2018 жылға арналған «ҮМЗ» АҚ инвестициялық жоспарлары



жүктеу 21.98 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі21.98 Kb.

2018 жылға арналған «ҮМЗ» АҚ инвестициялық жоспарлары


Көрсеткіш

Жоспарлы шығындар,

ҚҚС-сыз млн.теңге



«ҮМЗ» АҚ инвестициялары, барлығы

4 689,7

Оның ішінде:

- Қаржы инвестициялары



1 210,6

- Бейматериалдық активтер

35,9

- Күрделі жұмсалымдар

3 443,2

2018 жылы «ҮМЗ» АҚ 4689,7 млн. теңгені инвестициялауды жоспарлады. «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 28 желтоқсанындағы №16 шешімі 2018 жылға арналған «ҮМЗ» АҚ инвестицияларының жиынтық жоспары бекітілген.


Қаржы инвестициялары
Қаржы инвестициялары – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС және «Үлбі Конверсия» ЖШС жарғылық капиталдарына төленетін жарна. «ҮМЗ» АҚ басымдылықты жобаларының бірі зауыт базасында ядролық отын циклінің екі маңызды буыны табиғи уранның конверциясы және жылу бөлетін құрамаларды (ЖБҚ) өндіру болып табылады. ЖБҚ шығару бойынша жоспарды жүзеге асыру CGNPC қытай компаниясымен бірлесіп жүргізіледі. Нәтижесінже «ҮМЗ» АҚ заманауи, толықтай автоматтандырылған ядролық реакторларда жұмыс істеу үшін жоғары дәлділіктегі және асасенімді құрылмалар дайындауға мүмкіндік беретін жылына қуаты 200 тонна уран отынының өндірісі құрылатын болатыны ұйғарылған.

Ал аффинаждық жоспарға қатысты, оның мақсаты – канадалық технологиялар бойынша табиғи уранды өндеу бойынша экологиялық таза өндіріс құру.


Бейматериалдық активтер
2018 жылы «Автоматтандырылған үдерістер» ERP (Enterprise Resource Planning – кәсіпорынның ресурстарын басқару) жобасын енгізуіне жоспарланып отыр. Бұл «ҮМЗ» АҚ көлеміндегі жоспарлау, есептеу, бақылау және негізгі бизнес-үдерістерін талдау және бизнес есептерін шешу автоматтандыруға арналған корпоративтік ақпарат жүйесі. ERP-жүйесі «ҮМЗ» АҚ барлық бөлімдерін және функцияларын бірыңғай жүйесіне интегралдауға көмек береді. Осы жүйені енгізуі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформация бойынша жоспарлар портфеліне» кіреді (KAP08 «Автоматтандырылған үдерістерді енгізу»).
Күрделі жұмсалымдар
2018 жылы инвестицияның 92% «ҮМЗ» АҚ және оның еншілес ұйымы «Машзавод» ЖШС негізгі жұмсалымына және өндірістің мүмкін тоқтатылуы қауіпін барынша азайту, жөндеу шығындарын азайту, жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту мақсатында негізгі қаражаттарды сатып алу және құруға бағытталған капитал жұмсалымды құрайды. Инвестицияның қалған 8% - ресурстарды қалпына келтіру және ғимараттардың, құрылыстардың және жабдықтардың қолданыс сипаттамаларын жақсарту мақсатымен негізгі құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуге бағытталған.

Байланыс телефоны:



8 (7232) 29-82-08

8 (7232) 29-80-65


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет