2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеу бойынша қорытынды


АКТ дамуы бойынша Қазақстан Республикасы көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы, 2012-2016 жж



жүктеу 0.89 Mb.
бет5/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

АКТ дамуы бойынша Қазақстан Республикасы көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы, 2012-2016 жж.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының бағалауы бойынша 2016 жылғы ДЭФ жаһандық есебінде бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда «Ұлы байланыс абоненттері» көрсеткіші бойынша 10-нан 4-ші орынға, «Интернет пайдаланушылар» көрсеткіші бойынша 61-ден 41-ші орынды иемденіп өзінің позициясын жақсартты.

Қазақстандық ақпараттық жүйелер мен мобильдік қосымшалар да халықаралық мойындауға ие болды. Мысалы:


  1. 2013 жылы Женеведа WSIS Project Prizes 2013 халықаралық сайысының нәтижесі жарияланып, ақпараттық қоғам сұрақтары бойынша жоғарғы деңгейдегі кездесуі Дүниежүзілік Форум шеңберінде өтті. «E-Business» категориясында Қазақстанның электрондық ленцензиялау жүйесі ең жақсы жоба болып танылды. Дүниежүзінің 64 елінен 280 астам жоба конкурсқа қатысты.

  2. «Хрусталдық гарнитура» байланыс орталықтары арасында халықаралық сайыста «ТКШ секторы және мемлекеттік органдардың арасындағы халыққа қызмет көрсету бойынша ең үздік орталық» номинациясында 2017 жылы жеңімпаз Бірыңғай байланыс орталығы болды (Москва қ, 22наурыз).

  3. The World Government Summit Халықаралық үкіметтік самитінде, Біріккен Араб Әмірліктері 2017 жылдың ақпанында өткен, «One stop қосымшасы» категориясында egov.kz мобильдік қосымшасы «Мобильдік Үкіметтің ең үздік қызметі»  номинациясына иеленді.


IX. Қорытынды

Соңғы жылдары бағдарламада қарастырылған барлық көрсеткіштер халықаралық ұйымдардың бағалауларымен дәлелденетін өңірлік және халықаралық деңгейде АКТ-ның тұрақты дамуын көрсете отырып, оң динамикасын көрсетті.

Дегенмен, Қазақстанның АКТ секторын дамыту үшін қойылған мақсаттарға қол жеткізу АКТ секторының экожүйесінің барлық элементтерінің қатысуымен кешенді әдісті талап етеді, оның ішінде: Республикада Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету арқылы инфрақұрылымды қамтамасыз ету, еншілес қаржыландыруды дамыту және ынталандыру арқылы қаржыға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп партасынан бастап жұмыс орындарында біліктілікті арттыру және т.б. арқылы цифрлық сауаттылыққа бағытталудан адамдық капиталды дамыту.

Бұл тезистердің әлемдік бірлестіктерде (ЕЭО, БСҰ) Қазақстанның экономикалық интеграция бойынша белсенді процестер және әлемдік экономикада дағдарыс жағдайында маңыздылығы күшейеді. Бүгінде елдің экономикасын диферсификациялау және әлемдік алаңда оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттердің өзектілігі артуда. Интеграция және жаһандық талаптар білім мен технологияға құрылған жылдамдатылған жаңа цифрлық экономиканы құруды талап етеді.

Алдыңғы елдердің (Канада, Австралия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Малайзя, Сингапур, Үндістан және т.б.) тәжірбесі экономика салаларын цифрландыру және АКТ таралымын ұлғайту айтарлық экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Мысалы, McKinsey компаниясынан халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 10 пайыздық пунктке халықты Интернетпен қамтуды ұлғайту дамушы елдерде ІЖӨ-ді 1% жуық ұлғайтуға алып келетіндігін көрсетті.

Осыған орай, 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету және басқа да перспективалы бағыттарды ескеріп, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілді.

Осыған байланысты, «Цифрлық Қазақстан» МБ ең алдымен цифрлық экожүйелерді сапалы дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын көтеруге және отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін өсіруге бағытталатын болады. Мембағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жобалар мен бастамалардың қатары іске асырылатын болады: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту («Цифрлық жібек жолы») және адами дағдылар («Креативті қоғам»). Сонымен бірге, осы ресурстардың негізінде проактивті мемлекеттке өту және экономиканың барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту іске асырылатын болады. Жалпы, 2020 жылға қарай Мембағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша:

- Интернет пайдаланушылардың үлесін 81%-ға дейін өсіру;

- Халықтың цифрлық сауаттылығын 81,5%-ға дейін көтеру;

- Елдің ЖІӨ-де ақпараттық-коммуникациялық технология секторының өсімі 4,9%;

- Осы сферада еңбек өнімділігін (2015 жылмен салыстырғанда) 43,1 %-ға өсіру;

- Электрондық нысанда өзбетінше алынған қазметтің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 84%-дан кем емес.

Мемлекеттік бағдарлама «Ақпаратты Қазақстан-2020» қатысты айтатын болсақ, жоғарыда аталғандай, оның күшін жою жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асыру кезеңінде жасалған жұмысты ескере отырып Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері мен бағыттарын «Цифрлық Қазақстан» МБ жобасына кіріктіруге қатысты келесі қорытындылар жасалды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама жобасына БҰҰ және Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсынымдары бойынша «ҚР е-қатысу индексі» (БҰҰ әдістемесі бойынша) және «Электрондық үкімет» индексі» (БҰҰ әдістемесі бойынша) рейтингтік индикаторлары кірмеді, өйткені бұл индикаторлар жеке мемлекеттің экономикасының салаларының даму деңгейін толыққанды көрсетпейді.

Сонымен қатар, АКТ саласының даму үшін «АКТ секторының ЖІӨ-дегі үлесі» индикаторының маңыздылығын ескере отырып, аталған индикатор «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама жобасына «ІЖӨ-нің толық көлемінде АКТ секторы тауарларын (қызметтерін) өндіру және өткізу көлемі үлесі 2021 жылы – 4,9%» индикаторы ретінде көшірілді. Бұл индикатор жаңа Мемлекеттік бағдарламаның 5 индикаторларының біреуі болып табылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламада «халықтың компьютерлік салауаттылық дағдысына үйрету бойынша курстарды жүргізу», «электрондық үкімет» шеңберінде халықты оқыту бойынша қызметтер» және т.б. бірқатар іс-шаралар орындалуы компьютерлік салауаттылық деңгейі индикаторына әсер етеді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес компьютерлік салауаттылық деңгейі 2017 жылы 65% болып жоспарланған (2020 жылы 80%). ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2016 жылы аталған көрсеткіш 76,2% құраған болатын. Оң өзгерістерге қарамастан E-gov, e-commerce, e-learning, Smart City сияқты электрондық қызмет көрсететін платформалар, цифрлық технологиялар беретін артықшылықты қолдану арқылы өзіміздің әлеуметтік маңыздылығымызды жоғарылату мүмкіндігі болатын халықтың басым бөлігін компьютерлік салауаттылыққа үйретуді жалғастыру қажет. Осыған орай, әзірленіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына әлеуметтік теңсіздікті азайту мақсатында және мемлекеттің экономикасының әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін мамандардың біліктілігін арттыру және қайта оқыту үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз етеуін ұйымдастыру мақсаттары үшін «Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі» мақсатты индикаторы қосылған. Осылай, «Креативті қоғамның дамуы» мақсаты шеңберінде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылымының активті құруға байланысты халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралардың бірқатар кешенінің іске асырылуы, сонымен қатар ІТ саласының оқыту жүйесін жаңарту және жетілдіру арқылы ақпаратты технологиялар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау жалғастырылады. Аңықтама үшін: 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 1-бабы 56-тармағына сәйкес «Цифрлық сауаттылық» түсінігі қолданылады. Цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі.

«Цифрлық Қазақстан» МБ бойынша «Экономика салаларындағы цифрлық өзгерістер» міндеті шеңберінде экономиканың түрлі саласында ақпараттық жүйелерді құру бойынша іс-шаралар жалғасуы жоспарлануда, көбіне МЖӘ арқылы. Бұл бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді және отандық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Электрондық сауда саласының әрмен қарай дамуына үлкен назар бөлінеді. Денсаулық сақтауды цифрлау бойынша әрмен қарай іс-шаралар қарастырылатын болады.

Телекоммуникация саласында орындалу барысындағы маңызды салалық көрсеткіштертер қатары бар. Аталған көрсеткіштердің маңыздылығына байланысты, Қазақстан Республикасын әлеуметтік тұрақтылықпен және экономикалық өсіммен қамтамасыз ету үшін «Цифрлық Қазақстан» БП «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» бөліміне көшіру жоспарланған:

1) 2020 жылы Интернет желісін пайдаланушылар саны – 75%.

Қазіргі уақытта, телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі міндет – Қазақстан Республикасының халқын замануи технологиялар бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған міндеттің орындалу нәтижесі –мемлекеттегі Интернет пайдаланушылар санын арттыру. Сондай-ақ, 2020 жылы көрсеткішті 80% дейін арттыру ұсынылуда.

2) Қазақстан халқын Эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 2015 жылы – 95% құрайды.



РБК 2013-2015 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес, Республикалық Бюджеттен жыл сайынғы қаржыландыру арқылы ЦЭТВ жобасын 2015 жылы 95% қолжеткізумен аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджеттен қаражатты көшіруге байланысты, Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту бойынша 95% жоспарланған мәніне қолжеткізу 2018 жылдың соңына дейін ауыстырылды.

3) Интернет желісіне қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі: 2017 жылы – 65 %; 2020 жылы – 80 %.



Телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі міндет – Қазақстан Республикасының халқын замануи технологиялар бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету болғандығына байланысты, аталған көрсеткішті «Цифрлық Қазақстан» БП көшіру қажет. Аталған міндетті орындау нәтижесі – үй шаруашылықтарын Интернетке КЖҚ қолжетімділікпен қамтамасыз ету болып табылады.

4) Қазақстан Республикасының аудан орталықтарына 4G желісін пайданалуды енгізу.



Интернетке қолжетімділіктің жаңа технологияларын енгізудің маңыздылығына байланысты, жобаны жүзеге асыру жалғасуда. 2017 жылдың соңына дейін республиканың барлық аудан орталықтары аталған желілермен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, 4G желілері 160 аудан орталықтарының 109-ында орнатылған, қалған 51 4G желілеріне ағымдағы жылдың соңына дейін қосылатын болады.

5) Қазақстан Республикасы аумағына эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу.



РБК 2013-2015 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес, Республикалық Бюджеттен жыл сайынғы қаржыландыру арқылы жобаны 2015 жылы 95% қолжеткізумен аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджеттен қаражатты көшіруге байланысты, Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту бойынша 95% жоспарланған мәніне қолжеткізу 2018 жылдың соңына дейін ауыстырылған. Сондай-ақ, аталған тармақты жаңа редакцияға «2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағына эфирлік цифрлық хабар таратуды 827 радиотелевизиялық станциялар құру арқылы енгізуді» баяндау ұсынылуда.

6) Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуды ынталандыру:



Мемлекетті цифрландыруға бағытталған жаңа стратегия мақсатының бірі – транзиттік әуелетті арттыру болып табылады. Бағдарламада 2020 жылға қарай секундына 200 Гбит Еуропа-Азия бағыты бойынша телекоммуникациялық трафикпен қамтамасыз етуге қабілетті телекоммуникациялық заманауи, өнімді және ауқымды көліктік инфрақұрылым құру арқылы көршілес мемлекеттердің байланыс операторларымен көпжақты әріптестікті дамыту қарастырылған. Сондай-ақ, аталған «Қазақстан Республикасы арқылы телекоммуникация трафигінің транзиті (Еуропа/Азия)» тармағын өзгерту ұсынылуда.

Осылайша, «Ақпаратты Қазақстан» МБ бойынша «Цифрлық Жібек жолын іске қосу» міндеті шеңберінде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін кеңейту ауылды елді мекендерде талшықты-оптикалық технология желі байланысы және ұялы байланыс төртінші 4G. буыны арқылы жоспарланып отыр. Елдің транзиттік әлеуетін жан-жақты әріптестікті көрші елдердің байланыс операторларымен (Рессей, Қытай, Орталық Азия елдері) дамыту арқылы жоспарлануда. Сонымен, «Ақпаратты Қазақстан» МБ-ның «Цифрлық Қазақстан» МБ жобасына көшіруге орындылығы жоқ көрсеткіштері бар.

2017 жылы тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі 80 %; 2020 жылы - 100 %. Қазіргі уақытта тіркелген телефон байланысы қысқарылуда – бұл пайдаланушылардың әлемдік үрдістерге сай тіркелген телефон қызметінен ұялы байланыс және Интернеттің пайдасына бас тартуына байланысты.

Бұдан басқа, «Цифрлық Қазақстан» МБ шеңберінде «электронды үкіметтің» веб-порталын дамыту іс-шаралары, деректор қорының өзектілігін, ақпараттық жүйелердің интеграциялары мен мемлекеттік органдардың бизнес процестерін оңтайландыру арқылы проактивті үкіметке негізделген «электрондық үкімет» веб-порталын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Осылайша, Мембағдарлама «Цифрлық Қазақстан» жобасына «Тұрғындардың өз бетімен электронды нышанда алған қызметтермен қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторы өтті, бұл ретте бір шама іс-шаралар карастырылған: «Электронды нышанда көрсетілген қызметтердің жалпы санынан электронды нышанда өз бетімен алынған қызметтер үлесі», «Бірыңғай байланыс орталығы операторларының мемлекеттік қызмет көрсетуі мәселелері бойынша кеңес беру сапасына азаматтардың қанағаттануы», «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ қызметкерлері өткізген кеңес беру нәтижелері бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы өз бетімен алынған қызметтер саны».

Осылай, «Цифрлық Қазақстан» МБ бойынша «Белсенді мемлекетке көшу» міндеті шеңберінде «электрондық үкіметті» ақпараттандырудың қолданыстағы және ақпараттың жаңа объектілерін енгізу, белсенді және композициялық қызметтерді дамыту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің қызметіне архитектуралық тәсілдемені енгізу бойынша жұмыс жалғастырылады.

Осылайша, Мембағдарламаның басты бағыттары бойынша міндеттердің «Цифрлық Қазақстан» МБ-на сабақастығы қамтамасыз етілуде.

Сонымен бірге, «Ақпаратты Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасының отандық БАҚ-ты модернизациялау бөлігінде 18 мақсатты индикаторлар көзделген. Олардың 16 индикаторы (89%) орындалды, 2 (11%) индикаторы орындалуда.

Алдағы уақытта отандық БАҚ-ты модернизациялау бойынша жұмыс Министрліктің 2017-2021 жж Стратегиялық жоспары, ҚР Премьер-министрі және Ақпарат және коммуникациялар министрі арасындағы меморандум, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспары», 2016-2020 жж. отандық БАҚ-ты дамыту және модернизациялау бойынша жоспар, Елбасының аж. 31 желтоқсандағы жолдауы және т.б. шеңберінде жалғасатын болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет