2018-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан Облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің кешенді даму жоспары Кіріспе



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/5
Дата22.04.2019
өлшемі0.58 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5


"2018-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан Облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің кешенді даму жоспары

1.Кіріспе

Жаңғызтөбе кенті аудан орталығынан 30 км қашықтықта орналасқан, облыс орталығынан 140 км. Кент - 1930 жылы құрылды. Жаңғызтөбе кентінің құрамына Шуақ ауылы мен 10 айрық кіреді. 2018 жылдың 01 қаңтарында халықтың жалпы саны - 4 721 адам құрады, оның ішінде кентінде - 3101 адам тұрады, Шуак ауылында - 1588 адам, 10 айрықта – 32 адам. Экономикалық белсенді халық саны - 2 500-ден астам адам құрайды, оның ішінде өнеркәсіптік өндірісінде – 7 адам, бюджет саласында – 952 адам, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары – 155 адам, студенттер -186, өзін өзі жұмыспен қамтылғандар – 477, үй шаруасындағы әйелдер - 274, жұмыссыздар - 3, өзге де мекемелерде – 133. Халықтың этникалық құрамы: қазақтар -4 538 адам, орыстар - 106 адам, басқа ұлт өкілдері - 78 адам, 2017 жылы тұғандар адам саны – 72, қайтыс болғандар - 25 адам. Халықтың табиғи өсімі – 47 адам. Келгендер саны – 113 адам, кеткендер – 158 адам.

Климат күрт континентті, ауа температурасы үлкен амплитудасы бар тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық ауытқуларымен, қатты желдерімен сипатталады. Округ аумағы - 83,2 мың шаршы км. тең. Кент республикалық маңызы бар "Өскемен - Алматы" автожолының бойында орналасқан, сондай-ақ кент арқылы теміржол өтеді.

2. Талдау

2.1 Экономика және ауыл шаруашылығы

Кәсіпорындар

Өндірістік қызметін 4 кәсіпорын жүргізеді.

"Жангиз мұнай өнімдері" – ЖШС- тің негізгі қызметі – жанар жағар май сақтауға және көтерме бағамен сату.

ЖШС "Теньши Trs" бетон, гипс және ұқсас бұйымдармен көтерме сауда жасайды. ЖШС аумағында темір жол тұйығы орналасқан.

ЖШС "KazLime Industries" әк тас өндірумен айналысады.

РМК "Еңбек –Өскемен" № 110 филиалы Шуақ ауыл тұрғындарын электр энергиямен, сумен қамтамасыз етеді және Шуақ ауылында орналасқан үш түзеу мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ережелеріне сәйкес, кәсіпорын құрылыс - монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын, сотталғандарды азық түлік пен қамтамасыз етеді.

«Баулюкс» ЖШС- нің филиалы бентонит балшығын тасымалдаумен айналысады.

2.1.6 Инвестициялар

Аудан және басқа да аймақтарды тас көмірмен қамтамасыз ету мақсатында «Разий» ЖШС-і өз меншігіндегі темір жол тұйығында әлеуметтік (бағасы төмен) көмір әкелу жоспарлануда, жобаның құны – 75,0 млн. теңге.

«Алтайские минералы» ЖШС-і бентонит балшығын (құрылыс материал) өңдейтін шағын зауыт салуды жоспарлап отыр, жобаның құны 80,0 млн. теңге.

«Транс - Петролиум» ЖШС-і- теміржол тұйығын және қоймалар құрылысы салу жоспарлануда. Жоба құны– 20,0 млн. теңге.

2018 - 2019 жылдары күн электр станциясының құрылысы жоспарланған, жобаның бастамашысы - ЖШС "Жангиз Солар", жобаның құны - 17 млрд. теңге.

Сондай-ақ, 2018 - 2020 жылдары жел станциясының құрылысы жоспарланған, бастамашысы - ЖШС "Жарма-Энерджи", жобаның құны - 25 млрд. теңге. Осы жобаларды іске асыру барысында, тұрақты жұмысқа 50-ден астам адам жұмысқа орналастыру көзделуде.



2.1.5 Мемлекеттік мекемелер және өзге де ұйымдар

Округте 3 - әскери бөлімі ( «Ә/Б 47007» ММ-сі, «Ә/Б 6699» ММ-сі, «Ә/Б 2544" ҚР ҰҚК ММ-сі ), 3 - түзеу мекемесі ("ОВ 156/17 " РММ-сі (сотталған адам саны -365), "ОВ 156/18" РММ-сі(сотталған адам саны -867), "ОВ 156/21"РММ-сі (сотталған адам саны -259), "Қазгидромет" РМК-нің, "Қазтелерадио" АҚ-нің, "Қазақтелеком" АҚ-нің, «ЛТҚ-62», "Транстелеком" АҚ-нің, "Қазақстан Теміржолы" АҚ-нің, АҚ "ҚТЖ - Жүк тасымалдары" филиалдары орналасқан.

«№ 18» кешкі мектебі ММ- сі " (оқушылар контингенті – сотталған 52 адам ), «№ 21» кешкі мектебі ММ- сі (оқушылар контингенті – сотталған 21 адам), "№ 1 Жарма колледжі" КММ- сі (білім алушылардың саны 75 адам) түрлі мамандықтар бойынша оқыту қызметін жүзеге асырады.

Кентте "Ветеринариялық қызмет" КМК-нің ветеринарлық пункті қызметің атқарады.

Кент Әкімің аппаратында 12 адам жұмыс істейді, (оның ішінде -8 мемлекеттік қызметкерлер).

Кәсіпкерлік.
Шағын және орта бизнес саласы ең қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады, сондай-ақ кент экономикасына да үлкен әсер етеді.

Кент аумағында 62-і жеке кәсіпкер тіркелді.

38 – дүкен жұмыс істейді, 2 - жанар май құю станциясы, 1 дәріхана,

3 - наубайхана, 1 – жол бойындағы дәмхана мен қонақ үй, 1 - мейрамхана, 6 - қоғамдық тамақтану пункттері (кафе, асхана), 2 - тойхана, 2 - қоғамдық монша, тігін цехы мен етік шеберханасы, фото - салон, баспахана, шиномонтаж, автобөлшектер дүкені, көкөніс қоймасы, «ОВ 156\21» мекеменің аумағында наубайхана ашылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында кент Әкімдігі жеке кәсіпкерлермен азық-түлік бағасының үстемесі 10 пайыздан артық қоспауына меморандум жасасты.

Жастардың өз бизнесін ашу белсенділігі байқалады. Мәселен, 2017 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша - 25 адам оқытылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа - 17 адам орналастырылды. 2018 жылға «Жұмыспен нәтижелі қамтуға» бағдарламасы шеңберінде 13,0 млн. теңгеге ірі қара мал өсіруге 3 адам- ниет білдірді және мал бордақылау алаңын ашуға - 4,0 млн. теңге.

SWOT- талдау


Күшті жағы

Осал жағы

1.ШОБ субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;

2. Ауылдық кәсіпкерлікті белсенді дамыту;

3.Әкімшілік пен ШОБ арасында әкімшілік кедергілерді жою;

4. Сауда көлемінің оңды динамикасы және тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі;

5. Әр түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалардың құрылған мониторинг жүйесі.


1. ШОБ субъектілерінің меншікті айналым қаражаттарының және кепілдіктің жеткіліксіздігі;

2. Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығы төмен, білікті кадрлардың тапшылығы;

3.Округтегі сауда секторын инвестициялары төмен;

4.Қазіргі заманғы сауда пішімдерінің үлесі төмен;

5. Электрондық сауда дамымауы.


Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1.Бизнеске 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" қаржылық қолдау бағдарламасы шеңберінде бизнесті дамыту, жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлік бағытталған халықты өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкелікке тарту;

2. Көршілес аудандардың шағын және орта кәсіпорындар серіктестігі

3. Тиісті белгілі бір талаптарға сәйкес емес сауда объектілерін пайдалануды тыйым салу.


1.Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық ставка;

2. Бәсекелестіктің күшеюі;

3. Сауда нарығында көлеңкелі тауар айналымы өсуі.


Саланың проблемалары:

1) Қазіргі заманғы сауда пішімдері үлесі төмен;

2) ШОБ субъектілерінің меншікті қаражаттарының айналымы және кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;

3) ШОБ-тың даму деңгейі жеткіліксіз;

4) Кәсіпкерлердің теориялық дайындығы төмен;

5) ШОБ-тін кооперациясы мен мамандану өкілдерінің жеткіліксіздігі.


2.1.2 Ауыл шаруашылығы
Округ аумағында 7 шаруа қожалығы қызметін жүзеге асырады, ауыл шаруашылығының жер көлемі- 9 621,2 га, мал сою пункті- 2.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет