2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды



жүктеу 0.89 Mb.
бет4/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Мемлекеттік бағдарламада әрбір жыл бойынша мақсатты индикаторлардың жоспарлы мәндерінің болмауына қатысты келсек, осы міндетті шешу мақсатында Иинвестициялар және даму министрлігі «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2015 жылы 28 тамызда жіберілді.


Анықтамалық ретінде: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 20-тармағына сәйкес Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады. Сол уақытта Қағидалардың 108-тармағына сәйкес мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Инвестициялар және даму министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жүргізген жұмыстары болғандықтан, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаеваға Жобаны қарастырмай және қайтару өтінішімен


2016 жылғы 30 сәуірдегі № 1-30/Д-1732/12/17-43/05-1426(1.2,2.2.3-тт.), П-923-И хат жолданған болатын, оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаеваның 2016 жылдың 11 мамырдағы № 17-43/П-923 жобаны қайтару қарары алынды.

Бұл ретте, Мемлекеттік бағдарламаның күшін жою жоспарланып отырғанын атап өтеміз. Барлық іске асыру кезеңінде аралық мәнін жылдар бойынша көрсете отырып, нысаналы индикаторларды нақтылау бөлігінде Мемлекеттік бағдарламаға ескертулер қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен, мүдделі ұйымдармен келісіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын екерілген. Сондай-ақ, жауапты мемлекеттік органның ағымдағы функциялары болып табылатын іс-шаралар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілмеген.


VIII. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары мен ұсыныстары
«Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде Бүгінгі күні Электрондық үкімет табысты қызмет жасап келеді, оған халықаралық рейтингтегі Қазақстанның орны және АКТ салаларының көрсеткіштері дәлел.

Сонымен қатар электрондық үкіметті дамытудың үшінші – транзакциялық кезеңі аяқталды.

Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік бажды, алымдарды, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеу мүмкіндігіне ие болды. Егер бұрын осыларды төлеу үшін банкке бару керек болса, қазір қызметті онлайн түрде пайдалануға да, төлеуге де болады.

Кәсіпкерлер үшін транзакциялық кезең құнды сыйлық – электрондық мемлекеттік сатып алулар ұсынылды. Тиімділігі айқын – өткізілетін конкурстар мен тендерлердің ашықтығы және жариялылығы артты.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметтер рұқсат беру құжаттарымен және лицензиялармен жұмыс істеуді де білдіреді. Осыған байланысты «электрондық үкіметті» дамыту шегінде рұқсат беру құжаттарын алу кезінде мемлекет пен бизнестің өзара ашық қатынасын іске асыру үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі іске қосылды. 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының барлық түрі электрондық нысанға аударылған және беріледі.

Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталының пайдаланушылар саны 7 млн. астам адам немесе 78% Қазақстанның белсенді қолданушылары болып табылады. «Электрондық үкіметтің» порталы құрылымы арқылы 761 электрондық қызмет көрсетіледі (2013 жылы – 356, өсім 53%), бұл «Электрондық үкіметтің» веб-порталдың 240 электрондық қызметі (165 қызмет, 29 сервис, 21 мемлекеттік төлемақы жиындары, 17 мемлекеттік баждар, салық төлемінің 4 түрі, коммуналдық қызмет 3 түрі және жол қозғалыс бұзушылық айыппұл төлемақысы), арқылы 86 электрондық лицензия түрі беріледі және 435 рұқсат беретін құжаттар (рәсімдер) қолжетімді. Осылайша, портал арқылы 160 млн. астам электрондық қызметтер көрсетелген, жалпы транзакциялық сома 29 млрд. теңгені құрайды. 2016 жылы 41 млн. электрондық қызмет (2013 жылы – 27, өсім - 35%), 50 мыңнан астам (2013 жылы – 21 мың, өсім - 58%) электрондық лицензия және 760 мың (2013 жылда – 62 мың, өсім - 92%) рұқсат құжаттар берілген.

Мемлекеттік қызметтерді мобильдік құрылғы арқылы электрондық нысанда алу үшін 2014 жылы «электрондық үкіметтің» мобильдік қосымшасы құрылды, осылайша бүгінгі күні 83 мобильді қызмет іске асырылды. Сондай-ақ, экономикалық жағынан белсенді азаматтардың шамамен 25% «электрондық үкіметтің» мобильдік қосымшасында мобильдік телефондарының нөмірлері тіркелген.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда Портал арқылы алумен қатар, азаматтар мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да алды (2007 жылы бюрократияны және әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында Қазақстан халқына бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін құрылған).

Бүгінгі күні, «Бес институционалды реформаларды іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлттық жоспарының» 100 қадамы шеңберінде мемлекеттік қызметтердің Бірыңғай провайдері болатын, 2016 жылдың басында Халыққа қызмет көрсету орталығын, Жылжымайтын мүлік орталығын, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығын біріктіру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы).

Жүргізілген оңтайландыру нәтижесінде Мемкорпорацияның фронт-офистерінің саны 270-тен 353 ұлғайды, басшылық қызметкерлердің саны 47,7 % қысқартылды, 126 ғимарат оңтайландырылды. 2016 жылы 12 ай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ арқылы 36 млн. астам қызмет көрсетілді (2013 жылы – 24 млн, өсім – 33%).

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер тізілімінде 723 атау бар, оның 548-ін Портал және Мемлекеттік корпорация арқылы алуға болады (2013 жылы – 647, өсім – 11%). А.ж. ВАК-тың отырысында қағаз түріндегі 209 көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қарастырылды, олардың 53-і Мемкорпорацияға берілді.

Мемлекет басшысының халықтың көп бөлігін, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердің халықтарын, барлық облыстарды мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерін орындау шеңберінде бүгінгі күні – 70 Мобильдік ХҚКО жұмыс істеуде. 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша жарты миллионға жуық қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, автокөлік құралдарын есепке қою және есептен алу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Астана, Алматы, Карағанды, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда Петропавл, Талдықорған, Ақтау, Павлодар, Тараз және Шымкент қалаларында ашылды. 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 253 мыңнан астам жүргізуші куәліктерін берген (2015 жылы – 159 мыңнан астам.), 956 мыңға жуық автокөлік құралдарын есепке қойған және есептен алынған (2015 жылы –704 мыңнан астам.), сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу 2537 нөмірі берілген, бюджетке 864 млн. теңге сомасында мемлекеттік баж түсті (2013 жылы жүргізуші куәліктерін берген 41 мыңнан астам, автокөлік құралдарын есепке қойған және есептен алынған 281 мыңнан астам).

Жемқорлықпен күресу және ақпараттық жүйелердің техникалық ақауын, проблемалық жағдайларды шешу үшін қолма-қол мақсатында видеомониторинг арқылы Мемкорпорацияның жұмысы Ахуал орталығымен бақыланады. Мемқызметтердің көрсету сапасы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланады.

Халық көп орналасқан жерде «ConnectionPoint» арқылы мемқызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылуда. «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен «Электрондық үкіметі» порталын пайдалану мен мүмкіндіктері мәселелері бойынша 8,5 млн. астам консультациялар көрсетілді, нәтижесінде 7,8 млн. қызметтері азаматтармен дербес алынды (2013 жылы 1 млн. астам консультациялық көмек, 413 мыңнан астам. ЭҚТ берілді).

Азаматтарға ыңғайлы мемлекеттік қызметтер жайлы кеңес алу үшін 2013 жылы 1414 бірыңғай нөмірі жұмысқа енгізілді, берілген өтініші жайында кез-келген адам мемқызметтер алу бойынша, қажетті құжаттар және оның ағымдағы сатысы туралы кеңес ала алады. Бүгінгі күні ББО арқылы 11 мыңнан кем емес азаматтардын сұраныстар түсуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік шешімдерді қабылдауға және іске асыруға азаматтарды, бизнесті, қоғамдық ұйымдарды және тұтас қоғамды тарту дәрежесін ұлғайту мақсатында Порталда Ашық үкімет алаңы құрылды, онда «ашық деректер», «ашық НҚА», «ашық бюджеттер», «ашық диалог» бөлімдері бар. Сондай-ақ 2016 жылдың аяғына дейін «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» бөлімін құруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қызмет еткен кезеңінде «ашық деректер» порталында 2185 деректер жинағы орналастырылған, 7800 нормативтік-құқықтық актілер жобасы мен заң жобаларының тұжырымдамасы талқыланды, 6178 бюджеттік бағдарламалар жарияланды.

Сонымен қатар АКТ бюджеттерін және ақпараттандырудың сервистік моделі шегінде республикалық деңгейде АКТ-жобалардың көпшілігін іске асыруды басқару процестері орталықтандырылған.

Сонымен, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік сектордағы серверлерді виртуалдау және «бұлтты есептеу» технологияларын енгізу басталды. Бюджеттік қаражатты шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің тиімділігі осы технологияның енгізудің нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару АКТ-өнімдерді сатып алудан АКТ-сервистерге тапсырыс беру және тұтынуға көшу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда АКТ-сервис түрінде Қазақстан Республикасының Бірыңғай электрондық пошта жүйесі, бірыңғай ақпараттық жүйелік-техникалық қызмет көрсету өнімдері және Е-нотариат енгізілген. Осыған байланысты, МО одан әрі аутсорсингке ауысуы кәсіпорындардың АКТ-бюджетінің өсуіне әкеледі және АКТ-сервисті ұсынудан қосымша пайда алуға жағдай жасайды деп болжануда.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша

2016 жылы ауылдық және қалалық елді мекендерде Интернет желісіне қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылды. Ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ADSL, CDMA/EVDO технологияларын, қалалық елді мекендерде ADSL, FTTН, 3G, 4G технологияларын қолданумен көрсетіледі. Халық саны 50 адамнан көп елді мекендер телефон және кең жолақты Интернет желісіне жылдамдығы 3,1 Мбит/с CDMA/EVDO технологиясы бойынша қолжетімділік қызметтерімен қамтамасыз етілген.

2011 жылдан бастап 3G стандартында үшінші буынды ұялы байланысы енгізілді (қолжетімділік жылдамдылығы 7,2 Мб/сек-қа дейін). Халық саны 10 000 және одан көп барлық елді мекендерде бұл желілермен қамтылған. 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 3G абоненттерінің саны 12 млн. құрады. 2016 жылдың басынан бастап 3G абоненттерінің өсімі 1,9 млн. құрады.

2012 жылы Қазақстанда төртінші буындағы жылдамдығы 4G (LTE) (100 Мб/с дейінгі) стандартының желісін салу бойынша жобаны іске асыру басталды.

4G желісі барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында халық саны 50 000 және одан көп елді мекендерде пайдалануға берілді, ал 2018 жылға аталған желілермен барлық аудан орталықтары қамтылады. 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 4G абоненттерінің саны 2,2 млн. құрады. 2017 жылдың соңына қарай бұл желімен барлық аудан орталықтары қамтылады.

4G желісі халық саны 50 000 және одан көп елді мекендерде, Алматы және пайдалануға берілді, ал 2018 жылға аталған желілермен барлық аудан орталықтары қамтылады.



FTTH талшықты-оптикалық қатынау желілерімен Алматы, Астана қалалары және барлық облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар қамтылған. Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметтеріне өскен сұранысты қанағаттандыру және ұсынылатын қазметтердің спектрін кеңейту мақсатында ҚР барлық өңірлерінде GPON мен ADSL порттары қолданысқа берілген. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кең жолақты Интернет желісіне FTTН технологиясы арқылы қол жеткізе алатын абонеттердің саны – 600 387 абонентті құрады. 2016 жылдың басынан бастап FTTН абоненттері 63 115 құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2015 жылға мәліметтері бойынша Интернет пайдаланушылары Қазақстан халқының 72,9% құрады. Байланыс қызметінің жалпы көлемінде 2015 жылы мәліметтерді беру мен Интернетке қолжетімділік қызметтері 30,5% құрады.



«Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру» бағыты бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша 2015 жылы халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2013 жылғымен салыстырғанда 11%-ға жоғарылап, 76,2% құрады (2013 ж. - 63,2%, 2014 ж.- 64,1%, 2015 ж. 74,2%).

АКТ саласы үшін 10 кәсіби стандарт әзірленіп, бекітілді.

Аймақтарда инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлаумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен бірге әкімдіктерде халықты, оның ішінде жұмыссыз немесе жұмыспен жартылай қамтылған жастарды, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, қарт адамдарды және халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдылары бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды. Біртіндеп өз кезегінде жалпы салада да жеке ұйымдарда да бәсекеге қабілеттіліктің кепілі болып табылатын эконмиканың және әлеуметтік сфераның әртүрлі салаларын автоматтандыру мен ақпараттандыру көтерілуде.


«Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту» бағыты бойынша

Ұлттық спутниктік желі абоненттерінің саны телерадио хабарларын тарату 1 236,0 мың абонентке дейін өсті. Қазіргі уақытта спутниктік хабар тарату Қазақстанды 100% қамту қамтамасыз етеді, кез келген елді мекеннің тұрғыны қызметті алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын дамыту және енгізу» (бұдан әрі – Жоба) министрлік жобасы жүзеге асырылуда. Жобада 827 радио телевизиялық станцияны салу және жаңғырту (бұдан әрі – РТС) қарастырылған, 2018 жылдың соныңа дейін тұрғындарды 95% цифрлық эфирлік таратумен қамтуға қол жеткізіледі. 2016 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық эфирлік телерадио тарату бойынша 20 радиотелевизиялық станция, орнатылған 356 РТС ескере отырып, Қазақстан елді мекенің цифрлық эфирлік телехабар таратумен халықты қамту 77,5% құрады немесе 12,4 млн. адам.

Өткен кезеңде мемлекеттік теле-радио арналар жаңғыртылды.

Сонымен, «KazakhTV» және «Білім және мәдениет» телеарналары «KazakhTV» жалпы бренді болып біріктірілді. Бұл контенттің сапасын үнемделген қаражат есебінен жоғарылатуға мүмкіндік берді «24.kz» теле арнасының ребрендингі өткізілді, оның тұжырымдамасы және хабар тарату торы қайта қаралды.

«Kazsport» телеарнасы, «Қазақстан» РТРК құрылымына кіретін, қазіргі заманғы HD форматындағы телевизиялық хабар таратуын бастады.

«Қазақстан» РТРК аймақтық желісінің жұмысы күшейтілді контенттік толықтыру процесі орталықтандырылды, хабар тарату жаңа форматтары енгізілді, өңірлік техникалық телестудияларды жаңғырту жоспарланып отыр.

Мемлекеттік радиоарналардың жұмыс сапасын жақсарту және оларды таратуын кеңейту мақсатында «Ұлттық радио» ЖШС құрылды.

Мемлекеттік баспа БАҚ-ты дамыту шеңберінде 2016 жылы «Казастанская правда» мен «Егемен Қазақстан» газеттеріне редизайн жасалды. Енді олар толық түрлі-түсті форматта шығады, газеттердің жолақтығы үлкейтілген, верстка өзгертілген, сайттар жаңартылды. Өткен кезеңде ақпараттық агенттік «Казинформ» елдің ең сұранысты жаңалық интернет-ресурстар тобына енді. Yandex-тің 2016 жыл бойынша мәліметтеріне сәйкес «Казинформ» дәйексөз келтіру бойынша 1-ші орын алды.

«Казконтент» акционерлік қоғамымен Қоғамның алты порталын трансформациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.

Тұрақты негізде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жеке телеөнімнің, деректі фильмнің, телесериалдардың өндірісі ретке келтірілген, жаңа телеарналар ашылып жатыр және т.б.



2. Қазақстанның АКТ секторын дамытудың негізгі көрсеткіштері.
«Ақпаратты Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде АКТ нарығының барлық негізгі көрсеткіштері дерлік айтарлықтай өсті.

АКТ саласының дамуы экономиканың дамуымен тығыз байланысты – экономиканың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, АКТ дамуы деңгейі де соғұрлым жоғары болмақ. Бұл ретте кері байланыс та бар, АКТ саласының өсімі жұмыс орындарының санын арттырумен қатар, экономиканың басқа да салаларының тиімділігін де арттырады.

Бүгінгі күні және таяу жылдарда Қазақстандағы АКТ дамуына себепші негізгі макроэкономикалық фактор ЖІӨ-нің және халықтың орташа табысының артуы болып табылады. Төменде 2011-2015 жылдар аралығына кейбір статистикалық мәліметтер келтірілген (2016 жылға мәліметтер әлі жарияланбаған).


  1. 2011-2015 жылдар кезеңінде АКТ нарығының көлемі 6 484 500 млн. теңгені немесе 29,25 млрд. АҚШ долларын (2015 жылғы ҚР Ұлттық банкінің валюталық орташа бағамы бойынша) құрады. Бұл ретте, 2015 жылдың қорытындысы бойынша АКТ нарығы 1 605 981 млн. теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда, нарық көлемі 70,6% өсті.


2011-2015 жылдардағы АКТ нарығы көлемінің динамикасы, млрд. теңге

Телекоммуникация және АТ нарықтары арасындағы пайыздық қатынас жыл сайын телекоммуникация нарығының пайдасына 70 те 30-ды құрайды. Екі нарық та жыл сайын тұрақты жетілуде.

2) Қазақстан Республикасының ЖІӨ 2011-2015 жылдар кезеңінде 28,24 трлн. теңгеден 40,9 трлн. теңгеге дейін өсті. Жоғарыда айтылғандай АКТ секторының көлемі 70,6%-ға өсті. ЖІӨ-дегі АКТ саласының үлесі артып келеді, 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 3,3%-тен 3,9%-ға өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


2011-2015 жылдардағы ҚР ЖІӨ-дегі АКТ нарығы үлесінің динамикасы

3) АКТ секторы Қазақстанның шикізаттан тыс сыртқы саудасындағы өскелең баптардың бірі болып отыр, бұған төменде келтірілген деректер куә.

Сонымен 2014 жылы АКТ тауарлары мен қызметінің экспорты 547,1 млн. АҚШ доллары деңгейіне жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 290%-ға өсім көрсетті. Алайда, 2015 жылы экспорт деңгейі 2 еседен астам мөлшерге төмендеп кетті.


2011-2015 жылдар кезеңіндегі АКТ экспорты көлемінің динамикасы, млн. АҚШ доллары

АКТ саласындағы экспорттың жалпы көлемінің төмендеуі АКТ тауарлары экспортының 2014 жылғы 401,6 млн. АҚШ доллары мөлшерінен 2015 жылы 104,3 млн. АҚШ доллары мөлшеріне дейін 4 есеге дерлік төмендеуіне байланысты.

Алдымен, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстырғанда, жалпы Қазақстанның барлық тауарлар экспорты 2 есеге төмендегенін атап өту керек. Бұлайша төмендеу қазақстандық өнімдердің көпшілігі шығарылатын көрші елдердің экономикасының іс жүзінде бәсеңдеуіне және техникалық құлдырауына негізінделген. Осыған байланысты олар өндірістік ресурстарды, оның ішінде Қазақстан өнімдерін аз тұтына бастады. Яғни қазіргі уақытта көрші елдермен сауда-саттық бойынша сол елдерде қалыптасқан экономикалық цикл факторлары маңызды роль атқарады. Дағдарыстан шыққан кезде қазақстандық тауарлардың көрші елдерге экспортының қарқыны өседі деп пайымдаймыз.

4) АКТ саласындағы импортқа келетін болсақ, мұнда 2014 жылға дейінгі барлық көрсеткіштердің өсу қарқыны экспорттағыдай, 2014 жылғы импорттың жалпы көлемі 2011 жылғымен салыстырғанда, 93%-ға көтерілді және 3 326,14 млн. АҚШ долларын құрады. Дегенмен, біріншіден АҚШ долларының курсының күрт өсуіне байланысты және сәкесінше импортталатын тауарлардың бағасының өсуіне байланысты 2015 жылы импорт деңгейі 2 287,63 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді. Импорттың негізгі көлемін АКТ саласындағы тауарлар құрайды, олардың үлесі АКТ саласындағы жалпы импорт деңгейінің 90%-на жуығын құрайды.
2011-2015 жылдар кезеңіндегі АКТ саласында импорт көлемінің динамикасы, млн. АҚШ доллары

Бұл ретте, АКТ секторында импорт экспорттан 9 есе асып түскендігін атап өту керек, бұл АКТ-ны дамытуда Қазақстанның шетелдерден айтарлықтай қалып қойғандығын айтады.
3. Қазақстан Халықаралық аренада.

Әлемдік алдыңғы рейтингтерде Қазақстанның жетістіктерін атап өту керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО), Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) сияқты ұйымдардың АКТ саласындағы жалпытанылған рейтингтері ерекше назар аударуға тұрады. БҰҰ есебіне сәйкес 2016 жылдың маусым айының басында жарияланған БҰҰ E-Government Survey-2016 «Электрондық үкімет баянды даму үшін» рейтингінде «электрондық үкіметтің» даму индексі бойынша Қазақстан 33 орынды иемденді. ХЭБО 2016 жылғы «Ақпараттық қоғамды өлшеу» есебінде АКТ даму индексі бойынша 175 елдің ішінде Қазақстан 52 орында тұр. ДЭФ 2016 жылғы Жаһандық АТ есебінде желілік даярлық индексі бойынша әлемнің 139 елінің ішінде Қазақстан 39 орынға жайғасты.



Электрондық үкіметтің даму индексі БҰҰ (EGDI)

2003 жылдан бастап, әр екі жыл сайын, БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік даму департаменті электрондық үкімет даму деңгейі бойынша шолу жариялайды. БҰҰ шолуы БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің қысқаша сипаттамасын және электрондық үкіметінің даму рейтингін қамтиды. Электронды Үкімет дамуының индексі 3 маңызды құрамнан тұрады: онлайн-қызметті дамыту, телекоммуникациялық инфрақұрылым және адам капиталы. БҰҰ «E-Government Survey 2016» соңғы есебінің деректеріне сәйкес Қазақстан 0,725 мәнімен 33 орынды иемденді. Рейтингтегі алғашқы үш орынды Ұлыбритания, Австралия және Оңтүстік Корея иемденді. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан (33-орын) көшбасшылық тұғырда тұр. Одан кейін Ресей (35- орын), Беларусь (49 - орын), Әзербайжан (56- орын), Украина (62- орын), Молдова (65- орын) және Өзбекстан (80- орын).


Электрондық үкіметтің даму рейтингінде Қазақстан Республикасы тұғырының өзгеру

динамикасы, 2012-2016 жж.


Желілік даярлық индексі (NRI)

Желілік даярлық индекс (Networked Readiness Index) – әлем елдеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) даму деңгейін сипаттайтын кешендік көрсеткіш. 2002 жылдан бастап, Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) және Еуропалық іскерлікті басқару институты (INSEAD), әлем елдеріндегі ақпараттық қоғамды дамыту туралы жыл сайынғы «Ақпараттық технологиялар бойынша жаһандық есеп» ((The Global Information Technology Report) арнайы баяндамалар топтамасы шегінде елдердің индекске сәйкес рейтингін жариялайды. Қазіргі уақытта зерттеу жұмысы елдің әлеуетінің және оның даму мүмкіндіктерінің неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде саналады.

2016 жылғы ДЭФ есебіне сәйкес желілік даярлық индексі бойынша Қазақстан ТМД аймағында дәстүрлі алдыңғы қатарын сақтай отырып, 2015 жылғы иемденген 40-орыннан (139 ел ішінде) 39-орынға ауысты (25-сурет). ТМД елдері арасында Қазақстан едәуір жоғары индекске ие. Одан кейін орын алғандар: Ресей (4,5), Әзербайжан (4,3), Армения (4,3). Рейтингте алғашқы үш орынды иемденгендер Сингапур, Финляндия, Швеция.

Жалпы 2012-2016 жылдар кезеңінде Қазақстан үшін индекстің мәні 0,6 тармаққа өсті, ал елдің рейтингтегі орны 16 тармаққа жақсарды.




АКТ даму индексі (IDI).

2009 жылдан бастап Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО) жыл сайын «Ақпараттық қоғамды өлшеу» есебін жариялайды, онда АКТ инфрақұрылымына және дағдыларға қатысты елдер бойынша нәтижелерді бағалайтын АКТ даму индексін (IDI), сондай-ақ, АКТ қызметтерінің құнын және қолжетімділігін бақылап, салыстыратын АКТ бағасы қоржынының индексін (IPB) ұсынады.

ХЭБО-ның соңғы есебінің нәтижелері бойынша 2016 жылғы АКТ даму индексі бойынша Қазақстан 52-орынды иемденді. Рейтингте алғашқы орындарды Оңтүстік Корея, Исландия және Дания иеленді. ТМД елдері арасында көшбастайтын Беларусь (31-орын). Одан әрі Ресей (43-орын), Қазақстан (52-орын), Молдова (68-орын).

Бұл ретте, 2012-2016 жылдар бойынша индекстің мәні 5,8-ден 6,57-ге дейін өсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет