2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



жүктеу 0.92 Mb.
бет1/6
Дата07.03.2018
өлшемі0.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Балқаш қаласы балалар кітапханаларының

2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі

Қысқаша түйіндеме
2015-2016 жылдар аралығында Балқаш қаласының ОКЖ–не жергілікті бюджеттен кітап алуға ақша бөлінбеді. Осы екі жылда кітап қоры Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы әдебиеттермен толықтырып тұрды.

Десек те, ОКЖ жыл сайын республикалық, облыстық, балалар мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды жүйелі жүргізіп тұрды.

Ағымдағы жылы кітапхана қорын жинақтауға кітапханаларды бюджеттен қаржыландыру өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жақсы бөлінді: Барлығы: 1 997,80 мың теңге. Оның 1 263 кітапқа бөлінсе, 734 700 –мерзімді басылымға бөлініп отыр. Біз үшін бұл қуанарлық жағдай.

Өткен жыл аяғында 2017 ж. І ж/ж екі балалар кітапханаларына мерзімді басылымдарға жазылуға жалпы 151,880 т. бөлінсе, 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына бір ОҚБК өзіне - 364 613,60 бөлініп отыр.

Есеп беру мерзімінде жаңа түскен әдебиеттердің толықтыру көзі


  • ИП Яковлева дүкені болды. Есеп бері мерзіміне 2 балалар кітапханасының кітапхана қорларын барлығы: 688 дана толықтырды.

Олар:

  • Р.Сейсембаев жобасымен жарық көрген Менің 100 кітабым сериясымен:

  • Алаш жұртына ұсынылып отырған, алғашқы үш кітаптың жалғасы

  • Мағауин, М. Шыңғыс хан және оның заманы. Төрт томдық-Алматы:ЖШС «Дәуір»,2016.-720 б. Сонымен қатар, «Ұлы даланың дара тұлғалары» сериясы бойынша кітаптар, :«Жасөспірімдер кітапханасы», Шетел классикасынан кітапхана қорларын толықтырды.


2017 жылы кітапхананың жартыжылдық жұмыс жоспарына сәйкес мазмұнды көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жоспарда  белгіленген күндерде оздырылды. Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, Е.Елубаевтың 75 жылдығына «Балалар бағының бағбаны», Дінмұхамед Қонаевқа арналған Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби портрет, Балқаш өңірінің күйшісі М Хамзинның 90- жылдығына орай музыкалық сағат т.б.көптеген шаралар өтті.

Биыл Балқаш қаласы үшін ерекше жыл қаламызға - 80. Сондықтан кітапханаларда өткен көптеген мерекелік шаралар осы тақырып аясында өтті. «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ балалармен жұмысыныңбақылау көрсеткіші 100%-ға орындалды.Оқырмандармен жұмыс және жоспарланған әр-түрлі іс-шаралар мезгілімен өтіп, жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Солардың ішінде «Бір ел-бір кітап-2017» акциясы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына,«Алаш партиясына- 100 жыл», Мемлекеттік Рәміздерге -25 жыл, «Звезды нашего края» фактографиялық көрме, қала ескерткіштерінің 3d галереясы жасалды, дәстүрлі кітап көрмелері, виртуалды көрмелер, әдеби кештер, ертеңгіліктер, тарихи сағаттар, ақпарат сағаттар т.б. өтті



II. Қызмет көрсетудегі негізгі сандық көрсеткіштер


Жұмыстың бақылау көрсеткіштері.



Көрсеткіштер

2017 ж.жоспар

І ж/қа есеп

1

Оқырмандар саны

4400

2945

2

Пайдаланушылар саны

1000

603

3

Кітап берілу саны,

о.і. қаз.т.



77760

36950


43320

21955


4

Электрондық құжат берілімі

700

475

5

Электрондық басылым берілімі CD

175

130

6

Келушілер саны

38650

25830

7

Сайт келушілері




10591

8

Қазақ тілінде оқитын оқырмандар

1637

1718

9

Эл.каталогтағы жазылым саны

230

130

10

Мәдени шаралар өту саны




99

11

Мәдени шараларға келушілер саны




3356



III. Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Кітапхана бейнесін қалыптастыру, оның мүмкіндігін кеңейту.


Оқырмандарға кітапнамалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлап оны орындау облыстың әр ОКЖ жеке жасаған «Тұрғындарға кітапнамалық қызмет көрсетудің біріңғай жоспары» негізге алынды. Қала аймағындағы кітапханалар мемлекеттік тұғырнаманың идеялық бағыттары негізінде, жыл сайынғы ҚР Президентінің Жолдауын, нормативтік –құқықтық актілерді, Мәдениет туралы заңды және ҚР Конституциясын басшылыққа алып, өз жұмысын жүзеге асыруда.

Қоғамда кітапхана туралы оң көзқарас қалыптастыру бағытында кітапханаларда қазіргі талаптарға сай, безендіруді екі тілде, эстетикалық қалыпта орындалған.Жыл басынан жұмыс жоспар бойынша жүргізілді. Қалалық мектептермен тығыз байланыста болып, кітапхана шараларына атсалысып отырды.


III. Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Кітапхана бейнесін қалыптастыру, оның мүмкіндігін кеңейту


Кітапхана жүйелері

Есеп беру мерзімінде балаларға қызмет көрсететін қала кітапханалары саны өзгерген жоқ. Барлығы 25 кітапхана

Барлық жүйелер мен ведомствалар кітапханаларының желісі. Олардың бақылау көрсеткіштері.



Кітапханалар түрі




қор

оқырмандар саны

кітап берілу саны

келушілер саны

1

А.Гайдар атындағы ОҚБК

1

43854

3200

77760

38650

2

қалалық балалар кітапханалары

1

16589

1200

35900

12915

3

Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалар

5

14578

9000

168215

79610

4

мектеп кітапханалары


18


559137

10207

257099

133174

Балалар кітапханаға 5 жасынан жазылады. Оларға екі балалар кітапханалары (ОҚБК. Фил№5 Қоңырат), сонымен қатар ф№№1,2,3,4,5,6 аралас кітапханалар қызмет етеді. Кітапханаларда балдырғандар, орта және ересек жастағы оқушылар үшін абонемент, оқу залы қызмет етеді. Жыл басынан жұмыс жоспар бойынша жүргізілді.


Қызмет көрсетудің стационарлық емес түрімен қамтылған елді мекендер саны

Жүйенің стационарлық емес желінің бақылау көрсеткіштері
Жылдар бойы кітапхана жүйесі пайдаланушының ақпаратқа қолжетілуін жылжымалы қызмет арқылы мүмкіндік туғызуда. Жыл басында жылжымалы кітапхана нүктелерімен отырылған шарт жаңартылды: олар «Жұлдыз», «Айсұлу б/бақшалары, №3 мектеп интернат, №25 орта мектептері.

Оқырманды кітапханаға тарту мақсатында оқырманның жасына қарай жоспар бойынша



  • мерекелік кештер;

  • әңгіме- шолу;

  • кездесулер;

  • акциялар;

  • әдеби кештер өткізілді.

Есеп беру мерзім аралығында 200 бала қамтылған. Олар 7-10 жас аралығындағы балалар.Оларға 4730 кітап беріліп, келімі 2730 санды құрады.
Жүйенің стационарлық емес желінің бақылау көрсеткіштері.




Беріліс немесе

жылжыма бекетінің орналасқан жері



оқырмандар саны

кітап берілу саны

келушілер саны

Кітапханашылардың жылжыма бекетке бару кестесі

1

№ 3 интернат

(ОБК)


60

1560

882

айына 2 рет (жұма)

2

б/б «Жұлдыз»

40

865

443

айына 2 рет

3

«Айсұлу» б/бақшасы

48

1250

765

айына 2 рет

4

№ 25 орта мектеп

52

1055

640

айына 2 рет




Барлығы

200

4730

2730



Барлығы: 4 жылжымалы кітапхана


Жыл басынан келісім шартқа отырып, демалысына 2 рет кітаптар ауыстырылып тұрады.


Жүйе кітапханаларының мамандануы мен бейімі
ОКЖбойынша профильдік кітапханалар қызметін жалғастырды:

  • №4 фил «Сырлас», мемлекеттік тілде

  • №2 кітапхана-филиалы –экологиялық бағытта қызмет етеді.

Кітапхана жұмысының басты мақсаты –оқырмандарды тарихқа, мәдениетке, әдебиетке, білім мен тілге, табиғат пен оны қорғауға, өз Отанының тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру және соған тәрбиелеу.

.


Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру.
Кітапхананы және кітапхана іс-шараларын жарнамалау
Кітапхана өмірінде болып жатқан жаңалықтармен оқырмандар үнемі хабардар болды. «Таныс бол, жаңа кітап!» ақпараты, әр мерекелер қарсаңында құттықтаулар, сонымен қатар, «Рауан» , «Шаг навстречу», «Атамекен», «Күншуақ» клубтарының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ кітапхананы пайдалану ережелері мен оқырмандардың құқығы жазылған қабырға газеті ілінді. (ОҚБК) Абонемент залында кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Бүлдіршіндер, сендер үшін!» «Книжки для малышки» атты ойыншық –кітапшалар, ертегі кітаптары, әңгімелер қойылған бұрыш ұйымдастырылды. Кітапханада «Библионяня» бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі. Арнайы бұрыш ашылған. Ата-аналар (күн сайын емес) 1- 2 сағатқа балаларын кітапханашыларға тапсырады (басқа баласының ата-ана жиналысына, емханаға барып келуге тастайтын жері болмағанда). Бүлдіршіндер диванда жатып, отырып кітап оқиды, ойыншықтармен ойнайды, сурет салады, кітапханашылар ертегі оқып береді т.с.сҚоғамда кітапхана туралы оң көзқарас қалыптастыру бағытында кітапханаларда қазіргі талаптарға сай, безендіруді екі тілде, эстетикалық қалыпта орындалды. (Ф№5) Ы.Алтынсариннің «Оқысаңдар балалар шамнан шырақ жағылар» деген сөзі, «Кітапты ұста аялап» - «Как обращаться с книгой» деген парақшалар ілінген.
Мектептен тыс тәрбиелеуші ұйымдармен жұмысты үйлестіру.

«Даму» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп интернаты» КММ –мен 2013 жылдан бері, «Жұлдыз»балабақшасымен 2016 жылдан бастап келісімшартқа отырып, 2016 жылдан бастап облыстық «Жас оқырман» жобасын а қатысуына атсалысуп, біріге отырып көптеген шаралар өткіздік, сонымен қатар қалалық мектептер, өнер мектебі, интернаттармен бірігіп жұмыс атқарудамыз.
Экскурсиялар.

Кітапхананы, кітапты насихаттау барысында қала кітапханаларында (ОҚБК)«Сиқырлы кітаптар үйіне саяхат», «Бұл ғажайып әлемде», (ф№5)«Кітапханаға саяхат», «Оқу қалашығына саяхат», (ф№№1,2)«А у нас все для вас!» балабақша және мектеп жанындағы лагерь балаларымен саяхаттар өткізілді. Экскурсия барысында оқырман тек кітапханамен ғана емес, сонымен қатар маңызды мағлұмат берер кітап көрмелерімен, жаңадан келген әдебиеттермен де танысып отырды. «Мен Жаңа кітаппын! Оқыңыз, қызық! Я-Новая Книга! т.б.»  



«Сиқырлы кітаптар үйіне саяхат» экскурсия (ОҚБК) тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді. Балалар кітапхана туралы, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы  және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.Бүлдіршіндер үшін ең қызықтысы оқу залында әр түрлі ойындар мен сауалдамаға қатысып, мульфильмдер тамашалағандары болды. Өткізілген шара оларды қатты кызықтырып үлкен әсер қалдырғаны сонша, көптеген балалар әсерлі кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді. (ф№5) «Күншуақ» жазғы лагерь демалушыларының  қатысуымен №3 кітапхана-филиалында «Все дороги ведут к книге» атты экскурсия барысында балалар сүйікті кітаптар әлеміне саяхат жасап, әдебиет кейіпкерлерін еске түсіруге өз септігін тигізді. Кітапханашы кітапхананың жұмысымен, «Жаңа кітаптар», «Қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар», «Бүгінгі бала – білімді бала», «Ертегілер еліне саяхат»  атты кітап көрмелерімен, жаңадан келген танымал балалар әдебиеттерімен, мерзімді басылымдармен таныстырды.Сондай-ақ, «Ерте, ерте, ертеде» атты қазақ ертегілерінен дауыстап оқу өткізілді. Атап айтатын болсақ, «Ақыл мен ырыс», «Қазақ ертегілері», «Қожанасыр», «Алдаркөсе хикаялары», «Ерлік ертегілері» және т.б. ертегі кітаптар оқып, тыңдалды.  

(ф№3 )№5 мектеп жанындағы лагерь балаларына кітапхана есігі айқара ашылып, қонақжайлылық танытты. Ұйымдастырылған бүлдіршіндер бұрышы әсем безендірілген суретті, жиналмалы, ойыншық кітаптарымен жас оқырмандарды сиқырлы әлемге жетелеп, қызығушылықтарын тудырды. Мультфильмдер патшалығының әлеміне саяхаттаған бүлдіршіндер  сүйікті кейіпкерлерін  естеріне түсіріп, белсенді түрде ойындарға, викториналарға қатысты



Балаларымен саяхаттар өткізу барысында кітапханаға 315 бала қатысты.
Акциялар
Жаңа жылдың алғашқы күнінде А. Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасы дәстүрлі«Жаңа Жыл оқырманы"атты дәстүрлі акциясын өткізді. Бұл құрметті атаққа және № 1 оқырман кітапшасын Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің 6 сынып оқушысы Айтбайұлы Ғалымжан иеленіп, Жаңа Жылдық сыйлық алды. Келген оқырмандарды кәмпит, жаңғақ, шарлар ішінде жасырылған Жаңа жылға тілектер, жұмбақтар және басқа да қызықты тапсырмалар ілінген тілектер аққаласы қызықтырды.

Брось пустышку возьми книжку! акциясы барысында кітапханаға 4 жасқа дейін келген балалармен ойындар ойналып, дауыстап оқулар өткізілді. Соғынан кішкене кітаптар сыйлықтар берілді.Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды.Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, сондай – ақ жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру мақсатында кітапханаларда (ОҚБК) «Ұлт үшін күрескен жазушы», (ф№5) «Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы», (ф№1) «Дәуір ақыны»кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы кітаптар, сонымен қатар ақпарат беттеріндегі мақалалар қойылды.
Кітап апталығы

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет