақ МО қызметін көпшілік талқылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар БҰҰ өткізетін бағалау әдістемесіне сәйкес қандай да бір мемлекеттің е-қатысу индексі басқа мемлекеттермен салыстырғанда осы мемлекет билігімен қолданылатын электрондық қатысу құралдарын көрсететіндігін атап айту керек.

Мұндай салыстырудың мақсаты қандай да бір нақты тәжірибені жазуда емес, әр түрлі мемлекет билік өкілдерінің азаматтарымен және азаматтардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын дамыту үшін онлайн-құралдарды қалай қолданатындығын қарастыру болып табылады.

Е-қатысу индексі мемлекеттік сайттарда қолжетімді қызметтердің сапалы бағалануы болып табылады.

Математикалық тұрғыдан электрондық қатысу индексі келесі түрде нормаланады: нақты мемлекет үшін ағымдағы мәні алынады және одан БҰҰ-ныі шолуындағы электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша ең аз мәні алынып тасталады, соңында барлығы барынша және мейлінше аз мәндер арасындағы айырмашылыққа бөлінеді.

Мысалы, егер «х» мемлекеттің мәні – 29, барлық мемлекет арасындағы ең төмен көрсеткіш -0, ал ең жоғарғы мәні – 38, онда «х» мемлекет үшін нормаланған индекс мәні:

Электрондық қатысу индексі («х» мемлекет) = 29-0/38-0=0,7632

Электрондық үкіметтің даму индексі сияқты, е-қатысу индексі электрондық қатысудың абсолютті көрсеткіші түрінде ойластырылған жоқ, ол нақты уақыт аралығында мемлекеттердің бір-біріне қатынасы бойынша электрондық қатысудың даму деңгейін көрсету үшін арналған.



2) «Ашық деректер» сервистеріне негізделген белсенді қолданылатын қосымшалар саны 2017 жылы – кемінде 3, 2016 жылғы факт – 21 қосымша. Факт 2013 жылы, 2014 жыл, 2015 жыл – 2, 12 және 21 қосымша, сәйкесінше индикаторға 2015 – 2016 жылдар бойынша асыра орындалуымен қол жеткізілді.

«Ашық деректер» порталы 2014 жылы жасалды. «Ашық деректер» порталына ашық деректер орналастырылады, тізбесі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес бекітіледі.



Анықтама ретінде: «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы, ашық деректер тізбесі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен тағайындалды.

Орналастырылған ашық деректер жиынтығы 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 338, 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 2143. Осы тізбе бойынша 1267 деректер жиынтығынан 1084 іске асырылды, 85,5 % құрады.

Барлық ашық деректер жиынтығы, АРМ порталы арқылы және біріктіру арқылы орналастырылған, АРІ (application programming interface) арқылы қол жетімді. ашық деректер порталы Мекенжай тіркелімі және Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты ақпараттық жүйелермен біріктірілді.

Қосымшалардың көбі, «ашық деректер» сервисіне негізделген, тұрғындармен пайдаланылуда және әлеуметтік мағынасы бар.

Мысалға, «балабақшаның ұсыным жүйесі» сервисі. Аталған жүйе балабақшалар өңірінде саралау бойынша берілген пайдаланушы критерийлері. Негізге ала отырып, пайдаланушыға критерийлерінен оған ең қолайлы балабақша ұсынылады. Жүйеде балалар бақшасының дәрежесін бағалау үшін бар-жоғы бір критерий бар, ол – объекті маңындағы криминогендік жағдай. Сонымен қатар, бағалау объектісі ретінде мектептер де қосылған. Жүйе REST API жүйесі түрінде іске асырылған, оған web, iOS, Android және т.б сияқты әр түрлі платформаларда клиенттік қосымшалар жасауға болады.

Басқа Денсаулық + қосымшасы ашық деректер негізінде медециналық анықтама болып табылады. Ол:

-ҚР медициналық ұйымдар туралы ақпаратты: атауын, мекенжайын, тұрған жерін және өңірдің атын;

-Дәрі-дәрмектердің және бұйымның медициналық мақсаттағы тізбесін;

- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТМККК көрсетілетін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін;

- Қазақстан Республикасының азаматттары шет елге бюджет қаражаты есебінен емделуге жіберілетін аурулардың тізбесін;

- ҚР шұғыл қызметтеріне және Call-оратлықтары қосымша арқылы да 3D Touch Quick Actions (iPhone 6S үшін) функциясы арқылы да жылдам тегін қоңырау шалу мүмкіндігін қамтиды.

«Электрондық үкіметті» дамыту

Нысаналы индикаторлар

1) «Электрондық үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) 2017 жылы – алғашқы 30 елдің ішінде, 2016 жылғы факт – 33 орын.

Факт бойынша 2012, 2014, 2016 жылдары – сәйкесінше 38, 28 және 33 орын. Сонымен қатар, 2016 жылдың қорытындысын 2012 жылмен салыстырғанда Қазақстан 2017 жылға жоспарланған индикаторға жақындады.

«Электрондық үкіметтің» даму индексі 3 көрсеткіш негізінде құрылады: онлайн-қызметтер, телекоммуникациялық инфрақұрылым, адами капитал.

2016 жылы онлайн-қызметтер көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 0,7480-нен 0,7681-ге дейін жоғарлады.

Сонымен қатар, телекоммуникациондық инфрақұрылым индексі бойынша көрсеткіш 2014 жылы 0,5749-дан 0,5668-ге дейін төмендеді, атап айтқанда «бекітілген телефондық байланыс абоненттер» көрсеткіші 0,55-ке төмендеген. Қазіргі таңда бекітілген телефондық байланыс қызметтеріне сұраныс азаюда – бұл қолданушылардың бекітілген телефоннан бас тартуына және мобильді байланыс пен Интернетке ауысуына байланысты, бұл өз кезегінде желілік (бекітілген) телефондық байланыс абоненттерінің ұлғаю ағынының төмендеуіне алып келеді және әлемдік үрдіске сәйкес келеді.

Сонымен қоса «мобильді ұялы телефондық байланыс абоненттерінің» көрсеткіші бойынша 176,58-ден 168,62-ге дейін төмендеу байқалуда. Қазіргі таңда Қазақстанда мобильді кеңжолақты қолжетімділік (КЖҚ) қызметтері 3G және 4G сияқты сымсыз технологиялары арқылы көрсетіледі.

Ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттеріне сәйкес, 3G мобильді байланыс стандарты халық саны 10 000 болатын және одан да асатын барлық елді-мекендерде енгізілген. Ал 4G – халық саны 50 000 және одан да астам елді-мекендерде енгізілген. Жоғарыда көрсетілген технологиялар енгізілген елді-мекендерде 10 млн.-ға жуық халық тұрады.

ҚР ҰЭМ СК 2015 жыл қорытындысының ресми мәліметтері бойынша мобильді КЖҚ абоненттерінің саны 10.1 млн абонент, яғни бұл мемлекет үшін ең жоғары сан болып табылады. Мобильді интернеттің абоненттік базасын бұдан әрі ұлғайту 4G мобильді байланысын ұялы байланыс операторлары 2017 жылдың соңына дейін республиканың барлық орталық аудандарына енгізгеннен кейін жоспарланып отыр.

Адами капитал индексі білім алушылардың жалпы үлесі, ересек тұрғындардың сауаттылығы, күтілетін оқу ұзақтығы, орташа оқу ұзақтығы сияқты индекс көрсеткіштерінен құралады.

«Білім алушылардың жалпы үлесі», «күтілетін оқу ұзақтығы» индекс көрсеткіштері бойынша да төмендеу байқалуда.

Сонымен қатар, аталған сұрақтарды реттеу білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретіндігін ескеріп, Министрлік қызметі аталған индекс көрсеткіштеріне ықпал етпейтіндігін атап өтеміз.

Жоғарыда көрсетілген индекс көрсеткіштерінің төмендеуі жалпы алғанда электрондық үкіметтің даму индекс көрсеткішіне ықпал етеді.



2) Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттану индексі 2017 жылы 5 балдан 4,5 балды құрауы тиіс, 2016 жылғы факт – 4,59 балл. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт бойынша 2013 жылы – 4,1 балл, 2014 жылы – 4,4 балл, 2015 жылы – 3,95 балл, 2016 жылы – 4,59 балл. 2015 жылдан басқа индикаторлар өзгерісі оң динамиканы көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану индексі 2017 жылы 4,5 балл жоспар кезінде 2016 жылы шамамен 4,6 балл құрады. Осылайша, жоспарлы көрсеткішке 2016 жылы қол жеткізілді. Бұған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша Үкіметтің жүргізіп отырған жұмысы ықпал етті.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өз кезегінде 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін сауалнама арқылы зерттеу жүргізді.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 85,2% құрады.

Зерттеулерге республиканың 14 облысының 100 ХҚКО және Астана мен Алматы қалалары, 5 919 респондент қатысты.

Көрсетілетін қызметты алушылардың қанағаттану деңгейін бағалау үш бағыт бойынша жүргізілді:

- Фронт кеңселерінің инфрақұрылымын бағалау;

- Фронт кеңселерінің қызмет көрсету сапасын бағалау;

- Сыбайлас жемқорлық қаупі, «делдалдық» қызметтің болуы, «жеделдетілген» қызмет және т.б., шағымдар мен қызмет көрсету нәтижелеріне қанағаттанушылық.

Сонымен қатар, Бірыңғай байланыс-орталығының қызметін пайдаланушылардың қанағаттануы 4,7 балл (5-баллдық шәкіл бойынша) құрады. Есептік жылда Бірыңғай байланыс-орталығы 737 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес көрсеткен. 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында 20 млн. минут уақыт жиынтығын құрайтын 4,4 млн. өтініш қабылданған. Қоңыраулардың желіде күтілуінің орташа уақыты - 39 секунд.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бюрократтану индексі 2017 жылға қарай – 3. 2016 жылғы факт 4-ті құрады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттардың орта саны 4-ті құрайды.

4) Мемлекеттік көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қатынасы бойынша 2017 жылы – 50%.

Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша қызметін бағалаудың жоспар-кестесіне сәйкес аталған көрсеткіш бойынша есеп 2017 жылдың 2-ші тоқсанында ұсынылатын болады.

Факт бойынша 2013 жылы – 78,6 %, 2014 жылы – 63,1 %, 2015 жылғы факт - 23,4 % осы индикатор өзгерісі кері динамика көрсетті.

2015 жылы мемлекеттік органдарға 163,1 млн. астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 61,5 % әкімдікке (100,3 млн.) келеді. 2014 жылмен салыстырғанда, жалпы мемлекеттік қызмет көрсеу саны 2015 жылы 3,13 есеге 51,8 млн.-нан 163,1 млнға. (на 111,3 млн.) өскен.

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету санының күрт өсуі негізінен қазаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің санының тез өсуінен болып отыр. Осы ұлғаю шамамен 6,3 есе (2014 ж. 19,1 млннан. 2014 жылы 120 млн) құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет санының негізгі өсу үлесі, ЖАО қағаз түрінде көрсетілген қызмет құрайды. Сонымен, 2015 жылы әкімдікке қағаз түрінде шамамен 99,7 млн.қызмет көрсетілген, 2014 жылмен салыстыру үшін – 8,8 млн. қызмет (11,3 есе өсті). 2015 жылдан бастап бұл 3 жаңа медициналық қызмет (дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, медициналық мекемелерге бекіту), қағаз түрінде көрсетілетін және әкімдікпен көрсетілген қызмет үлесі есептік кезеңде (77%) құрайды. 2017 жылы индикаторға қол жеткізбеу қаупі бар екенін атап кеткен жөн.

Көрсетілген 3 медициналық мемлекеттік қызмет қағаз және электоронды түрінде көрсетіледі. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдікпен бірге осы қызметтердің электронды түрін насихаттау бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Мемлекеттік қызметтің электронды түрінде бірқатар өсуін көрсетті, шамамен 32% (2014 ж.32,7 млннан. 2015 ж. 43,1 млн.дейін). Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің стратегиялық жоспарымен Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Электронды фарматта көрсетілген қызметтердің үлесі» көзделген, 2016 ж. жоспар бойынша 65%, іс жүзінде көрсеткіш асыра орындалып, 68,5% құрады.

5) Электрондық қызмет көрсетудің жалпы көлеміндегі мемлекеттік мобильдік электрондық қызмет көрсетудің үлесі 2017 жылы – кемінде 36 %, 2016 жылғы факт – 5%.

Факт бойынша 2013 жылы – 1,5 %, 2014 -2016 жылдардағы факт - 5 %. осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті. Жоспарлық көрсеткішті ескере отырып, 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

2016 жылы мемлекеттік қызметтің ұялы қосымшасына электронды ауысуы қаржының жоқтығынан жүзеге аспады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесі. Құру» БИЖ ТЭН (бұдан әрі – ТЭН) сәйкес «мемлекетті қызмет мобильді электронды үлесі 2017 жылы электронды қызметтің жалпы көлемі кем дегенде 36% құрауы керек». Осы көрсеткіш 2012 жылғы есептелген электронды мемлекеттік қызмет санынан және автоматтандыруға арналған мобильді құрылғылар 51 мемлекеттік қызмет жоспарланған.

2014 жылдың 23 маусымында ТЭН-ге өзгерістер енгізілді. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету санының ұдайы өзгеруіне байланысты жоғарыда аталған көрсеткіш алынып тасталды. Мысалға: 2014 жылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету саны - 371 құрады, 2015 жылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету саны – 473 құрады. Мобильді қосымшаға шығарылған электронды мемлекеттік қызмет көрсету санының үлесі жалпы электронды қызмет көрсетудің көлемі бойынша 2014 жылы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен бекітілген тізіліміне сәйкес 5% (18/371*100%=5%,) құрады.

6) Әлеуетті түрде автоматтандырылатындардың ішінен мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі 2017 жылы кемінде 80 % құрауы тиіс.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша бұл индикатор бойынша деректер мемлекеттік органдардың бағалауынан кейін 2017 жылғы мамырда қалыптастырылады. 2015 жылғы факт – 70,92 %.

Факт бойынша 2013 жылы – 81,5%, 2014 жылы – 75,5%, 2015 жылғы факт – 70,92% осы индикатор өзгерісі кері динамика көрсетті. Индикатордың төмендеуі 2014 жылы қабылданған Үкіметтен ОМО-ға, ОМО-дан ЖАО-ға қызметінің өтуіне байланысты айқындалады. Осыған байланысты аталған функцияларды автоматтандыруға қосымша уақыт қажет.



Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет