2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды



жүктеу 0.89 Mb.
бет2/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Нысаналы индикаторлар

1) Мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтарының, серверлік бөлмелерінің, серверлік жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%-ға қысқартылуы тиіс, 2016 жылғы факт - 2012 жылмен салыстырғанда меншікті дата-орталықтар - 2,8%-ға артты, 2012 жылмен салыстырғанда серверлік жабдық - 79,4%-ға азайды.

Факт бойынша 2013-2014 жылдар бойынша – 2012 жылмен салыстырғанда өсті: меншікті дата орталықтар – 2,8%, серверлік бөлмелер – 27,4%, 2015-2016 жылдар бойынша 2012 жылмен салыстырғанда меншікті дата орталықтар – 2,8% өсті, серверлік жабдықтар санын – 79,4% кеміді, осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетуде.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша меншікті дата орталықтар, серверлік бөлмелер, серверлік жабдықтар санын, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» резервтік алаңының инфрақұрылымына және деректерді өңдеудің өңірлік орталықтарына өткеннен кейін қысқарту жоспарланып отыр (іске асыру мерзімі 2017 жыл).

2) Мемлекеттік органдардың меншікті лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы, меншікті ақпараттық жүйелерді құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға кететін шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%-ды құрауы тиіс, 2016 жылғы факт 2012 жылмен салыстырғанда 70,02%-ға азайды.

Факт 2013-2014 жылдар – 2012 жылмен салыстырғанда 56,6 % өсті, 2015 – 2016 жылдары 2012 жылмен салыстырғанда 70,02% кемуі осы индикатордың 2015 – 2016 жылдарда асыра орындалуымен қол жеткізілгенін көрсетеді.



Құқық қорғауды, қоғамдық қауіпсіздікті, техногендік аварияларды және табиғи апаттар қатерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ.

Нысаналы индикаторлар

2017 жылы ТЖ-ге ден қою уақытының – 10,75 %-ға қысқаруы; Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

Республикалық бюджеттік комиссияның 2015 жылғы 29 тамыздағы


№ 20 шешімімен Риддер, Теміртау, Степногор және Шу қалаларында жедел басқару орталықтарын құруға арналған 2016 жылға шығындар қолдау тапқан жоқ. Аталған нысаналы индикатор 112 БКДҚ іске қосқаннан кейін ғана есептелінеді. Қазіргі күні ТЖМ функциялары ІІМ-ге берілуіне байланысты 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құру тұжырымдамасы қайта қаралды. ТЭН-ге өзгерістер енгізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2018 жылға дейін жаңа бастамаларға мораторий енгізуге байланысты, осы мәселе бойынша жұмыстар тоқтатылды.

Халыққа ТЖ туралы жаппай хабарлаудың заманауи жүйесімен жабдықталған елді мекендердің үлесі 2017 жылы - 95 %.

Бүгінгі күні ТЖК функциясын ІІМ-ге беруге байланысты «БКДҚ 112» құру тұжырымдамасы көзделген. ТНЭН-ге өзгерістер енгізу іс-шаралары жүргізілуде. 2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мораторий жариялануына байланысты бұл мәселе бойынша жұмыс тоқтап тұр.

Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ болуына орай, 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

3) Шұғыл қызмет қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы - 100 %, 2016 жылғы факт – 44,6%.

Факт 2013 жылы – 30,6%, 2014 жыл – 45,8%, 2015 жыл – 49,4%, 2016 жыл – 44,6% 2013-2015 жылдар аралығындағы осы индикатордың оң өзгерісі 2016 жылы кері динамикаға ауысты. Сонымен қатар жоспарлық көрсеткіштің 50%-на қол жеткізілгенін ескеру қажет. 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта төтенше қызмет жұмысшыларының компьютерлік сауаттылық деңгейі 100% құрайды, жедел кезекшілік-диспечерлік қызмет жұмысшылары толығымен комьпютерлік техниканы меңгерген.

2-бағыт. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

Үй шаруашылықтарының ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі

Нысаналы индикаторлар


  1. Интернет желісіне қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 жылы – 65 %, 2016 жылғы факт - 84,4%. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт 2013 жылы – 86,7%, 2014 жылы – 86,9%, 2015 жылғы факт – 82,2%, 2016 жылғы факт – 84,4% индикатор өзгерісінің серпінді динамикасы байқалады. Сонымен қатар индикаторға көрсетілген кезеңдердің барлығында қол жеткізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша ауылдық жерлерде интернет желісімен қамтамасыз ету қызметі ADSL, CDMA/EVDO технологияларын қолдану арқылы іске асады, қалалық жерде - ADSL, FTTН, 3G, 4G. Тұрғындары 50 адамнан асатын елді мекендердің тұрғындары телефон қызметімен және интернет желісімен CDMA/EVDO технологиялары арқылы жылдамдығы 3,1 Мбит/с. қамтамасыз етілді.

2011 жылдан бастап ұялы байланыстың 3 буыны 3G стандарты (жылдамдығы 7,2 Мб/сек дейін) енгізілді. Аталған желілермен тұрғындары 10 000 адам және одан асатын барлық елді мекендер қамтылған. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3G абоненттері саны 12 млн. құрады. 2016 жылдың басынан 3G абоненттері санының өсуі 1,9 млн. құрады.

4G желісі барлық облыстық орталықтарда, Алматы және Астана қалаларында және халық саны 50000 адамнан асатын елді мекендерде іске қосылған. 2018 жылға қарай барлық аудандық орталықтарда қосылады. 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына 4G абонентері саны 2,2 млн. құрады.



FTTН технологиясы бойынша оптикалық желілерімен Алматы, Астана қалалары, облыс орталықтары және облыстық маңызы бар қалалар қамтамасыз етілді. Жоғары жылдамдықты КЖҚ-ға ұлғайып жатқан сұранысқа байланысты және ұсынылатын қызмет спектрін кеңейтуге байланысты ҚР барлық аймақтарында GPON және ADSL порттары қолдануға берілді. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша FTTН абоненттері саны 600 387 құрады. 2016 жылдың басынан FTTН абоненттері санының өсуі 63 115 құрады.

2) Тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі - 2017 жылы – 80 %, 2016 жылғы факт - 76,5%.

Факт 2013 жылы – 87,7%, 2014 жыл – 83,6%, 2015 жыл – 77,7%, 2016 жыл – 76,5% 2013 жылдан бастап осы индикатордың оң өзгерісі кері динамикада екенін көрсетті және 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар, себебі ұялы байланыс және интернет есебінен дүниежүзілік тіркелген телефон байланысына сұраныстың төмендеуіне байланысты.



3) Мобильді телефондары бар үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 жылы – 80 %, 2016 жылғы факт - 96,8%.

Факт 2013 жылы – 96,8%, 2014 жылы – 98,4%, 2015 жыл - 96,5%, 2016 жыл - 96,8%, фактілер көрсетіледі, осы индикатор өзгерісінің динамикасына мерзімінде асыра орындалуымен қол жеткізілді.



Саланың АКТ-нарығын және АТ-ын ынталандыру

Нысаналы индикаторлар

1) ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы – 3,8 %, фактілер: 2015 жылы – 3,9%, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек – 3,1%.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2016 жылдың деректерін статистика органдары 2017 жылдың тамызында жариялайтын болады.

Факт 2013 жылы – 3,8%, 2014 жылы – 4%, 2015 жыл - 3,9% фактілер көрсетіледі, осы индикатор өзгерісінің динамикасы серпінді екенін көрсетті. Сонымен қатар 2013-2015 жылдары индикаторға қол жеткізілді.

2) АКТ саласындағы инновацияларға кететін шығындар үлесі 2017 жылы – 0,5% ЖІӨ.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың деректерін статистика органдары 2017 жылдың мамырында жариялайтын болады.

Факт 2013 жылы – 0,15%, 2014 жыл – 0,14%, 2015 жыл – 0,08% осы индикатордың оң өзгерісі кері динамикада екенін көрсетті. 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

3) Елдегі АКТ секторы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2017 жылы - 7 %, факт 2015 жылы – 24,6%.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы деректерін статистика органдары 2017 жылдың мамырында жариялайтын болады.

Факт 2013 жылы – 16,6%, 2014 жыл – 22,1%, 2015 жыл – 24,6% осы индикатордың өзгерісі оң динамикада екенін көрсетті. Осы индикатордың жылдар бойы асыра орындалуы 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізу мүмкіндігін көрсетеді.



4) МЖС схемасы бойынша жалпы пайдаланудағы зерттеу зертханаларының саны 2017 жылы - 4.

2013 жылдың тамызында «ҰАТ» АҚ негізінде жеке инвестициялар есебінен Зерттеу зертханаларының орталығы құрылды.

Орталыққа Garthner рейтингінің «қисық технологиясына» сәйкес даму шыңында тұрған қолданбалы зерттеу технологияларымен айналысатын 4 зертхана кіреді:

- Бұлтты технологиялар зертханасы;

- Мобильдік технологиялар зертханасы;

- Ауқымды деректер зертханасы;

- «ЭҮ» архитектурасының зертханасы.
3-бағыт. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру

Адами капиталды дамыту

АКТ саласындағы мамандардың комьютерлік сауаттылығы мен білім деңгейін көтеру

Нысаналы индикаторлар

1) Адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы – 0,764, 2016 жылғы факт – 0,788. 2017 жылдың көрсеткішіне қол жеткізілді.

Факт 2013 жылы – 0,755%, 2014 жыл – 0,757%, 2015 жыл – 0,788% осы индикатордың өзгерісі оң динамикада екенін көретті. Осы индикаторға 2015 – 2016 жылдары асыра орындалуымен қол жеткізілді.



2) Электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы – 60 %,
2016 жылғы факт – 60%. 2017 жылдың көрсеткішіне қол жеткізілді.

Факт 2013 жылы – 30%, 2014-2016 жылдар бойынша – 60% осы индикаторға қол жеткізілгенін көрсетеді. Осы индикаторға 2014 – 2016 жылдары асыра орындалуымен қол жеткізілді.

3) 100 жұмыс істеушіге шаққанда қашықтан жұмыспен қамтылғандар саны 2017 жылы – 7 адам, 2016 жылғы факт – 0,07 адам.

Факт 2013 жылы – 0,68%, 2014 жыл – 0,1%, 2015 жыл – 0,12%, 2016 жыл – 0,07% өзгерісі осы индикаторға 2017 жылықол жеткізілмеу қаупі бар екендігін көрсетеді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту үшін жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және жалдамалы қызметкерлерді, сонымен қатар суретші дизайнер, техник бағдарламашы, электрондық есептегіш машина операторы және т.б. мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту өткізіліп жатыр.

2015 жылы 1511 адам оқудан өтті, оның 1509 адам оқуды аяқтады. Статистика жөніндегі органдардың деректері бойынша ағымдағы жылғы 3-ші тоқсанда 5 593 адам (жұмыс істейтіндер барлығы – 8 586 618 адам) немесе 100 жұмыспен қамтылғанды шаққанда 7 адам қашықтықтан жұмыспен қамтылды

4) Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы – 65 %,: 2016 жылғы факт – 76,2%.

Факт 2013 жылы – 63,2%, 2014 жыл – 64,1%, 2015 жыл – 74,2%, 2016 жыл – 76,2% осы индикатордың оң өзгерісі көрінеді. 2013-2015 жылдар аралығындағы осы индикаторға қол жеткізілді. аталған индикаторды асыра орындауға тұрғындардың комьпютерлік біліктіліктілігін арттыру курстары, ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары, интернет қамту аумақтарын ұлғайту және т.б. факторлары әсер етеді.



Білім мен ғылымдағы АКТ

Нысаналы индикаторлар

1) Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған, ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі 2017 жылы – 50 %, 2016 жылғы факт – 100%.

Факт 2014 жыл – 98%, 2015 жыл – 38,5%, 2016 жыл – 100% осы индикатордың өзгерісі серпінді екенін көрсетті. Сонымен қатар 2016 жылы индикатор екі мәрте орындалды.



2) Мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімді электрондық білім беру мазмұнының көлемі 2017 жылы – 60 %, 2016 жылғы факт – 60%.

Факт 2013 жылы – 30%, 2014–2015 жыл – 60% 2014-2016 жылдарда осы индикатордың орындалғандығын айта кетеміз.



3) Ерекше қажеттіліктері бар балаларға АКТ арқылы сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету (инклюзивті білім) 2017 жылы - 30%, 2016 жылғы факт – 44%. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт 2013–2014 жыл – 8%, 2015 жыл – 12%, 2016 жыл – 44% осы индикатордың өзгерісі оң динамиканы көрсетеді және 2016 жылы асыра орындалды.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда ғаламторға 7088 мектеп (99%), олардың ішінде 512 Кбит/сек жылдамдығы бар кең жолақты ғаламторға 5440 мектеп (76%) қосылған.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде 3873 мектепте электрондық күнделік енгізілді. Аталған жүйе «онлайн» режимінде ата-аналар балалардың ағымдағы үлгерім мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты көре алады, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін барлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады.

2018 жылға қарай аталған жүйеге қосылған мектептер үлесі 100 % құрайды.

Сонымен қатар, мектептерді сапалы электрондық білім беру контентімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы мектептер «iTest.kz» интерактивтік курстарынан, виртуалдық тренажерлерінен, «iMektep» бастапқы мектеп үшін мультимедиялық курсынан тұратын «Bilimland» білім беру платформасына қосылған.



Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

Нысаналы индикаторлар

  1. Денсаулық сақтау саласының бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017 жылы - 60%, 2016 жылғы факт - 94,8%. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт 2014 жылы – 25%, 2015 жылғы факт – 91,5%, 2016 жылғы факт – 94,8%. осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2015-2016 жылдары асыра орындалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша ақпараттық технологияларды ең жоғары көлемде қолдану арқылы халыққа медициналық қызмет көрсету қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1075 бұйрық негізінде 19 ақпараттық жүйе өндірістік пайдалануға енгізілді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйені аттестация өткізу және сынақ өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде: web-жоба «Қоғамдық проблеманың электрондық картасы», web-жоба «Тәуелсіз эксперттердің базаны қалыптастыру», «Вирусты гепатит пациенттерінің тізімі» - Портал «Гепатит», ақпаратты жүйе «Біріңғай төлем жүйесі».

Сонымен қатар, 2016 жылдың басында ««Регистр остро-коронарный синдром»» ақпараттық жүйесі Астана қаласының, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының медицина ұйымдарында іске қосылды.


  1. 100 медициналық қызметкерге шаққанда компьютерлер саны 2017 жылы - 60%, 2016 жылғы факт – 34,4% құрады.

Факт 2013 жылы – 19,2%, 2014 жылы – 21,1%, 2015 жылғы факт – 70,4%, 2016 жылғы факт – 34,4%. осы индикатор өзгерісі 2013-2015 жылдары аралығында оң динамика көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің жалпы жұмыс орнының саны 206 734 құрайды. Олардың 71 200 орын 2008-2016 жылдары компьютерлік техникамен қамсыздандырылды, ол 100 медицина қызметкеріне шаққанда 34.4 компьютерді құрайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Астана және Алматы облыстары мен қалаларының әкімдігі арасында бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған халық денсаулығының жағдайын жақсарту жөніндегі меморандумға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдарда кеңсе техникаларын (компьютерлер, серверлер және т.б.) әр жыл сайын жаңғырту қарастырылған.



3) 2017 жылы «электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген халықтың үлесіі - 60%. Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша бұл индикаторға қол жеткізу Ақпараттандыру тұғырнамасы және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінің интероперабельділігі қамтамасыз етілген соң жоспарланып отыр, оның шеңберінде электрондық медициналық карталар (электрондық денсаулық паспорты) сақталатын бірыңғай деректер қоймасы құрылатын болады.



4) Денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін бірыңғай интеграциялық тұғырнамамен интеграциялау 2017 жылы - 40 %

Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

Аталған индикаторға қол жеткізу денсаулық сақтаудың ақпараттық тұғырнамасын енгізізгеннен және ақпараттық жүйесінің интероперабельдігін қамтамасыз еткеннен кейін қол жеткізу жоспарланып отыр, оның шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарының сыртқы ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға койылатын техникалық талаптар, сондай-ақ интеграциялық сервистер әзірленеді.

5) Медициналық қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығы деңгейі 2017 жылы - 70%, 2016 жылғы факт– 51,4%. Факт 2013 жылы – 37,9%, 2014 жыл – 50%, 2015 жыл – 54%, 2016 жыл – 51,4% осы индикатордың оң өзгерісі 2016 жылы кері динамикаға ауысты.

Медицина қызметкерлері деңгейінде компьютерлік сауаттылық және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында (ақпараттық жүйелердің өзгертілген нұсқаларын жаңарту, сонымен қатар медициналық ұйымның жаңа қызметкерлерін оқыту кезінде) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша медицина қызметкерлерін оқыту жүйелі түрде өткізіліп отырады



Электрондық коммерцияны дамыту

Нысаналы индикаторлар

1) Тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерцияның үлесі 2017 жылы – 7 %.

Осы индикатор бойынша 2016 жылғы деректер Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 22 мамырда ұсынылатын болады.

Интернет арқылы бөлшек сауда айналымының үлесі (қазақстандық кәсіпорныдарында) ҚР бөлшек саудасының жалпы көлеміне 2013 жылы 0,5%, 2014 жылы 0,7%, 2015 жылы 0,8% құрады.

Интернет арқылы көтерме сауда айналымының үлесі (қазақстандық кәсіпкерлермен) ҚР көтерме сауданың жалпы көлеміне 2013 жылы 0,4%, 2014 жылы 0,3%, 2015 жылы 0,4% құрады.

Интернет арқылы көрсетілген қызмет үлесі (қазақстандық кәсіпкерлермен) ҚР жалпы қызмет көлеміне 2013 жылы 1,6%, 2014 жылы 1,5%, 2015 жылы 0,7% құрады.

Осы индикатор өзгерісі серпінді динамика көрсетті, сол себепті 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.



  1. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендеріндегі айналым үлесі 2017 жылы – 30 %.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылғы деректер осы индикатор бойынша 2017 жылғы шілдеде ұсынылатын болады.

2015 жылға Интернет арқылы бөлшек сауданың жалпы көлеміне бөлшек саудада электрондық төленген тауар айналымының үлесі 2014 жылы – 7,8%, 2015жылы - 12,6%, сәйкесінше Интернет арқылы көтерме саудада 2014 жылы – 49,9%, 2015жылы - 50,3%, Интернет арқылы қызметтер 2014 жылы – 53,1%, 2015жылы - 61,8% құрады.

Осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Электрондық экономика қалыптастыру

Нысаналы индикаторлар


  1. Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру жөнінде білім алған өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 70%, 2016 жылғы факт – 2,7%.

Факт 2013 жылы – 1,4%, 2014 жыл – 1,8%, 2015 жыл – 1,21%, 2016 жыл – 2,7% осы индикатордың өзгерісі серпінді динамика көрсетті және 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметі бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар өздерінің қажеттілігіне қарай және өз қаражат есебінен дербес өздерінің әкімшілік және өндірістік объектілерінде компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру мәселесін жүргізеді. Кәсіпорындар жеке субъект болып табылады және ИДМ-ге осы мәселе бойынша есеп бермейді, кәсіпорындарын қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыруды өздерінің мүдделеріне қарай, өндірістік процесті қамтамасыз ету қажеттілігі кезінде, сондай-ақ өз өндірісін жаңарту және сапасын жоғарлату мақсатымен жүзеге асырады. Жаңа технологиялық жабдықты және жаңа ақпараттық коммуникациялық жүйені енгізетін өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты негізде кадрларды даярлау мен қайта даярлау жоспарларына сәйкес өз қызметкерлерін оқытып тұрады.



  1. Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірілген өнім көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындарды арттыру 2017 жылы – 30 %-ға (2012 жылмен салыстырғанда), 2015 жылы – 233,3% артты.

2017 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтері өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі анықталғанан кейін құралады.

Факт 2014 жыл – 16,7% кеміді, 2015 жыл – 233,3% өсті, 2012 жылмен салыстырғанда осы индикатордың өзгерісі серпінді динамика көрсетті.



  1. Кәсіпорын бюджетінде АКТ өзіндік көлемінің артуы 2017 жылы 30% (2012 жылмен салыстырғанда).

2017 жылығы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылдың 3 тоқсанында статистика органдары жариялайтын болады.

  1. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 5%, факт бойынша: 2015 жылы - 8,1%.

2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.

Факт 2013 жылы – 8%, 2014-2015 жылдар бойынша факт – 8,1% осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2015-2016 жылдары асыра орындалды.



  1. Өнеркәсіп кәсіпорындарының атқарылған өнімдерінің көлемінде инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы - 10%, 2015 жылғы факт – 1,66%.

2017 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.

Факт 2013 жылы – 2,5%, 2014 жылы – 2,4%, 2015 жылғы факт – 1,66%, осы индикатор өзгерісі кері динамика көрсетті және 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындары өз жоспарлары мен нарықтық жағдайға байланысты осы сұрақтар бойынша өндіріс жүргізеді.

Көлік жүйесіндегі АКТ

Нысаналы индикаторлар

1) Көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы – 30 %, 2016 жылғы факт – 41,4%.

Факт 2013 жылы – 51,2%, 2014 жыл – 41,1%, 2015 жыл – 43,5%, 2016 жыл – 41,4% осы индикатордың оң өзгерісі серпінді динамика көрсетті. Сонымен қатар осы индикаторға барлық мерзімде қол жеткізілді.



2) Спутниктік басқару жүйесімен жарақталған жолаушылар мен жүк көліктері автомобильдерінің үлесі 2017 жылы - 30%, 2016 жылғы факт – 89%.

2015 жылғы факт – 60,4%, 2016 жылғы факт – 89%. Осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2015-2016 жылдары орындалды.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 324-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.

Ал қазіргі кезде жолаушылар тасымалымен 13 153 автобус айналысады, оның ішінде 11 832 автобус спутниктік басқару құралдарымен жабдықталған, ол жалпы санының 89% құрайды.



3) Билеттерін сату электронды форматта жүзеге асырылатын бағдарлардың (рейстердің, бағыттардың) үлесі 2017 жылы - 40%, 2016 жылғы факт – 41,6%.

2015–2016 жылдар аралығындағы факт – 41,6%. Осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және осы мерзімде асыра орындалды.

Қазіргі уақытта 131 теміржол жолаушы тасымалдау бағыттары бар, олардың 12 халықаралық және 119 республика ішінде (11 бағыт жоғары жылдамдықты Тұлпар-Тальго, 37 ұзақ бағыт, 6 жеке және 65 қаласырты бағыттары). 120 бағыт бойынша билет сату электронды түрде жүргізіледі.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ

Нысаналы индикаторлар

1) Интернет желісіне қол жеткізген АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы - 80 %,2016 жылғы факт – 35,5 %.

Факт 2013 жылы – 27,3%, 2014 жыл – 26,4%, 2015 жыл – 27,1%, 2016 жыл – 35,5%, Сонымен қатар өткен 4 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлардың 50%-на қол жеткізілгендігінен 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.



2) АӨК қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейі 2017 жылы - 70 %, 2016 жылғы факт – 16,9 %.

Факт 2013 жылы – 14,6%, 2014 жыл – 18,6%, 2015 жыл – 22,2%, 2016 жыл – 16,9% , Сонымен қатар өткен 3 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлардың 30%-на қол жеткізілгендігінен 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Көрсеткіш ҚР ҰЭМ Стптистика комитетінің таңдамалық зерттеуі негізінде жасалынды. Есептік жылда қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы төмен, ал қызметкерлер саны жоғары мекемелер таңдалынды.

Осыған орай, біріншінің екіншіге қатынасына байланысты қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы алдыңғы жылдың көрсеткішіне қарағанда төмен болып шықты.



Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған зияткерлік жүйелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет