2016 жылғы 18 қараша №706 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



жүктеу 273.02 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі273.02 Kb.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2016 жылғы 18 қараша №706 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8, 12, 13-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 8-1-қосымшамен толықтырылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігi туралы ережеде:

16-тармақтың 202) тармақшасы алып тасталсын;

17-тармақта:

63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«63) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;»;

67) және 68) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«67) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақының, жерлеуге арналған біржолғы төлемнің, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру:

68) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;»;

3) «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 471-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері Заңның 4-бабының 4-тармағын ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алған барлық кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаманы алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалдарына Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС-нысаны бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы зейнеткерлік iстен үзiндi береді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1500 қаулысымен бекітілген
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары
Осы Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 70-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) зейнетақы төлемдері – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақылар, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға Заңға сәйкес берілетін ақшалай төлем;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

5) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары.
2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін

тағайындау тәртібi


2. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi – Қарулы Күштерде, әскери прокуратура органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге;

2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi – iшкi iстер органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi – ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

5) Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметi – «Сырбар» сыртқы барлау қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

6) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – прокуратура органдарында қызмет өткерген қызметкерлерге (әскери прокуратура органдарын қоспағанда);

7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті – экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызмет өткерген қызметкерлерге.

3. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, алғаш қызметке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін орналасқан және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыстан босатылған, қызметтен шығарылған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары бар адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) осы Қағидаларды нақтылау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызмет өткергенiн және жұмыстан босатылған күнгi ақшалай қамтылымның мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн айқындайды. Құжаттарды қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар немесе аумақтық органдар (бұдан әрi – бөлiмшелер) жүзеге асырады.

6. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларды нақтылау жөніндегі нұсқаулықты өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып қабылдайды.

7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш берген адам мынадай құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, тұрғылықты жеріндегі бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

2) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

3) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының не қылмыстық-атқару мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4) 3 х 4 см мөлшеріндегі фотосуреттер (2 дана);

5) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары үшін жеке зейнетақы шотынан әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызының есептен шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша растау-анықтама.

Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

8. Бөлімше осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдай отырып және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалатын тізбеге сәйкес құжаттарды талап ете отырып, оларды келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

9. Уәкілетті мемлекеттік органдар барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы ісін қалыптастырады, Заңға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүргізеді, тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын куәлікті береді.

10. Өтініш иесіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде бас тарту себептері туралы хатпен құжаттарды бөлімшеге қайтарады, ол үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.


3. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібi

11. Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-ИУ, 1-ВС нысандары бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған үзінділерді бір данада береді.

12. Заңда көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 1-BC-арттыру, 1-BC/1-арттыру нысандары бойынша зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері туралы үзінділерді дайындайды және Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бір данада жолдайды.

Қызмет өтілінің, ақшалай қамтылым мөлшерінің өзгеруіне байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-ИУ, 1-BC нысандары бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері туралы үзінділерді дайындайды.

Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса), банк шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, алушы бөлімшеге тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге осы өзгерістер туралы өтініш береді.

Жаңа деректемелері бар үзіндіні уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолдайды.

13. Келіп түскен үзінділер Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінділерді тіркеу журналында тіркеледі және Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолданады.

14. Мемлекеттік корпорацияның филиалдары үзінділер келіп түскен кезде оларды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінділерді тіркеу журналында тіркейді және орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында (бұдан әрі – ОДҚ) алушылар карточкаларын қалыптастырады және карточкаға тиісті деректерді не олар бойынша өзгерістерді енгізеді.

15. Алушылар бойынша енгізілген және қолда бар деректер негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырып, оны төлем айы алдындағы айдың 25-і күніне қарай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрi – Министрлік) береді.

16. Министрлік тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары шегінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолдайды.

17. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алысымен зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ олардан ұстап қалуды жүзеге асыруға арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

18. Мемлекеттік корпорация төлемдерді:

1) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептеу;

2) «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізеді.

19. Төлемдерді үйге жеткізіп беру алушылардың мынадай санаттарына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;

2) сексен жасқа толған адамдарға;

3) бiрiншi топтағы мүгедектерге;

4) бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;

5) пошта байланысының бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.

20. Зейнетақы төлемдерін беру зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 7Д нысанындағы тізім-ведомость бойынша жүргізіледі.

21. 7Д нысанындағы тізім-ведомость екі данада басып шығарылады және зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен Мемлекеттік корпорация филиалының қолтаңбасымен және мөрімен расталады және олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.


4. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік

мекемелердегі адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру


22. Мемлекеттік корпорация медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) не орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және (немесе) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушының түсуі немесе шығуы туралы ақпарат түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.

Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорациядан аталған ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) алушы медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түскен (шыққан) айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тоқтату (жаңғырту) туралы;

2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін Заңның 68-бабының 5-тармағында белгіленген көлемде бекіту туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті мемлекеттік органдар шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) стационар жағдайында тұратын тұлғалардың жеке ісінен үзіндіні осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Мемлекеттік корпорация үзінділер түскен кезде алушының карточкасына тиісті өзгерістерді енгізеді. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жекелеген банктік шотына немесе қолма-қол ақшаның бақылау шотына жүргізіледі.

Атқарушылық іс жүргізу құжаттары немесе алушының ұстап қалуға өтініші келіп түскен жағдайда Заңның 68-бабының 5-тармағында белгіленген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің көлемі тиісті ұстап қалулардан кейін айқындалады. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу Заңның 68-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.


5. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде зейнетақы

төлемдерін жүзеге асыру


23. Зейнетақы төлемдерін алушылар бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда аталған төлемдердің сомаларын Мемлекеттік корпорация сотталғандар жазасын өтеп жүрген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің арнайы шотына аударады.

24. Сотталған адам зейнетақы төлемдері оған қай уақыт аралығында жүргізілгенін көрсете отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігіне жазбаша өтініш жасайды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі өзі орналасқан жердегі тиісті бөлімшеге хатпен өтініш жасайды, онда сотталған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), оның бұрынғы тұрғылықты мекенжайын, оған зейнетақы төлемдері қай кезеңге төленгенін, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімдері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің деректемелерін көрсетеді.

25. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі орналасқан жердегі бөлімшелер қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен хабарлама алысымен бұрынғы тұрғылықты жері бойынша (ол сотталғанға дейінгі) бөлімшеден сотталған адамның зейнетақы ісін cұратады.

Зейнетақы төлемдерін алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 1-Б/BC нысаны бойынша оларды төлеуді тоқтатуға хабарлама береді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы ісін алысымен оны есепке қояды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-ИУ нысаны бойынша зейнетақы ісінен үзіндіні Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолдайды.

26. Мемлекеттік корпорацияның филиалы 1-ИУ нысаны бойынша үзіндінің негізінде тағайындалған зейнетақы төлемдерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің арнайы шотына аудару үшін ОДҚ-да өзгерістер жүргізеді.
6. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға зейнетақы

төлемдерін жүзеге асыру


27. Қазақстанның басқа өңіріне не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде зейнетақы төлемдері алушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған айы аралығында жүзеге асырылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган не оның бөлімшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетушінің зейнетақы ісін басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша он жұмыс күні ішінде жолдайды.

28. Алушыны төлемнен алуды уәкілетті мемлекеттік орган не оның бөлімшесі ұсынатын осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша хабарламалар негізінде Мемлекеттік корпорацияның филиалы жүргізеді, бұл туралы ОДҚ-да тиісті белгі жасалады.

29. Қазақстанның басқа өңірінен көшіп келуіне байланысты алушы жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Мемлекеттік корпорацияның филиалы алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлем жүргізілген айдан кейінгі айдан бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

30. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында оның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі.

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрады, ал құжаттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде тоқтатылған зейнетақы төлемдері тоқтатылған күннен бастап қайта төленеді.


7. Мемлекеттік корпорациядан қайтыс болған адамды жерлеуге

арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібi


31. Жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) мен отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша бөлімшеге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және көшірмелерімен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:

1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік) немесе жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патенті (жеке тұлғалар үшін);

2) қайтыс болғаны туралы куәлік;

3) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Бұдан басқа, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін:

біржолғы жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжат;

осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 18-ден 23 жасқа дейінгі балалары күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы;

қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын куәландыратын құжат (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) анықтау туралы куәліктер);

зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынылады.

Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

32. Қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемнің (өтемақының) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

Уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік корпорацияның филиалына осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша хабарламалар, қайтыс болған адамдарды жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді (өтемақыны) және олардың отбасыларына берілетін біржолғы жәрдемақыларды төлеуге өтінімдерді жолдайды.

33. Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны алушылардың тізім-ведомосын қалыптастырады.

34. Өтінімдер негізінде Мемлекеттік корпорация қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемнің (өтемақының) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін алушылардың көрсетілген шоттарына қаржыландыруды жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорация зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған шоттарға қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны жеке тұлғаларға аударуды жүргізеді.

Мемлекеттік корпорация заңды тұлғаларға жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) олардың ағымдағы шоттарына аударуды жүргізеді.

35. Мемлекеттік корпорацияның филиалдары зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған, Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен жағдайда (немесе уәкілетті органның сұратуы бойынша, басқа себептер бойынша) тоқтатылған төлемдер бойынша өткен жыл үшін айлар бойынша жүргізілген зейнетақы төлемдері туралы ОДҚ-дан берілген анықтамаларды уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынады.

36. Мемлекеттік корпорацияның филиалы жылына бір рет үзінділерді түгендеуді жүргізеді, түгендеу жүргізген кезде ОДҚ-да есепте тұрған (қолданыстағы) зейнетақы төлемдерін алушылардың тізімін басып шығарады және филиалға алушылардың сауалнама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы мөлшері, ұстап қалудың мөлшері) дұрыс толтырылуын тексеруге береді, ол аяқталғаннан кейін акт жасалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 2-қосымша
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша
1-В/Л нысаны

 

 __________________________________________________________________



(зейнетақы төлемдерін тағайындаған мемлекеттік органның атауы)

______________________________________________________

(Мемлекеттік корпорация филиалының атауы)

 

Зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттар туралы 20__ жылғы «___» __________ № _______________хабарлама



 

P/c Зейнетақы ісінің нөмірi Тегі, аты, әкесінің аты Құжат түрi

№ (бар болса)

1 2 3 4


Барлығы __________________________________________ құжат қоса берілді.

Бөлімше басшысы___________________________________________________

Бөлімше маманы ___________________________________________________

Қабылдады:________________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 3-қосымша
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша
Нысан
__________________ мемлекеттік корпорациясы

(облыс, қала, аудан)

 

 

___________________ үзінділерін тіркеу (зейнетақы төлемдерінің түрі)



журналы

 

P/c Iс № Тегі, аты, Үзіндінің Тіркелген күнi



№ әкесінің аты №

(бар болса)

Мөрмен бекітілген: журналдағы парақтар саны ________________________

(жазбаша)


М.О.

Мемлекеттік корпорация филиалының директоры

(Мемлекеттік корпорация филиалының бастығы)_________________________

Маман ____________________________________________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 4-қосымша
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша
7Д нысаны
______________________ бойынша

(төлем түрі)

_________ (айы) үшін қолма-қол ақшамен төлеуге _________ облысы _____________ ауданы ____________________ (ауылы) алушыларының

_______ тізім-ведомосы

 

№ __________________________________ банк филиалы



 

P/c Алушының Жеке Алушының Төленуге жататын сома Алушының

№ тегі, аты, сәйкестендіру мекенжайы ағымдағы өткен төлеуге қолы

әкесінің аты нөмірі уақыт уақыт жиыны

(бар болса) үшін үшін

1 2 3 4 6 7 8 9

 

Мемлекеттік корпорация филиалының бастығы __________________________ Банк филиалының басқарушысы ___________________________



Жауапты орындаушы ____________________________

Қаржылық бақылаушы _______________________________

М.О. M.O.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 5-қосымша


Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша
Оқу орнының бұрыштама мөртаңбасы,

Берілген күні, шығыс № ____________

 

АНЫҚТАМА

 

Азамат ____________________________________________________________



(білім алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін көрсете отырып)

__________________________________________________________________

(оқу орнының толық атауы)

__________________________________________________________________

(білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның №, күнін және қолданылу мерзімін көрсету керек)

_____________________ оқу нысанында ________________сыныптың/курстың білім алушысы болып табылатынын растау үшін берілді.

Анықтама _____________________________ оқу жылына жарамды.

Анықтама _____________________________________ уәкілетті мемлекеттік органға көрсету үшін берілді.

Оқу орнындағы оқу мерзімі ______________________________________ жыл, оқу кезеңі _____________________ жылдан бастап ________________ жылға дейінгі аралық.

Ескертпе: білім алушы оқу орнынан шығарылған немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылған жағдайларда оқу орнының басшысы жәрдемақы алушының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалын хабардар етеді.

М.О.

Оқу орнының басшысы __________ ___________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 6-қосымша


Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша
_________________ облысы ____________________ ауданының жерлеуге біржолғы төлем (өтемақы) алушыларының 20__ жылғы «___» _____ үшін жерлеуге біржолғы төлем (өтемақы) төлеуге № _______________ тізім-ведомосы

 


Р/с



Зейнетақы ісінің №

Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жерлеуді жүзеге асырған жерлеу бюросының атауы

Жерлеуге біржолғы төлем (өтемақы) сомасы

Отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақы сомасы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні




 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік корпорация филиалының бастығы ____________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысына 7-қосымша
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 8-1-қосымша
МӘМ 1-нысаны
Медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) стационар жағдайында тұратын адамның зейнетақы ісінен үзінді
Зейнетақы ісінің №______________

Тегі ____________________________________________________________

Аты ____________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________

Тұрғылықты мекенжайы __________________________________________ (медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) орналасқанға дейінгі) __________________________________________________ тұру кезеңінде

(медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) атауы)

1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеу ____ жылғы «____»____бастап тоқтатыла тұрсын.

2. Зейнеткерге төленуге тиіс еңбек сіңірген жылдары үшін

____ жылғы «____»____бастап ____ жылғы «____» ___дейінгі кезең үшін

тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ________________________________________ шыққан кезден бастап

(медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) атауы)

__________________________________________ теңге мөлшерінде белгіленсін. (сомасы жазумен)

1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған _______________________ теңге (сомасы жазумен)

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеу___ жылғы «____»____бастап қайта басталсын.

2. Зейнеткерге төленуге тиіс еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ______________________________ теңге (сомасы жазумен)

____ жылғы «____»____ бастап белгіленсін.

Банк деректері және банк шотының нөмірі:

ЖҚО _________________________________________________________ Банктің БЖН __________________________________________________

Шот (карт-шот) __________________________________________________ (банктің атауы, орналасқан жері)

Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _______________________________________________________ (пошталық) МӘМ төленуге тиіс, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері__________________________________________________теңге (сомасы жазумен) Қосымша төлем (артық төлем) сомасы _________________________ теңге ____ жылғы «____» _____бастап _____ жылғы «____» ____дейінгі кезең үшін Медициналық-әлеуметтік мекеменің БЖН ________________________________________________________________ Медициналық-әлеуметтік мекемеге қызмет көрсететін банктің деректері

ЖҚО ___________________________________________________________

Кор. шот __________________________________________________________ Банк БЖН ______________________________________________________ Қолма-қол ақшаның бақылау шоты ____________________________________ (медициналық-әлеуметтік мекеменің) _________________________________________________________________ (банктің атауы, орналасқан жері)


М.О

Басқарушы

______________ (қолы)

____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)







Маман

______________ (қолы)

____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет