2017 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



жүктеу 3.65 Mb.
бет5/27
Дата05.04.2018
өлшемі3.65 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2.1.2. Әлеуметтік сала

2.1.2.1. Білім беру



Мектепке дейінгі білім беру

Алматы қаласы аумағының ұлғаюы және халық санының табиғи өсімі мен көші-қон есебінен артуы мектепке дейінгі білім беруге сұраныстың айтарлықтай артуына алып келді. Алматы қаласының статистикалық мәліметтерге сәйкес мектепке дейінгі мекемелердегі 0-ден 7-ге қоса алғандағы балалардың саны 2014 жылы – 193,7 мың, 2015 жылы – 215,2 мың, 2016 жылы - 217,8 мыңды құрады.

Балаларды балабақшада мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту соңғы 3 жылда 49,7 мыңнан 56,6 мыңға дейін артқан, сондай-ақ 3-6 жас аралығындағы балалар 64,7%-дан 74,7%-ға дейін артты.
2.1.2.1.1. сурет. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері



Мектепке дейінгі тәрбиемен оқумен қамтылған балалар (3-6 жас)

Дереккөз: Алматы қаласы Білім басқармасы


2016 жылдағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 49,2%-ды құрады.

Бұл динамикаға мектепке дейінгі ұйымдар санын 2014 жылдағы 343 бірліктен 2016 жылы 505 бірлікке дейін көбейту есебінен қол жеткізілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қалада мектепке дейінгі ұйымдарға кезек мыналарды құрады:

-1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 60 812 адам.

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 24 915 адам.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орындар жетіспеушілігі мәселесі жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы балабақшалардың аумағын кеңейту, мектептердің аумағында балабақшалар салу, коммуналдық меншіктегі немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару есебінен шешімін табады. Бұл жағдайда жетіспеушілікті азайтуды баяулату факторлары:

- бос жер учаскелерінің жетіспеушілігі;

- жерді жеке меншік иелерінен сатып алу қажеттілігі болып табылады.


2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 505 бірлікті құрады, 178 мемлекеттік мекеме, мемлекеттік емес 327 мекеме.

Қазіргі уақытта балабақша құрылымы жеке ұйымдарда кең таралған. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 35,3%, 64,7%-ы жеке меншік. Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларда балаларды қамту 72,6%-ды құрайды.


Орта білім
2017-2018 оқу жылының басында қалада 250 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасаған, мұнда 243 452 бала білім алады. Мектеп оқушыларының саны 2015 жылмен салыстырғанда 29,2 мың адамға артқан. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 12,6 мың адамға өскен. Санының күрт өсуінің негізгі себептері халықтың табиғи көшіп-қонуы болып табылады.

Наурызбай, Алатау, Медеу және Әуезов аудандарындағы жалпы білім беретін ұйымдарда орындардың жетіспеушілігі бар (мектептерде бала санының артық болуы). 2016 жылы қала бойынша жалпы жетіспеушілік 49 мың адамды құрайды.

Оқушылар орны тапшылығын азайту үшін:
- «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында № 26, 157 мектептердің жапсаржайлары пайдалануға берілді, онда әрбірі 900 оқушыға арналған.

- жеке инвесторларды тарту арқылы Наурызбай ауданында /"Сәби" қоры/ 1200 орындық жаңадан № 174 мектеп ашылды;

- Медеу ауданында 600 оқушыға арналған №168 мектептің жаңа жапсаржайлары пайдалануға берілді;

- 650 орындық 4 жеке меншік мектеп ашылды

- Сонымен қатар Наурызбай ауданында жеке инвесторды тарта отырып, 1200 оқушы орнына арналған мектептің құрылысы жүргізілуде («Сәби» қоры).

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген (үздік, үздік/жақсы, жақсы) оқушылардың үлесі 2014 жылы 51,2%-дан 2016 жылы 57,5%-ға дейін артты.

Алматы қаласының оқушылары жалпы білім беру пәндері бойынша әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсене қатысады (мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық). Алматы төрт жыл қатарынан және бесінші жыл ҰБТ және ОЖСБ қорытындылары (2012-2016 жылдар) бойынша республикада бірінші орынды иеленген. Мысалы, ҰБТ бойынша орташа балл 2012-2013 жылдары 84,7 балл, 2013-2014 жылдары – 87,3 балл, 2014-2015 жылдары – 93,4 балл, 2015-2016 жылдары – 92,1 балл, 2016-2017 жылдары - 97,5 балл болған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім берумен қамту 2014 жылы 20%-дан 2016 жылы 32,5% дейін жоғарылады.

2012-2018 жылдары ҚР мүгедектердің өмірін жақсартып және құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын орындау үшін жалпы білім беретін мектептер балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай қолжетімді болуы керек.

Мүгедектер үшін ішінара "Қол жетімді орта" (frendlydlbuilding.kz) порталында әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілері мәліметтері бойынша бүгінгі күні 283 мемлекеттік білім беру мекемелерінде қамтамасыз етілген, соның ішінде:

- 162 мектеп;

- 93 балабақша,

- 22 колледж,

- 2 интернат,

- 5 мектептен тыс білім беру ұйымдары.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кедергісіз орталықты қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жергілікті бюджеттен 305 млн. теңге қарастырылған, ағымдағы жылы жазғы демалыс кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Қаланың білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселесін әкімдік тұрақты бақылауға алған; 2011 жылдан 2015 жыл аралығында қайтару негізінде мектеп оқушыларын тегін оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендерімен 100% қамту кезең кезеңімен жүзеге асырылды. 2015 жылы осы мақсаттар үшін 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Техникалық және кәсіптік білім беру
Қалада 82 колледж жұмыс жасайды, мұнда 61 445 адам білім алады, жеке меншік мекемелер жалпы санының шамамен 73% құрайды.

2012 жылдан бері колледждер түлектерін жұмысқа орналастыру кепілдігімен өтініштер қабылданады және өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындармен шарттар жасалуда. Осыған қарамастан, түлектерді, әсіресе жеке меншік колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруда әлі де қиындықтар бар.


2.1.2.1.2. сурет. Колледждер саны


2.1.2.1.3. Колледждердегі студенттер саны

Дереккөз: Алматы қаласы Білім басқармасы

2016 жылы техникалық және кәсіптік білім берудің (14-24 жас) тиісті жасындағы жастар - 22,2 % құрайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 14 447 бітірушіден 9 852 адам жұмысқа орналасты және оқу орнын бітірген соң бірінші жылы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі жалпы санының 68,2% құрады.

NEET (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training), көрсеткіші бойынша 15-28 жас аралығындағы жұмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін көтермейтін жастардың жалпы саны 2016 жылы 7,7%-ды құрады, 2015 жылдың 8,6% көрсеткішіне қарағанда осы индикатордың қол жеткізілгенді білдіреді.


Дереккөздер

Жастардың жалпы саны

Жұмыссыз жастардың саны

Экономикалық белсенді емес жастардың саны

Оқуға байланысты жұмыс күшіне кірмейтін жастардың саны

2016 жылғы NEET үлесі

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті www.stat.gov.kz

448,8


18,5 тыс.

179,4 тыс.


163,4 тыс.


7,7%

Алматы қаласында жастардың көші-қонының оң сальдосы (20 мың адамнан астам), бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне, басқа өңірлерден жыл сайын көшіп келетіндердің жоғарғы көрсеткіші себеп болады. Сонымен қатар, ЖОО-ының жыл сайын шамамен, 60-65 % резидент емес түлектері Алматы қаласында қалуды көздейді. 2016 жылғы түлектер саны – 28192 (ЖОО мәліметтері бойынша, солардың 19712-сі жұмысқа орналасқан). Басқа жағынан, жұмыспен қамту саласында қиындықтар пайда болуы, түлектердің көпшілігі басымдықты экономикалық, қаржылық және құқықтық кәсіби мамандықтарға беру фактісі ықпал етеді. Сонымен қатар еңбек нарығында техникалық мамандығы бойынша жұмысшылар сұранысы жоғары болып қалуда. Мұндай нәтижеге байланысты жұмыссыздық және жастардың алданып мансап күтуі әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мәселе экономика мамандықтарының номенклатурасы мен нақты сұраныстың сай келмеуі болып қалуда. Ол экономика, индустрияны немесе басқа да әлеуетті жұмыс берушілер субъектілерін әріптестік дамыту арқылы оқу үдерісінің тәжірибелік бөлігін жақсарту мәселесіне көп назар аударуды қажет етеді.

Бизнес пен жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы шектеулі, және түлектердің біліктілік ұйымының талаптарын қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қызығушылығы төмен.

Кәсіпорындардың кадрларға деген алмасу және болжам қажеттіліктері туралы бірыңғай ақпараттық базаның болмауы;

Жеке сектор кәсіпорындарының кәсіби білім беруді дамыту үшiн қаражат бөлуі мардымсыз болады: мамандар мен шеберлердің өндіріс құралдарында жұмыс істейтін мамандарды оқытуға негізінен бюджеттен бөлінді.

Санаты бойынша үстемеақының төленбеуі колледждер педагогтарының еңбек ақысының біршама төмендеуіне алып келген және осының салдары ретінде білікті мамандар экономиканың нақты секторларына ауысып, жалпы білім беру пәндерінің озық оқытушыларының мектептерге ауысуы байқалады, бұл мамандар дайындау сапасына теріс ықпал етеді.

2015 жылы жергілікті бюджеттен Алматы технология және флористика колледжіне (бұрыңғы №8 кәсіби лицей) 45 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін оқу мекемесіне 100% қолжеткізу қамтамасыз етілді.




2.1.2.1.1. кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі білім беру көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

Мектепке дейінгі мекемелер саны, бірлік

бірл.

343

401

505

ондағы оқитын балалар

мың адам

49,01

53,2

56,6

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту

%

64,7

70

74,7

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны, бірлік

бірл.

244

244

245

ондағы оқушылар саны

мың адам

208,9

212,5

229,7

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны

адам

14754

15632

15 869

Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі, %

%

92,3

92,9

93

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген (жақсы/үздік) түлектер арасындағы оқушылар үлесі

%

51

56

57,5

Аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың жалпы санындағы сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасы балаларының үлесі

%

100

100

100

Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың (ғылыми жобалар), ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болған оқушылар саны, адам

адам

274

186

175

Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санындағы инклюзивті білім берумен балалардың қамтылуы, %

%

20,0

32,2

32,5

Пайдалануға берілген жаңа мектептер саны, бірлік

бірл.

1

0

1

Колледждер саны

бірл.

83

84

82

ондағы білім алушылар

адам

61 975

61 616

61 445

халық санынан 10 мың адамға




427

425

425

Оқу орнын аяқтаған алғашқы жылы жұмысқа орналастырылған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінің үлесі, %

%

71,2

67,3

68,2

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі

%

7,6

8,6

7,7

Жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби білім берумен қамтылуы, %

%

22,4

22,1

22,2

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі

%

20

22




Жоғары оқу орындарының саны

бірл

40

42

42

ондағы студенттер

мың.адам

133,7

128,7

128,9

Қала бюджетіндегі білім беру шығындары

млн. теңге

48 929

51 479





Ескертпе:Қаржы шығындары басқармаларға ведомствалық бағынысты мекемелер

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің 2016 жылғы статистикалық жинағы, Алматы қаласы Білім басқармасынының мәліметтері.




2.1.2.1.2. кесте.SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- қалада мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық нысандары мен түрлерінің болуы (балабақшалар, мектептер, интернаттар, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары, баспаналар);

- қаланың білім беру ұйымдарын тұрақты түрде қаржыландыру;

- дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұйымдардың дамыған жүйесі.



Әлсіз жақтары:

- мектепке дейінгі және жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында орындардың жетіспеушілігі;

- дамуында ерекшеліктері бар балалардың оқуы үшін (инклюзтік білім беру) білім беру ұйымдарына төмен деңгейдегі қолжетімділік;

- жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша біліктілігі жоғары кадрлардың жетіспеушілігі;

- арнайы мектепке дейінгі білімі бар мамандардың жетіспеуі.

- колледждерде біліктілігі жоғары инженер-педагок кадрлардың жетіспеуі;

- колледждердің оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақша төленбейді, тәжірибелік режімдегі жұмысқа, ғылыми дәрежесіне және т.б. қосымша ақша қарастырылмаған;

- тәжірибелік-инновациялық қызметтің, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру және ИКТ саласында жеткілікті нормативтік реттеудің болмауы.



Мүмкіндіктер:

- қаланың білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды ынталандыратын дамыған бәсекелестік орта (жеке меншік мектептер, бала бақшалар, колледждер);

- қалада педагог кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің айтарлықтай санының болуы;

- МЖӘ дамыту үшін жоғары инвестициялық әлеует.




Қауіп-қатерлер:

- жастардың арасында техникалық және кәсіптік білімге деген төмен сұраныс;

- Тәжірибелік-инновациялық қызметті, оның ішінде технологиялар мен ИКТ коммерцияландыру саласындағы жеткілікті нормативтік реттеудің болмауы.


Түйткілді мәселелер:

- еңбек ақысының төмен болуына байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың тұрақтамауы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің төмен даярлығы;

- өңірлерден жоғары коші-қон себебінен жастар жұмыссыздығының артуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет