2018 жылдың 1-тоқсанындағы бюджеттің атқарылу қорытындысы Ақмола облысының 2018 жылғы бюджеті 213,1 млрд



жүктеу 29.25 Kb.
Дата11.11.2018
өлшемі29.25 Kb.


2018 жылдың 1-тоқсанындағы бюджеттің атқарылу қорытындысы

Ақмола облысының 2018 жылғы бюджеті 213,1 млрд. теңгені құрады. Облыстық дотациялық болып табылады (түсімдер көлемінен өз кірістерінің үлесі 30%-ды құрайды). 2018 жылы республикалық бюджеттен 145,0 млрд. теңге қарастырылған бұл – субвенциялар, нысаналы ағымдағы трансферттер және даму трансферттері, бюджеттік кредиттер. Даму бюджеті 36,4 млрд. теңгені құрайды.

Облыстық бюджеттің көлемі 179,6 млрд. теңгені құрайды, бөлінген шығыстардың жалпы көлемінен ауыл шаруашылығына 36,9 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 21,9 млрд. теңге, білім саласына – 19,2 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 5,2 млрд. теңге бөлінген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 387-V Заңымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру мақсатында, жергілікті өзін-өзі дамыту аясында мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі - селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңызы бар қала бюджеттерін (бұдан әрі – ЖӨӨБ бюджеті) енгізу қарастырылған.


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыста 68 ЖӨӨБ бюджеттері дербес әрекет етеді. Шығыстар 19 бағыт бойынша жүзеге асырылып, оған 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Шығыстардың көп үлесі көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңызы бар қалаларда автомобиль жолдарының қызмет етуіне, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру мәселелерін шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға бағытталған.
Бюджеттің атқарылуы бойынша

2018.01.04 жағдай бойынша облыс бюджетіне салықтар мен төлемдерден 16 684,4 млн. теңге немесе жоспарға 119,2% түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен және а.ж. сәуірдегі жоспардан 2 995,0 және сәйкесінше 2 692,5 млн. теңгеге жоғары.

Облыстық бюджет бойынша 7,8 млн. теңгеге артығымен орындалған. 5 376,8 млн. теңге жоспары кезінде 5 384,6 млн. теңге немесе 100,1% түскен.

Өңірлер бойынша 8 616,0 млн. теңге жоспары кезінде 11 300,7 млн. теңге немесе 131,2% түскен, жоспардан асыра 2 684,7 млн. теңге өндіріліп отыр. Жоспарды Қорғалжын ауданынан (99,0%, 0,6 млн. теңге түспеген), басқа барлық өңірлер орындаған.


Бюджеттің шығыс бөлігі
Облыс бойынша бюджеттің шығыс бөлігін атқару 36 966,6 млн. теңгені және жоспарға 98,2%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1 пайыздық тармаққа төмен.

Игерілмеген 676,5 млн. теңгенің 537,5 млн. теңгені құрайтын көп бөлігі облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп, денсаулық сақтау, құрылыс, ішкі саясат басқармаларына тиісті.

Әкімшілердің игермеуінің негізгі себептері – әкімшілік ғимаратты салу бойынша жобаның түзетілуі, республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді кешіктіріліп алу, конкурстық рәсімдердің жүргізілуі, денсаулық сақтау мекемелерінің таратылуы.

Аудандық (қалалық) бюджеттер 139,0 млн. теңгені игермеген. Ақкөл, Есіл, Сандықтау аудандары, Көкшетау және Степногорск қалалары (100%), Атбасар, Бурабай, Жарқайың аудандары (99,9%) жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атқарудың төмен пайызымен игерілмеудің ең жоғары сомалары Қорғалжын - 97% (15,3 млн. теңге) және Целиноград аудандарында 97,6% (86,7 млн. теңге) белгіленген.



Екінші тоқсанға қойылған негізгі міндеттер:

1. жоспарды атқаруды қамтамсыз ету және кірістердің өсу қарқынын сақтап қалу

2. міндеттемелерді қабылдау бойынша жұмыстарды аяқтау

3. жоспарланған іс-шараларды уақытылы атқару



4. бюджет қаржысын тиімді игеруді қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет