2016 жылы Волгоградское ауылының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама



жүктеу 79.49 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі79.49 Kb.

2016 жылы Волгоградское ауылының

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

БАЯНДАМА
Құрметті жерлестер!
Бүгін біз 2016 жылғы қорытындыны өткізу және 2017 жылы даму перспективаларын белгілеу үшін кезекті есептік кездесуге жиналып отырмыз. Біздің кездесуге Жітіқара ауданының әкімі Абай Сәрсембайұлы Ыбыраев, сонымен қатар, аудандың мелекеттік мекемелерінің басшылары қатысады. Сіздің назарларыңызға, қорытындысы бойынша ұсыныстар, ескертулер енгізілетін, жыл қорытындысы туралы есеп ұсынылады. Залда ұсыныстарды, ескертулер мен пікір айтуды жинау үшін жәшік орнатылды. Тұрғындардан келіп түскен барлық ақпарат міндетті түрде жарияланатын болады.

Барлықтарыңызды келген Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, жұмыста табыс, әрбір отбасыға тыныштық тілеймін.

«Әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулер өткізу туралы» Мемлекет Басшысының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, бүгін Волгорад ауылы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өткізіліп жатыр. Осы кездесулер кері байланысты ретке келтіруге және қызметімізге объективті баға алуға рұқсат береді. 2016 жылдың қорытындысы өткізе отырып, келесіні айтқым келеді:

Волгоград ауылы 1954 жылы құрылған.

Аудан орталығынан 74 км орналасқан. Ауыл шекара елді-мекені болып табылады, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша орташа әлеуетті дамумен елді-мекені болып табылады, басымдылары - жеке сектордағы өсімдіктер шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Аулалар саны - 58, отбасылары саны - 60.

Тұрғындар саны 162 адам құрайды, соның ішінде 82 – еркек, 80 – әйел.

Экономикалық белсенді тұрғындар 111 – адам, соның ішінде ерлер – 61, әйелдер – 50.

Жұмыспен қамтылғандар - 84 адам (ШЖС, ШҚ және ЖК жұмыс істейтіндер – 50 адам, бюджеттік ұйымдарда – 7 және вахталық әдіспен – 27)

соның ішінде:

ерлер - 43, әйелдер – 41.

Өз бетінше жұмыс істейтіндер – 25 адам, соның ішінде ерлер – 11, әйелдер – 14 жұмыссыздар – 2, зейнеткерлер – 25, мүгедектер – 3, студенттер – 5, оқушылар – 10.

Ауыл дамуының экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруына ауыл аумағында орналасқан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, жеке кәсіпкерлер өз үлесін қосады.

Ауылда базалық шаруашылық болып табылатын, негізгі қызметі бидай өндіру болып табылатын, «КазАгроТрейд» ЖШС бас кәсіпорынының «Талап-Астық» ЖШС және 2 қолданыстағы ұсақ шаруашылық қожалығы қызмет етеді.

Ауылдың жалпы аймағы – 49826 га құрайды. Аулдық елді-мекеннің жерлері – 3765 га. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер – 25214 га, оның ішінде егістік – 18767 га, мал өрісі – 5820 га. Қор жерлері – 20870 га.

2016 жылы астық жинау алаңы - 8425 га. Соның ішінде: бидай- 6777 га, жарма - 1241 га., арпа – 407 га.

Қызмет көрсету саладағы нысаналар саны – 3, соның ішінде:

бөлшектеп сатумен айналысатын сауда нысаналары – 2 және 1 нысана қомғамдық тамақтанумен айналысады.

Ауыл аумағында жеке секторда мынадай мал шаруашылығы бар:

ІҚМ - 295 бас, соның ішінде: сиыр – 141 бас, жылқы – 94 бас, ҰҚМ - 262 бас, шошқалар - 26 бас, барлық түрдегі құстар - 722 бас.

Жалпы тұрғын үй қоры – 2520 шаршы метр, 1 адамға тұрғын үймен қамтылу - 16 шаршы метр.

15 жолаушылар орынға Волгорад-Қостанай бағыты бойынша автобус қызмет көрсетеді. Волгоград ауылынан Жітіқара қаласына дейін билеттің құны 450 теңге құрайды. Қалаға аптасына екі бағыт жүреді.

Ауыл аумағында ә/б 2031 «Бозбие» шекара бекеті орналасады.

2016 жылы барлық ветеринарлық-сауықтыру шаралары кестеге келісті өткізілді. Ауыл шаруашылық жануарларының сәйкестендіруі 100% өткізілді. Диагностикалық зерттеулер мен ветеринарлық сауықтыру шаралары 100% орындалды. 2016 жылдың біріші жарты жылдығында бруцеллезбен ауратын 1 бас анықталды. Аурған мал белгілі уақытта мал сою бекетіне тапсырылды. Екінші жарты жылдықта 2 аурған мал анықталды.

Тұрғындармен жылу маусымына дайындалу және малды қысқа дайындау бойынша белгілі жұмыс жүргізілді. Тұрғындар қысқа азықпен жабдықталды. Сондай-ақ, ағаш пен көмір әкелінді.



Денсаулық сақтау.

Ауыл аумағында мектеп ғимаратының жалға алынатын жайында орналасқан медициналық пункті бар. Алаңы - 52,2 кв.м. Қазіргі уақытта тұрғындарға қызмет көрсету үшін аптасына бір рет келетін және жедел науқастардың шақырылымы бойынша келетін Милютин ФАП медбикесі 0,5 мөлшерлемеге жұмыс істейді.


Спорт, мәдениет

Ауыл аумағында мәдениет үй мен ауылдық кітапхана жоқ. Ауылдың спортшылары Тургеновка ауылында өткен «Тың – Целина 2016» аудандық спартакиадасына қатыстып, 11 жалпы командалық орынға ие болды.

Мектеп аумағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер-жерлестерге ескерткіш орнатылған. Жыл сайын ескерткішті жөндеу және көгаландыру бойынша шаралар өткізіледі.

Шекара қызметшілері мен ауыл жастары арасында футбол, волейбол, баскетбол секілді спорт түрлері бойынша түрлі жарсытар өткізіледі.

2016 жылы мәдениет-жаппай іс-шараларға 53 мың теңге шығынға келтірілді. Іс-шараларды өткізуге «талап-Астық» ШЖС, «Сагимбаев Т.» ШҚ, жеке кәсіпкерлер Б. Шаувенов пен К. Буранов қол ұшын береді.

Оларға көрсетілген көмек үшін өз атымнан алғысымды білдіремін.

Мерзімдік басылымдарға 129622 теңге сомасына жазылым жүргізілді.
Сумен жабдықталу, байланыс, электрмен жабдықталу және газдыландыру

Ауыл тұрғындары 2009 жылдың 20 қарашада пайдалануға енгізілген Волгоград топтық су құбырынан ауыз сумен жабдықталады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап су құбыры «Жітіқаркоммунэнерго» МКК-ның балансында.

Ішкі ауылдың су құбыры желісінің ұзындығы 8,6 км құрайды. Көше су құбырларының бар болғаны – 15 (колонкалар), соның ішінде жұмыс істейтіндер – 10. Су 5 жеке үйге өткізілді. Үнемі су сапасына бақылау жүргізіледі. Су САНҚ нормаларына сай келеді. 1 м3 суға тариф – 1895,80 теңге құрайды. Тұрғындар ауыз суды пайдалануға субсидия алады. 1 адамға судың құны 55 теңге құрайды.

Ауылда WLL ФДМА – 450 түрдегі АТС бар. Тіркелген телефон желілерінің саны - 40, соның ішінде жеке – 33, заңды – 7. «Билайн» ұйялы байланысы қызмет етеді. «Отау» цифрлық теледидарына 11 клиент қосылған.

Волгоград ауылы орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Электр үзіліссіз беріледі.

Ауыл көшелері жарықпен қамтылды, барлығы 30 жарық орнатылған, көше жарығына «ФОРФАЙТ» ЖШС техникалық қызметік көрсетеді. 2017 жылы көше жарығына 350 000 теңге жоспарланды, 2016 жылы 332 000 теңге игерілді.

Ауыл газбен жабдықталмаған және сұйық газды баллондармен пайдаланады. 1 кішкентай балонның құны 1200 теңге құрайды.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және ауылды көркейту

«Жітіқара ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тіркелген жұмыссыздар саны – 2 адам. Олар қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылып, ауылдың санитариялық тазалауымен айналысты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» Бағдарламасының екінші бағытына келісті, бір адам (Сагимбаев Талгат) мал шаруашылықты дамыту үшін 1,3 миллион теңге сомасында шағын несие алды.

«Жітіқара ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жұмыспен қамту орталығы» КММ жолдамасы бойынша екі адам механизатор мамандығын игеріп, жұмысқа орналасты.

2016 жылы «Сагимбаев Т.Н.» ҚШ өз егіс алаңн ұлғайтты. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналасу үшін «Буранов К.М.» ШҚ мен «Агро-Гектар» ЖШС тіркелді. ІҚМ түрлендіру үшін Иван Антощук Герфорд тұқымды бұқаны сатып алды.

Үнемі ауылды санитариялық тазалау және көғаландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Көктемде және күзде ауыл аумағында ағаштар отырғызылды. Барлығы 2016 жылы 50 көшет отырғызылды. Жолдардағы шұңқырларды жөндеу, қысқы мерзімде жолды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ауыл аумағында мемлекеттік басқарудың ұйымдастыруын «Волгоград ауылы әкімінің аппараты» ММ іске асырады. ММ өз жұмысын жылға және тоқсандарға бекітілген жоспарға келісті жүргізеді.

Ауыл әкімінің аппараты қызметінің негізгі мақсаты тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Бұл үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына келісті аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы әзірленеді және орындалады. Жемқорлықпен күресу бойынша іс-шаралар жоспарын орындауында және «Жемқорлықпен күресу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруында жемқорлыққа қарсы заңдылығы облысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын жоғарылатуына ерекше назар аударылады. Жемқорлықпен күрес, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодесін, сонымен қатар, жер қатынастары, әлеуметтік-құқықтық, қаржы құқық қатынастары заңдарын сақтауына ерекше назар бөлінеді. Ауыл аумағында «Жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.

Бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша: Бағдарламалар бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес келеді. Есептілік кезеңге кредиторлық қарыз жоқ.

Ай сайын ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіледі, бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың қабылдауы жүргізіледі.

Есептілік кезеңде 1 өтініш тіркелді, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 1 және заңды тұлғаның өкілінен - 0 өтініш.

51 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауыл аумағында салық жинауды ұйымдастырады. 2016 жылы мүлік салығы – 7200 теңге, жер салығы - 13100 теңге, көлік салығы – 167906 теңге құрды. Салық уақытында жиналды, қарыздар жоқ.

Ауыл әкімінің жанында жәрдемақыларды тағайындау бойынша әлеуметтік комиссия, Ауыл кеңесі, полиция учаскелік инспекторлары жанынан қоғамдық кеңесі, ИПГ, ШПЗ және өз жұмыстарын жоспарлы құрып жатқан т.б. комиссиялар жұмыс жасайды.

Жер қатынастардың реттеуін іске асырады, шаруашылық қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерінің жұмысын ұйымдастыруына көмек көрсетеді, аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша және жалпы әскери міндеттілер мәселелері бойынша жұмысты жүргізеді.

Жітіқара ауданының әкімімен бірнеше тапсырма берілді: Тұрғындармен жұмыс кездесуі барысында әкіммен берілген барлық тапсырмалар орындалды.

Мысалы:

1) Ауыл шаруашылық малын сәйкестендіру бойынша жұмысты аяқтау.



Жеке секторда малдарды сәйкестендіру бойынша жұмыс 100% орындалды. Ветеринария облысында жұмысқа ескертулер мен бұзушылықтар жоқ.

2) Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда шаруашылық есепке алу кітабын сәйкестікке келтіру.

8 шаруашылық есепке алу кітабынан 8 электрондық шаруашылық кітапқа деректер енгізілді. Орындау пайызы - 100%.

Ауыл бойынша шаруашылы кітабын жүргізу жұмысына ескертулер мен бұзышылықтар болған жоқ.

3) Тұрғындарды мал азығымен қамтамасыз ету.
2017 жылы ауылдағы өмір жағдайларын жақсарту, еңбекке, білімге және өзге де әлеуметтік мәселелерге құқықтарын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс күтілуде.

Бізбен белгіленген жоспарларды жүзеге асыру мақсатында:

- Осы жылдың көктемінен бастап ауылды санитарлық тазалау және көркейту бойынша жұмысына тым белсенді қатысу.

- Ауылды бұдан әрі көғаландыру бойынша жұмысты жалғастыру.

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын орындау шеңберінде тұрғындармен оларды осы бағдарламаның барлық бағыттарына жұмылдыру бойынша жұмысты үнемі жүргізу.

- Аппарат мамандарымен тұрғындармен оларды жұмысқа орналастыру, бұл бағытта жаңалықтар беру, барлық қажетті жағдайлар жасау жұмысы үнемі жүргізіледі. Демек, жастарды қолдау, олардың басымдарын дамыту, олардың демалыстар өткізу мәселелеріне анағұрлым назар аудару.

- Барлық қажетті жағдайлар жасай отырып, ауылда спорт дамуына көмек көрсету.

- Ерекше назар қарттарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге бөлінеді. Оларға әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсету.

- Тұрғындар арасында аз қамтылған отбасылардың жағдайлары ерекше бақылауда.

Барлық жоспарлардың жүзеге асырылуы, ауылдың әрбір тұрғыны кейінгі жылдары өмірдің жақартуын сезе алатын, жұмыс жылдамдығына, нақтылығына және біртұтастығына тәуелді.


Назарларыңызға рахмет!!!


Ауыл әкімі Ж. Идильбаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет