2016 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат Халықты жұмыспен қамту



жүктеу 90.4 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі90.4 Kb.



2016 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамту.
Теңге ауылында 60 көше бар, халық саны – 16 600.

2016 жылы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 893 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның:

  1. Тұрақты жұмысқа – 242 адам;

  2. Қоғамдық жұмысқа – 161 адам;

  3. Жастар практикасына – 19 адам;

  4. Әлеуметтік жұмысқа – 23 адам;

Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын және «Өрлеу» жобасын халыққа түсіндіру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.

Ауыл жастарының ішіндегі аз қамтылған отбасы балаларының жазғы демалыстарын тиімді өткізу мен материалдық тұрғыда қолдау мақсатында ауылымызда «Жасыл ел» бағдарламасының маусым айындағы І- кезеңі 15 (он бес) адамнан құрылған ауыл жастары жұмыс жасады. Ауылымыздың жас буындары ауыл ішінде көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы 2014 жылдың 16 мамырдағы қалалық мәслихаттың /№ 28/233-ші/ шешімін басшылыққа ала отырып, жергілікті басылымға жиналыстың уақыты, өтетін орны жөнінде хабарлама беріліп, ауылымызда бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. Тұрғындарға түсінік беріліп, қордың негізгі мақсаты түсіндірілді және мүшелері тағайындалды. 2016жылы аталған қоғамдастық жиыны арқылы қордағы қаражатқа Теңге ауылы №14 орта мектеп алдындағы сахнаны ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 10 (он) адам отыратын орындық пен қоқыс тастайтын жәшік қойылып, көше атаулары бар тақтайшалар ілінді. Теңге ауылы А.Керейұлы №30 үймен №14 орта мектеп аралығындағы жаяу жүргінші жолы ағымдағы жөндеуден өткізілді.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар.
Ағымдағы жылы М.Өскінбаев №1 мен Қазақстан көшелері аралығы, А.Оңғарбекұлы мен Қазақстан №55 көшелерінің аралығы, Қ.Қорабайұлы мен М.Бегенов №74 көшелерінің жаяу жүргінші жолдары, №14 орта мектеп алдындағы алаңның ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Жұмыстар аяқталды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытына аясында 2016жылы қосымша қаражатқа сыйымдылығы 280 орындық №11 «Балдырған» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Білім беру саласы.
Білім бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, бұл ең алдымен интеллектуалдық әлеуметті дамыту.

Бүгінгі күні ауылда білім беру қызметін сыйымдылығы 856 орындық №14 орта мектепте – 832, сыйымдылығы 624 орындық №17 орта мектепте – 1087, сыйымдылығы 900 орындық №11 орта мектепте – 1224 оқушы білім алуда.

Теңге ауылы бойынша 2015-2016 оқу жылында «Алтын белгі» иегері – 2. №17 орта мектептен Жолаева Гүлдана, Әбдіжанова Нұршат, «Үздік аттестат» иегері -2. №14 орта мектептен Борашев Орынбек, Хыбайдуллаева Толқын.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру бойынша сыйымдылығы 280 орындық №11 «Балдырған», 320 орындық №21 «Назерке» балабақшаларында барлығы 600 бала тәрбиеленіп отыр.



Кәсіпкерлікті дамыту.

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, насихаттау жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен тығыз байланыста болу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, несие алып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға қолдау көрсетілуде. Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлер палатасы және «Даму», сонымен қатар «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ бірлестікте ауыл тұрғындары, ауыл кәсіпкерлерімен жиналыс өткізілді. Қазіргі таңда несие алған адам саны бесеу. Олар: Джолдасбаев Есенгелді, Тораева Жадыра, Калиева Қарлыға, К.Шоқанбаева, Куванов Бегейбай. Бұл түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін төмендетілген бағамен ұсынып, негізгі азық – түлік тауарларына жәрмеңке ұйымдастырылды.

2016 жылы сәуір айында жауған жаңбыр салдарынан «Атадан Мирас» қоғамдық қоры 37 (отыз жеті) отбасыға азық – түлікпен, 18 (он сегіз) отбасыға киім – кешекпен көмек көрсетті. Сонымен қатар жеке кәсіпкермен екі жеке тұрғын үйге барлығы 142 дана шифермен көмек көрсетілді. Тазалық МКК мен зардап шеккен тағы бір үйге қажетті материалдармен көмек көрсетіліп, қалпына келтірілді.
Теңге ауылын санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру, жұмыстары.
Санитарлық тазалық жағдайындағы ең күрделі мәселелердің бірі ауылдық мекен – жайлардың аумақтарының тазалығы. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, ауыл бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында ауыл толықтай тұрмыстық қоқыстардан тазаланды. Теңге ауылын санитарлық тазартуға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 29,899 млн. теңге қаражат қаралды. Бұл жұмыстарға аймақтағы Тазалық МКК –на қарасты Теңге ауылында № 8 цехы атқарды.

2016 жылы Теңге ауылын көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 17,899 млн.теңге қаражат қаралды. Жұмыссыздықта тіркеуде тұрған ауылдың 12 (он екі) адамы уақытша жұмысқа орналастырылды. Олар ағаш отырғызу және талдарды суару, әктеу, қиып ретке келтіру жұмыстарын жасады.



Теңге ауылында иесіз иттерді жою.

Жаңаөзен қалалық ветеринариялық стансиясы мекемесімен 2016 жылы ауыл аймақтарында жүрген иесіз 866 ит атылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан әрбір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілді.



Ауыл тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суын субсидиялау.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары ауыз суды субсидия бойынша пайдалануда. Судың тарифі 120 теңге болса, ауыл тұрғындары 1 текше метрге 30 теңгеден төлейді. 2016 жылы бойынша көлемі 347,233м3 суға 30,343021 млн.теңге қаражат субсидияланды (абонент саны 2432).

Ауылдың жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру

Мемлекеттік сатып алу өткізіліп, қала әкімдігі мен жеке кәсіпкер арасында келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда №3 маршрут тұрақты жүруде. Сонымен қатар №2 маршрутта іске қосылды.


Ауылдағы автомобиль жолдарының жағдайы, байланыс, электроэнергиямен, газбен қамтамасыз ету мәселелері.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 55,95 шақырым, оның ішінде асфальттанғаны 18,595 шақырымды құрайды.

Ауылда 2 телефон станциясы бар. Ауылдың батыс аумағынан сыйымдылығы 480 нөмерлі және орталық аумағынан 960 нөмерлі телефон станциясы жұмыс жасап тұр.

Бүгінге ауыл бойынша 977 - жеке тұлға, 39 – заңды тұлға телефонмен қамтылған. Ғаламторға - 346 жеке тұлға, 2 заңды тұлға қосылған. Ауылдың басқада телефон желісі жетпей қалған жерлерге, «Жастар Плюс» ЖШС жобалау, сызу, есептеу жұмыстарын аяқтады. Бюджеттен қаражат қарастырылса, ауыл толықтай телефонмен қамтамасыз етілетін болады.

Теңге ауылын электр энергиямен «МРЭК» АҚ және «ӨзенЭнергоСервис» МКК мекемелері қамтамасыз етеді.

«МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен ауыл бойынша 26 көшесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр желілерінің жалпы ұзындығы – 34,3 шақырымды құрайды. «МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен 92 дана ескі ағаш бағаналар жаңа темір бетон бағаналарға ауыстырылды. 14 дана КТП-6/0,4кВ ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қатар толықтай техникалық күтім жасалды. 2,8 шақырым 0,4кВ әуе желісі АС-35 маркалы жаңа сымға ауыстырылды және 20 шақырым әуе желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қатар техникалық күтім жасалды. Ауылдағы барлық тұрғындардың электр есептегіштерімен бірге қосылу сымдарын оқшауланған сымға ауыстырылды.

«ӨзенЭнергоСервис» МКК ауылдың 34-көшесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр желілерінің жалпы ұзындығы - 72 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда «Өзенэнергосервис» МКК Теңге ауылындағы электр энергиясын тұтынатын абонент саны -1290 құрап отыр, оған дейін абонент саны -1193. Себебі бұрын Т.Балтабасұлы және Д.Нұрпейсова көшелеріндегі тұрғын үйлер Өзен ЭЖА мекемесіне қарасты болса, енді «Өзенэнергосервис» МКК абоненттері болып есептеледі. Тұрғындар бұл жөнінде хабардар және кәсіпорыннан техникалық шарт алу үшін құжаттар тапсыруда.

Ауыл бойынша барлық КТПН-6/0,4кВ, ТП-6/0,4кВ электр қондырғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ТП-«№11 орта мектеп» транформаторының төменгі қысымдағы түйреуішін (шпилька) мен 200кг көлемде трансформатор майы ауыстырылып, 250А және 400А (ампер)-лік автоматты ажыратқыш орнатылды. Жалғама муфталары мен кабельдің ұштық гильзалары ауыстырылды.

ТП-«№14 орта мектеп» транформаторына 200 кг май құйылды.

КТПН ТП-«№17 орта мектеп» электр қондырғысына 400А-лік автоматты ажыратқыш орнатылды.

Н.Тілендиев көшесі №36 тұрғын үй жанындағы 0,4кВ әуе желісінің бағанасы ауыстырылды. Ботакөз көшесіндегі ескірген, жарамсыз 0,4кВ әуе желісі бөлшектелді. Кәсіпорын Теңге ауылы бойынша көше жарығына қызмет көрсетеді. Атап айтар болсақ, Балуанияз № 12, Жеңіс №4, 6, 8, 12, Тобанияз № 74, 75, 87, Н.Тәженов № 5, 7, 13, 26, 28, М.Төлебаев №17, Желтоқсан №40, 42, 44, А.Өтембетұлы №7, 13, 15, 77, 79, 81, 83, Ботакөз № 12, 29, 33, Ершабай № 4үйлер жанындағы көше жарығының шамдары ауыстырылды. М.Жырау көшесінің түнгі көше жарығының фоторелесі ауыстырылды. Д.Даңғылы, Жеңіс №6, А.Өтембетұлы №7, 12, Қ.Қорабайұлы №3, Ботакөз №33 үйлер жанындағы жарық шамдарының дросселі жаңартылды.

Маңғыстау облысының елді мекендерінің газ тарату желілерін қайта жаңғырту, жетілдіру және жаңа құрылысын салу қолданыстағы активтерін қолдау инвистициялық бағдарламасының «Жаңаөзен қаласымен Теңге ауылының газ тарату жүйелерін жаңғырту» аясында Теңге ауылында жалпы салынатын газ құбырының ұзындығы – 48 078 метр.

Оның ішінде:


  1. Төменгі қысымды газ құбыры:

  • Жер астымен жүретіні – 19 792 метр.

  • Жер үстімен жүретіні – 20 047 метр.

  1. Орта қысымды газ құбыры – 9 443 метр.



Қоғамдық тәртіп.
Тұрғындардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп және заңдылықты күшейту бойынша шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. Әртүрлі дәрежедегі құқық бұзушылықтарға хаттамалар толтырылып, айыппұлдар өндірілді.Теңге ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда.

Ауылда 4 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен қамтылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Профилактикалық есепте 137 адам тұр, оның ішінде:



    • Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар – 5 адам.

    • ішімдікке құмар адамдар – 33 адам.

    • есірткі пайдаланатын – 12 адам.

    • әкімшілік қадағалауда – 1 адам.

    • сынақ мерзімімен сотталғандар – 18 адам.

    • есепте тұрған жасөспірімдер – 5 адам.

    • қорғау нұсқамасы орнатылғандар – 82 адам.

    • ерекше талап есебінде – 11 адам.

    • Бұрын сотталғандар: 12 – адам

    • Ұрлық – 56, ашылғаны - 38.

Сонымен қатар ауыл бойынша 32 адам лицензиялық рұқсат беру жүйесімен қару иеленушілер ретінде есепте тұрады.

Теңге ауылында түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді сағат 23:00-ден кейін ата-ананың жетегінсіз жүрген үшін ҚР ӘҚБтК – нің 442-2 бабы бойынша 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Теңге ауылында орналасқан дүкендерде кешкі сағат 23:00-ден кейін алкогольдік өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК – нің 163-4 бабы бойынша 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімідік ішіп, өзінің қадір – қасиетін бұзып, көпшілік орында сыйламаушылық көрсеткені үшін ҚР ӘҚБтК – нің 440 бабы бойынша 78адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Теңге ауылы бойынша тұрмыс қалдықтарын көше бойына шығарып ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК – нің 505 бабы бойынша 42 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ауыл ішіндегі өсіп тұрған жасыл желектерді жеп бүлдірген түйе малының иелері анықталып, тиісті тәртіппен хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Отбасы тұрмыстық қатынасы кезінде ерлі зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік салдарынан туындаған жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК – нің 73 бабы және 108 баптары бойынша 118 адам жауапкершілікке тартылды.



Заңды жұбайының құқығын қорғау үшін қорғау нұсқамасы 82 адамға бекітілді. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, ҚР ӘҚБтК – нің 461 бабымен 12 адам жауапкершілікке тартылды.
Алдағы кезеңге жоспарланған іс – шаралар туралы:


  1. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру;

  2. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

  3. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;

  4. Ауылдың аяқталмаған жер учаскелері бойынша иженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

  5. Ауылдың көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттарын дайындау;


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет