2017 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



жүктеу 3.65 Mb.
бет2/27
Дата05.04.2018
өлшемі3.65 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27



2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау 15

2.1.1. Экономика 15

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика 15

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда 27

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық 36

2.1.2. Әлеуметтік сала 45

2.1.2.1. Білім беру 45

2.1.2.2. Денсаулық сақтау 52

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 63

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін; 75

2.1.2.4. Мәдениет 76

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт 78

2.1.2.6. Туризм 81

2.1.2.7. Үштілділікті дамыту 84

2.1.4. Инфрақұрылым 97

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар 97

2.1.4.3. Жолдар мен көлік 107

3.1. Жайлы қала 145

3.1.1. Сапалы жолдар, көлік және коммуникациялар 145

3.1.2. Таза қоршаған орта 149

3.1.3. Жануарлардың қолайлылығы (Мейірімді қала) 153

3.1.4. ТКШ сенімді инфрақұрылымы 154

3.2. Қауіпсіз қала 158

3.2.1. Қоғамдық қауіпсіздік 158

3.2.2. Табиғи катаклизмалардың алдын алу 160

3.2.3. Ақылды қала (Smart City) 161

3.2.4. Тұрақты электрмен жабдықталған қала 163

3.3. Әлеуметтік-бағытталған қала 163

3.3.1. Сапалы білімге, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік 164

3.3.2. Мәдениет және спорт нысандарына қолжетімділік 175

3.4. Экономикалық тұрақты қала 180

3.4.1. Дәстүрлі секторлардың тұрақты өсуі 181

3.4.1.1. Өнеркәсіп 181

3.4.1.2. Шағын және ортабизнес 183

3.4.2. Жаңа секторларды серпінді дамыту 185

3.4.2.1. Өңіраралық ынтымақтастық және көлік-логистикалық қызметтер 185

3.4.2.2. Туризм 186

3.4.2.3. Инновациялық кластер 188

3.5. Бизнеске және жеке капиталға арналған қала 189

3.5.1. Бизнесті жүргізу қолайлылығы 189

3.5.2. Сыбайлас жемқорлықты тиімді азайту 191

3.5.3. МЖӘ дамыту 192

3.5.4. Жекешелендірудің ашықтығы 193

3.6. Интеграцияланған қала 194

3.6.1. Көп орталықтық қағидатын ескере отырып, қосылған аумақтардың өмір сүру стандарттарын едәуір көтеру 194

3.6.2. Алматы агломерациясындағы ықпалдастық 195

3.6.3. Халықаралық деңгейдегі белсенді орны 197

3.6.3 мақсат. Халықаралық деңгейдегі белсенді орны 197

3.7. Белсенді азаматтар қаласы 198

3.7. Белсенді азаматтар қаласы 202



1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ*


Атауы

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;

Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

Алматы - Қазақстанның экономикалық орталығы. Алматы қаласы ЖӨӨ көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2016 жылы 22,6%), сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада 2016 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 6138,5 мың теңгені немесе 28 мың АҚШ долларын құраған. Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымы әлемнің көптеген дамыған қалаларына ұқсас, мұнда сауда қала экономикасының 35,6%-дан астамын, ал қызметтер секторы тұтас алғанда - 50%-нан артығын құрайды. Өнеркәсіптің үлесіне Алматы қаласының ЖӨӨ небары 4,7% ғана тиесілі, оның көп бөлігі тағам өнеркәсібі түрінде.

Алматы - тартымды өңірлік орталық болып табылады – көші-қон және халықтың табиғи өсімі есебінен 2016 жылы халық саны 1 756,3 мың адам деңгейіне жеткізілді. 2016 жылы тұрғындардың орташа жасы 33,4 жасты құрады.

Алматы — Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолындағы ірі логистикалық хаб болып табылады. Қала елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20% қамтамасыз етеді. Қала қалааралық, халықаралық автожол, теміржол және авиация қатынастарына ие.

Алматы — елдің ірі білім беру орталығы болып табылады. Алматы қаласында еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірі шоғырланған және мұнда елдегі жалпы студенттер санының үштен бірі білім алады.

Қалада республикадағы ең ірі медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құрылған: жүздеген мамандандырылған арнайы диагностикалық, емханалық және амбулаториялық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары әрі алуан түрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.

Алматы — ірі спорт орталығы болып табылады. Қалада көптеген өңірлік және халықаралық спорттық сайыстар өткізіледі. 2017 жылы Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өткізілді, бұл қаланы халықаралық деңгейде мойындайтындығын білдіреді.

Алматы — Қазақстанның мәдениет орталықтарының бірі болып табылады. Қалада жүздеген мәдениет мекемелері (мұражайлар, театрлар, галереялар) жұмыс жасайды, шамамен 150-ге жуық сәулет, тарих ескерткіштері мен монументтер орналасқан.

Алматы елдің туристік орталықтарының бірі болып есептеледі, мұнда өңірлік және халықаралық туристер келеді.



Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.

Z/YenGroup компаниясының Global Financial Centres Index (GFCI) әлемдік қаржы орталықтарының рейтингісінде Алматы 92 қала арасынан 80 орынға ие (2016 жылы).

«Financial Post» басшылымының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.

Беделді «The Economist» басшылымының болжамы бойынша 2012 жылдан бастап 2025 жыл аралығында бәсекеге қабілеттілігінің болжамы бойынша, Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті қалалардың ТОП-120-на кірді және 107 орынға ие болды.

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан 35 орынды иеленуде. Бұл индекс Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде есептеледі.

Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен ептеп артта қалатыны байқалуда.

«Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 176 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.

Инфрақұрылым мен экология көрсеткіштері бойынша Алматы әлемнің дамыған қалаларынан едәуір артта қалуда.

«Mercer» инфрақұрылымының индексінде 231 қаланың ішінде 178 орынды иеленген, «Numbeo» ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр.



Бағыттар

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қаланың барлық даму бағыттарын, оның ішінде экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтерді қамтиды және 7 басымдықты ескере отырып, қалыптастырылды:

1) Жайлы қала;

2) Қауіпсіз қала;

3) Әлеуметтік-бағытталған қала;

4) Экономикалық тұрақты қала;

5) Бизнес пен жеке капиталға арналған қала;

6) Интеграцияланған қала;

7) Белсенді азаматтар қаласы.



Мақсаттар

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі кезеңде дамуының жалпы мақсаты қала ретінде үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсуін, халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдайды және бизнестің дамуына тартымды жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:



  • Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;

  • Азық-түлік белдеуін дамыту;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;

  • Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

  • Қалада инновациялық ахуалды жақсарту;

  • Мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Орта білімнің сапасын және инклюзивтілігін арттыру;

  • Қаланың және елдің экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби білім мен мамандануды қамтамасыз ету;

  • Халықтың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру;

  • Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік қызметтің кәсіби жүйесін қамтамасыз ету және күшейту;

  • Жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Кедейшілік деңгейін төмендету;

  • Тұрмысы төмен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

  • Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның бірігіп нығаюын қамтамасыз ету;

  • Әлемдік деңгейдегі туристік кластерді дамыту;

  • Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

  • Техногендік апаттар, қираулар және дүлей зілзала жағдайларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Коммуникациялық желілерді дамыту;

  • Тұрғын үйге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжеткізуді қамтамасыз ету;

  • Тұрғын үй нысандары үшін сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз ету;

  • Жол желілерінің ластану деңгейін төмендету;

  • Қоғамдық көліктің мобилділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

  • Атмосфералық ластану деңгейін төмендету;

  • Қалдықтарды басқарудың және қайта өңдеудің заманауи жүйесін құру және қала аумақтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

  • Қаланы көріктендіру және көгалдандыру;

  • Алматы қаласының шағын өзендерін, су нысандарын экологиялық оңалту;

  • Мемлекеттік органдардың мемлекеттің саясатын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жақсарту, жергілікті басқару және өзін өзі басқару құрылымдарын дамыту.

Негізгі нысыналы индикаторлар

Экономика (2020 жылы)

  1. ЖӨӨ көлемі бес жыл ішінде 18,4%-ға өседі;

  2. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 6935,6 мың теңгені құрайды;

  3. Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны бес жылда 26,8% құрайтын болады;

  4. Өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2020 жылы 2015 жылғымен салыстырғанда 7% құрайтын болады;

  5. Өңдеуші өнеркәсіптің еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 20,9 мың АҚШ долларын құрайды;

  6. Өңдеуші өнеркәсіптің еңбек өнімділігі 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде (ИИДМБ) 2019 жылы 109,2% құрайды;

  7. Өңдеуші өнеркәсіптің экспорттың өсуі 2015 жылғы деңгейге қарағанда (ИИДМБ) 2019 жылы 121,1% құрайды;

  8. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылғы деңгейге қарағанда (ИИДМБ) 2019 жылы 25,1 млрд теңгені құрайды;

  9. Бес жылдағы азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын инвестициясының нақты көлемі 27,5% өседі;

  10. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны бес жыл ішінде 109,3% құрайды;

  11. Шет елдік инвесторлардың жеке меншігінің шет елдік үлгісі бойынша инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестиция үлесі 2020 жылы 16,0% құрайды;

  12. Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция өсімі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) бес жылда 43% құрайды;

  13. Жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі тіркелгендердің жалпы көлемінде 92% құрайды;

  14. ЖӨӨ-нің жалпы көлеміндегі ШОБ үлесі 40%-ға дейін көбейеді;

  15. Бөлшек сауданың нақты көлемі 101,8% 2020 жылға таяу құрайды;

  16. Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес «Бөлшек сауда» қызмет түрімен сауда нысандарының саны 8 бірлікті құрайды;

  17. Басқа аймақтарға жөнелтілген шығарылған өнім көлемі (саны 50 адамнан артық өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) 157 605 168 мың теңгені құрайды;

  18. Басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлес салмағы резиденттерден (50-ден астам жұмысшысы бар көтерме кәсіпорындары бойынша) сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 50%-ын құрайды;

  19. Жалпы жұмыс жасайтын кәсіпорындар ішіндегі инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі 15% құрайды;

  20. Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің өсу үлесі 0,9% құрайды.


Әлеуметтік сала (2020 жылы)


  1. Балалардың (3-6 жас) мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылуы 100% құрайды;

  2. Оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту есебінен 37,2 % құрайды.

  3. Балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санының 33,2% құрайды;

  4. Жаратылыс-математикалық пәндері бойынша мектеп бітірушілер арасында білімділік бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 60% құрайды.

  5. 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі 6,7% құрайды;

  6. ТКБО оқу орындары түлектерінің ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлесі алғаш оқу орнын тәмамдағандардың 75% құрайды;

  7. Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі 22,7% құрайды;

  8. Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 100% құрайды.

  9. 14 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы халықтың мемлекеттік жастар саясатымен қанағаттану деңгейі 80% құрайды;

  10. 100 мың тірі туылғандарға шаққанда аналар өлімін азайту 4-ке дейін төмендейді;

  11. 1000 тірі туылғандарға шаққанда сәбилер өлімін азайту 6,7 дейін төмендейді;

  12. 100 мың халыққа шаққанда жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен болатын өлімді 100-ге дейін төмендету;

  13. 15-49 жас тобындағы адамдардың иммуножетіспеушілік вирусының таралуын 0,2-0,6 %, 1,3 пайызды құрайды;

  14. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% дейін төмендейді;

  15. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалардың жұмысқа тұрғызылғандарының үлесі 82,0% құрайды;

  16. Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылардан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 26% құрайды;

  17. Мақсатты топтарға өтініш бергендер арасындағы тұрақты жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 66,5% құрайды.

  18. Заңды тұлғалар тартқан шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағындағы жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру (шетел жұмысшы күшін тарту квотасы бойынша) үлесі 95% құрайды.

  19. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (көмек алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 100% дейін жоғарылайды;

  20. Жеке сектордың субъектілері ұсынған арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) 5,6% құрайды.

  21. 2020 жылға мемлекеттік қызметшілер санының таза ауысуы 6,2%-ды құрайды;

  22. Өндiрiстiк жарақаттану деңгейi (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi) 0,12% құрайды.

  23. 1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны:

- кітапханаларға 221,4 адам;

- театрларға 285,6 адам;

- концерттік ұйымдарға 304,5 адам;

- мұражайларға 190,7 адам.



  1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 30% құрайды;

  2. Балалар – жасөспірімдердің спорт мектептерінде дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7 -ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10% құрайды;

  3. Ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру 5 жыл ішінде 30% құрайды;

  4. Келетін туризм бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру, 5 жыл ішінде 30% құрайды;

  5. Тәулігіне ұсынылған орындар саны 5 жылда 30% құрайды;

  6. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90% құрайды;

  7. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;

  8. Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;


Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп (2020 жылы)

1. Көшелерде орын алған қылмыстардың үлес салмағы 31%-ға төмендейді;

2. ЖКО қаза тапқандар санын 100 жапа шеккендерге шаққанда 2,3 жағдайға дейін төмендейді;

3. Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы 1,3% құрайды;

4. Бұрын қылмыс жасағандар қылмыстарының үлес салмағы 17,9% құрайды;

5. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылдар инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейі 57% құрайды.


Инфрақұрылым (2020 жылы)


  1. Тіркелген телефон байланысы желісінің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 32,3 бірлікті құрайды;

  2. Интернетті пайдаланушылар үлесі 45,5% құрайды;

  3. Халықтың сандық сауаттылық деңгейі 80% құрайды;

  4. Бес жыл ішінде құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің өсу қарқыны 112,4% құрайды;

  5. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының 5 жыл ішінде жалпы алаңы 7841,2 мың шаршы метрді құрайды;

  6. Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 100% құрайды;

  7. Күрделі жөндеу талап етілетін кондоминимум нысандарының үлесі 51% құрайды.

  8. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 80% құрайды.

  9. Қаланың жалпы жолаушылар ағымындағы қоғамдық көлік үлесі 48% құрайды;

  10. Орталықтандырылған жүйеге қолжетімділігі:

  • сумен қамту 100% құрайды;

  • су бұру қызметтеріне 86% құрайды;

  1. Жалпы ұзындықтағы жаңартылған желілер үлесі:

- жылумен жабдықтау 1,8% құрайды;

- электрмен жабдықтау 2% құрайды;

- газбен жабдықтау 1,5% құрайды.


  1. Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылып отыратын энергия көздерінің өндірілген электр энергиясындағы үлесі 4,25% құрайды.


Экология және жер ресурстары (2020 жылы)
1. Зиянды қалдықтардың шығарылу көлемі:

- атмосфералық ауаға шығару 0,1 млн. теңге;

- су нысандарына шығару қарастырылмаған.

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі көлемінен кем дегенде 8% құрайды.

3. Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша халықты қамту 100% құрайды.

4. Жасыл желектер алаңын арттыру адам басына шаққанда 12,5 шаршы метрді құрайды;

5. Су қорғау аймақтарын абаттандыру және арналарды қайта жаңалаудан кейін өзен учаскелерінің жалпы ұзындығын көбейту үлесі 59,7% құрайды.


Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жергілікті және республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі, сондай-ақ инвесторларды ескере отырып, алдын ала есептеу бойынша шамамен 1,53 трлн. теңгені құрайды.






2016 жыл

2017 жыл*

2018 жыл*

2019 жыл*

2020 жыл*

РБ*

101 344,38

67 872,78

145 219,56

107 896,51



100 825,35

ЖБ*

124 663,27

171 785,13

127 695,65

76 672,71

72 490,95

Бюджеттен тыс қаражаттар

262 188,89

58 834,7

13 316,50

58 637

43 966,97

Барлық қара

аттар

488 196,54



298 492,60

286 231,71

243 206,22

217 283,27




* Болжамды мәліметтер.

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет