2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/2
Дата09.07.2018
өлшемі0.52 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол-картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен


1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

      (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      3-1. Мемлекеттік гранттар бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне өтеусіз негізде жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауар, көрсетілетін қызмет) шығару немесе бизнес-процесті қалыптастыру үшін беріледі.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мыналар мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады:

      1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін – Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы;

      2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар үшін бизнес-инкубатордың резиденті болу, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен, бизнес-инкубатормен әріптестік келісім жасасқан заңды тұлға – шағын кәсіпкерлік субъектісі.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі оны бизнес-инкубатордың резиденті болып айқындаған сәттен бастап үш жылдан аспауы тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6. Қаржы агенттігінің және ұлттық институттың көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      7. Мемлекеттік гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан аударады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Терминдер мен анықтамалар

      9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;

      2) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;

      3) индустриялық-инновациялық жоба – белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын (оларды пайдалану жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклда жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі, қандай да бір жаңа өнімді (тауарды немесе көрсетілетін қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа тәсілін немесе іскерлік практикада, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланысты ұйымдастырудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілді тұтынуға енгізу инновация болып табылады) жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндiрiстерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге немесе жаңасын құруға бағытталған iс-шаралар кешенi;

      4) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен қоса берілетін өтінім;

      5) бизнес инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі/ұлттық институт және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;

      6) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтиже;

      7) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;

      8) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      9) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі дара кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күні айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      10) ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттарды ұсыну процестерін сүйемелдеу операторының функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;

      11) жаңа бизнес-идея – мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);

      12) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар;

      13) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      14) ұлттық институттың ұсынымдары – бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобалар бойынша ұлттық институттың технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларының қорытындылары;

      15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      16) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

3. Жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру тәртібі. Мемлекеттік гранттар беру шарттары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 17-тармағынасәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      11. Бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

      Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияларды сатып алу;

      4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Жаңа бизнес-идеяларды іске үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      11-1. Бір жоба бойынша бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір шағын кәсіпкерлік субъектісі конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мыналар мемлекеттік грант берудің міндетті шарттары болып табылады:

      грант алушының ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20 % мөлшерінде жобаны іске асыруға арналған шығыстарын бірлесіп қаржыландыруы;

      өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) немесе бизнес-процестің жұмысқа қабілеттілігін растайтын үлгінің, бастапқы конструкцияның (прототипінің) болуы. Кәсіпкер бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:

      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияларды сатып алу;

      4) жобаға олардың инвестицияларын тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар арасында өз жобасын ілгерілетуге байланысты іс-шаралар (бұл іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 10 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады);

      5) өнімді және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету мақсатында әлеуетті клиенттерді (пайдаланушыларды) тартуға байланысты іс-шаралар, аталған іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 20 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады;

      6) жобаның жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылатын өнімдердің және / немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін өндіруге байланысты шығыстар;

      7) жобаны іске асыру барысында туындаған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер және мемлекеттік бажды төлеу);

      8) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер сипаты;

      9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына рұқсат беру құжаттарын алу;

      10) мемлекеттік грант мақсатына қол жеткізуге тікелей байланысты қосымша шығыстар.

      Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік және жер учаскесін сатып алуға пайдалануға болмайды.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      12. Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең көп мемлекеттік грант сомасы:

      1) жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

      2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін негізделген мәлімделген шығындардың 80 % дейінгі мөлшерде, бірақ 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      13. Мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылып қойылған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

      14. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде Конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірыңғайлығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы және қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

      15. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері Конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісім бойынша отырыстар өткізілетін жерді, күнін және уақытын айқындайды, Конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыстар туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурстық комиссияның отырысына Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады.

      Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      16. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:

      1) өңірлік апталық баспа басылымында мемлекеттік гранттар беру үшін (өз бизнесін құруға) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына

      1-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен) конкурсқа қатысуға өтінімдер мен Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырды және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерге грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабарлайды.

      17. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды да кәсіпкердің мөрімен бекітіледі. Бұл ретте, конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана бере алады.

      18. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      19. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;

      2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

      4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

      5) бизнес-жоба;

      6) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).

      Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      19-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы

      туралы жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоба;

      5) өкілге берілген сенімхат (қажет болған кезде).

      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      20. Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Мерзімінде түскен әр өтінім өтінімдерді қабылдау журналына тіркеліп, нөмір беріледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Әр өтінімде күні мен уақыты көрсетіліп, қабылданғаны туралы белгі жасалады.

      21. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Конкурстық өтінімдерді қарау

      22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:

      1) құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді;

      3) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға қажетті құжаттарды және өтінім алынған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің материалдарын сараптама жүргізу үшін ұлттық институтқа жолдайды.

      Мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта пысықтау үшін қайтарады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      22-1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады.

      Сараптамаларды жүргізу барысында ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен жоба бойынша қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қажет болған жағдайда ұлттық институттың негіздемесі бойынша отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін тартылады.

      Ескерту. Қағида 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      22-2. Ұлттық институт жобаға сараптаманы мына бағыттар бойынша жүргізеді:

      1) технологиялық сараптама ұқсастармен салыстырғанда жобаның техникалық тұрғыдан іске асырылуы мен технологиялық орындылығының артықшылықтарын белгілеу мақсатында жүргізіледі;

      2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық тұрғыдан орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, мәлімделген мерзімдерге жұмысты бөлуді, жұмыс көлемі мен мазмұнын және қаржыландыруға қажетті сомасын бағалау мақсатында жүргізіледі;

      3) құқықтық сараптама қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкестігі тұрғысынан ұсынылған құжаттардың мазмұнына жан-жақты құқықтық талдау жүргізу мақсатында жүргізіледі.

      Сараптаманы жүргізу тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.

      Ұлттық институт қажет болған жағдайда отандық және шетелдік сыртқы сарапшылардың және сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар ұсынымдарының негізінде қалыптастырады.

      Өтінімге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасайды.

      Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан сарапшының, сондай-ақ өтініш берушімен үлестес болып табылатын тұлғаның өтінімдерді бағалауына жол берілмейді.

      Сараптаманы жүргізудің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. Қағида 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      22-3. Сараптамалардың нәтижелері бойынша Ұлттық институт ұсынымдарды қалыптастырады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жолдайды.

      Ескерту. Қағида 22-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      23. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.

      24. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізілді.

      25. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын Конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.

      26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық іріктеуге ұсынылған қатысушылардың бизнес-жобаларын/индустриялық-инновациялық жобаларын қарайды;

      2) мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді.

      Конкурстық комиссияның өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратуға құқығы бар.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

      бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;

      нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      27-1. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық

      комиссия бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) не бизнес-процестің жаңашылдығы;

      2) жобаны іске асыру үшін өтініш беруші командасының тәжірибесі мен құзыреттері;

      3) өнімді (тауарды, көрсетілетін қызметті) өткізу үшін нарықтың болуы және сыйымдылығы.

      Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      28. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы шешім конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік грант беру мүмкіндігінің/мүмкін еместігінің себептері көрсетіле отырып, конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.

      Конкурстық комиссияның хаттамасында әр қаралған жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      29. Хаттамаға Конкурстық комиссияның мүшелері, хатшы қол қояды және оны Конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.

      30. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен


      31. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      32. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаны;

      2) мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссияның хаттамасын шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру жөнінде шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу үшін қаржы агенттігіне/ұлттық институтқа жібереді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігімен/ұлттық институтпен және шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – шарт) қол қояды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      34. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      35. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      36. Грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.

      37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.

      37-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бойынша бірінші траншты алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік грант сомасының 20 % мөлшеріндегі ақша қаражатының болуын растауы қажет (банктік шотынан ақша қаражатының болуы туралы үзінді).

      Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грантты игеру мерзімі 36 айдан аспауға тиіс.

      Ескерту. Қағида 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      38. Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.

      39. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және шарт талаптарын орындауға міндетті.

4. Бағдарлама мониторингі

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі/ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, орналасқан орнына шығумен мониторингті жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      41. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметін мониторингілеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;

      4) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауын мониторингілеу жатады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      41-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін ұлттық институт жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу бойынша ұлттық институттың актісі негізінде жүргізеді.

      Мониторингтің негізгі қағидаттары:

      1) мемлекеттік гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің шарттың талаптарын орындауын мониторингілеу болып табылады.

      Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жоба бойынша мемлекеттік грант қаражаты үнемделсе, бұл үнемдеуді шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қайтармайды, ол жобаны одан әрі дамыту мақсаттарына жұмсалады.

      Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жұмыс органы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      43. Қаржы агенттігі/ұлттық институт кәсіпкердің грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда қаржы агенттігі/ұлттық институт Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі/ұлттық институт ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін, одан кейін өз шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, қаржы агенттігін/ұлттық институтты хабардар етеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      44. Конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып алу бойынша іс-шараларды өткізеді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен




 

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      ______________________________________________________________

      Орналасқан жері: ____________________;

      пошталық мекенжайы: ___________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: ____________________________;

      байланыс телефоны ___________________________________________

      Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:

      _______________________________________________________________

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20___ ж. "____" ______________ бастап 20___ ж. "___"______________ аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.


 

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға


ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер)

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұратын жері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салық салу жүйесін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлердің санын орташа көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)

      ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.

      Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Қағидаларға сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.



      Ұсынылған құжаттар тізбесі

Р/с


Заңды тұлға

Бет саны



Дара кәсіпкер

Бет саны




Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі




1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі







Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама




2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама







Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама




3*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама







Бизнес-жоба




4

Бизнес-жоба







Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі




5

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі







Өкілге сенімхат




6*

Өкілге сенімхат







Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар




7*

Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар




* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер ________________________ _______________________________
М.О. (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
20___ ж. "___" _________________ "___" сағ. "___" мин. өтінім №

      Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы өтініммен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы арқылы кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мынаған келісім береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылған.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде) сақталатын болады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) талап-арыз қоймаймын.

      Басшы

      (дара кәсіпкер) _______________________ ______________________

      (қолы) (қолының толық жазылуы)

      М.О.


 

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік грант алуға өтінімі



Р/с №

Қажетті ақпарат (өтінім беру кезінде өзектілендірілген)
 

Өтінім беруші туралы мәліметтер

1.

Ұйымның толық және қысқартылған атаулары:
ұйымдық-құқықтық нысаны,
заңды тұлғаның атауы,
басшының тегі, аты, әкесінің аты 
төлқұжат деректері







Тіркеу деректері:
Заңды тұлғаны тіркеу күні, орны және органы
(мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде),
Құрылтайшылары







Байланыс деректері:
Заңды мекенжайы
Пошта мекенжайы
Байланыс телефоны
E-mail
Web-сайты (болған жағдайда)
Басшының тегі, аты, әкесінің аты және оның ұялы телефонының нөмірі







Банктік деректемелер







Кредиторлық және салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер







Жобаның атауы







Қызмет түрі: (өндіру, сату, көрсетілетін қызметтер)
 







Жоба командасының жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ұсынылатын қызмет бағыты бойынша тәжірибе




      _____________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен

      атынан өтініш берушінің атауы)

      атынан

      _____________________________________________________________

      (лауазымның атауы, уәкілетті тұлғаның, басшының тегі, аты, әкесінің аты)

      бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант ұсыну бойынша іріктеуге қатысуға келісетіні туралы хабарлайды.

      Мен осы өтінімде көрсеткен барлық ақпарат анық және өтінім берілген кезде өзекті болып табылатынын растаймын.

      Осы өтінімге ұсынылатын құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін.

      Өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (толығымен):______________________________________

      Қолы: _________________ Күні: ____________

      * өтінімнің әр бетіне қол қою қажет М.О.



 




 




 

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

      1.1. Жобаның атауы.

      1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).

      1.3. Жарғылық капиталды бөлу.

      1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.

      1.5. Сайт (болған жағдайда).

      1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.

      1.7. Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе 
бизнес-процесс.

      1.8. Грант алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.

2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

      2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері).

      2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңалық.

      2.3. Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.

      2.4. Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы.

      2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету.

3. КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

      3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау.

      3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).

      Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):



 

1-кесте




Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог

























      3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.

      - Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.

      - Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).

      - Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.

      - Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.

      - Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).

      - Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).

4. ЖОБАНЫҢ КОМАНДАСЫ

      4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса берумен олардың біліктілігі.

      4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.

      4.3. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы.

5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

      5.1. Тәуекелдердің ықтимал типі мен көздері, оларды азайту жөніндегі шаралар.

      5.2. Кезеңдері, нақты алынатын нәтижелері, уақыт аралықтары және қажетті қаражаты көрсетіле отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде де, аяқталғаннан кейін де осы кезеңде жоспар жасалады) (2-кесте).



 

2-кесте




Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы

Кезең мерзімі

Кезең құны

Сапалық және сандық нәтижелер





































6. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ

      6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).

      6.2. Жобаны іске асыру үшін бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).


 

3-кесте




Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар

Шығын сомасы (теңге)

Жұмыс-тар кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көздері

Есептерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:
















оның ішінде баптар бойынша:


































Басқа да қаржыландыру көздерінің шығындары - Барлығы:
















Олардың ішінде:
















Жеке қаражат
















Басқалар
(қандай екенін көрсету)
















      6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматында көрсеткіштер есептеулері қоса беріледі.

      6.4. Excel форматындағы кесте түрінде есептеулерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы жоспарының болжамын есептеу. Қызмет түрлері бойынша таратып жазумен кірістер бойынша есептер, шығындар баптары бойынша таратып жазылған шығындар.



      6.5. NPV, IRR, DPP, PI инвестициялық көрсеткіштерін есептеу, инвестициялық көрсеткіштер есептеулерін Excel форматында қоса беру.

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысына
1-қосымша

 

"Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына
2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет