2017 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысының қорытындысы туралы



жүктеу 100.34 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі100.34 Kb.

2017 жылы балалардың  жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысының қорытындысы туралы

Ұлан ауданы бойынша 2017  жылғы жаз кезінде балалардың сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 220 «2016-2018 жылдардың  жазғы кезеңінде  балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес жүргізілді.


1- 10 сыныпқа дейінгі оқушылардың жалпы контингенті 4199 бала болды. Олардың ішінде 4015 бала  92,9 пайызы  жазғы демалыстар мен жұмыспен қамтылды. 2016 жылы 3 671 бала 87,2 пайыз қамтылды.  Аудан бойынша жаз кезінде  29 лагерь жұмыс жасады оның ішінде:
Оның ішінде  «Болашақ» сауықтыру  лагері 456 баланы (11%) қамтыды, өткен жылмен салыстырғанда балалардың саны 96 балаға өсті (2015-2016 оқу жылында -360 оқушы); Биыл бірінші 8 сынып ұлдары үшін әскери спорттық жиын ұйымдастырылды. Бұл жиында барлығы -60 бала қамтылды.
35 бала ақылы түрде демалды. Атап айтсақ, Аманжолов орта мектебі-2, Гагарин атындағы орта мектеп -2, Марсеков орта мектебі -2, Амангельді негізгі мектебі-1, Салықов негізгі мектебі -1, Қайсенов негізгі мектебі -1, Асубулақ орта мектебі -3, Сейфуллин орта мектебі-5, Украинка орта мектебі-1,Базылбек Ахметов орта мектебі-3, Пушкин орта мектебі-2, Ломоносов орта мектебі -3, Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектеп-1, Т. Тохтаров атындағы мектеп –балабақша кешені -2, Таврия орта мектебі- 5 бала. Қалған мектептер ата-аналардың жіберуге қаражат мүмкіндігі болмағандықтан балалар жібере алмады. 
546 баланы баланы  қамтыған  27 мектеп жанындағы  лагерлер жұмыс жасады (13,5%);      
1  шатырлы лагерьді Таврия орта мектебі 10 баланы қамтып, Бұқтырма  су  қоймасында  ұйымдастырды.
Жазғы кезеңде лагерьлер санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы ережелерге сай келді. Жыл сайын балалардың саны артып, «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінде ауысымдардың саны артып келеді.
2017 жылы жазғы демалысты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен   11 млн. 501 мың теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 32% артып отыр. (2016жылы  - 8 млн 501 мың теңге).
Оқушылардың тілдік білімін теңестіру үшін Ұржар ауданындағы «Ұржарайым» лагерінде тіл ауысымы өтті, онда біздің ауданның 13 оқушысы демалып қайтты. Оқушылардың демалуы аудандық кәсіподақ ұйымының есебінен қаржыландырылды. Келесі оқу жылы 20 балаға дейін көбейту жоспарда бар. 7 оқушы Республикалық «Балдаурен» лагерінде демалып қайтты.    
Жазғы демалыс кезінде  біздің  ауданымыздың  1196  оқушысы  және   816 жетекші  EXPO халықаралық көрмесіне барып қайтты.  Аудан әкімінің қолдауымен 25-30 маусым аралығында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен ЭКСПО-ға 727 бала мен 243 жетекші барып қайтты. Жалпы сомасы 4 865,7 мың теңгені құрады..
10-18 тамыз аралығында 200 бала және 16 жетекші  (жергілікті, аймақтық зияткерлік байқауларға, олимпиадаларға жеңімпаздары) ЭКСПО-2017 барды. Дарынды балаларға арналған сапар облыстық бюджет есебінен ұйымдастырылды.
14-27 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 көрмесіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 269 бала және 27 жетекші барып қайтты. Сапарға бөлінген жалпы сомасы 7 372,0 мың теңгені құрады, оның 5 999,0 мың теңгесі игерілді.   
Балалардың көңілінен ерекше шыққан, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Нұр –Әлем» павильоны, Ресей павильоны , ондағы ерекше бала көңілінде қалған «Айсберг». Және  Австрия, Аргентина, Германия павильондары ерекші  әсер тастады.
Астана қаласында  балалар  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің мұражайы,  « Бейбітшілік және келісім сарайы» монументі «Қазақ елі» монументі, «Астана-Бәйтерек» монументіне  саяхат жасады.  Астана қаласына барып қайтқан балалар өз әсерлерімен, ойларымен бұқаралық ақпарат құралдарында бөлісті.

Жазғы демалыспен  оқушылардың әртүрлі категорияларын қамтылды, оның ішінде:


- Барлық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, демалу және жұмыспен қамтылды;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар - 158 (100%);
- Мүгедектігі бар балалар үшін жазғы алаңдар білім мекемелерінде, түзету кабинеттерінде ұйымдастырылды, бұл 95% оқушылардың жазғы демалысты қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді.

Жыл сайын «Жазғы мектеп топтарын алмастыру» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы жобаның шеңберінде Ломоносов орта мектебінің көпбалалы отбасынан 1 оқушы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи орындарын аралады.


«Таврия  орта мектебі» КММ 20 оқушысы Шүлбі ГЭС, Семей, Шемонаиха (Марья Утес) орындарында болып қайтты. Гагарин орта мектебінің оқушылары Шүлбі ГЭС, Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Выдрихалық тарихи-өлкетану мұражайына болды.
Ауданның 578 оқушысы ауданның тарихи орындарына «Ақбауыр», «Аблайкит» (қалмақ қорған) барып қайтты.
Жаз кезінде  «Болашақ» сауықтыру  лагерінде Қасым Қайсенов ауылындағы балалар шығармашылық үйінің ұжымы жұмыс жасады. Педагогикалық ұжымда тәрбие жұмысының жоспары жасалды. «Болашак» лагерінің қызметін талдау нәтижесі , барлық тапсырмалар орындалғанын көрсетті. Лагерьдегі ауысымдар  жарақатсыз және апаттарсыз болды.     Алайда, шығармашылық үйдің педагогикалық мамандарының лагерде жұмыс жасау тәжірибесі болмағандықтан аудан әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша лагерге мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтары тәрбиеші міндеттерін атқаруға шақырылды.  Тәлімгерлер қызметін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж студенттері атқарды. Биылғы жаз кезінде «Болашақ» сауықтыру лагерінде көгалдандыру , аббаттандыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізілді. Сол себептен алдағы жазғы демалыста аудандық «Болашақ» сауықтыру лагерін аббаттандыру және көгалдандыру үшін білім бөліміне қарасты мекемелермен бірлесе жүзеге асырылуы жоспарда. Себебі ол лагерімізде біздің ауданның мектептерінде білім алатын оқушылар демалады.  Жоғарыдағыны мәлімдей келе төмендегідей ұсыныс жасалады:

1. Жазғы демалысты сапалы ұйымдастыру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру , санитарлық эпидемиологиялық және өртке қарсы шаралары уақытылы сапалы атқарылуы.


2. «Болашақ» лагеріне ақылы түрде балаларды қамту үшін ата-аналар арасында сапалы жұмыс жүргізу.









Ұлан ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру білім беру саласының ең басты мақсаты. Ұлан ауданы бойынша Балалардың сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 220 «2016-2018 жылдардың жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Аудан бойынша 1-10 сынып оқушылар саны – 4319. Жалпы жазғы демалыспен 2017 жылы - 3824 (88,2%) бала қамтылады. 2016 жылы 3671 (87,2%) бала қамтылған.

2017 жылы жазғы демалысыты ұйымдастыру үшін «Жалпыға бірдей оқу» қорынан 11 млн. 501 мың. теңгеқарастырылған. Оның ішінде:


- 9 млн. 220 мың теңге «Болашақ» сауықтыру лагеріне;
- 2 млн. 281 мың теңге мектеп жанындағы лагерлерлерге.

Ауданда жалпы 28 сауықтыру лагері жаз мезгілінде жұмыс жасайды:


- 1 қала сыртындағы мемлекеттік «Болашак» лагері;
- 27 мектеп жанындағы тамақпен қамтылған легрьлер.

Әр жыл сайын әлеуметтік қорғалмаған балалардың және «қауіп-қатер тобындағы» балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау туралы кешенді жоспардың орындалу аясында, барлық балалар 100 % ауданның сауықтыру лагерлерінде жазғы демалыстарын өткізеді.

Барлығы 906 оқушы, олар:
- «Болашақ» – 360 бала;
- мектеп жаныныдағы лагерлерде – 546 бала.

Олардың ішінде:


- азқамтылған отбасындағы балалар саны – 318;
- көпбалалы отбасындағы балалар саны – 215;
- жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар – 50;
- мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар – 279;
- қамқорлықта, патронаттық тәрбиедегі балалар – 11;
- ішкі істер бөлімінде есепте – 17;
- мектепішілік бақылауда – 16.

Аудан бойынша барлығы 1292 бала жұмыспен қамтылады. Жұмыспен қамтылу барлық 32 мектепте ұйымдастыру көзделуде:


- 85 көгалдандыру бригадасы құрамында 702 оқушы;
- 11 жөндеу бригадасы құрамында 150 оқушы;
- 60 еңбек бригадасы құрамында 422 оқушы 24 мектепте ұйымдастырылады;
- 1 мектеп орманшылары тобы құрамында 15 оқушы (Сейфуллин атындағы орта мектеп) қамтылады деп жоспарлануда.

Облыс бойынша «Мектеп топтарымен алмасу» жобасы аясында жаз айларында аудан балалары басқа аудандарға туристтік, өлкетану саяхаттарына барып пайдалы деректер алып жақсы әсерлермен оралады. Ол жоба жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға көп әсер тигізуде.


2017 жылдың жаз айларында Абай атындағы, Привольное, Гагарин орта мектептерінің 56 оқушылары Абай ауданына, Семей қаласына саяхатқа шығады. 900 бала Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне және Өскемен қаласының этноқалашығын 500 оқушы көреді. Барлығы саяхатқа аудан бойынша 1456 бала шығады.
Лагерьдің штаттық кестесі «Балалар шығармашылық үйі» КҚММ-нің қызметкерлерінен құралады. «Болашақ» лагерінде келесі кесте бойынша демалады:



Мерзімі

Бала саны

1.

07.06-11.06

60

2.

13.06-22.06

60

3.

22.06-01.07

60

4.

01.07-10.07

60

5.

10.07-19.07

60

6.

19.07-28.07

60

7.

28.07-06.08

60

8.

06.08-15.08

60

Сауықтыру маусымның басында 7-13 маусым аралығында «Болашақ» лагерінде ең алғаш рет 8 сынып оқушыларына арналған құқық бұзушылықты алдын алу бойынша іс-шара өткізілді. Жаз айларында «Болашақ» лагері аудан балаларын ақылы түрде қабылдайды. 10 күнге 20000 теңге қажет. Осындай тәжірибе 2016 жылы бастау алған. 2017 жаз айына ақылы түрде демалуға 34 бала ниет білдіруде.
1. «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ – 21;
2. «Герасимовка орта мектебі» КММ – 5;
3. «Н. Лут атындағы орта мектеп» КММ – 2;
4. «Привольное орта мектебі» КММ – 4;
5. «Б. Ахметов атындағы орта мектеп» КММ – 2.
Ниет білдірушілерді үгіттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ауданымыздың «Болашақ» лагерінде жаз маусымына балаларды қабылдауға тиісті шаралар атқарылды. Лагерь ғимаратында кезекті жөндеу жұмыстары өткізілді. Лагерь аумағын көгалдандірілді. Балаларды тамақтандыру үшін балалардың жас ерекшелігі ескеріле отырып арнайы келешекті ас-мәзірі жасалынып, Ұлан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бекітілді. Балалардың тамақтан жүзеге асыру үшін «Горлова Н» ЖК-мен «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК 2017 жылдың 11 қаңтар күні келісім шарт жасады.

Жазғы демалыстардың басталуына байланысты, балалардың мектеп жанындағы лагерлерде, сауықтыру лагерлерінде бос уақыттарын өткізу мүмкіндіктері пайда болды. Лагерлерде балалармен жолда жүру және жағажайлардағы ереже бойынша оқытулар өткізілді. Мектептерде балалардың жағажайларда, жол үстінде, көшелерде жүру ережелерін нығайту үшін тақырыптық векториналар, жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі балалар үшін өте маңызды. Су жағажайларындағы қауіпсіздік бойынша ескерпелер таратылды және ақпараттық стендтерге ілінді.


Ұлан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманының қатысуымен «Жазғы демалыс орындарында және мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Балалар жарақаты» тақырыбына аудандық семинары 20 сәуір күні өтті. Оған аудан мектептерінен медбике, аспаз және асхананы жалға алушылар қатысады
Суда қайғылы жағдайға ұшыраудың алдын алу мақсатында 3 жүзу инструкторы облыстық суда құтқару орталығында арнайы курс өтіп тиісті құжатын алды. 12 мамыр күні «Болашақ» лагеріндегі балалардың суға шомылатын жері арайы тексерудед өтті.
«Болашақ» лагерінің ұжымымен жағажайда және тауда жүру қауіпсіздігі бойынша нұсқаумалық жүргізілді. Лагердің тәрбинлік жоспарына сәйкес барлық маусымда балалрмен өрт, жол, су қауіпсіздігі бойынша тақырыптық векториналар, жарыстар өткізіледі.

2017 жылы бөлінген квоталар бойынша ақпарат



Мектеп атауы

Мектеп жанындағы лагеріне бөлінген квота саны

«Болашақ» сауықтыру лагеріне бөлінген квота саны

1

«Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ

10

10

2

«М.Таенов атындағы орта мектеп» КММ

14

4

3

«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ

11

6

4

«Аманжолов атындағы орта мектеп»КММ

30

8

5

«Герасимовка орта мектебі» КММ

10

10

6

«Украинка орта мектебі» КММ

9

2

7

«Б. Ахметов атындағы орта мектеп»

10

5

8

«Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектеп» КММ

11

6

9

«Т. Тохтаров атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

10

4

10

«Таврия орта мектебі» КММ

20

8

11

«Пролетарка негізгі мектебі» КММ

20

2

12

«Тройницкое орта мектебі» КММ

15

2

13

«Сейфуллин атындағы орта мектеп» КММ

4

5

14

«Азовое орта мектебі»КММ

10

3

15

«Гагарино орта мектебі» КММ

4

6

16

«Привольное орта мектебі» КММ

10

13

17

« Н. Лут атындағы орта мектеп» КММ

11

2

18

«Амангельды атындағы негізгі мектеп» КММ

12

10

19

«Башиков атындағы негізгі» КММ

13

5

20

«Бозанбай орта мектебі» КММ

30

10

21

«Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

30

45

22

«А. Пушкин атындағы орта мектеп» КММ

40

40

23

«Ғ. Салыков негізгі мектеп» КММ

10

15

24

«Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектеп»КММ

10

10

25

«Асубулақ орта мектебі» КММ

25

25

26

«Айттыков атындағы мектеп –балабақша кешені»КММ

40

25

27

«Каменка орта мектебі» КММ

50

0

28

«Украинка орта мектебі» КММ

20

0

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет