2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды



жүктеу 0.89 Mb.
бет3/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Нысаналы индикаторлар

  1. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополия субъектілерінің үлесі:

сумен жабдықтау және су бұру саласында 2017 жылда - 30%, факт бойынша 2016 жылы – 68%.

жылумен жабдықтау саласында 2017 жылда - 20%, 2016 жылғы факт - 69%.

газбен жабдықтау саласында 2017 жылда - 30 %, 2016 жылғы факт - 42,8%.

Жоғарыта аталған фактлерді ескере отырып, аталған индикатордың орындалуын өткен жылдар бойынша оң динамикада деп белгілеуге болады және 2017 жылы оң динамикаға қол жеткізу мүмкіндігі бар.



2) Электр қуатын коммерциялық есепке алуды басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген электрмен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі 2017 жылы – 30 %, 2016 жылғы факт –100%.

Факт 2014 жылы – 53,93%, 2015–2016 жылғы факт – 100%. осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2015-2016 жылдары асыра орындалды.



3) ТКШ саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейі 2017 жылы - 70 %, 2016 жылғы факт – 35,3 %.

Факт 2013 жылы – 26,4%, 2014 жыл – 36,3%, 2015 жыл – 38,8%, 2016 жыл – 35,3% осы индикатордың өзгерісі оң динамикадан кері динамикаға 2016 ауысты және 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.



АКТ экологияда және гидрометеорологияда

Нысаналы индикаторлар

1) Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрларын толтыру деңгейі 2017 жылы – 50 %. Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

Осы мақсатты индикатор 4 көрсеткішті қамтиды: зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көму, сарқынды суларды, өндіріс қалдықтарын жер қойнауына ағызу және тұтыну Мемлекеттік кадастрлар деректерінің базасын толтыру пайызы; өндіріс және тұтыну қалдықтарының Мемлекеттік кадастрлары деректерінің базасын толтыру пайызы; қоршаған ортаны ластау учаскелерінің Мемлекеттік тіркелімі деректерінің базасынан қоршаған ортаны ластау учаскелерін алып тастау; "ҚР Табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрлары" ақпараттық жүйелерінің деректер базасын толтыру пайызы. Қазіргі уақытта "ҚР Табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрлары" ақпараттық жүйесі қызмет етеді, "Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі" жүйелі-техникалық әкімшілендіру және сүйемелдеу шеңберінде "Қалдықтар және тұтыну кадастры" және "Көму кадастры" қосалқы жүйелері құрылды. 2016 жылы жоғарыда көрсетілген қосалқы жүйелерін толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты, көрсеткіш осы деректерді толтырғаннан кейін есептелетін болады.



  1. Болжамдардың ақталуын арттыру: агрометеорологиялық болжамдарды 2017 жылы - 83 %; ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдарды 2017 жылы - 83%; ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдарды 2017 жылы - 91%

«Агрометеорологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар» индикаторлары
бойынша 2013 жылы - 82%, 76% және 75%, 2014 жылы - 82%, 82% және 77%, 2015 жылы - 82%, 81% және 80%, 2016 жылы - 82%, 71% және тиісінше 85%. Алдыңғы жылдардың фактілеріне сүйеніп агрометеорологиялық болжамдар, ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар индикаторларын 2017 жылы орындау мүмкіндігі бар.

3) Шынайы уақыт режимінде (он-лайн) өндірістік экологиялық мониторинг туралы деректерді қашықтықтан беру орнатылған І санатты өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы - 50 %

Қолданыстағы мониторингтік жүйелер, қызметтер және желілер негізінен қоршаған орта объектілерінің ластануын қадағалауды жүзеге асырады. Олар ведомствалық бағынысты, методологиялық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан бытыраңқы. Олардың қызметін үйлестіру заңнамамен қарастырылмаған, бұл тематикалық табиғатты қорғау міндеттерді шешуге және дұрыс басқару шешімдерін қабылдауды ақпараттық сүйемелдеуге мүмкіндік бермейді.

Бар экологиялық мониторингтік желілерді біріктіру мақсатында табиғат пайдаланушыларға автоматтандырылған (компьютерлендірілген) жүйелерді және мониторингтік станцияларды (стационарлық және/немесе мобильдік) соның ішінде өлшеу жабдығын енгізуден бөлек он-лайн режимде Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесіне бар ақпаратты беруі қажет, бұл нәтижесінде деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

Барлық табиғат пайдаланушыларының автоматтандырылған он-лайн жүйелеріне мониторинг жасаудан бұндай деректер базасын құру табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаның сапа нормативтерін ұстану бойынша жауапкершілігін көтереді.

Көрсетілген ақпараттық база бірінші кезекте автоматтық бекеттер мен табиғат пайдаланушылардың датчиктерінен ақпаратты қабылдау мен өңдеуге бағытталған болады. Бұл үшін Экологиялық кодексте өнеркәсіптік экологиялық бақылау және бақылауды автоматтандырылған режимде іске асырудың міндеттілігі нормаларын бекіту қажет. Осыған байланысты қазіргі уақытта Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу жобасы дайындалып жатыр.

Бұл индикатор бойынша деректер жоғарыда көрсетілген жұмыстар іске асырылғаннан кейін қалыптастырылатын болады.

Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.

4) Атмосфераға шығарымдарды қысқарту 2017 жылы – 3%, 2016 жылғы факт - 7%. Министрліктің Стратегиялық жоспарында 2014 – 2018 жылдарға арналған деп нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемдері ластаушы заттар шығарындыларының 4,9 млн. тонна аспау.

Бүгінгі күні белгіленген көрсеткіштен аспады. Ластаушы заттар шығарындыларының Нормативті көлемі 2016 жылы – 4,560 млн. тонна құрайды. Стратегиялық жоспардың жоспарланған мақсатты индикаторы көрсеткішіне қатысты аспады және 7% жетті.



5) Республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесімен қамту 2017 жылы - 50%.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша қаржыландырудың жоқтығына байланысты бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдардың ақпаратты жүйелерімен интеграциялау және бар ведомствалық ақпараттық жүйелерді пысықтау арқылы «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың Бірыңғай мемлекеттік мониторингілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінің бөлімдерінің жеке-жеке автоматтандырылуы жоспарланған.

Бұл индикатор бойынша деректер жоғарыда көрсетілген жұмыстар іске асырылғаннан кейін қалыптастырылатын болады.

Аталған индикатор бойынша 2013 жылдан бастап нақты көрсеткіштер жоқ. Сол себепті 2017 жылы қол жеткізілмеу қаупі бар.



6) Экология мен гидрометеорология саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы - 70%, 2016 жылғы факт – 72,8%.

Факт 2013 жылы – 31,8%, 2014 жылы – 59,6%, 2015 жылғы факт – 71,4%, 2016 жылғы факт – 72,8%. осы индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2015-2016 жылдары орындалды, 2017 жылы индикатордың орындалуына негіз бар.



АКТ дене тәрбиесі және спорт саласында

Нысаналы индикаторлар

1) Дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілердің
оқу-жаттықтыру процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылы – 75 %,
2016 жылғы факт - 75%.

Факт 2013 жылы – 40%, 2014–2016 жылдардағы факт – 75%, индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2014-2016 жылдары жоспар бойынша орындалды.



2) Интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілердің үлесі 2017 жылы – 100 %, 2016 жылғы факт – 96,1 %.

Факт 2013 жылы – 77,9%, 2014 жылы – 79,5%, 2015 жылғы факт – 76,3%, 2016 жылғы факт – 96,1%, индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті. Осыған орай 2017 жылы индикатордың орындалуына негіз бар.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін барлық спорт объектілері интернет желісімен қамтамасыз етілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, әкімдікке қарасты дене тәрбиесі және спорт объектілері кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді.



3) Жаттықтырушы құрам мен спортшылардың компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру 2017 жылы – 70 %, 2016 жылғы
факт – 70
%.

Факт 2014 жылы – 94,6%, 2015 жылғы факт – 95,1% индикатор өзгерісінің оң динамикасы байқалады. Бірақ 2016 жылы индикатордың фактілі көрсеткіші жоспарлық деңгейге дейін түсті. Сонымен қатар 2017 жылы индикаторды орындау мүмкүндігі бар.



АКТ туризмде

Нысаналы индикаторлар

  1. Интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақүйлер, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы – 100 %, 2016 жылғы факт – 83,1%. Облыстардың және Астана, Алматы калаларының әкімдектірінің ақпаратына сәйкес, туристерге қызмет көрсету саласының инфрақұрылымы АҚ «Қазтелеком» жоғарғы жылдамдық интернет пакеттерін ұсынады: IDHomeVip, IDHome, IDNet, Megaline.

Факт 2013 жылы – 70,9%, 2014 жылы – 57,7%, 2015 жылғы факт – 57,4%, 2016 жылғы факт – 83,1% индикатор өзгерісі серпінді динамика көрсетті.

  1. Интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне интеграцияланған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақүйлер, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы – 65%, 2016 жылғы факт – 20,4%.

Облыстардың және Астана, Алматы калаларының әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес туристік обьектілері және турситік фирмалар интернет-брондау жүйесін қолданады. Олар: Amadeus, Abacus, Gabriel, Booking.com, Galileo, Sabre, Hotelloo және т.б.

Факт 2013 жылы – 10,7%, 2014 жылы – 30,3%, 2015 жылғы факт – 17,9%, 2016 жылғы факт – 20,4% индикатор өзгерісі серпінді динамика көрсетті. Осыған орай 2017 жылы индикатордың орындалуын болжауда қиындықтар бар.



  1. меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылда - 100%, 2016 жылғы факт – 39,4%.

Факт 2014 жыл – 26,1%, 2015 жыл – 20,3%, 2016 жыл – 39,4% индикатор өзгерісінің серпінді динамикасы байқалады. Сонымен қатар 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар, себебі жоспарлық көрсеткіштің 50%-дан кеміне қол жеткізілген.

4) ішкі бизнес-процестерді автоматтандырған туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылда - 100%, 2016 жылғы факт – 11,7%.

Факт 2013 жыл – 1,6%, 2014 жыл – 20,5%, 2015 жыл – 14,6%, 2016 жыл – 11,7% 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар екендігін айта кету қажет, себебі жоспарлық көрсеткіштің 50%-дан кеміне қол жеткізілген.

Жоғарыда аталған туризм салаларының индикаторлары бойынша туристік инфрақұрылым объектілері нарықтық жағдайда қызмет жасайды және инткрнетке қосылу, өз интернет порталдарын жасау сұрақтары жеке негздегі сұрақтар. Сонымен қатар қазіргі уақытта туристік саланың дамуы ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз мүмкін емес, себебі туристік инфрақұрылым объектілері автоматтандыру және бизнес-жобаларды оптимизациялау жұмыстарын жүргізеді, ол нарықтық ортада бәсекеге қабілеттілікті арттыруға апарады.

4-бағыт. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту

Мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту

Нысаналы индикаторлар


  1. «Мәдени мұра» жобалары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 2017 жылы – 82 %-ды құрайды, 2016 жылғы факт – 80,4%.

Факт 2013 жылы – 77,7%, 2014 жыл – 78,1%, 2015 жыл – 80,4%, 2016 жыл – 80,4% индикатор өзгерісінің оң динамикасы байқалады, 2017 жылы индикаторға қол жеткізілуді болжауға мүмкіндік береді.

Мәдени кеңiстiктi дамытудың реттеуші функциялары жағында жұмыстар жүргізілді: жобалар туралы халықты хабардар етуге тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді, сондай-ақ интернет порталда жобаны құру, сүйемелдеу және бірге алып жүру жұмыстарын жүргізуде сапаны бақылау; Археологияның, тарих және мәдениеттің, археологиялық қазбалардың бірегей ескерткіштері туралы барлық мәліметтер іздеуге оңай форматта «Мәдени мұра – Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталына орналастырылған.

2) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы – 55 мың бірлікті құрайды,
2016 жылғы факт – 101 мың бірлік.

Факт 2013 жылы – 64 мың бірлік, 2014 жылы – 68 мың бірлік, 2015 жылғы факт – 69мың бірлік, 2016 жылғы факт – 101 мың бірлік индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2013-2016 жылдары асыра орындалды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру үшін апталық мониторингтің жүйесі жүргізілуді.

Жүйенің тоқтаусыз жұмысты жүргізу үшін кітапхана қорының автоматты сақтық көшірмелеу жүргізіледі.

Ұлттық электронды кітапхананың 2016 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылар саны - 100 мыңнан астам адам. Сонымен қатар, жүйені 120 мемлекеттен келушілер қолданды.

Ұлттық электронды қорды толтыруға 2016 жылы қорытынды бойынша цифрлық формат – 8 мыңнан астам бірл. құрайды.

Жалпы электрондық қор 2016 жылы бойынша 30,3 мыңнан астам құрайды.



Отандық БАҚ-ты жаңғырту

Нысаналы индикаторлар

  1. Ұлттық спутниктік желі абоненттерінің саны – 2020 жылы 500 мың абонент, 2016 жылғы факт 1236,048 мың абонент.

Факт 2013 жылы – 5223,3 мың абонент, 2014 жылы – 796,2 мың абонент, 2015 жылғы факт – 1 047,772 мың абонент, 2016 жылғы факт – 1 236 048 мың абонент индикатор өзгерісінің оң динамикасын көрсетеді және 2013-2016 жылдары қол жеткізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2011 жылы 18 қаңтарда телерадио хабар таратудың спутниктік Ұлттық жүйесі қолданысқа енгізілді: DVB-S2, MPEG-4 «OTAU-TV» телерадио хабар таратудың спутниктік желісі тұрғындарды 41 отандық телерадиоарнамен тегін қамтамасыз етті

«OTAU-TV» спутниктік Ұлттық жүйесін қолданушылар саны 2016 жылдың 31 желтоқсанында 1 236 048 абонентке жетті.


  1. Ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 2017 жылы 45,
    2016 жылғы факт 41.


ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» ҚР уәкілетті органының 23.02.2016ж. №213 бұйрығымен бекітілген еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне сәйкес телерадио хабар таратудың спутниктік желісі тұрғындарды 41 отандық телерадиоарнамен тегін қамтамасыз етті

2013-2015 жылдардағы факт – 44, 2016 жылы – 41 индикатор өзгерісінің кері динамикасын көрсетті.



  1. Қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясын 2017 жылы 100 шет елге дейін кеңейту, 2016 жылғы факт – 118 ел.

Факт 2013 жылы – 93 мемлекет, 2014–2016 жылдары – 118 мемлект индикатор өзгерісінің оң динамикасы байқалады және және 2014-2016 жылдары қол жеткізілді. Сонымен қатар 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкіндігі бар екендігін айта кетеміз.

Бірақ 2016 жылы индикатордың фактілі көрсеткіші жоспарлық деңгейге дейін түсті. Сонымен қатар 2017 жылы индикаторды орындау мүмкіндігі бар.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша «Kazakh TV» - Қазақстан Рсепубликасының бірінші ұлттық спутниктік телевизялық арнасы. Ірі спутникалық телевизялық операторлармен ыңтымақтастық – Eutelsat (HotBird 13B, Eutelsat 36B), GlobeCast (Galaxy 19) и RRMedia (AsiaSat 5) – арна өз сигналын дүние жүзінің 118 елдеріне таратады, 5,1 млрд. адамдай тұрақты көрермендерімен, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралиялық және Мұхиттық, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда.


  1. Интернетте баспа және электрондық БАҚ-тың ұсынылғандығы 2017 жылы - 70 %, 2016 жылғы факт – 100%.

Сонымен қатар 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкіндігі бар екендігін айта кетеміз

Факт 2013 жылы –36%, 2014-2015 жылғы факт – 45%, 2016жылы – 100% индикатор өзгерісінің оң динамикасы байқалады және 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкіндігі бар.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2012 жылдан бастап БАҚ интернет желісіне қатысуы бойынша «Баспа БАҚ интернетке көшу» жобасы іске асырылуда. Сонымен, 2016 жылы келесі жұмыстар жасалынды:

1) 200 баспа басылымдарына редизайн (125 - қазақ тіліндегі редакция, орыс тілінде -75 ) жасалынды;

2) Астана қаласында конвергентті журналистика және медиа-тренер саласының эксперттерінің шақыртылуымен 14 аймақтық семинар мен конференциялар өтті.

Сонымен қатар 2016 жылы мемлекеттік газеттер сайтының жұмысы жақсартылды. «Егемен Казақстан» және «Казахтанская правда» газеттерінің «баспа түрі – электронды баспа» тізбегі жасалынды. Ол қолданушыға гаджеттің арнайы қосымшасы арқылы газеттің электронды сайтына өтуге мүмкіндік береді.



  1. Ұтқыр қосымшалар арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы – 50 %, 2016 жылғы факт –67%. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді. Факт 2013 жылы – 22%, 2014 жылы – 94%, 2015 жылғы факт – 86%, 2016 жылғы факт – 67% индикатор өзгерісінің серпінді динамикасы байқалады және 2014-2016 жылдары қол жеткізілді.

Қазіргі кезде интернетке бейімделген бастапқы мобильді үлгісі бар мемлекеттік БАҚ 67% құрайды.

  1. Негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын халықтың үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы – 64 %, 2016 жылғы факт – 71,3%.2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт 2014 жылы – 44,3%, 2015 жылғы факт – 62,1%, 2016 жылғы факт – 71,3% индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті және 2016 жылы қол жеткізілді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша 14 облыс пен республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында «Отандық БАҚ сұранысын анықтау» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сұрастыру қорытындысы бойнша елімізде және әлемде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалардан ақпарат таратуда анық басымдылығы көрінді. Осылайша 2016 жылы отандық БАҚ арқылы ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырған тұрғындар саны 71,3% құрады. сұрастырылған тұрғындардың шетел, соның ішінде Ресей БАҚ 14% бағытталған.

7) Мемлекеттік БАҚ тартатын жарнамалық құралдардың көлемін арттыру 2017 жылы – 35 % (2012 жылмен салыстырғанда),: 2016 жылғы факт – (- 4,5%). ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2016 жылы мемлекеттік БАҚ жарнамалардан (баспа және телерадио арналар) кіріс өсіп орташа 20,1% құрады.

Сонымен қатар 2016 жылы интернет-ресурсы арқылы жарнама көлемі төмендеді. Осылайша, жалпы барлық БАҚ бойынша көрсеткіш -4,5% құрады.

Факт 2013 жылы – 2%, 2014 жыл – 16,45%, 2015 жыл – 13%, 2016 жыл – (-4,5%) индикатордың өзгерісі серпінді динамика көрсетті. 2017 жылдың жоспарлық көрсеткішін ескерсек аталған индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар.

Отандық кеңістіктің өндірісін ынталандыру

Нысаналы индикаторлар

1) Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы – 2017 жылы 0,7:1, 2016 жылғы факт – 0,9:1. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді. Факт 2013 жылы – 0,48:1, 2014 жылы – 0,28:1, 2016 жылғы факт – 0,9:1 индикатор өзгерісінің оң динамикасы байқалады, 2016 жылы 2017 жылдың көрсеткіші орындалды.

2) «.kz» және «.қаз» домендеріндегі Интернет - сайттар санының 2017 жылы 35 %-ға өсуі, 2016 жылғы факт –2012 жылмен салыстырғанда 51,9%.2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді. Факт 2013 жылы – 21%, 2014–2015 жылдардағы факт – 46%, 2016 жылғы факт – 51,9% 2012 жылмен салыстырғанда индикатор өзгерісі оң тенденциясын көрсетті және 2014-2016 жылдары қол жеткізілді.

3) Қазақстандық сайттарға кірудің орташа көлемін 2017 жылы 40 %-ға арттыру.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде аралығында «Қазконтент» АҚ жүргізген «Мемлекеттік органдардың сайттарына талдау және ілгерілету» зерттеуінің шеңберінде сайттарға кірудің мониторингі жасалды. РБК 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 шешімімен бұл жобаны қаржыландыруға шығыстар қолдау тапқан жоқ.

Осыған байланысты, 2016 жыл ішінде сайттарға кіру бойынша деректерді ұсыну мүмкін емес.

Факт 2013 жылы – 66,9%, 2014 жылы – 77,3%, 2015 жылы – 93% 2012 жылмен салыстырғанда индикатор өзгерісі оң динамика көрсетті. Осыған байланысты 2015 жылы 2017 жылдың көрсеткішіне қол жеткізілгендігін айта кетеміз.



  1. 2017 жылы жылына кемінде 10 отандық телесериал түсіру, 2016 жылғы факт – 18 телесериал. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ телерадиоарналарында 2016 жылы барлығы 18 отандық телехикая түсірілді.

Факт 2013 жылы – 23 телехикая, 2014 жылы – 14 телехикая, 2015 жылы – 36 телехикая, 2016 жылы - 18 телехикая индикатор өзгерісінің серпінді динамикасы байқалады, сонымен қатар 2013 – 2016 жылдары нысаналы индикаторға қол жеткізілді.



  1. Қоса қаржыландыру жағдайында жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнім өндіру көлемі 2017 жылы – кемінде 10 жоба, 2016 жылғы факт– 17 жоба. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2016 жылы жеке-меншік телеарналармен 17 жоба жасалынды

Факт 2013 жылы – 11 жоба, 2014 жылы – 10 жоба, 2015-2016 жылдары – 17 жоба барлық көрсетілген жылдарда индикаторға қол жеткізілгендігін көрсетеді, осыған байланысты 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкіндігі бар.



6) Отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі 2017 жылы – эфирлік уақыттың 53 %-ы, 2016 жылғы факт – 95,8%.2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді. Факт 2013 жылы – 66,9%, 2014 жылы – 77,3%, 2015 жылы – 80%, 2016 жылы – 95,8% индикатор өзгерісі оң динамикасы көрінеді және және 2013-2016 жылдары қол жеткізілді. Осыған байланысты 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкүндігі бар.

7) Мемлекеттік телеарналардың контент өндірісін аутсорсингке беруі 2017 жылы 50 %, 2016 жылғы факт – 62%.

Факт 2013 жылы – 31,4%, 2014 жылы – 56,96%, 2015 жылы – 57,75%, 2016 жылы – 62% индикатор өзгерісінің оң динамикасы көрінеді және 2014-2016 жылдары қол жеткізілді. Осыған байланысты 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкүндігі бар.



8) Қазақстандық блог саласының көлемі – 2017 жылы 100 Интернет пайдаланушыға шаққанда 1 дербес интернет-блог, 2016 жылғы факт - 1/40. 2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша 2016 жылы жеке интернет-блогтардың интернет-қолданушыларға қатынасы – 1/40 құрады.

Факт 2013 жылы – 1 персоналды интернет-болг 135 интернет-қолданушыға, 2014 жылы – 1 персоналды интернет-болг 115 интернет-қолданушыға, 2015 жылы – 1 персоналды интернет-болг 110 интернет-қолданушыға, 2016 жылы – 1 персоналды интернет-болг 40 интернет-қолданушыға, индикатор өзгерісінің оң динамикасы көрінеді, осыған байланысты 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкүндігі бар.

9) Прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны – 2017 жылы 8 %, факт: 2016 жылғы факт – 8%.2017 жылғы көрсеткішке қол жеткізілді.

Факт 2013 жылы – 5%, 2014–2015 жылдары – 5,2%, 2016 жылы – 8% индикатор өзгерісінің оң динамикасы көрінеді және 2016 жылы қол жеткізілді. Сонымен қатар 2017 жылы индикаторға қол жеткізу мүмкүндігі бар. Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу



Нысаналы индикаторлар

1) Мемлекет қызметінің түйінді және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы халықтың хабардар болу деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы - 65 %, 2016 жылғы факт – 64%. Ақпарат комитеті Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылдың 10 қазанындағы № 190 бұйрығымен бекітілген Стратегиялық жоспарын орындау аясында тиісті жұмыстар атқарды. Атқарылған жұмыстар қорытындысында «Отандық ақпараттық өнімнің тұтынушылармен сұраныс деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізілді.

Осы нысаналы индикатор бойынша 2016 жылғы көрсеткіш 64% құрады.

Факт 2013 жылы – 89,1%, 2014 жыл – 89,5%, 2015 жыл – 90,3%, 2016 жыл – 64% 2013 жыдан бастап 2015 жылға дейін индикатордың оң өзгерісі байқалады. Іс-жүзіндегі көрсеткішті ескере отырып 2017 жылы аталған индикаторға қол жеткізу мүмкіндігі бар екендігін белгілейміз.

2) Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі – 2017 жылы - 100 %, факт: 2016 жылы – 75%.

Факт 2014 жылы – 85,7%, 2015 жылғы факт - 75%, 2016 жылғы факт - 75% индикатор өзгерісінің кері динамикасын көрсетеді.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда олардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша жауапты жеке құрылымдық бөлімшелердің жұмыс істеуіне байланысты бұл көрсеткіштің мәнінің өзгеруі Министрлікке байланысты емес. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың құрылымын, баспасөз қызметінің штаттық санын және құрылымын айқындауды әр мемлекеттік орган өз алдына дербес атқарады. Бұның өзі өз кезегінде ведомстваның ауқымы, құрылымы, мақматытары мен міндеттері, қоғамның оның жұмысына қатысты мүддесі және т.б. факторларға байланысты.

Осыған орай, Министрлікпен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілетіндігін атап өту қажет. Осылай, «Казмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС жанындағы Журналистика мектебі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академисы базасында семинарлар өткізіледі.


III. Орындалмаған іс-шаралардың себептерін көрсете отырып, жоспарланған іс-шаралардың оның ішінде Есепті кезең ішінде орындалған және орындалмаған іс-шаралардың саны

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылға 82 іс-шараны орындау жоспарланған, оның 70-і орындалуда (іске асыру мерзімі жыл сайын, 2017 жылға дейін), 9 іс-шара орындалды, 3 іс-шара орындалған жоқ.

«Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету» міндеті бойынша (14 іс-шара орындалуда, 5 іс-шара орындалды, 3 іс-шара орындалмады):

Орындалмаған іс-шаралар:

1. 10-тармақ. «Пысықталған тәсілді одан әрі қолдану үшін пилоттық аймақ шеңберінде «электрондық әкімдіктің» үлгі құрылымын енгізу».

««Электрондық әкімдіктің» үлгі құрылымын енгізу туралы» бұйрықтың кеш қабылдануы мен тіркелуіне байланысты (ҚР Әділетминінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда № 14492 болып тіркелген), пилоттық бағдарламаны енгізу жүргізілген жоқ.

Бұл іс-шараны 2017 жылы Астана қаласының әкімдігінде жүргізу жоспарлануда.

Бұл ретте, іс-шараның орындалмауының себебі объективті емес деп санаймыз.



2. 84-тармақ. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» резервтік алаңын құру».

РБК 2015 жылғы 29 тамыздағы № 20 шешімімен «Электрондық үкіметтің» резервтік алаңын құру» шығыстары қолдау тапқан жоқ.

Бұл іс-шараның орындалмау себебі объективті деп санаймыз.

3. 107-тармақ. «Қазақстан Республикасы шағын қалаларының жедел басқару орталықтарын құру: 2016 жылы 4 қала».

Республикалық бюджет комиссиясы 2015 жылғы 29 тамыздағы № 20 шешімімен Риддер, Теміртау, Степногорск және Шу қалаларының жедел басқару орталықтарын құру үшін 2016 жылға шығыстар қолдау тапқан жоқ.

Бұл іс-шараның орындалмау себебі объективті деп санаймыз.
2016 жылы Іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 іс-шараның орындалды: Олар

1) ЭҮП дамыту шеңберінде «ашық деректер» модулін құру және онымен ҚР «электрондық үкіметінің» құрамдауыштары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялануын қамтамасыз ету.



Анықтамалық ретінде: «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы, ашық деректер тізімі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен тағайындалды.

Орналастырылған ашық деректер жиынтығы 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 338, 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 2143. Осы тізім бойынша 1267 деректер жиынтығынан 1084 іске асырылды, 85,5 % құрады.

Барлық ашық деректер жиынтығы, АРМ портал арқылы және біріктіру арқылы орналастырылған, АРІ (application programming interface) арқылы қол жетімді. ашық деректер порталы Мекен-жай тізімі және Бірегей нормативті-анықтама ақпараты сияқты ақпараттық жүйелермен біріктірілді.
2) «Мобильді үкімет» қызмет көрсетуде. Қазіргі кезде мобильді қосымшада 83 қызметке қолжетімді. 2016 жылы 7 млн. қызмет көрсетілген. Базаға 2 млн. астам азамат тіркелген.

M-GOV мақсаты – Қазақстан Республикасының тұрғындарына тұрақты қоғамдық дамуға қол жеткізу үшін мобильді байланыс арқылы қызметтер/сервистер көрсету үшін мобильді үкімет платформасын құру.
3) «Электрондық үкімет» порталы қызмет көрсетуде, ол арқылы электрондық түрде 761 электрондық қызмет қолжетімді, бұл «электрондық үкімет» веб-порталының 240 электрондық қызметі, электрондық лицензияның 86 түрі және 435 электрондық рұқсат. 2016 жылы 41 млн. астам қызмет көрсетілді, 50 мыңнан астам электрондық лицензия (2015 жылы – 25,2 мың), 760 рұқсат құжат (2015 жылы – 468,8 мың) берілді. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың арқасында Біріккен Араб Әмірлігінің Үкіметімен egov.kz мобилді қосымша «Мобильді үкіметтің ең үздік қызметі» премиясын иеленді.

4) 2016 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мынадай 5 сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеп, іске қосты:



- «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі» (ҚР ҰЭМ);

  • «ЕСЭДО/СЭД ГО құрылған электрондық құжаттардың қоймасы» (ҚР МСМ);

  • «Бос орын іздеу және конкурсқа қатысу үшін өтініш беру» (ҚР АКМ);

  • «Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге жазылу» (ҚР АКМ);

  • «Тауарларды таңбалау» (ҚР ҚМ).

5)2016 жылы 5 желтоқсанда ІІМ –нің миграциялық полициясы үшін ақпараттық жүйе өндірістік қолданысқа берілді.

Сондай-ақ іске асыру мерзімдерімен жыл сайын келесі іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілді:



  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен бекілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірледі және бекітті;

  • Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2017-2016 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі 10 іс-шаралар жоспарын бекітті;

  • Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2016 жылы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін ұсынды;

  • Уәкілетті органның (МҚІжСЖҚА) тапсырысы бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторингін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді;

  • Денсаулық сақтау министрлігі халыққа денсаулық сақтау саласындағы «Госпитальдау бюросы» және «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйелеріге қолжетімділікті қамтамасыз етті;

  • Мемлекеттік органдар республикалық және жергілікті деңгейде халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізді (52 393 іс-шара жүргізілді (лекциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және т.б.), оның ішінде 42 297 – орталық мемлекетті органдармен, 10 096 – жергілікті атқарушы органдармен);

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай-байланыс орталығы кеңес беру жұмыстарын қамтамасыз етті. Есепті жылы бірыңғай-байланыс орталығы 737 мемқызметтер бойынша кеңес берді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жалпы 20 млн. минуттан астам 4,4 млн. астам өтініш қабылданды. Желіде қоңыраудың орташа күту ауқыты – 39 секунд, көрсеткіштердің қанағаттанушылығы (5 балды шәкіл бойынша) - 4,7;

  • Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік деректер базалары, архивтер және ақпаратты жүйелер, оның ішінде «Талдау» үшін тарихи мәліметтермен толықтыруды жүргізді, статистикалық жинақтың электрондық архивы құрылды;

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммникациялар министрлігінің
«Е-лицензилиялау «Мемлекеттік деректер базасы» АЖ-сін мемлекеттік заңды тұлғаларға берілген лицензиялар және рұқсаттар бойынша мәліметтер, сонымен қатар жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Мемлекеттік мүлік тізілімі» АЖ беру бойынша бірігу жұмысы өткізілді;

  • Бірыңғай электрондық пошта жүйесі «Қазақстан Рсепубликасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы» АЖ-не біріктірілді. (2016 жылы ЕЭПС қызметі 83 080 мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне ұсынылды);

  • Мемлекеттік органдардың 7674 нүктесі Интернетке бірыңғай қолжетімділік шлюзі арқылы қосылуы қамтамасыз етілген және тоқсан сайын «электрондық үкіметтің» 27 ақпараттандыру объектісінің осалдығының бар-жоғын тексеру;

  • Ішкі істер министрлігінің миграциялық полициялары үшін ақпаратты жүйе пайдалануға берілді;

  • Төтенше қызметтер және ішкі істер органдарының шұғыл басқарма орталығы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру мәселелері пысықталды («101», «102» және «112» арнайы желілер операторларын хабарламаларды қабылдау карточкаларын толтыру дағдылары бойынша оқыту жүргізілді. ЖБО бейнебақылау инспекторларымен бейнежазбаларды мұрағаттау үшін бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істеуге оқыту бойынша сабақтар өткізілді).

«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша (орындауда – 8 іс-шара, орындалды – 1 іс-шара):

2016 жылғы Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 іс-шара орындалуы аяқталды:

Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетінің дамуын ынталандыру мақсатында «Шымкент-Қандыағаш» талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылыс аяқталды;

Сондай-ақ іске асыру мерзімдерімен жыл сайын келесі іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілді:



  • 4G желісін барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында және халық саны 50000 адамнан асатын елді мекендерде іске қосу іс-шарасы өткізілді. 2018 жылға қарай барлық аудандық орталықтарда іске қосылады. 4G абонент саны 2,2 млн. құрады;

  • Ақпараттық технологиялар саласында Қазақстан Республикасының 39 ұлттық стандарты әзірленді;

  • Эксмаумақтық қағидаты бойынша тіркелген және бағдарламалық қамтылымды әзірлейтін «ИТП» АЭА қатысушылар саны көбейді (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тіркелген компаниялар саны 161 құрады. Олардың 68-і эксаумақ қызметін жүзеге асырушы ретінде тіркелген);

  • «ИТП» АЭА инфрақұрылымының 2-ші кезеніңдегі объектілердің құрылысы аяқталды (объектілерді пайдалануға қабылдау актісі 2016 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді);

  • Отандық АКТ-ның жобаларына шетелдік инвесторларды тарту бойынша бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізілді (2016 жылдың 25-26 мамырында Астана экономикалық форумы шеңберінде БҰҰ, Дүниежүзілік банкпен және т.б. бірлесіп, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды);

  • Білім мен ғылымды біріктіру жобасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілді, арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылды, мамандандырылған кафедралар құрылды, 88 білім беру бағдарламасы әзірленді.

«Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру» бағыты бойынша (35 іс-шара орындалуда, 2 іс-шара орындалды):

2016 жылғы Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2 іс-шара орындалуы аяқталды:

1) «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектер қаржаттарының болуы бойынша мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік беретін «Республикалық бюджет үшін болу» функционалы іске асырылды;

2) Облыстардың және Астана, Алматы калаларының әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес туристік обьектілер және турситік фирмалар танымал интернет-брондау халықаралық жүйесіне кіріктірілді. Олар: Amadeus, Abacus, Gabriel, Booking.com, Galileo, Sabre, Hotelloo және т.б.

Сондай-ақ іске асыру мерзімдерімен жыл сайын келесі іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылды:



  • Барлық мамандықтар бойынша, оның ішінде АКТ бағыты бойынша үлгілі оқу жоспарлары жаңартылды, АКТ біліктілігінің Салалық шегі бекітілді, АКТ саласы үшін 10 кәсіби стандарт әзірленді. «Алгоритмдар, мәліметтер құрылымы және бағдарламалау», «ІТ-инфрақұрылым», «Архитектура және компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру», «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Цифрліқ схематехника» және т.б. сияқты пәндер енгізілген;

  • Білім, денсаулық сақтау, көлік, туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, электрондық сауда және т.б. экономиканың түрлі салаларына АКТ-ны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

    Жұмыс ретінде берілген БҒМ (білім беру) ақпаратына сәйкес:

    • Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пилоты шәңберінде 3 873 мектепте электрондық күнделік енгізілген;

    • Сапалы электрондық білім беретін контентпен мектептерді қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы мектептер интерактивтік курстардан, «iTest.kz» виртуалдық тренажерлардан, «iMektep» бастауыш мектептер үшін мультимедиалық курстардан тұратын «Bilimland» білім беретін платформаға қосылды;

    ДСӘДМ (денсаулық сақтау):

    • 088/у нысанын электрондық форматқа ауыстыру бойынша іс-шараларды орындау шеңберінде «Емхана» ААЖ және «Мүгедектердің орталық дрекқоры» ААЖ біріктіруге техникалық талаптар бекітілді;

    АКМ:

    • Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп 2016 жылғы 30 қарашада «Smart city» тақырыбында Astana Smart Technologies Exhibition 2016 Халықаралық көрме-конференциясын (бұдан әрі – ASTEX) өткізді. ASTEX мақсаты қаланың инфрақұрылымын зияткерлік дамытуға, барлық ресурстардың жан-жақты теңгерімін, халықтың мұқтаждығын қамтамасыз етуге ықпал ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелерін талқылау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласындағы компанияларының келесі «Ақылды мектеп», «Ақылды көшені жарықтандыру»,«Ақылды емхана», «Ақылды көлік», «Ақылды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «Қауіпсіз қала», «Ақылды қызметтер» жобалар және басқа да жоғары технологиялық шешімдер ұсынылды.

    ИДМ (өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы):

    • кәсіпорындардың АКТ инфрақұрылымы дамуда, жаңа ақпараттық жүйелер енгізілуде және «Қазақтелеком» АҚ-дан кәсіпорын объектілеріне дейін талшықты-оптикалық желілер салынуда;

    • телеметрикалық бергіштерді қолдану және роботтандыру, өндірістік процестерді автоматтандыру енгізілуде;

    • көлік инфрақұрылымының кәсіпорындары (автовокзалдар, порттар, темір жол вокзалдары, әуежайлар) кеңжолақты Интернет желілеріне қолжетімділкпен қамтамасыз етілуде;

    • «Ақылды қала» жобасы Астана қаласында іске асырылуда, кейіннен басқа қалаларға да іске асыру көзделуде.

    МСМ (мәдениет, спорт, туризм):

    • дене шынықтыру және спорт объектілер кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі;

    • туристік объектілер кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі, әйгілі дүниежүзілік интернет-брондау жүйелерімен бірігуде;

    • туристік саласынның субъектілерімен үнемі туризм объектілерін басқарудың, есепке алудың және әкімшілік-шаруашылық қызметтерінің ішкі процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде;

    • туризм саласындағы қызметтер мен сервистердің қолжетімділік деңгейін көтеру үшін мобильдік қосымшалар әзірленуде;

    АШМ (ауыл шаруашылығы):

    • АШМ және оның құрылымдық бөлімшелері заманауи серверлік құралдармен жабдықталған, мәліметтер беру және IP-телефондардың бірыңғай корпоративтік желілер құрылған;

    • Министрлікте «Е-Agriculture» салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі жұмыс жасауда.

  • Инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар кадр дайындау қамтамасыз етілді;

  • Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жалдамалы жұмысшыларды қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту шеңберінде кәсіби оқыту жүргізілді;

  • Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды негізгі компьютерлік сауаттылыққа оқыту жұмыстарын жүргізді;

  • Қысқа мерзімді курстар шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар модулі бойынша педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілді;

  • 2016 жылы «Зерде» холдингі» АҚ пилоттық жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, ҚР БҒМ Республикалық оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған АКТ мамандықтары бойынша жұмыс оқыту жоспарының жобалары әзірленді;

  • 01.01.2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарында «Медико-әлеуметтік сараптамаға бағыттау» нысанын электрондық түрде жүргізу енгізілді;

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы энергия тиімді жобаларды қаржылық қолдаудың тетіктерін жасау және апробациялау жұмыстары жүргізілді;

  • Агроөнеркәсіп саласы пайдаланушыларының, өнеркәсіптік кәсіпорынның, ТКШ, экология және гидрометерология саласы жұмысшыларының компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізді;

  • Халық арасында салауатты өмір салтын танымал ету және дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілді. (Қазіргі таңда республика бойынша 34,8 мың спорттық-көпшілік іс-шаралар 5,1 милион адам қатысқан, сонымен қатар ауылдық елді мекендерде 20,2 мың іс-шара 2,8 миллион адамды қамтыды);

  • Туризм индустриясы объектілерін құру және жабдықтау кезінде «жасыл», энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды және құралдарды еңгізу үшін АКТ қолдану мәселесі пысықталды, Әр аймақтың туризм объектілерін БАҚ арқылы және интернет ресурсы арқылы жарықтандыру мәселесі пысықталды;

  • «Мәдени мұра» веб-порталын және «Қазақстан Кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қорын ақпараттық-танымдық контенпен толтыру жұмыстарын жүргізілді;

  • Бірыңғай электрондық архив ақпараттық жүйесінің ТЭН әзірленіп, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ келісілген.

«Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту» бағыты бойынша бойынша (13 іс-шара орындалуда, 1 іс-шара орындалды):

2016 жылғы Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 іс-шара орындалуы аяқталды:

- «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің өндірістік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары өткізілді;

Сондай-ақ іске асыру мерзімдерімен жыл сайын келесі іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылды:

- 20 цифлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың радио телевизиялық станциялары құрылды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 356 РТС құрады, цифрлық хабар таратумен 12,4 милион адам немесе 77,5% қамтылған;

- Интернетке көшу бойынша баспа БАҚ-қа көмек көрсетілді, оның ішінде 200 баспа басылымдарына редизайн жүргізілді;

- «Отандық БАҚ-тың сұранысын анықтау» тақырыбында 14 облыста және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында әлеуметтік зерттеу жүргізілді;

- Жаңа отандық сериалдар, көркем фильмдер, ток-шоу, ақпараттық және түсіндірмелі бағдарламалар шығарылды;

- Жеке телеарналармен бірлесіп 17 жоба іске асырылды;

- Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілді;

- «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету» тармағын іске асыру шеңберінде 56 материал дайындалған.



IV. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау

Бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысына ықпал еткен факторлардың талдауы «Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелер» бөлімінде көрсетілген.



V. Қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген бюджеттік және өзге де қаржылық қаражат туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 2016 жылы РБ-дан 45 728 388 мың теңге көзделген, олардың ішінде 45 244 183 мың теңге игерілген, 484 205 мың теңге мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу, бағаның өзгеруі мен табиғи тұтыну көлемінің есебінен құралған және т.б. себептер бойынша игерілмеген.



VI. Жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтер

2016 жылы Есеп комитеті 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы бойынша «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Есеп комитетінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 9-1-Н қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне келесі бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану тапсырылды:


  1. 2016 жылдың 21 мамырына дейін бюджет және басқа да заңнамалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру,

  2. 2016 жылдың 1 қазанына дейін:

  • «Smart Технология» ЖШС-ның орындалмаған міндеттемелері үшін 2,7 млн. теңге сомадағы дебиторлық берешегін өтеу;

  • Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен шет ұйымдар мен кәсіпорындарға Комиттеттің мүлкін уақытша пайдалануға беру;

  • Баламалы Телекоммуникация желілерінің дамуына және ауылдық елді мекендер тұрғындарының тіркелген телефон байланысынан бас тартулары санының көбеюіне байланысты ауыл тұрғындарына әмбебап байланыс қызметтерін субсидиялау механизмін қайтадан қарастыру;

  • Мемлекеттік тапсырма шеңберінде қызметтер құнын қалыптастыру кезінде бірыңғай тәсілдемені айқындау мақсатында телеарналардың өндірген өнімдерінің құнын айқындау бойынша әдістеме әзірлеу;

  • Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтерді дұрыс көрсету мақсатында олардың ревизиясын өткізу;

  • Мемлекетке акцияларының бақылау пакеттерi тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар үшін өкілдік шығындардың лимиттерін бекіту кезінде семинарлар өткізу кезінде кофе-брейкті қаржыландыруға тыйым салу;

  1. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін ақпараттық қауіпсіздік бойынша аттестация өткізуді қамтамасыз ету және «ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту» ақпараттық жүйесін өндірістік қолдануға енгізуін қамтамасыз ету.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, оған сәйкес 1-тармақты есептемегенде, яғни қаржыландырудың болмауынан «ХҚКО» БАЖ өндірістік қолдануға берілмегеніне байланысты (2014 жылы тапсырылу керек болатын) анықталған барлық бұзушылықтар жойылды (Есеп комитетінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 7-1-6/7-9-2-37/1119-И/3067 хаты). Осыған байланысты, ақпараттық жүйені өндірістік қолданысқа 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін беру жоспарланған. Орындалу мерзімі Есеп комитетімен 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2016 жылғы


19 қазандағы № 7161900000100043 тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және оның ведомстволарының қызметіне ақпараттық жүйелерді енгізу, пайдалану және дамыту кезінде қолданыстағы заңнаманы сақтау (оның ішінде «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде), сондай-ақ 2013-2015 жылдарында және 2016 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексеріс басталды.
VII. Мемлекеттік бағдарламаға әзірлеуші мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарламаға есептік кезең ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына 2014 және 2015 жылы өзгерістер енгізілді:


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 307 қаулысы.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 52 қаулысы.

Сондай-ақ, жаңа «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу кезінде А. Балаеваның 2016 жылғы 18 сәуірдегі жазбасында (бұдан әрі – Жазба) баяндалған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ескертулерін есепке алуға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның 3 жылына аралық бағалауға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016 жылғы № 2315-10 ПАБ тапсырмасын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы келесіні хабарлаймын:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет