2017 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



жүктеу 3.65 Mb.
бет8/27
Дата05.04.2018
өлшемі3.65 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2014-2016 жылдар.
2.1.2.3.9. SWOT-талдауы

Күшті жақтары:

- шағын және орта бизнесті дамыту есебінен еңбекке орналастырудың кең саласы;

- еңбек нарығында қажет ететін мамандықтар бойынша оқыту үшін білім беретін мекемелер мен орталықтар санының жеткілікті болуы;

- өндірістік жарақат алудан сақтайтын, қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларында нормативтік-құқықтық базаның қажетті деңгейде болуы.


Әлсіз жақтары:

- республиканың өзге өңірлерінен халықтың көшіп-қонуының артуы;

- көші –қонның өсуіне байланысты жастар жұмыссыздығының жоғары үлесі, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш рет келген жас мамандардың жұмысқа қабылдануына байланысты мәселелер.

- орта кәсіптік білім мекемелері түлектері қажеттілігінің жеткіліксіздігі;

- еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

- жұмыс берушілердің қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларындағы іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыруы.




Мүмкіндіктер:

- тұрғындардың өмір сапасын жоғарылату;

- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;

- еңбек қорғау саласындағы жұмыс берушілерді ынталандыру.




Қауіп -қатерлер:

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін;


- ғаламдық дағдарыс әсерінен жарақаттануға әкеліп соғатын еңбек қорғау саласындағы қаржылай шығындарды төмендету.



Түйткілді мәселелер:


  • ішкі еңбек мигранттары мен жоғары оқу орындарының түлектері есебінен еңбек ресурстарының тым артуы;

  • қажетті еңбек нарығының есебінсіз жоғары оқу орындарында мамандар дайындау;

  • жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының үйлесімсіздігі, еңбек нарығының заманауи талаптарына сай келетін білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі;

  • жастар арасындағы жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары деңгейі, негізінен бірінші рет еңбек нарығына кіретін жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері әсерінен, аталған мәселені шешу үшін кешенді шараның болмауы;

  • еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыспен қамту үшін, мүгедектерге жұмыс орнының болмауы;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділік деңгейінің төмендігі;

  • арнайы әлеуметтік қызметті қажет ететін психожүйкелік аурулары бар мүгедектерге әлеуметтік медициналық мекемелерде орынның жеткіліксіздігі.

2.1.2.4. Мәдениет


Қала республикамыздың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 100-ден астам мәдениет және демалыс мекемелері орналасқан, оның ішінде 24 музей, 31 кітапхана, 18 театр, 23 кинотеатр, 1 цирк, 1 зообақ, 10 концерттік ұйым, сондай-ақ бірқатар жеке галереялар мен өзге этно-мәдени орталықтар орналасқан. Бұдан басқа, қалада тарих пен мәдениеттің 136 ескерткіші бар.

Соңғы жылдары ұлттық-мәдени іс-шараларды қолдауға ерекше назар аударылуда. Олардың арасында Халықаралық жыршы-термешілердің «Ұлы дала елі» фестивалін, дәстүрлі музыканың «Әуенмен тербелген 1000 жыл» фестивалін, суырып-салма ақындардың айтысын, Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейі негізінде шығарылатын «Інжу маржан» телевизиялық бағдарламасын атауға болады.

Қалада тұрақты негізде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша жұмыстар атқарылуда, оның ішінде мәдениет мекемелері мен ескерткіштердің құрылысы, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары. Мысалы, 2015 жылы 2 тарих пен мәдениет ескерткіштері ағымдағы жөндеуден өтті, нақты айтқанда Ә. Жангелдиннің ескерткіші мен «Қазақ Мемлекеттік циркі» КМҚК ғимараты.

Жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, соңғы 3 жылда, ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес жаңа ескерткіштер де бой көтерді. Олардың ішінде: Әди Шәріповтың ескерткіші, Сүйінбай Аронұлының және Малбағар Мендіқұловтың ескерткіші, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшы - жауынгерлерге арналған ескерткіш, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш және Шапық Шөкиннің ескерткіші. 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Қаһарман гвардияшы-панфиловшылардың мемориалды тумбаларындағы туу және қайтыс болу даталары түзетілді.



Қаланың 24 музейі арасында жекелеген музейлер заманауи техникалық жабдықтармен және экспозициямен қамтамасыз етілді, мысалы, 2012 жылы қайта жаңғыртылған Қазақ Ұлттық музыкалық аспаптар музейі және 2016 жылы жаңа ғимаратта ашылған Алматы қаласының музейі, сонымен қатар Атлетикалық ауылдың ғимаратында орналасқан дәстүрлі өнердің мультимедиялық орталығы.
2.1.2.4.1. кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылы

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

Театрлар саны

бір.

13

15

16

Көрермендер саны

мың адам

462,5

466,9

453,8

Музейлер саны

бір.

16

16

16

Келушілер саны

мың адам

308,3

323,0

319,8

Кинотеатрлар саны

бір.

17

15

17

Келушілер саны

мың адам

4 712,9

3 903,3

5 020,1

Кітапханалар саны

бір.

30

30

31

Кітапхана қоры

мың адам

37 545,2

37 677,1

37 960,8

Оқырмандар саны

мың адам

374,2

372,6

344,1

Концерттік ұйымдар саны

бір.

11

12

10

Келушілер саны

мың адам

492,4

543,6

383,3

Халықтың орташа жылдық саны

мың адам

1 548,3

1 703,5

1 756,3*

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері
2.1.2.4.2. кесте. Мәдени іс-шараларды өткізу және мәдениет ұйымдарына бару көрсеткіштері

Атауы/жылы

2014

2015

2016

Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралардың саны, бірлік

452

192




1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны:










- кітапханалар

227,7

222,7

219,8

- театрлар

281

279

285,2

- концерттік ұйымдар

299,8

324

303,7

- музейлер

187,5

193

190,3

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының ведомстволық деректері.
2.1.2.4.3. кесте. SWOT-талдау

Күшті тұстары:

  • Алматы қаласы республикамыздың интеллектуалды, рухани әрі мәдени орталығы болуда;.

Осал тұстары:

Мүмкіндіктері:

  • заманауи жалпы ұлттық мәдени, ақпараттық орта мәдениетті жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, халықтың рухани-мәдени деңгейін көтеруге мүмкіндіктер ашады, себебі осының бәрі республикамыздың мәдени-экономикалық орталығы ретінде қаламыздың имиджін нығайтады.

Қауіптер:-



Мәселелер:

- қалаға жаңа қосылған және орталықтан шалғай аудандарында мәдениет нысандарының жоқтығы;

- қаланың бірқатар мәдениет нысандарының жеткіліксіз материалды-техникалық жабдықталуы;

- жаңа типті музейдің жоқтығы, мысалы,заманауи өнер мен ғылым музейі;

- арт-менеджмент саласында білікті мамандардың жоқтығы.

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

2016 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының спорттық құрылғыларының желісі 1439 нысанды құрады. Қалада 12 стадион, 14 спорт кешені, 34 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, қаланың ЖОО және мектептері жанында 403 спорт нысаны жұмыс жасайды.

Қалада 27 мемлекеттік кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады, онда 74 спорт түрі қарастырылған. Оның ішінде: 16 жасөспірімдер спорт мектебі, 7 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиадалық резервті даярлау орталығы, 1 спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. 2016 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданатындардың жалпы саны - 14 247 адамды, 2015 жылы - 13 716 адамды және 2014 жылы - 13 500 адамды құрады.

Білікті спортшылар санының артуы байқалады. Мәселен, 2014 жылы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорт атағын иеленген спортшылардың саны 60 құрады, 2015 жылы – 21, 2016 жылы – 4; 2014 жылы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» – 310, 2015 жылы – 93, 2016 жылы 35 адамды құрады.

Алматыда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын тұрғындар санының өсу үрдісі байқалады. Соңғы 2 жыл ішінде аталған көрсеткіш 2014 жылғы қала тұрғындарының 26,5%-нан (451 428 адам) 2016 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының 28,5%-на (485 975 адам) дейін өскен.

2016 жылы 28 қысқы Универсиаданың барлық нысандарының құрылысы аяқталды: Алатау ауданындағы 12 мың көрерменге арналған мұз айдыны; Медеу ауданындағы 3 мың көрерменге арналған «Алматы Арена» мұз айдыны және 5 мың орынды жатақхананы, қызмет көрсету нысандарын, дүкендерді, тамақтану пунктерін қамтитын атлетикалық ауыл және т.б. Аталған спорттық құрылғылар қаланың спорттық инфрақұрылымдарымен белсенді ықпалдасуда.

Алматы қаласы еліміздің спорттық астанасы ретінде танылды. Қалада көптеген жетекші спорттық құрылғылар орналасқан, спорт саласындағы жетекші мамандар, спортшылар мен бапкерлер тұрады және жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Алматыда жетекші ғылыми-оқу мекемелері, оның ішінде спорттық, сондай-ақ мамандандырылған спорт ұйымдары орналасқан: Спорттық медицина және оңалту орталығы, допингке қарсы зертханалар, республикалық спорт колледждері, жоғары спорт шеберлігінің мектептері мен интернаттары және т.б.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өткізген республикалық рейтингтің қорытындысына сәйкес, спортшылардың Жазғы Азия ойындары мен Қысқы Олимпиада ойындарына, сонымен қатар халықаралық ресми кешенді жарыстарға (Жазғы Азия ойындары) қатысу және лицензиаттарды дайындау нәтижелері бойынша қала сенімді түрде I орынды иеленді.

Алматы қаласының спортшылары бүкіл Республика құрамасының 30%-ынан астамын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының басты доноры болып табылады.

Қала тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа тартуға қатысты 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда 1900-дан астам түрлі бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді. Спорт түрлерінен чемпионаттар мен қала біріншіліктері, сондай-ақ Республика мен қаланың маңызды күндеріне арналған бұқаралық іс-шаралар, ведомстволық және ведомствоаралық жарыстар мен спартакиадалар және т.б. өткізілді.

Алматы спорт алаңының астанасы ретінде өз позициясын нығайта түсуде, мұнда жыл сайын халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерге арналған түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын қала аумағында ірі халықаралық ресми сайыстар өткізіледі.

Қалада командалық спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жалпы қолжетімді алаңдардың саны өте аз. Қаладағы алаңдардың көпшілігі ведомствалық иелікте немесе жеке меншікте. Жоғары жетістіктер спорты спорттық құрылғылардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4-еуінің өз базалары бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы құралдар мен заманауи жабдықтар жетіспейді.

Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық базасы әрі қарай дамытуды, жаңартуды және оқушылардың дене тәрбиесіне арналған бағдарламаларды толық көлемде орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді.

Заманауи спорт түрлі инновациялардың әсеріне ұшырайтындықтан спортшылармен жұмыс жасаудың ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға баса назар аудару талап етіледі.

Қазіргі уақытта осы салада, әсіресе жас мамандар арасында білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Спортты, әсіресе, жоғары жетістіктер спортын әрі қарай дамыту үшін білікті кадрларды даярлауға, сондай-ақ осы саладағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға баса назар аудару маңызды.

2.1.2.5.1. кесте. Алматы қаласы бойынша спортты дамытудың негізгі көрсеткіштері




Атауы/жылдар

Өлш.бірл.

2014

2015

2016

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту

%


26,5

27,5

28,5

2

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан дене шынықтыруға дайындайтын спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту

%


8

8,5

9

Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық деректері
2.1.2.5.2. кесте. 2016 жылы Алматы қаласында өткізілген халықаралық спорттық іс-шаралар

«Тур Алматы» халықаралық веложарысы

Футзалдан УЕФА кубогінің іріктеу мачтары

«Алматы Марафоны» қайырымдылық жүгіру жарысы

Дзюдо спортынан Grand Prix

Конфедерациялар кубогінің финалы

Спидвейден Әлем Чемпионатының кезеңі

Қазақ күресінен «Евразия Барысы» халықаралық жарысы

Гольфтен «Kazakhstan Open 2016» халықаралық турнирі

Шахматтан «Almaty Open 2016» халықаралық турнирі

Балалар арасында футболдан «Весенние каникулы 2016» халықаралық турнирі

Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі

Шорт-тректен Олег Слатинды еске алуға арналған ашық чемпионат

Г. Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан жарыс

Қ. Ислам мен П. Аллотей арасындағы кәсіпқой бокс кеші

Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

2.1.2.5.3. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- дамыған спорт инфрақұрылымының болуы





Әлсіз жақтары:

- халықтың, сондай-ақ біліктілігі жоғары спортшылардың сұранысын қанағаттандырмайтын қаладағы дене шынықтыру және спорт мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы;

- бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

- спорттың ғылыми және медициналық базасының жеткіліксіз дамуы, білікті мамандардың тапшылығы.



Мүмкіндіктер:

  • халықаралық деңгейдегі ірі спорттық іс-шаралар өткізу.




Қауіп-қатерлер:

- жалпыға қолжетімді және аула спорт алаңдарында қирату қауіптерінің болуы;

- спорттық жеке меншік және фитнес орталықтарында жаттықтырушылық қызметті ұйымдастыру процесіне мемлекеттік бақылау мен сертификаттау рәсімінің болмауы, төменгі біліктілік деңгейі.

Түйткілді мәселелер:

- спортпен айналысуға арналған жалпыға қолжетімді қалалық алаңдардың жетіспеушілігі;

- жоғары жетістіктер спортының материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі;

- білім беру ұйымдарының спорт құралдарымен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы.


2.1.2.6. Туризм

Алматы Қазақстанның туристік индустриясының орталығы болып табылады, сонымен қатар қаланың аталған секторының әрі қарай дамытуға әлеуеті бар. Бұл қаланың географиялық, аумақтық және тарихи орналасуымен, сондай-ақ сервистік инфрақұрылымының болуымен байланысты.

2016 жылы жайғастыру орындары барлығы 793 067 адамға (ішкі және сырттан келушілер) қызмет көрсетті, бұл республикалық көрсеткіштің бестен бір бөлігі дерлік – 4 217 782 адам (18,8%).

Әрбір екінші шетелдік турист Алматы қаласына келеді (Қазақстан Республикасы бойынша жайғастыру орындары барлық сырттан келуші туристер қызмет көрсеткен - 722 515 адам, олардың ішінде 307 987 адам Алматы қаласында 42,6%).

Талданып отырған кезеңдегі сырттан келушілер мен ішкі туристердің пайыздық арақатынасы 2013 жылдан (62%/38%) 2015 жылға дейін (58%/42%) және 2016 жылға (61,2%/38,8%) өзгерді. Сырттан келуші туристердің басым бөлігі іскерлік туризм желісі бойынша келеді.
2.1.2.6.1. сурет. Алматы қаласындағы туристер саны

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2003-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштері, «Қалада жайғастыру орындарының 2013, 2014, 2015, 2016 жылдардағы қызметі туралы» статистикалық бюллетень.


Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) 2014-2015 жылдары 20,6 млрд. теңгеден 18,6 млрд. теңгеге дейін аз ғана төмендеген. 2016 жылы аталған көрсеткіш 19,7 млрд. теңге құрады (ҚР көлемі - 82,9 млрд. теңге), бұл жайғастыру жайғастыру орындары көрсеткен қызметтердің республикалық көлемінің төрттен бір бөлігі (23,7%).
2.1.2.6.2. сурет. Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2003-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштері, «Қалада жайғастыру орындарының 2013, 2014, 2015, 2016 жылдардағы қызметі туралы» статистикалық бюллетень.


Талданып отырған кезеңде жайғастыру орындарының 2013 жылы 90 бірліктен, 2016 жылы 160 бірлікке дейін өскені байқалады.
2.1.2.6.3. сурет. Алматы қаласындағы жайғастыру орындары

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2003-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштері, «Қалада жайғастыру орындарының 2013, 2014, 2015, 2016 жылдардағы қызметі туралы» статистикалық бюллетень.
Егер бөлмелер қорының құрылымын қарастыратын болсақ, оның біраз бөлігі төменгі сегменттегі қонақүйлерде орналасқан. Қаланың қонақүй шаруашылығында санаты жоқ мейманханалар басым - 53,3% және 4* және 3* қонақүйлер - 32,3%, ал 5* қонақүйлердің үлесі бар болғаны 6%.

Туристік индустрияны дамытудың негізгі көрсеткіштерін талдау оң серпіннің бар екендігін көрсетеді және Алматы қаласында туристік орталық ретінде ілгері өсу перспективасы бар деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

«Алматы - 2020 Даму бағдарламасында» Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына 3 нысаналы индикатор бекітілген.

2016 жылдың қорытындысы бойынша барлық 3 индикаторға да қол жеткізілді.


2.1.2.6.1. кесте. Туризм дамуының негізгі көрсеткіштері


Атауы/жылдар

2014

2015

2016

Жайғастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер саны – резиденттер (адам)

288 216

301 394

485 080

Жайғастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер саны – резидент еместер (адам)

473 027

420 335

307 987

Ұсынылған төсек-тәулік

(төсек-тәулік)



1 142 692

1 063 326

1 232 602

Жайғастыру орындарының саны (бірлік)

122

135

160

Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі (млн. теңге)

20 597,1

18 587,0

19 662,0

Дереккөзі Статистика комитетінің 2003-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштері, «Қалада жайғастыру орындарының 2013, 2014, 2015, 2016 жылдардағы қызметі туралы» статистикалық бюллетень.


2.1.2.6.2. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- қолайлы табиғи-климаттық белдеуде орналасқан республиканың және Орталық Азияның қаржылық, мәдени және білім орталығы;

- Қазақстандағы ірі көлік-логистикалық хаб және «Жібек жолы» қалаларының бірі.


Әлсіз жақтары:

- туристік қызметтердің әлемдік нарығындағы туризм орталығы ретіндегі қаланың салыстырмалы түрдегі жеткіліксіз танымалдығы және ауқымды және әсерлі жарнаманың жеткіліксіздігі;

- қалада тікелей орналасқан туризм үшін қызықты, маңызды және танымал экскурсиялық нысандардың жеткіліксіздігі


Мүмкіндіктер:

- Еуразиялық континенттің орталығында орналасуы, табиғи-климаттық жағдайы және экономикалық дамуы.



Қауіп -қатерлер:

- әлемдік дағдарыстың ықпалы туризмді дамыту мүмкіндігіне оның ішінде туристік нысандарды қалпына келтіруді және құруды қаржыландыру, жеке инвестицияларды тартуға , сыртқы туризмді арттыруға кері әсер етуі мүмкін.




Түйткілді мәселелер:

  • қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі және қызмет көрсетудің барлық кезеңінде тілдерді нашар білуі;

  • қаланың урбандалуы және этникалық бірегейлікті көрсететін нысандардың болмауы.




2.1.2.7. Үштілділікті дамыту


Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі арта түсуде. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 72%, ал 2015 жылы 75% құраса, 2016 жылы 3% артып, 78% көрсетті. Сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердің үлесі артып келеді, 2013 жылы олардың саны 59 болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 65 мектепті құрады. Дәл осы фактор жалпы тілдік ахуалға индикативті түрде әсер етуде.

Көптеген орта және ірі компаниялар мен мекемелердіңқызметкерлері мемлекеттік тілді үйренуде.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру бағытындағыжұмыстар белсенді түрдежүргізіліп келеді. Жалпы алғанда 20 мультимедиялы кабинет іске қосылған, қала және аудан әкімдіктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударма жасауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар тіл үйретуге арналған бағдарламалар әзірленген. Ісқағаздарын жүргізуге арналған жинақтардың үлгісі шығарылды. Аталған басылымдардың іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді өз бетімен меңгеруге арналған қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынылатын электронды нұсқаларының үлгілері де бар.

2014-2015 жылдары тілдерді жаңа технологиямен оқытуға бағытталған «Инновациялық оқытудың бағдарламалық-ақпараттық кешені» шығарылды. Мұндай кешенмен Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының, аудан әкімдері аппараттарының және өзге де мемлекеттік мекемелердің 20 оқыту кабинеттері жабдықталған.

Мемлекеттік орган қызметкерлеріне, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарына арналған қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын курстар ұйымдастырылған. 2014 жылы қазақ тілі курстарында – 836, 2015 жылы – 797, ал 2016 жылы – 551 тыңдаушы оқытылды. Ағылшын тілі курстарында 2014 жылы – 216, 2015 жылы – 230 және 2016 жылы – 194 мемлекеттік қызметші оқытылды.

Жексенбілік мектептерде этно-мәдени орталықтардың өкілдеріне қазақ тілімен қатар өз ана тілдері де оқытылады.

ҚР Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықтау мақсатында диагностикалық тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 2014 жылы 730 адам, 2015 жылы – 565, 2016 жылы 5345 мемлекеттік қызметші қатысты.

Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдардың іс қағаздарын жүргізуге арналған мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мемлекеттік тілде құжат айналымы 2014 жылы – 65%, 2015 жылы – 66% және сәйкесінше 2016 жылы – 62% құраған болатын.

Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында қаладағы аудан әкімдіктерімен, басқармалармен және этно-мәдени орталықтармен бірлесе отырып,Абай, А.Пушкин шығармашылықтарына арналған әдеби оқулар, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Тіл – татулық тірегі», «Көркем сөз оқу шеберлері» сияқты байқаулар жыл сайын өткізіліп келеді.

«Үштұғырлы тіл» мәдени бағдарламасыаясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл–парасат»сияқты іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету болып табылады.

«Тіл саясаты саласында жіберілген заңнама нормаларын бұзушылықтардыңсаны» көрсеткішінің базалық тізімдерінің мәліметтері бойынша 2015 жылы жоспарда 500көрсеткіш болса, факт жүзінде ол 520 құрады. Индикаторға қолжеткізбеудің негізгі себебі ретінде тіл саясаты саласында заңнама нормаларының орындалмауы аталады.

2015 жылы әртүрлі жарнама мекемелерінен «Тіл туралы»Заң талаптарын сақтауға қатысты тексеруге 5024 эскиз келіп түсті. Олардың 520-на өзгерістер енгізілді, 217 қате табылды, 4283-і өзгеріссіз келісілді.

«Тіл туралы» Заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодекстің 75 бабына сәйкес шаралар қолданылады.

Бірақ әзірше көрсеткіштер айтарлықтай жоғары емес және бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғастыруды қажет етеді.

Тұрғындардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі Алматыны әлемдік қоғамға біріккен заманға сай қала ретінде дамытудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткішке көп көңіл бөлінбеуде, сол себепті де ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі тұрақты түрде анықталмайды. Қаланың алдағы уақытта дамуында бұл салаға ерекше көңіл бөлу қажет.
2.1.2.7.1-кесте. Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер


Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

72,0

75,0

78,0

Алматы қаласы ЖАО жалпы құжат айналымында қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізудің үлесі

%

65

66

62

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

14

15

16

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын)

%

8

10

12

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны, жалпы мектептердің санына шаққандағы бірлік және %

%

62
(30,8)

63

(31,3)


65

(32,3)


Дереккөзі: Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының және Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметтері
2.1.2.7.2-кесте. SWOT-талдауы

Күшті жақтары:

  • Алматы қаласында мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтері бар тиімді толерантты тілдік орта.




Әлсіз жақтары:

  • қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің аз қолданылуы, тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын жоғарылату жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмейді.




Мүмкіндіктері:

  • Алматы халықаралық туризм мен бизнес үшін барынша ашық және түсінікті қала болуға ұмтылады. Ол үшін ең кемінде 3 тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерумемлекеттік орган қызметкерлері мен қаланың қызмет көрсету секторы еңбеккерлерініңмашықтану дағдыларын қалыптастырудың және біліктілік деңгейін көтерудің ең маңызды бөлігіне айналады.




Қауіп -қатерлер:

  • тұрғындардың басым көпшілігінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығының төмендігіне байланысты тілді меңгеру кезінде, сондай-ақ іс-қағаздарын жүргізуде айтарлықтай шектеулер болуы мүмкін.




Түйткілді мәселелер:

  • мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған жұмыстар және іс-қағаздарын мемлекеттік тілге толық көшіруді аяқтау жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмейді;

  • мемлекеттік тілді меңгерген және оны қызмет барысында қолданатын мамандарды көтермелеу жұмыстары іске асырылмайды;

  • ағылшын тілін дамытуға аз көңіл бөлінуде, келешекте бұл салаға ерекше көңіл бөлінуі қажет.






2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2014 және 2016 жылдардағы Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, осы кезең криминогендік жағдайдың тұрақтылығымен сипаталатынын атап өткен жөн.

Ішкі істер департаменті соңғы үш жылда қылмысты тіркеу мен есепке алуды түбегейлі өзгертуге, қылмыспен күресуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

Егер 2014 жылы – 60211, 2015 жылы 70098 қылмыс тіркелсе, ал қабылданған ескерту шаралары барысында 2016 жылы олардың саны
4,5%-ға төмендеген, яғни 70098 қылмыс.

2015 және 2016 жылдардағы жалпы қылмыстық қылмыстардың статистикалық өсуі Алматы облысының 23,2 мың гектар аумағының қала шекарасына қосылуынан және тұрғындар санының 10%-ға (1552349 адамнан 1699714 мыңға) көбеюінен туындап отыр.

2016 жылы Алматы қаласының үлесіне республикада тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың 19,2% тиесілі, республика бойынша - 348849.

Қылмыс жасаған 11169 адамның 46,2% (5159) республиканың көрші өңірлерінің тұрғындарына тиесілі.


2.1.3.1. сурет. Қылмыс жасаған тұлғалар

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, ауыр қылмыстардың ашылуы 2014 жылы - 27,7%,


2015 жылы - 31,7 %, 2016 жылы - 39,2 %, аса ауыр қылмыстар 2014 жылы - 76,2%, 2015 жылы - 85,0 %, 2016 жылы 85,7 % құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша барлық желілер бойынша қылмыстың ашылуы 1,9%-ға (21,3%-дан 23,2%-ға) жақсарған. Кісі өлтірудің ашылуы - 90,4% (+0,6%), қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру - 88,2% (+5,5%), қарақшылық - 66,9% (+7,8%), зорлау - 90,0% (+10,7%),


тонау - 27,1% (+6,5%), бөтеннің мүлкін ұрлау - 24,2% (+3,8%), пәтерлерді тонау - 31,6% (+7,9%), бопсалау - 86,7% (+8,4%), алаяқтық - 46,1% (+9,6%), бұзақылық - 34,3% (+7,8%).

Қалада криминалдық белсенділікті төмендету мақсатында қарақшылық шабуылмен - 50 (2015 жыл - 54), тонаумен - 135 (2015 жыл - 126), пәтер тонаумен - 54 (2015 жыл - 46), көлікте - 57 (2015 жыл - 49), қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлаумен - 69 (2015 жыл - 61), көлік ұрлаумен және айдап кетумен - 15 (2015 жыл - 14) айналысатын топтардың қылмыстық жолы кесілді.



540 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 212 есірткі өткізумен байланысты бұзушылықтар анықталған.

2016 жылы қабылданған мәжбүрлеу шараларының нәтижесінде аса ауыр қылмыс 41,1% (209-дан 123-ке), ауыр 19,6% (6467-ден 5201-ге), кісі өлтіру 23,9% (88-ден 67-ге), қарақшылық 33,7% (205-тен 136-ға), қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру 17,9% (195-тен 160-қа), тонау 8,7%


(3016-дан 2755-ке), пәтер тонау 2,7% (8184-тен 7967-ге), зорлау 41,0%
(307-ден 181-ге), бұзақылық 46,5% (4047-ден 2164-ке) қылмыстардың саны қысқарған.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың серпіні келесідей: 2014 жылы - 29664, 2015 жылы - 30830, 2016 жылы - 32268, көшеде жасалғандар 2014 жылы - 17351, 2015 жылы - 18317, 2016 жылы - 20806.

Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тәулік сайын 2377 полиция қызметкері және ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының әскери қызметкерлері қойылады, олар 600-ге дейінгі патрульдеу маршруттарын қамтиды, оның ішінде 330 автомобильдік және 270 жаяу бағыттар, тәулік бойғы режимде 19 стационарлық бекет жұмыс істейді.

Бүгінгі күні көшедегі қылмыстың алдын алудың негізгі тетігі әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын уақтылы кесу (негізінен бұл кішігірім бұзақылықтар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу фактілері), сондай-ақ олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту болып табылады.

«Мүлдем төзбеушіліктің» қағидаты бойынша әкімшілік жауапкершілікке 135749 құқық бұзушы тартылған (2015 жылы - 128566).

Құқықтық тәртіпті бұзу мен қауіптіліктің негізгі көзіне тұрақты табысы жоқ, бұрын сотталған және басқа қаладан келген тұлғалар жатады. Талдау көрсеткендей, 2016 жылы қылмыстық жауапкершілікке 11169 (2015 жыл - 10170) тұлға тартылған, 4553 (2015 жыл - 4177) немесе 82,9% Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары, 606 немесе 5,4% - шетелдіктер (2015 жыл - 623), 436 немесе 3,9% - тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар(2015 жыл - 201) құрайды.

Бұрын қылмыс жасағандар жасаған қылмыстың серпінін талдау 2014 жылы - 1003, 2015 жылы - 2001, 2016 жылы – 2271 қылмыс тіркелгенін, яғни 13,5%-ға өскендігін көрсетті.

Бұрын 2013-2014 жылдары жасалған қылмыстардың үлес салмағы тұрақты деңгейде болып, 8,4% құраған, 2015 жылы статистикалық есепке алуды тіркеуде болған өзгерістерге байланысты 14,7% құрған, 2016 жылдың қорытындысы бойынша үлес салмағы 13,9% құрап, 0,8%-ға төмендеген.

Жасөспірімдер қылымысының серпіні 2014 жылы - 249, 2015 жылы - 204, 2016 жылы 200 қылмыс тіркелгенін көрсетті. Жасалған 200 қылмыстың 111 немесе 55,5% басқа қалалардан келген кәмелетке толмағандар жасаған.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың үлес салмағы төмендеп, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1,2% (2014 жылы - 2,1%, 2015 жылы - 1,5%) құраған.

Жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстың 8,8 % (18) – жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына тиесілі.

2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы балаларға қатысты қылмыс 74,7%-ға, 290-нан 226-ға аз жасалған.
2.1.3.2. сурет. Жасөспірімдер қылмысының серпіні


Дерекккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитеті


Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда, алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілді, жол қозғалысы қатысушыларына талап қатая түсті.

Әкімшілік тәжірибені қатаңдатуға байланысты жәбірленушілерге қатысты орын алған жол көлік оқиғасының саны 2014 жылы – 5588, 2015 жылы – 5552 (-0,6%), 2016 жылы – 5203, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандар саны 5,1%-ға (6559-дан 6222-ге) төмендеген.

Бұдан басқа, 2014 жылдан ЖКО кезінде қаза болғандар саны 21,2%-ға (198-ден 156-ға), оның ішінде балалар өлімі 37,5%-ға (16-дан 10-ға) төмендеген.

2016 жылы әкімшілік жауапкершілікке 340 мыңнан астам жүргізуші тартылды, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 2 370 жүргізуші ұсталған. Сот 4561 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырған. 119 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау қолданылған2.1.3.3. сурет.


2.1.3.3. сурет. Апаттылықтың негізгі көрсеткіштері төмендеді
Деркесөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Халықаралық стандартқа өту кезінде ЖКО және жәбірленушілерді есептеу параметрі өзгерді, сонымен бірге қазіргі күні келтірілген салдардың ауырлығына қарамастан барлық ЖКО тіркеу 100%-ға қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда ЖҚЕ бұзудың алдын алу және болдырмау факторларының бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. «ЖҚҚ» ААЖ жобасы бойынша 105 бекет пайдалануға берілді, ол 663 бейнекамераны қамтиды, оның 415-і тану камерасы және 248-і шолу камерасы.

Көші-қон процесі ерекше бақылауда, ол қаладағы криминогендік жағдайдың жай-күйіне әсер етеді. Алматы қаласы тек Қазақстан Республикасының ғана емес, сондай-ақ Орта Азияның ірі қаржы және экономикалық орталығы және үлкен еңбек нарығы болса да, криминалдық құрылым, заңсыз көші-қон және бизнес үшін өзіне тартымды болып қала береді.

Сонымен 2016 жылы Алматы қаласына келген 453648 (2014 жылы 212 757, 2015 жылы 316 709) шетел азаматы тіркелген, оның 84,0% (381175) жақын шетел азаматтары құрайды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2016 жылы – 42143 (2014 жылы – 32073, 2015 жылы – 37626) заң бұзушы тартылды, оның ішінде 2412 (2014 жылы – 326, 2015 жылы – 1165) шетел азаматы елден шығарылды.

Ішкі істер департаменті аудандық әкімдіктермен, қоғамдастықпен бірлесе отырып, тұрғын үйлердің кіреберісіне, ауласына бейнебақылау камераларын орнатуға, тұрғын үй кешендері аулаларын және көшелерін жарықтандыруға бағытталған, олардың сақталуын қамтамасыз етуде мүлік иелерін тарту арқылы шабуылдайтын жедел алдын алу іс-шараларын қабылдай отырып, «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша іс-шараларды іске асыруда жұмыс жүргізді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша 5018 аула аумағында 7485 көппәтерлі үйлер күзетіліп, онда 32114 бейнекамера орнатылған.

Қалада 6 682 түрлі нысандағы объектілерге 35 892 мың бейнекамера орнатылған.

Бейнекамераның көмегімен 1 357 қылмыстық құқық бұзушылық ашылып, 34 290 әкімшілік құқық бұзушылық және 32 997 астам жол қозғалысы ережесін бұзу анықталған.

Алматы қаласында 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта 246 – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген (2014 жыл–97, 2015 жыл–84, 2016 жыл-65).

Төтенше жағдайларда 472 адам зардап шекті (2014жыл–114 немесе 24%, 2015 жыл–221 немесе 47%, 2016жыл-137 немесе 29%), оның ішінде 108 адам қаза тапты (2014 жыл–43 немесе 40%, 2015 жыл–42 немесе 39%, 2016 жыл-23 немесе 21%).

2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде қала аумағында 2 086 өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғасы орын алды (2014 жыл-681, 2015жыл-709, 2016 жыл-696), онда 983 адам зардап шекті (2014 жыл-347, 2015жыл-305, 2016 жыл-304), 62 адам қаза тапты (2014 жыл-21, 2015жыл-20, 2016жыл-21).

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 161 адам құтқарылды (2014 жыл-67, 2015 жыл-50, 2016 жыл-44), ТЖ аймағынан 25 723 адам эвакуацияланды (2014 жыл- 9 476, 2015 жыл- 9 743, 2016жыл-6 504).

Басшылық құрам мен құралымдардың функционалдық міндеттерін пысықтау мақсатында 45 кешенді оқу жаттығу (2014жыл-18, 2015 жыл-18, 2016 жыл-9), 1 236 объектілік жаттығу (2014 жыл- 443, 2015 жыл-355, 2016 жыл-438), 1 412 арнайы тактикалық оқу-жаттығулар (2014 жыл-345, 2015 жыл-367, 2016 жыл-466), 1 047 селге қарсы жаттығу (2014 жыл- 345, 2015 жыл- 367, 2016 жыл-335), 8 706 сейсмикалық жаттығу (2014жыл-2896, 2015 жыл-2 903, 2016жыл-2 907), 4 580 апаттық жағдайлар бойынша жаттығу (2014 жыл-1 993, 2015 жыл-1993, 2016 жыл-594) өткізді.

Халықты және басшылық құрамды азаматтық қорғау саласындағы оқыту мен қалалық даярлау және біліктілігін арттыру курстарында - 4635 адам оқудан өтті (2014 жыл-1557, 2015 жыл-1658, 2016 жыл-1420). «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да 95 адам оқудан өтті (2014 жыл-34, 2015 жыл-26, 2016 жыл-35).

«Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» МКК базасында Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып 27 интерактивтік сабақ өткізіліп (2014 жыл- 9, 2015 жыл- 9, 2016 жыл- 9), онда 183 500 оқушы қамтылды (2014 жыл-54 500, 2015 жыл-64 500, 2016жыл-64 500).

2014-2016 жылдары cу тасқындарына, селдерге, көшкіндерге, жер сілкіністеріне, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымның қамтылу деңгейі 49%-дан 52%-ға дейін өсті.

2016 жылы ТЖ алдын алу мен олардың салдарынан болатын шығындарды азайту үшін Департамент осы бағытта бірқатар жұмыс атқарды.

Осылайша, 2016 жылы Департамент қаланың төтенше жағдайларға дайындығы жөніндегі мәселені Алматы қаласының әкімдігі жанындағы ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысына 18 рет енгізіп, 30 мәселені қарастырды. Алматы қаласы әкімінің шешімімен 2016 жылы авариялық-қайта қалпына келтіру жұмыстарына және ТЖ зардаптарын жоюға жергілікті атқарушы органның резервінен 4 млрд. 90 млн. 028 мың теңге бөлінді.

Сел тасқыны бойынша ең осал учаскелердегі мәселелерді шешу үшін 2016 жылы қауіпті 4 бағыт бойынша жергілікті бюджеттен Ақсай және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде екі селге тосқауыл бөгетін салуға, Кіші Алматы өзенінің бассейніндегі бұрыннан бар бөгеттердің біреуін қайта жаңғыртуға, сондай-ақ ГЭС-1-ҮАК автожолының қауіпті учаскелерінде темірбетонді қорғаныс қабырлағаларын орнату және құзды қиябеткейлерді тастардың құлауынан қорғау үшін тормен нығатуға ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат бөлініп, игерілді. Әкімдік Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі №13 бис және №6 көлдерінің маңдайшасын бөлшектеуге қосымша ақша қаражатын бөлді.

Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аумақтарына мониторингті сел- және көшкін қаупі бар өзендердің бассейндерінде орналасқан тоғыз тұрақты және селге қауіпті кезеңде тоғыз маусымдық гидрометеорологиялық бекет жүзеге асырады.

Көшкін, су тасқыны қаупін және жоғары таулы мореньдік көлдер мен мұздықтардың, сел оймалары мен ошақтарының жағдайын жалпылама анықтау үшін қала Әкімдігімен және «Қазселденқорғау» АҚПБ бірлесе отырып, 8 ұшып тексеру жүргізілді.



Қабылданған шаралар мен жаңалықтар №6, 13-бис көлдерінің қазаншұңқырындағы судың көлемін өткен жылдарға қарағанда бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік берді, ал №4 көлдегі су толығымен сорып алынды.

Сонымен қатар 2016 жылы жергілікті бюджеттен Алматы қаласының құтқару қызметіне 10 тереңдік сорғы сатып алынды, бұл 2017 жылы алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігін бірнеше есеге артуға мүмкіндік береді.

Департамент «Қазселденқорғау» АҚПБ, «GranitTechnology» ЖШС және «Алатау» СЭЗ ПИТ бірлесе отырып, №13-бис көлінде мониторигтің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасын енгізді, оның шеңберінде автоматтандырылған режимде 10 параметрді өлшеуді жүргізуге мүмкіндік беретін мониторингілеу жүйесінің дербес станциясы орнатылды.

Осылайша, алынған деректерді жинақтау, өңдеу және сақтау әрі қарай төтенше жағдайларды болжауға және көлдердегі су деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін төмендету жөнінде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында сел қаупін мониторингілеу қолмен жүргізіледі. Осыған байланысты, автоматтандырылған жүйелерді енгізуге бағытталған әлемдік тәжірибені және техникалық прогресті ескере отырып, Сел қаупін мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу әдістемесін жасау бойынша ғылыми мекемелердің әлеуетін пайдалануға шешім қабылданған болатын.

Алматы өңірінде 99 көшкін қауіпті учаске бар, оның ішінде Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай шатқалдарында орналасқан 18 көшкін қауіпті учаске қала тұрғындары мен туристерге қауіп төндіруі мүмкін. Қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторингті Қазгидрометтің екі маусымдық қар көшу бекеті жүзеге асырады.

Департамент Сейсмология институтының Алматы қаласының аумағындағы барлық ғимараттар мен имараттарды сейсмикалық тұрақтылығы тұрғысынан паспорттау жөніндегі ұсынысын енгізді. Осы кешенді Бағдарламаның нәтижесі ең осал жерлерге көңіл бөле отырып, тозығы жеткен тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту және бұзу бағдарламаларына түзетулерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, осы жұмыстың тиімділігін арттырады, ықтимал ірі жер сілкіністері кезінде қираулардың саны мен зардаптарын азайтады.

2016 жылы Әкімдік бөлген ақша қаражатына қаланың ең осал учаскелерінде 77 сөзбен дабыл беру құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар олардың саны қолданыстағы дабыл жүйелерімен бірге 321 бірлікке жетті.

Қаладағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынған. 2016 жылы шаруашылық жүргізу субъектілеріне 3012 өрт-техникалық тексеру жүргізілді (2015 жыл – 1145 +2,6 есеге). Өрт-техникалық тексерулердің нәтижесі бойынша 12 088 өртке қарсы
іс-шараларды орындау ұсынылды, әкімшілік жауапкершілікке 1 558 тұлға тартылды. Салынған ақшалай айыппұлдың жалпы сомасы 54 млн. 642 мың 628 теңгені құрды.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап патрульдеу барысында 7000-нан астам хабарлама таратылды, от жағуға арналмаған жерлерде 700-ден астам бұзушылыққа жол берілмеді. Жергілікті полиция қызметі ӨҚЕ бұзғаны үшін сомасы 81 жеке тұлғаны 1 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қала аумағына іргелес орманды-таулы жерлерде және орманды-саябақ аймақтарында өрттердің болмауын аталған жұмыстың нәтижесі деп есептеуге болады.

2016-2017 жылдардағы жылыту маусымында адамдардың өлімі мен жарақат алуын төмендету мақсатында ТЖД жеке құрамы 163 мың 337 жеке тұрғын үйді аралап тексеруді жүзеге асырды, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы жадынамаларды тарата отырып, 21 974 жеке тұрғын үйге қайта тексеру жүргізді, 10 мыңнан астам адам қамтылған 469 жиын өткізілді.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі ретінде өрттің туындауынсыз улы газбен уланғандар санының 2,2 есеге (2016 жыл – 28, 2015 жыл – 63) азайғандығын және тиісінше зардап шеккендер санының 2 есеге (2016 жыл – 70 адам, 2015жыл – 151 адам) азайғандығын атап өтуге болады.


2.1.3.1. кесте. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп көрсеткіштері


Атауы/ жылдар

Өлш. бірл.

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

29,4

26,1

31,0

ЖКА-нан қаза тапқандар санының 100 жапа шеккендерге шаққанда төмендеу

бірл

3,0

2,4

2,4

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың үлес салмағы

%

2,1

1,5

1,2

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың қылмысты қайта жасаудағы үлес салмағы

%

8,4

14,7

13,9

Қоғамдық орындарда темекі мен қорқорды шегуге заңнамалық түрде тыйым салуды орындау

%

-

-

92,5


Төтенше жағдайларға төтеп беру инфрақұрылымдарының жабдықталу деңгейі

%

49

51

52

Дереккөз: Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің; Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің деректері;
2.1.3.2. кесте. SWOT-талдау

SWOT-талдау


Күшті жақтары:

- құқық бұзушылықтың әрекетті алдын алуды болжайтын криминалдық үдеріске қарсы әрекеттің тиімді жүйесі және жасалған қылмыс пен құқық бұзушылық үшін бұлтартпайтын жауапкершілікті қамтамасыз ету;



  • Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту және жетілдіру.

.

Әлсіз жақтары:

- қоғамдық орындарда және көшелерде криминогендік жағдайдың болуы



  • - аса ауыр қылмыстар;

  • бүгінде бас бостандығынан айрылу орындарынан босаған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйесі толық нәтижелерге жетпей отыр;

  • жасөспірімдер қылмыстарының криминалдық әлеуеті маңызды болып қалып отыр;

  • -болып жатқан көші-қон процестері

  • - жол-көлік оқиғалары;

- қысқа мерзімде жер сілкінісін болжау;

- Алматы қаласын төтенше жағдайдардан қорғау жүйесі жаңғыртуды мен жетілдіруді талап етеді;



Мүмкіндіктер:

- қала көрінісінің төртінші элементіне сәйкес – «Алматы-қауіпсіз қала», Алматы адамдары өздерін еуропа қалаларындағыдай қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың тиімді жүйесі және өңірдің экономикалық әлеуетін қорғау.


Қауіп-қатерлер:

- азаматтардың өмірі, денсаулығы, еркіндігі және конституциялық құқығы, меншігі, қоғам мен мемлекет мүддесінің қылмыстан және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтан сенімді қорғаумен қамтамасыз етілмеуі.



  • Алматы қаласының және Алматы агломерациясының елді мекендерінің тау етегіндегі жоғары сейсмикалық белсенді аймақта орналасуы табиғи апаттар қаупінің болуын ескертеді: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, дауыл және өзге де табиғи апаттар;

- ІІБ-нан білікті кадрлардың кетуі .



Мәселелер:


  • қоғамдық орындардағы қылмыстық жағдайлар;

  • қаладағы автокөлік санының өсуі (жылына орта есеппен 1,8% - 2,0%);

- өңірлік үлкен көші-қон ағысының мониторингі;

- қала жолдарының және тұрғын үй аудандарының жарықпен қамтамасыз етілуін арттыру;

- жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарлар қысқарту;

- Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының және метрополитендегі ІІБ полиция Полктерін ресурстық қамтамасыз етуді арттыру;



  • қаланы сейсмикалық шағын аудандарға бөлу картасының ескіруі себебінен қала аумағының сейсмикалық сипаттамасы, тектоникалық жарылу орны мен енін анықтау мәселесі шешілмей отыр;

  • көктемгі жаңбыр жауу кезінде қала аумағында су басудың пайда болуы;

  • қолданыстағы Алматы қаласын селден қорғау жүйесі қауіп деңгейіне сәйкес келмейді жаңғыртуды және жетілдіруді қажет етеді;

- өрт сөндіру деполарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

- өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жедел ден қою үшін өрт техникасымен жабдықтау деңгейінің төмендігі;

- өрт сөндіру деполарының жетіспеушілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет