Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі, Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурыз күні Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел атындағы университетінде IT мамандығын бітіріп, екі жылдан кейін Қазақ ұлттық құқықтану және халықаралық қатынастар университетінде құқықтанушы мамандығы бойынша диплом иеленеді. 

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі цифрлық даму министрі 2004 жылы еңбек жолын бағдарламалаушы болып бастапты. 2007-2011 жылдары әділет министрлігінде, 2011-2014 жылдары байланыс және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 

2014 жылдың сәуірі мен сол жылдың тамызы аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болды. 

Мусин 2014 жылы "Қазпошта" АҚ басшылығына келгенде ұйымда түбегейлі өзгерістер орын алды. Мекеме жұмысы толығымен жаңартылып, "Қазпошта" цифрлы қызмет көрсетуге көшті. Оның бастамасымен елімізде заттарды қолма-қол "Қазпошта" орталықтарынан емес, қалада орналасқан арнайы постаматтарда алуды қамтамасыз етілді. 

Ал Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта кіріскен Айдарбек Сапаров 1966 жылыы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2003-2005 жылдары — "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары — "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011-2019 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019-2022 — ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

2023 жылғы 4 қыркүйекте президент жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.