2017 жылдың тоғыз айы ішінде аудан әкімінің аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат



жүктеу 75.14 Kb.
Дата13.04.2019
өлшемі75.14 Kb.


2017 жылдың тоғыз айы ішінде аудан әкімінің аппаратына түскен жеке

және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33- бабына сәйкес азаматтар өздерінің өтініштері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жеке және ұжымдық өтініштерін жіберу бойынша берілген құқықтарын кеңінен пайдаланады.

Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №177 қаулысымен бекітілген, Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты Регламентінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау» 6-тарауына сәйкес аудан әкімі аппаратының кеңсесі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына бақылауды іске асырады, жеке мәселелері бойынша қабылдауды және осы мәселе бойынша іс құжаттарының жүргізілуіне бақылауды іске асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуге жалпы бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелген.

«Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы №78-1 ө өкімімен аудан әкімімен, аудан әкімінің орынбасарларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді. Осы кестеге сәйкес аудан әкімінің қабылдауы апта сайын әрбір сейсенбі күні іске асырылады.

Қабылдау күнін өткізу туралы ақпарат аудан әкімінің «Халықпен жұмыс істеу» айдарында және аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде орналастырылды. Қабылдауға алдын ала жазылуды аудан әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы А.Бакеева іске асырады, тел.91454.

Аудан әкіміне аудан әкімінің виртуалдық қабылдауы және әкім блогы арқылы да жүгінуге болады, өткен кезең ішінде түскен өтініштер болған жоқ.

Бүгінгі күні жерді пайдалану (ертеректе берілген жер телімдерінің жалдау мерзімін ұзарту, шаруа қожалықтарының құқығын растайтын құжаттарын өзгерту және т.б.), әлеуметтік сала (жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, зейнетақы төлеу, зейнетақы жасындағы жұмысшылармен еңбек келісім-шартын ұзарту және т.б.) және т.б. мәселелер өзекті болып тұр.

2017 жылдың тоғыз айы ішінде Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 99 өтініш түсті, оның ішінде 92-сі жеке тұлғалардан , 7-уі заңды тұлғалардан, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 16,8 пайызға төмен (2016 жылдың 9 айында -119 өтініш).

99 өтініштің 8 өтініші жеке қабылдау кезінде түсті.

Түскен өтініштерде көтерілген мәселелер негізінен:



  1. 52 (52,5 %) өтініш жерді пайдалану бойынша (ертеректе берілген жер телімдерінің жалдау мерзімін ұзарту, қосымша жер телімдерін беру);

  2. 13 (13,1%) өтініш ТҮКШ мәселесі бойынша (баспана беру, елді мекендердің құбырларын жөндеу, көшелерді көріктендіру, сумен жабдықтау);

  3. 6 (6%) білім саласы бойынша;

  4. (5 %) өтініш әлеуметтік сала бойынша(жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, зейнетақы төлеу, зейнетақы жасындағы жұмысшылармен еңбек келісім-шартын ұзарту);

  5. 23 өтініш басқа мәселелер бойынша.

Жерді пайдалану мәселесі бойынша 2017 жылдың 9 айы ішінде 52 өтініш

түсті, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 өтінішке төмен (64). Осы мәселе бойынша 46 өтініш жер қатынастары бөліміне үш күн ішінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 7-бабының нормасына сай жіберілді. 6 өтініш бойынша жзбаша түсіндірме берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың 99 өтінішінен 94 өтініш, 2 ұсыныс, 3 шағым олардан 12-сі қанағаттанарлықпен шешілсе, 37-не жазбаша түсініктеме берілді, 1 өтініш бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 14-бабы 7) тармақшасы тәртібінде қаралуы тоқтатылды (ертеректе берілген өтінішті қайтару туралы түскен өтінімнің негізінде), 48 өтініш басқа органдарға жіберілді, бір өтініш қаралуда.

Аудан әкімі

аппаратының басшысы Т.Глазинский

Орынд.Н.Панюкова



90746

1 қосымша
Аудан әкімі аппаратына 2016 және 2017 жылдардың

тоғыз айы ішінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің сипаттамалық динамикасы

Сұрақтың сипаты

2016 жылдың тоғыз айы

2017 жылдың тоғыз айы

өсуі (+),

төмендеуі (-)

Мемлекеттік басқару

3

4

+ 1

Кәсіпкерлік

7

2

- 5

Еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау

24

5

- 19

Мүліктерді жекешелендіру

0

0

0

Білім және ғылым

5

6

+ 1

Мәдениет

1

3

+ 2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

10

13

+ 3

Ауыл шаруашылығы

4

2

- 2

Жер пайдалану

64

52

- 12

Өзге де

1

12

+ 11

Жиыны

119

99





2 қосымша
Бесқарағай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарына

түскен өтініштер бойынша

АҚПАРАТ


Мекеменің атауы

Өтініштердің саны

2016 жылдың тоғыз айы

2017 жылдың тоғыз айы

Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты

119

99

Баскөл ауылдық округі

10

2

Бесқарағай ауылдық округі

22

14

Беген ауылдық округі

6

3

Глуховка ауылдық округі

24

18

Долон ауылдық округі

17

4

Қарабас ауылдық округі

12

4

Жетіжар ауылдық округі

2

4

Ерназар ауылдық округі

10

3

Малая Владимировка ауылдық округі

10

2

Канонерка ауылдық округі

29

25

Жер қатынастары бөлімі

194

127

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

0

0

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі

0

0

Қаржы бөлімі

0

0

Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі

0

1

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

0

0

Құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

0

1

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

2

Ветеринария бөлімі

0

0

Барлығы

457

309





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет