2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар Шағын футболдан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті



жүктеу 67.21 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі67.21 Kb.

2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған

іс-шаралар

Шағын футболдан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.

2017 жылдың 14-і қаңтар күні шағын футболдан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті. Жарысқа барлығы аудан мектептерінің 12 командасынан 84 ойыншы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің командасы жеңіп алды, ІІ орынды «В. Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы иеленсе, ІІІ орынды «Георгиевка орта мектебі » КММ-нің командасы қанағат тұтты.





2017 жылдың 28 қаңтар күні Жаңаөзен ауылы, «Меірім» спорттық-сауықтыру лагерінде Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты қысқы спорт түрлерінен «Денсаулық күні» атты аудандық жарыс өтті. Денсаулық күнінде ерлер және әйелдер арасында гір тасын көтеруден, шаңғы жарысынан, арқан тартудан, қол күресі күресінен, шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы жарысқа ауылдық округтерден, бөлімдерден, мекемелерден барлығы 23 командан 500-ге жуық адам қатысты.



2017 жылдың 18 ақпан күні Ортабұлақ ауылы, «Шаянды» көлінде Жарма өңірінде биыл екінші рет балық аулау сайысы өтті. Аудан әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған «Мұз астынан балық аулау-2017» бәсекесінде облыстың түкпір-түкпірінен келген жетпістен астам балықшы бақ сынады. Мұндай шараны өткізудегі негізгі мақсат –салауатты өмір салтын насихаттау және қысқы спорт түрлерін дамыту. Шаянды көлінің бетін жапқан мұздың үстіне жайғасып, әр тұстан ойылған ойықтан су жәндігін бір-бірлеп суырған әуесқойлар қыстың суығына да қарамай жарысты. Қысты күні балық аулау өзіндік шеберлік пен ептілікті қажет етеді. Турнирге келген барлық балықшыларға алғыс айтамыз,-деді шараның ашылу салтанатында Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов. Бұл күні балық аулаудан бөлек, ауданның округтерінен келген өкілдер арқан тарту, шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен өзара сайысты.



2017 жылдың 27 ақпан 3 наурыз күндері аралығында Қалбатау ауылындағы Б. Тұрлыханов спорт кешенінде Жарма аудандық ұйымдар мен кәсіпорындар арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті. Жалпы жарысқа 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Бақыршық кентінен келген БГП-2 командасы жеңіп алса, ІІ орынды Шуақ кентінен №236 ортамектебінің командасы иеленді, ІІІ орынды Көшек негізгі мектебі қанжығасын майлады. Ойын тартысты да, қызықты өтті. Әсіресе Бақыршық кентінен келген командалар жақсы ойын үлгісін көрсетті.



2017 жылдың 8 сәуір күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Георгиевка орта мектебінде оқушылар арасында дойбыдан аудан біріншілігі өтті. Жарыс командалық түрде айналмалы швейцар жүйесімен өткізілді. Жарысқа барлығы ауданымыздың 15 мектебінен 15 командадан 45 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы жеңіп талса, ІІ орынды Васильковка негізгі мектебі жеңіп алды, ІІІ орынды Қалматайұлы атындағы орта мектебі иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыйлықтар мен грамоталарымен марапатталды.



Жарма ауданының орталығында Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде таяуда 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан Шығыс Қазақстан облысы чемпионаты жалауын көтеріп, аймақтың оннан аса өңірлері мен қалаларынан келген командалар бақ сынасып, алаңда мықты анықталды.Чемпионатқа қатысқан 150 ден астам спортшылар арасынан шебер ойыншылары да көзге түсіп, жанкүйерлердің қолдауын тапты. Ақтық ойын қорытындысы бойынша Семей қаласының командасы облыстық чемпионаттың жеңімпазы атанса, Жарма өңірінің жас өрендері екінші орынды, Зайсан ауданының командасы үшінші орынды еншілеп, жеңіс тұғырынан табылды.



Таяуда Жақсылық Уәлиевті еске алуға арналған ХІІ турнир республикалық деңгейде өтті. Яғни жарысқа облысымыздағы аудандарменқатар еліміздің Жетісу, Кереку өңірлерінен қалалары мен аудандарынан жалпы саны 18 командадан 200-ге жуық 2000-2002 жылдарғы жасөспірімдер қатысты. Дәстүрлі турнирдің салтанатты түрде ашқан аудан әкімінің орынбасары Серей Брынзов, даңқты жерлесіміздің алдың көрген, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Оразалы Мұхаметалинов, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы, Ж. Уәлиевтің оқушысы Әбікен Боранбаевтар Жақсылық Уәлиевтің спорттағы жемісті жетістіктері жас өренге үлгі болып, боз кілем үстінде жас өрендеріміз жасындай жарқылдап, ел намысын қорғайтын спортшылар шығуына тілектестіктерін жеткізе келе, сәттілік тіледі.

200-ге жуық спортшылардан топ жарған жеңімпаздарға медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сол сияқты жарысқа төрелік етелік еткен төрешілер қауымы мен жарысқа қатысушыларға да естелік сыйлықтар табыс етілді.

2017 жылдың 6-шы мамыр күні Қалбатау ауылының ипподромында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына араналған Жарма ауданы әкімінің жүлдесі үшін аудандық ат спорты түрлерінен аудандық жарыс өтті.





1 мамыр күні ауданға қарасты ауылдық аумақтық бірлік командалары арасында футболдан аудан біріншілігінің ақтық ойындары өтіп, жасыл алаңда өңір мықтылары анықталды.

Осыған дейін аймақтық кезеңінен ауданымыздың сегіз командасы жүлдені сарапқа салды. Әр ауылдың намысын арқалаған командалар арасындағы ойын тартысты да, қызықты өтті. Әлем назарын аударған спорт түрі өңірде де ерекше ықыласпен дамып келеді. Яғни, өткен жарыс барысы осыған дәлел. Командалық ойынның жыл санап деңгейі артып, спортшылар өз шеберліктерін шыңдап келе жатқандығын көрсетті. Аталған жарыста командалық жақсы ойын үлгісін көрсеткен Делбегетей ауылдық округінің командасы аудан біріншілігінің жеңімпазы атанса, екінші орынды Қарасу ауылдық округінің командасы иеленді. Ал үшінші орынды Белтерек ауылдық округінің командасы қанағат тұтты.

2017 жылдың 3-6 мамыр күндері Ресей федерациясының Новосибирск облысының ашық чемпионатына ауданмыздың спортшысы спорт шебері Мұратхан Жасұлан Алмасұлы қатысып жүлделі ІІ-ші орынды иеленіп қайтты. (Жаттықтырушысы Аписаров Алмас)



Тарих ғылымының кондидаты, Жарма ауданының құрметті азаматы, көптеген кітаптардың авторы Қайыртай Шәріпханұлы Керейбаевты еске ұрпақтары осымен төртінші рет еске алу шарасы ретінде Жарма ауданы бойынша 45 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан жарыс өткізді.

Жарысқа арнайы келген аудан әкімі Нұрлан Сыдықов өз сөзінде ауданымыздың Құрметті азаматын еске алу шарасын өте құптайтығын айты.

Командалар өз тәжірибеліктерін көрсетіп, тартысқа толы болды. Жалпы ойын нәтижесі бойынша Жарма кентінің командасы өткен жылғыдай бұл жолыда жеңісті қолға бермей,бірінші орынды сақтап қалды, Шар қаласы құрама командасы ІІ орынды, Қалбатау ауылының командасы ІІІ орынды иеленді.

Жарыс соңында жарысқа қатысқан ойыншыларға медальдармен сыйлықтар табысталды.

2017 жылдың 3 маусым күні Қалбатау ауылында Жарма ауданы әкімінің бастамасымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырылумен ардагарлер ұйымының 30 жылдығы құрметіне орай волейболдан облыстық жарыс өтті. Бұл спорттық шараға Семей қаласынан келген «Ақсұңқар» командасы мен Бесқарағай, Көкпекті, Жарма аудандарының ардагерлерінен құралған волейбол командалар қатысты. Тартысқа толы ойын айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, барлық командалар бірі-бірімен кездесу өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Семей Қаласының «Ақсұңқар» командасы иеленсе, ІІ орынды Көкпекті ауданы, ІІІ орынды Бесқарағай ауданынан келген ойыншылырға бұйырды.

Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Сыдықов барлық жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған арнайы кубог пен естелік сыйлықтарды табыс етті.



2017 жылдың 19-21 мамыр күндері Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының спорт саласына еңбек сіңірген жаттықтырушы Құрмет Смайловты еске алуға арналған волейболдан жасөспірімдер арасында турнир өтті. Жарысқа Семей қаласынан, Абай мен Көкпекті аудандары және өңірдің ауылдық округтерінен 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде волейболға қатысқан жасөспірімдер арасынан І орын Семей қаласы, ІІ орын Абай ауданы, Жарма ауданы сайыскерлері ІІІ орынды иеленді.



2017 жылдың 8 мамыр күні Ұлы жеңіс күніне орай Қалбатау аылының орталық саябақ футбол алаңында Ардагер спортшылар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа ауылдық округтерден 10 команда қатысты. Ойын қызықтыда , тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Делбегетей ауылдық округінің командасы иеленді, ІІ орынды Қоңырбиік ауылының командасы иеленді, ІІІ орынды Бақыршық ауылдық округінің ардагерлер командасы иеленді.



2017 жылдың 1 сәуір күні Қалбатау ауылының Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Жарма ауданы әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен дәстүрлі «Жарма барысы-2017» турнирі өтті. Аталған спорттық шарада 100-ден астам спортшы 5 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. Жеңімпаз палуандар 2017 жылдың 29 сәуір күні Семей қаласында өтетін қазақ күресінен «Шығыс барысына» қатысуға жолдама алды








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет