2017 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



жүктеу 3.65 Mb.
бет4/27
Дата05.04.2018
өлшемі3.65 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда



Шағын және орта бизнес
Алматы шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) шығаратын нақты өнімінің көлемі бойынша еліміздің көшбасшысы болып табылады.

2016 жылы ШОК жұмыс істеп жүрген субъектілері санының серпіні 2015 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеді және 2014 жылмен салыстырғанда 25,5%-ға артты).

2014-2016 жылдар кезеңінің ішінде ШОК белсенді субъектілерінің үлесі тіркелген субъектілердің жалпы көлемінің тұрақты үрдісіне ие болды. Өсу 2015 жылы (55,1%) көрсетілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ тіркелген субъектілер саны 246 765 субъектіні құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 5 662 субъектіге қысқарды немесе 2,3%.

Жұмыс жасайтын субъектілер саны 2016 жылы 160 885 бірлікті құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 13,1% қысқарды және 2014 жылмен салыстырғанда 32 778 бірлікке артық немесе 25,6%.

Жыл сайын ШОБ жұмыс жасайтындардың саны өсіп келеді, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 38 895 бірлікке қысқарды (6,4%) және 2014 жылмен салыстырғанда 93 925 бірлікке өсті (19,8%).

ШОБ субъектілері өндіретін өнімнің көлемі 2016 жылы атаулы түрде 4458,5 млрд. теңгеге немесе 2014 жылмен салыстырғанда 17,3% (3799,8 млрд. теңге).

ШОБ өнімінің нақты көлем индексі: 2016 жылы – 91,9%, 2015 жылы – 90,7%, 2014 жылы – 112,5%.


2.1.1.4.1. кесте. ШОБ негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

өлшем.бірл.

2014

2015

2016

Тіркелген ШОБ саны

бір.

251 912

241 103

246 788

Белсенді ШОБ саны

бір.

128 107

185 133

160 845

Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі белсенді ШОБ үлесі

%

50,9

76,8

65,2

ШОБ-тағы жұмыспен қамтылғандар саны

адам

474 864

607 684

598 186

ШОБ субъектілерінің өнім өндіруі

млрд. теңге

3 799,8

3 665,8

4 458,5

Дереккөз: «ҚР шағын және орта бизнес» Санақ жинағы, 2015
«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының шеңберінде (бұдан әрі – БЖК-2020) 2014-2016 жылдары ШОК қолдау және дамыту үшін республикалық бюджеттен 8,7 млрд. теңге бөлінді. бұл шаралардың есебінен 414 жоба субсидияланды, 152 кредит бойынша ішінара кепілдік ұсынылды, 54 грант берілді, 10 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
2.1.1.4.2. кесте. Жобалардың саны, құралдардың бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде ӨҮК


Қолдау құралдары

2014

2015

2016

3 бағыт бойынша субсидия бөлу

125

91

198

Кепілдік

38

39

77

Гранттар

11

12

31

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

-

-

-

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері

БЖК-2020 Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2014-2016 жылдары қосымша 9 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, 17 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды. Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шеңберінде қаланың 5 мыңнан астам кәсіпкері оқытудан өтті.


2.1.1.4.3. кесте. Компоненттер бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде оқытылған қатысушылардың саны


Қолдау құралдары

2014

2015

2016

Бизнес кеңесші 1

1 374

1 155

914

Бизнес кеңесші 2

146

125

84

Топ-менеджмент оқыту

58

58

58

Іскерлік байланыстар

80

78

80

Аға сеньорлар

1

2

3

Жас кәсіпкер мектебі

85

-

-

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері
2.1.1.4.1 сурет. Жалпы тіркелгендер санындағы Алматы қаласының ШОК субъектілерінің үлесі, бірлік

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Сурет 2.1.1.4.2. Алматы қаласының 2016 жылы ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша ШОК құрылымы


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Алматы қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің құрылымында шағын және орта кәсіпорындар басым болып келеді, алайда, әрекет етіп жүрген кәсіпорындар арасында жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) көшбасшылық орынды иеленіп келеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің салалық ерекшелігі қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басымдылығымен сипатталады. Үлестің аса көп бөлігіне сауда саласы ие болып отыр, бұл қаланың жалпы өңірлік өнімі құрылымының жалпы серпініне сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл сауда саласында жиі кездесетін жеке кәсіпкерлердің шағын және орта кәсіпкерлік құрылымындағы басымдығымен түсіндіріледі.

Шағын және орта кәсіпкерлік соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай өсу қарқынымен қалада жұмыс орындарын құрудың (қалада 886,7 мың жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 65,6%) аса маңызды көзі болып табылады.
2.1.1.4.3. сурет. ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті


2016 жылы ШОК субъектілері шығарған өнім 4 458,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың деңейінен 6,1%-ға жоғары. Алматы қаласында ШОК өнім шығару деңгейі көрсеткішінің оң серпіні өз өнімінің түрлерін көбейту, өндірісті жаңғырту, сапаны арттыру және өтім нарығын кеңейту жолымен шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту үшін алғы шарт болып табылады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қолдау көлемі «Даму» қоры арқылы, кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетуді қоса алғанда, шамамен 10 млрд. теңгені құрады. ШОК несиелеудің жалпы көлемі 2014-2016 жылдар кезеңінде 2 199,7 млрд. теңгені құрады.


2.1.1.4.4. сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қолайлы кәсіпкерлік жағдай жасау үшін жылына екі рет Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің мәжілістері өткізіліп тұрады. Негізгі назар Алматы қаласында әкімшілік кедергілерді жою, көлеңкелі экономиканың көлемдерін қысқарту, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға аударылады.

Алматы қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – КҚО) 3 орталығы табысты түрде жұмыс істейді, онда кәсіпкерлерге «бір терезе» тәртібінде қызметтер кешені ұсынылады, мемлекеттік қолдаудың нақты құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2014-2016 жылы 11 870 кәсіпкерге бизнесті жүргізудің сервистік қолдауының шеңберінде қызметтер көрсетілді.



Сурет 2.1.1.4.5. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында ұсынылған қызметтердің саны


Жалпы алғанда, ШОК сегменті қаладағы салықтар мен жұмыс орындарының (60%-дан астам) негізгі көзі болып қалуды жалғастыруда. Осыған байланысты, қаладағы ШОК қызметін дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қалып отыр.
2.1.1.4.4. кесте. Шағын және орта бизнес көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлшем. бірл.

2014

2015

2016

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты өнім өндіру көлемінің индексі


%

112,5

90,7

91,6

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы

млрд. теңге

3 799,9

3 665,9

4 458,5

Тіркелгендердің жалпы көлемі бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі

%

50,9

76,8*

65,2

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, 2015ж.

* Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шағын және орта бизнес субьектілерінің сандық көрсеткіштерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің деректерімен сәйкессіздіктерді жоюда ортақ тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында, 2015жылдың 1 ақпанынан бастап «белсенді» субъектілерінің сандық индексінің орнына «ағымдағы»сөзі жазылып, жарияланады.
2014 жылдың деректері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, тек жұмыспен қамтылғандар саны бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу критерийлері статистикасының мақсаты үшін пайдалануды көздейтін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын енгізу (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі №36-V «Қазақстан Республикасының рұқсат беру құжаттарын қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңы) есебінен келтірілді.
Сауда

Алматы жалпы республикалық сауда көрсеткішінде сауданың меншікті үлесі бойынша 1 орынды иеленеді. 2016 жылдың ішінде сауда қаланың ЖӨӨ ең жоғары үлесін қамтамасыз еткен (35,6%), бұл ретте 2016 жыл ішіндегі көтерме сауданың жалпы көлемі (9755,9 млрд. теңге, республикалық көлемнен 54,2%) бөлшек сауда көлемінен (2193,7 млрд. теңге, республикалық көлемнен 27,5%) 4 есеге артық болған. Көтерме сауданың жалпы республикалық көлемінің жартысынан астамы Алматы қаласында шоғырлануы негізінен тіркелген ірі компаниялардың қалада болуымен байланысты.

Бөлшек сауда құрылымында қарастырылып отырған кезең ішінде азық-түліктік емес тауарларды сату басым болған, бөлшек сауда айналымының 82,8% немесе 1817,2 млрд.теңгеге жуығын құраған.

2014-2016 жылдар кезеңінде бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі 10,8% көтерілген.



2016 жылы өңірдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 65,5%-ы сауда кәсіпорындары арқылы (2014 жылы – 70,2%) іске асырылған, бұл қаладағы сауданың заманауи түрінің дамуымен байланысты. 2016 жылы 15 931 немесе 1 646,8 мың ш.м. (сауда орталықтарының жалпы алаңы) сауда нысандары жұмыс жасаған.
2.1.1.4.5. кесте. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлшем.бірл.

2014

2015

2016

Бөлшек сауда көлемі

млрд. теңге

1 641,3

1 786,6

2 193,7

Республика көлеміндегі үлес салмағы

%

25,9

27,3

27,5

Көтерме сауда көлемі

млрд. теңге

8 035,8

8 168,7

9 755,9

Республика көлеміндегі үлес салмағы

%

49,6

50,3

54,2

Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі

мың теңге

1 024,1

1 068,0

1269,5

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

108,1

102,5

100,0

Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі

%

108,8

102,1

102,7

Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2016 .ж
2.1.1.4.6. кесте. Бөлшек сауда құрылымы

Атауы/жылдар

Өлшем.бірл.

2014

2015

2016

Бөлшек сауда көлемі

млрд.теңге

1 641,3

1 786,6

2 193,7

оның ішінде:













Азық-түлік тауарлары

млрд.теңге

362,4

363,7

376,5

Азық-түліктік емес тауарлар

млрд.теңге

1 278,9

1 423,0

1 817,2

Бөлшек сауда көлемі,

%

100

100

100

оның ішінде:













Азық-түлік тауарлары

%

22,0

20,4

17,2

Азық-түліктік емес тауарлар

%

78,0

79,6

82,8

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 ж.
2.1.1.4.7. кесте. Сауда секторлары бойынша бағамен көрсетілген бөлшек сауда

Атауы/жылдар

Өлшем.бірл.

2014

2015

2016

Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда көлемі:













Сауда кәсіпорындары, млрд. теңге

млрд.теңге

1 152,3

1 206,5

1 436,5

Базарлар мен жеке кәсіпкерлер

млрд.теңге

489,0

580,1

757,2

«Бөлшек сауда» қызмет түрімен айналысатын сауда ауданы 2000 ш.м. кем емес сауда нысандарының санын арттыру, бірлік (БП)

бірлік

49

56

84

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 ж.
2.1.1.4.8. кесте. Сауда нысандары

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2014

2015

2016

Сауда нысандары саны, бірлік

бірлік

3 591

5 334

15 931

Жалпы сауда ауданы, ш. м.

ш.м.

737 502

949 813

1 646 778

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Сыртқы сауда
Алматы елдің сыртқы саудадағы импорт үлесі жоғары маңызды қалалардың бірі болып табылады. 2016 жылы республиканың сыртқы сауда айналымындағы қаланың нақты үлес салмағы 19,6%-ды, оның ішінде, экспортта – 7,5%-ды және импортта – 37,1% құрады.

Қаланың сыртқы сауда тауар айналымының көлемі (Кеден Одағы мемлекеттерін қоса алғанда) 2014-2016 жылдар аралығында 46%-ға азайды және 2016 жылы 12,1 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде, экспорт бойынша – 46%-ды, импорт бойынша – 46%-ды құрады.

2016 жылдың қортындысы бойынша импорт қаланың сыртқы сауда айналымының 77,3%-ын құрайды
2.1.1.4.6 сурет. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымы





овал 16242014

овал 16232015

овал 16222016

ҚР-да экспорт үлесі,%










ҚР-да импорт үлесі, %

овал 1621


овал 1620


овал 1619













2016 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуі негізінен нақты көлемдермен емес, керісінше 2014 жылғы ақпан айындағы және 2015 жылғы тамыз айындағы бағам үйлесімімен байланысты, бұл кезеңде ұлттық валюта девальвацияға ұшырап, бұл доллар бойынша көлемінің азаюына алып келген.

2016 жылы экспорт құрылымында 3 санаттағы өнім басым: минералдық өнімдер – 31,9%, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп (каучук және пластмассадан жасалғанды қоса алғанда) салаларының өнімі – 20,6%, машина, жабдықтар, көліктік құралдар, аспаптар мен аппараттар – жалпы экспорттың 12,9%-ы.
2.1.1.4.7 сурет. 2016 жылғы экспорттың тауарлық құрылымы , млн. АҚШ доллары.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті


Импорт құрылымында 3 санаты басым болып табылады: көліктер (жабдықтар мен көлiк құралдары) – 45,5%, химиялық өнімдер – 19,6%, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары – 11,3%.

2.1.1.4.8. сурет. 2016 жылғы импорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Импорт өнімдері негізінен ҚХР, Германия мен Ресей Федерациясы елдерінен жеткізіледі. Негізгі экспорттық бағыттар Украина, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы болып табылады.

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

2016 жылы Алматы қаласының көтерме сауда айналымының жалпы көлемі басқа өңірлермен салыстырғанда 1 735 062,9млн. теңгені құрады. Алматы қаласының резиденттеріне 39,6% келеді, ҚР өзге облыстарының резиденттеріне – 6,7%, резиденттер еместеріне – 53,7%.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының өңіраралық ынтымақтастығы барлық салаларда ҚР-ның барлық өңірлерімен тығыз сауда-экономикалық байланыстарымен сипатталады. 2016 жылы Алматы қаласына ҚР-ның өзге облыстарынан 115 892,8 млн. теңгенің азық-түлігі жеткізілді.

Жеткізілетін өнімнің жалпы көлемінің 85,6% қала ішінде өндірілген тауарларды құрайды.

Алматы қаласының нарығына жеткізілген барлық өнімнің 54,2% Батыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Оңтүстік-Қазақстан облысынан жеткізілген тауарлардың үлес салмағы 2,1% құрайды, Алматы облысы – 1,7%, Солтүстік Қазақстан облысы – 0,9%, өзге өңірлер – 1,9% құрайды.


2.1.1.5.1. сурет – 2016 жылғы Алматы қаласындағы заңды тұлғалардан – ҚР резиденттерінен сатып алынған көтерме сауда тауарларының құрылымы




Дерек көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
2016 жылы Алматы қаласынан ҚР-ның өзге өңірлеріне 264 036,3 млн. теңге сомасының өнеркәсіп өнімдері тиеліп жеткізілді, Алматы қаласынан жеткізілетін жалпы өнімнің – 18,4% Оңтүстік Қазақстан облысына, Астана қаласына – 17,9%, Қостанай облысына – 11,6%, Қарағанды облысына – 9,6%,ҚР өзге өңірлеріне – 42,5% жеткізілді.

2.1.1.5.2. сурет – 2016 жылғы неркәсіп өнімдерін жөнелтудің құрылымындағы өңірлердің үлесі


Дереккөз: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
2.1.1.5.1. кесте SWOT-талдау


Күшті жақтары:

- өсу драйвері бола алатын сервиске-бағытталған шағын және орта бизнестің үлесі жоғары дамыған экономика;

- ішкі сауданы дамыту үшін институционалдық негіздің болуы;

- елдің көптеген қалаларымен және жалпы Орталық Азиямен салыстырғандағы халықтың төлем қабілетінің жоғарылығы;




Әлсіз жақтары:

- кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;

- нарықта тұрақсыз жағдайға байланысты тәуекелдің жоғары деңгейі;

- сыртқы нарықтарға шағын және орта кәсіпорындардың шығуының қиындығы;

- отандық кәсіпорындар өнімдері түрлерінің аздығы, оның шет елдік тауарларға қарағанда әлсіз бәсекеге қабілеттілігі.


Мүмкіндіктер:

- Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

- отандық өнімді өндірудің өсуі;

- әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

- көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;

- бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру;

- экспорт/импорттың сауданың реттелуін жетілдіру.


Қауіп-қатерлер:

- ұсақ сауда кәсіпорындарының ықтымал банкроттығы;


-шетелдік сауда желілерінің өнімдеріне сұраныс жоғары болғанда отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
- заманауи сауда форматтарының шағын бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.




Түйткілді мәселелер:

- қаржы ресурстарына қолжетімділіктің төменгі деңгейі.

- бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің шаралары туралы кәсіпкерлерді хабардар етудің жеткіліксіздігі;

- айналым қаражатын толтыру бойынша сауда кәсіпорындарын екінші деңгейдегі банктердің несиелеуінің жеткіліксіздігі және т.б.;

- сауда нарықтарын жаңғыртуға кәсіпкерлердің ақша қаражатының жетіспеушілігі.
2.1.1.6. Инновациялар және инвестициялар
Инвестициялар
Алматы Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды өңірлерінің бірі болып табылады, себебі қала қажетті еңбек, тұтынушылық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие.

2014-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 511,6 млрд. теңгеден 581,4 млрд. теңгеге дейін өсті.


2.1.1.6.1. сурет. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың динамикасы, млрд. теңге

94,7

104,8
прямая со стрелкой 43 прямая со стрелкой 51 прямая со стрелкой 52

өткен жылдың өсу қарқыны, %
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2014-2016 жылдардағы кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде қарыз және жеке қаражаттың үлесі артты, мемлекеттік қаражаттардың үлесі төмендеді. Инвестицияның маңызды көлемі жылжымайтын мүлік операцияларына, өнеркәсіп, көтерме және бөлшек саудаға көлікті және мотоциклдерді жөндеуге жұмсалды.

2.1.1.6.2. сурет. Қаржыландыру көздері және шығындар бойынша негізгі капиталға ивестициялар

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

2014 мен 2016 жылдардағы ЖӨӨ негізгі капиталына салынған инвестиция үлесі 7,4%-дан 5,5%-ға дейін төмендеген.

Осы орайда, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ қаладағы қаражатты көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға стратегиялық серіктестерді тарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылуда .



Атап айтқанда:

  • Әкімдік муниципалдық секторға ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін тұрақты негізде халықаралық қаржы институттарымен (Еуропа даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және т.б.) ынтымақтастық жасасады;

  • Инвестициялық жобалардың тізбесі жасалды, халықаралық дипломатиялық және бизнес делегацияларымен кездесулер өткізіліп тұрады.

  • 2014-2016 жылдардағы инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға салынған сыртқы инвестицияның үлесі 2015 жылы 3,5%-ға төмендей отырып және 2016 жылы 2,3%-ға көбейе отырып тұрақсыз болды. 2016 жылы сыртқы инвестициялар көлемі 75,2 млрд. теңгені құрады, бұл негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 12,9%-ын құрайды.

  • Талданып отырған кезеңде инвестициялардың елеулі бөлігі құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарына (ҚҚЖ), сондай-ақ машиналар мен жабдықтар сатып алуға жұмасалды.


2.1.1.6.3. сурет. Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық құрылымы,%



Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы
2.1.1.6.1. кесте. Инвестициялық қызмет көрсеткіштері


Атауы/жылдар

Өл. бір.

2014

2015

2016

Негізгі капиталға инвестиция

млрд.теңге

511,6

532,7

581,4

Өсу қарқыны

%

94,7

102,3

102,5

Қазақстан Республикасының көрсеткіштеріндегі инвестицияның үлес салмағы

%

7,8

7,6

7,5

Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестицияның үлесі

%

7,4

6,2

5,5

Дереккөз: Алматы қаласыСтатистика департаментінің Санақ жинағы

2.1.1.6.2. кесте. Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздерінің үлес салмағы

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2014

2015

2016

Негізгі капиталға инвестициялар

%

100

100

100

оның ішінде, қаражат есебінен:













Республикалық бюджет

%

21,9

22,2

13,1

Жергілікті бюджет

%

8,3

9,9

7,8

Меншік қаражаттары

%

54,7

50,7

62,4

Қарыз қаражаттары

%

15,1

17,2

15,7

Дереккөз: Алматы қаласы Статистикадепартаменті


Ғылым

Алматыда көптеген ғылыми мекемелер, жобалау институттары және жоғары оқу орындары орналасқан. Негізгі міндет ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу үшін ғылым, білім және өндірісті ықпалдастыруды қамтамасыз ету болып табылады. 2014-2016 жылдардағы кезеңде кәсіпорындардың технологиялық инновация шығындары 3 есе артқан. Сонымен қатар, 2016 жылғы ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындары 28,4 млрд. теңгені құраған, бұл елдегі жалпы жұмыстар көлемінің 31,7% болып табылады. ҒЗТҚЖ-ға ішкі шығындардың 75%-ы бюджет қаражатынан тұрады.

2016 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға төмендеп, 31,8 млрд. теңгені құрады. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде, қолданбалы зерттеулер шығыстарының үлесі - 56%, негізгі зерттеулер – 31,9% және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер – 12,1% құрады.

Ішкі шығындарды қаржыландыру көздерінің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тартылған қаражат есебінен 75% ҒЗТҚЖ қаржыландырылды, өз қаражаты есебінен 22,7%.


2.1.1.6.4. сурет. ҒЗТҚЖ-ға ішкі шығындары 2016ж., млрд. теңге және %
Қаржыландыру көздері бойынша ҒЗТҚЖ ішкі шығындары, млрд. теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Ғылыми-техникалық әзірленімдердің жеткіліксіз үлес салмағы кезінде, шығындардың айтарлықтай бөлігі қолданбалы зерттеулердің үлесіне тиеді.

2.1.1.6.5. сурет. ҒЗТҚЖ ішкі шығындар жұмыс түрлері бойынша, млрд. теңге және %


54%

17%

29%

30,8%

55,5%

13,6%

31,9%

56%

12,1%

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2.1.1.6.3. кесте. Ғылым дамуының көрсеткіштері


Атауы/жылдар

Өл.бір.

2014

2015

2016

Ғылыми-техникалық жұмыстарды орындайтын ұйымдар саны

бір.

428

460

354

ҒЗТҚЖ-ға сыртқы және ішкі шығындары

млн.теңге

35 369

33 670

28 389

Ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын мамандар саны, адам

адам

11 094

10 505

9 542

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы


Инновациялар

Ұлттық инновациялық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсімді, жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қамтамасыз ету, ғылымды қажет ететін өнімдер көлемін арттыру есебінен бюджетке түсімдерді ұлғайту, жаңа технологияларды пайдалану арқылы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болып табылады.

Мемлекет өңірдегі инновациялық дамуға қолдау көрсетеді. Осындай шаралардың бірі инновациялық және ғылыми-зерттеушілік әлеуеттерді дамыту платформасын қалыптастыруға арналған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру болып табылады.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында салықтарды төлеуден босату түріндегі жеңілдіктер қарастырылған. Негізгі мақсаты жаңа технологияларды тарту, инновациялық технологиялар мен телекоммуникация, электроника және құралдар жасау, ресурс үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану және т.б. салаларда жаңа кәсіпорындарды қолдау мен өсіру болып табылады.


2.1.1.6.6. сурет. «ИТП» АЭА құрылысы

Дереккөз: Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «ИТП» АЭА) екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр, бұл үшін коммуникациялары бар аумақ 163,02 гектарға дейін (бірінші кезек шеңберінде – 21,94 га) көбейтілген. Қазіргі кезде, «ИТП» АЭА-да 154 компания тіркелген, оның ішінде:

- 58 компания тікелей «ИТП» АЭА аумағында қызметін тікелей жүзеге асырады (35 компания кеңселік жайларды, 12 компания – өндірістік жайларды, 11 компания кеңселік жайлармен қатар, өндірістік алаңдарды да жалға алып отыр). Жұмыс істеп отырған компаниялар арасынан18 кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс жасайды (Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Израиль, Қытай, Германия, Италия).

Арнайы экономикалық аймақта инновациялық кластердің атқарушы органы – автономиялық кластерлік қоры құрылған. Аталған қор қатысушыларды қолдауға арналған, қаржылық құралы бар басқару органы түрінде болады. Инновациялық кластер қатысушыларының Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған жобалары Нысаналы қордан қаржыландыру құралдарын ала алады.

Бұл ретте, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының мәртебесі біршама артады – Қамқоршылық кеңесін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев басқарады.


2.1.1.6.4. кесте. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2014

2015

2016

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі

%


5,0

4,7

7,6

Инновациялық өнімдер көлемі

млн.теңге

22 089

38 877

17 186

Жалпы өңірлік өнім көлеміндегі инновациялық өнім үлесін арттыру

%


0,27

0,43

0,17*

Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларына жалпы шығындар

млн.теңге

50 891

42 134

29 221

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы

* Алдын ала мәліметтер

2.1.1.6.5. кесте SWOT-талдау


Күшті жақтары:

- халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, және т.б.)

- ғылыми – зерттеу және инновациялық әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыру үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру;

- Инновацияны дамыту жөніндегі

«Almaty innovation» орталығын құру.


Әлсіз жақтары:

- экономика өсуінің бәсеңдеуі және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі;

- қаланы басқарудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жеткіліксіз қолдану.

- ЖОО-лардың ҒЗТҚЖмен ғылым дамуына әлзіс тартылуы.



Мүмкіндіктері:

- шетелдік инвестицияларды тарту;

- инновациялық кәсіпкерліктің және қолданбалы ғылымның өңірлік орталығын дамыту.


Қауіп-қатерлер:

- ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нарықтағы сұранысының төмендігі;

- алматылық кәсіпорындардың тартылатын инвестицияларға, технологияларға және адам ресурстарына тәуелділігі;

- отандық кадрлардың біліктілігінің төмендігі себебінен технологияларды импорттық алмастыру мүмкіндігінің болмауы.



Түйткілді мәселелер:

  • экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі;

  • Қазақстан Республикасының аумағында бизнесті жүргізу үшін визаларды рәсімдеудің қиындығы;

- Алматы қаласындағы инвестициялардың перспективасы туралы шетелдік іскер топтарының жеткіліксіз хабардар етілуі;

- технологиялық сипаттағы инновацияларға бизнесті қабылдау деңгейінің төмендігі;

- техникалық, инженерелік мамандықтар және инновациялық менеджмент бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;

- инновациялық жобаларды іске асырудағы бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет