2018 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары 2018 жыл Кіріспе



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/6
Дата26.06.2018
өлшемі0.76 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің

2018 – 2020 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ









2018 жыл

  1. Кіріспе

Жамбыл ауылдық округі 1968 жылы ұйымдастырылған. . Ауылдық округтің аумағы ауыл шаруашылығы жерімен қоса есептегенде 120 411 га жерді құрайды. в Округтің құрамына бес елді мекен кіреді: Жамбыл, Берел, Маралды, Шубарагаш, Рахмановские ключи ауылдары. Тұрғындардың жалпы саны 1057 адам, оның ішінде еңбекке жарамды тұрғындар саны -- 577 адам. Ауылдық округтің аумағында Жамбыл және Берел ауылдарында екі орта мектептер орналасқан, Жамбыл, Берел және Шубарагаш ауылдарында үш фельдшерлік пункттер бар, Жамбыл и Берел ауылдарында екі ауылдық клуб және екі ауылдық кітапхана орналасқан. Ауылдық округтің аумағында 58 шағын шаруақожалықтары , 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Ауылшаруашылығы құрылымдарының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.

  1. Сараптама



    1. Ауылдық округтің экономикасы мен ауыл шаруашылығы

Ауылдық округтің негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Округтің аумағында 58 шағын шаруақожалықтары орналасқан. Ауылшаруашылығына жарамды жерлердің жалпы ауданы 33353 гектар, оның ішінде ; егістік – 1526 га, жайылым -- 26383 га , шабындық – 2450 га.

Округтің ауылшаруашылық саласы ет, сүт, жұмыртқа, қымыз, жүн және панты өнімдерін өндіреді.

Ауылдық округте 2957,5тонна сүт, 658,9 тонна ет, 8,9 тонна жүн, 340 мың дана жұмыртқа және 258 кг панты өндіреді.

Ет және сүт өнімдерінің тежейтін факторы - - төменгі рентабельділік. (ет және сүт өнімдерінің арзан бағасы, жем-шөптің қымбатшылығы, сату базарының алыстылығы) .

Сонымен бірге, ауылдық округте марал шаруашылығы дамыған. 2017 жылы өндірілген панты өнімінің жалпы көлемі 200 кг құрады. Бұл салада да негізгі проблема өндірілген өнімді өткізетін каналдың жоқтығы болып есептеледі.

Жамбыл ауылдық округі бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында 17 жеке кәсіпкер тіркелген.Халықты сауда қызметімен 8 дүкен қамтамасыз етеді. Бұл дүкендердің барлығы да күнделікті тұтыну заттарымен сауда жасайды.Дүкендерде азық-түлік тауарларының толық ассортименті және халық көптеп тұтынатын тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен бірге Берел ауылында шағын наубайхана жұмыс істейді.

Ауылдық округтің аумағында кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау өте жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры , 2017-2021 жылдарға арналған жалпы кәсіпкерлік пен өнімді еңбекті дамыту бағдарламалары жұмыс істейді.

Жамбыл ауылдық округінің экономикасы , туризм саласы және жол бойындағы кәсіпкерліктің дамуына округтің жер жағдайы мен табиғатының әсемдігі зор роль атқарады.



Жамбыл ауылдық округінің экономикалық дамуын тежейтін негізгі факторлар мыналар:


  1. Ет және сүт өнімдерінің тежейтін факторы - - төменгі рентабельділік. (ет және сүт өнімдерінің арзан бағасы, жем-шөптің қымбатшылығы, сату базарының алыстылығы) .

  2. Ауылшаруашылығы саласында кадрлардың жетіспеушілігі – еңбекақы деңгейінің төмендігі, тұрмыс жағдайының нашарлығы, облыс орталығынан шалғайлығы кадрлардың келуіне кері әсерін тигізеді.

  3. Фермерлер ассоциациясының жоқтығы, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірігіп өнімдерін өткізуге кедергі болады. Ассоциацияның жоқтығы фермерлердің өз бетінше өздерінің проблемаларын шешуге ынтасының жоқтығынан туындайды, бұл жұмысты мемлекеттің шешуіне қалдыру деп түсінуге болады.

  4. Ауылшаруашылығы өндірушілеріне өнімдерін өткізетін болашағы бар базар туралы ақпараттың жетіспеушілігі, өнімдерді өткізуге қолдаудың жоқтығы да кері әсерін береді.

  5. Мал азығы мен асыл тұқымды мал сатып алуды ұйымдастыру туралы ақпараттың жетіспеушілігі .

  6. Ет және сүт өнімдерін сақтайтын мұздатқыштар мен ғимараттың жоқтығы .

Ауылдық округ экономикасы дамуының болашағы мыналар ::

  1. Туристік кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде экологиялық және этнотуризмді дамыту.

  2. Ет өнімдерінің тиімділігін көтеру мақсатында қайта өңдеу жұмысын

дамыту.

  1. Өнім өндірушілердің ассоциациясын ұйымдастыру.

  2. Ауылдық округтің жоғарғы туристік мүмкіндіктерін ескере келе, жол бойы сервисін дамыту.

  3. Ауылшаруашылығы саласына кадрларды тарту үшін мектептерде ауыл еңбегінің дәрежесін көтеру , мамандық таңдау бойынша бағыт беру.


SWOT-сараптама


Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте сапасы жоғары ауылшаруашылығы өнімдері өндіріледі

Сату –өткізу орындарының жоқтығы.

Ауылдық округтегі табиғат жағдайларының жоғарылығы (топырақтың орташа құнарлығы)


Ауылшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі

Мамандандырылған ауылшаруашылығы (ет және сүт малшаруашылығы, маралшаруашылығы)

Шикізатты сатып алу, құрал --жабдықтарды алу, өнімдерді өткізу логистикасының жоқтығы

Экологиялық таза өнім

Тәуекелді егіс аймағы

Туристік және табиғи кәсіпкерлікті дамыту мүмкіншілігі

Өнім өндірудегі жоғарғы шығын.

Ауыл шаруашылығының барлық саласын дамыту мүмкіндігі.

Өнімді өткізетін өндірушілердің ассоциациясының жоқтығы

Шағын және орта кәсіпкерліктің әлсіз дамуы дамуы




(қызмет көрсетусаласының дамымауы)

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

Өнім өндірушілердің ассоциациясын ұйымдастыру.

Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдаудың төмендеуі.

Мемлекеттік қолдау мен бағдарламалар арқылы ауылшаруашылық техникалырын жаңалау

Туристік инфраструктураның дамуына қаражаттың жетіспеушілігі

Ауылшаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының болуы

Ауылшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі

Туристік кәсіпкерліктің даму мүмкіншілігі










    1. Әлеуметтік инфраструктура және қызметтері

Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда , базалық қызметтерді көрсетеді. Ауылдық жерге сай, әлеуметтік- тұрмыстық және әлеуметтік- мәдени инфрақұрылымы бір деңгейде дамыған, қалалық жермен салыстырғанда төмен деңгеймен сипатталады. Ауылдық округте 1057 адам тұрады , құрамына 5 ауыл кіреді.

Білім саласы

Округте 2 орта мектеп бар . Ауылдық округ бойынша оқушылардың саны 172 баланы құрайды, оның ішінде: 80 бала – Жамбылда , 92 бала – Берелде . Мектептерде 48 ұстаз білім береді. Мектептерде асханалар жұмыс істеп тұр. Жаз кезінде балаларға жазғы сауықтыру демалыс алаңдары ұйымдастырылады.

Жақын маңда орналасқан Кайынды, Акмарал, Мойылды, Чингистай, Шубарагаш ауылдарынан мектепке оқушыларды мектеп миниавтобусымен әкеліп --апару жолға қойылған.

Мектеп жасына дейінгі бөбектер үшін мектеп жанында 50 орындық 2 мини орталық жұмыс істейді.

Мектептер мен мини-орталықтардың оқушыларды қабылдауға мол мүмкіншілігі бар. Бүгінгі күнге мұғалімдердің жетіспеушілігі жоқ.

Білім беру саласының негізгі мәселесі оқу құрал-жабдықтарын , кабинеттерді жаңалау және жоғарғы жылдамдықтағы интернет желісін тарту. Бұдан басқа болашақта мамандар құрамын жаңалау мәселесі туындауы мүмкін. Бала туу көрсеткішінің төмендеп кетуі және жастардың тұрақтамауы мектептің жабылу қаупін тудырады.



Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық округтегі денсаулық сақтау мекемелері --Жамбыл, Берел және Шубарагаш ауылдарында орналасқан фельдшерлік пункттер. Медициналық қызметті ауылдық округ бойынша 3 медқызметкерлер атқарады.Бұдан бөлек медициналық қызметті Жамбыл ауылынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Катон-Карагай ауылындағы № 2 аудандық емхана көрсетеді. Медициналық құрал-жабдықтар жаңалауды қажет етеді.



Спорт, мәдениет демалыс .

Спортық инфрақұрылым – бұл мектептің базасында орналасқан спортзалдар мен спорт алаңдары,спортпен айналысушыларға қызмет көрсетеді.

Жамбыл және Берел ауылдарында орналасқан ауылдық клубтарда мемлекеттік мейрамдарға арналған іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, сонымен қатар осы клуб ғимараттарында ауылдық кітапханалар да орналасқан. Басқа елді мекендерде клубтар жоқ.

Бос уақытты өткізу- демалыс инфрақұрылымы жетілмеген.

Спорт және мәдениет салаларының негізгі мәселесі бұл ескіріп кеткен материалдық- техникалық база және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің төменгі еңбекақысы мен мамандардың жетіспеушілігі.

Мәдениет және бос уақытты өткізу бойынша ауылдық клубтар мен мектептердегі спортзалдардың жұмысын жандандыру болашағы бар шара болып табылады, қазіргі уақытта толық мөлшерде жұмыс жасамайды.



Әлеуметтік қызмет және қамтамасыз ету

Ауылдық округте тұрғын үй мәселесі ауылдық жердің жағдайымен сипатталады. Барлық тұрғын үйлер жеке меншікте , пеш арқылы жылытылады, ауыз сумен қамтамасыз ету көшеде орнатылған колонкалар арқылы жүзеге асады.

Ауылдық округте жұмыссыздардың деңгейі өте төмен, 2017 жылы небары 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, 231 адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер. «Дипломмен -- ауылға» бағдарламасы бойынша 1 жас маман жұмыс істейді. Әкімшілік тарапынан барлық көмек көрсетілді. Сонымен бірге, округ бойынша жұмыс орындарының жетіспеушілігі байқалуда.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті ауылдық округке бекітілген учаскелік полиция инспекторы атқарады.

Ауылдық округтің әкімшілігі тұрғындарға бір мемлекетік қызмет көрсетеді. - « Жеке қосалқы шаруашылығы бар екені туралы анықтама» беру. Оған қоса «Мемлекет меншігінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы», «18 жасқа толмаған балаларға арналған мемлекеттік көмек тағайындау туралы», « Адрестік әлеуметтік мемлекеттік көмек тағайындау» бойынша құжаттарды қабылдау жұмысын жүргізеді.

Негізгі мемлекеттік қызметті Катонқарағай ауылында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.



Ауылдық округ бойынша 3 отбасы аз қамтылған отбасылардың қатарына жатады. Округтің аумағында 32 мүгедек тұрады.

Әлеуметтік салада негізгі мәселелер мыналар:

  1. Ауылдық округке жастардың келмеуі, қызықпауы себебі – тұрғын үй жағдайының нашарлығы, жұмысқа орналасудың қиындығы және еңбекақының өте төмен болуы.

  2. Мәдени-спорт саласындағы материалдық техникалық базаның тозығының жетуі.

  3. Халықтың көшіп кетуі әлеуметтік саланың мүмкіншілігін шектеу қаупін тудырады.

  4. Бос уақытты өткізу- демалыс жағдайының жоқтығы.

  5. Әйелдерге арналған жұмыс орындарының жетіспеушілігі.

  6. Төменгі еңбекақы.

Ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымы дамуының болашағы:

  1. Мәдени және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жақсаруы.

  2. Табиғат және географиялық жағдайды ескере келе, бос уақытты өткізу- демалыс саласының дамуы.

  3. Жастарды ауылға тарту, әлеуметтік және тұрмыс жағдайын жақсарту.


SWOT-сараптама


Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Білім

Жоғарғы мамандандырылған кадрлардың болуы

Халықтың үздіксіз көшіп кетуі

Оқушылар санын көбейтуге мектептердің мүмкіншілігінің болуы

Материалдық- техническалық базаның ескіруі

Оқытудың жоғарғы тиімділігі мен оқу сапасының мықтылығы

Зейнеткерлікке шыққан ұстаздардың орнын басатын жас мамандардың жетіспеушілігі

Қолжетімді тамақтану

Интернетжелісі жылдамдығының төмендігі

Балаларды таситын көлік құралының болуы

Мектептерді күрделі жөндеуден өткізілмеуі

Өзіндік мектеп ғимаратының болуы

Асхананың жалға алынуы тамақ бағасын өзгертуге кері әсері тигізеді

Орта мектептердің ағымдағы жөндеуден өткізілуі.




Жақсы байланыс торабы мен интернет желісінің болуы




Қосымша тегін білім берудің ұйымдастырылуы




Жаңа мектеп автобусының болуы




Денсаулық

Әр ауылда фельдшерлік пунктердің болуы.

ФАП ғимаратарының болмауы

Округте жас мамандардың жұмыс істеуге қызығушылығы

Медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығы




Дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігінің болуы




Қаржыландырудың жетіспеушілігі

Мәдениет және демалыс

Кітапхананың бай кітап қоры

Шығармашылық мамандарының тапшылығы

Кітапхана ақпаратық қызмет орталығы

Демеушілік қолдаудың тапшылығы




Кітапханада балаларға арналған кітаптардың аздығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет