2018 жылғы 4-ші тоқсанда өтетін Атырау облысының бюджетін нақтылау жобасына түсіндірме жазба



жүктеу 79.99 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі79.99 Kb.



2018 жылғы 4-ші тоқсанда өтетін Атырау облысының бюджетін нақтылау жобасына түсіндірме жазба
Қазіргі таңда облыс бюджетінің кіріс бөлігі 272,6 млрд.теңге құрайды.

Жергілікті бюджеттің есебінен салынып жатқан жобалардың ағымдағы шығындарына - 9 380,9 млн.теңге қосымша қаражат бөлу ұсынылады:



Оның ішінде білім беру саласы бойынша 1 620,4 млн.теңге келесі шығындарға бағытталады.

5 бала бақша құрылысы:

Индер ауданы С.Сейфуллин атындағы мектептің ескі ғимаратын бала бақша етіп қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау;

Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық бала-бақша құрылысын аяқтау;

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында 100 орындық бала бақша құрылысын аяқтау;

Жылыой ауданы Құлсары қаласы Береке ықшам ауданында 280 орындық бала-бақша құрылысын жалғастыру;

Жылыой ауданы Құлсары қаласы Мұрагер ықшам ауданында 280 орындық бала-бақша құрылысын жалғастыру.

4 мектеп құрылысы:

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында 424 орынға орта мектеп құрылысын жалғастыру;

Махамбет ауданы Еңбекшіл ауылында 80 орынға арналған мектептің негізгі кешенінің құрылысын жалғастыру;

Атырау қаласы Атырау ауылынан 600 орындық орта мектеп құрылысына жобалау сметалық құжаттамасының байламы;

Атырау қаласы 600 орынға арналған дарынды балаларға мектеп-интернатымен 300 орындық интернат құрылысына жобалау сметалық құжаттама жасақтау.

саз мектебі мен колледждер құрылысы:

Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 466 орындық өнер мектебі ғимаратының құрылысын жалғастыру;

Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы облыстық Кіші өнер Академиясына 250 орындық жалғама құрылысы және бассейнді 200 орындық хореографиялық зал етіп қайта жаңғырту;

Исатай ауданы Аққыстау ауылында 100 орындық жатақханасымен қоса 320 орындық кәсіптік лицей құрылысы;

Атырау қаласында қазақ-түрік лицейіне 250 орындық жатақхана құрылысы;

Атырау қаласы 150 орынға арналған жатақханасымен 420 орынға арналған мамандандырылған мұнай және газ колледжінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама жасақтау.

ағымдағы шығындар:

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облыс мұғалімдерінің іс-сапар шығындарына және іс-сапарға кеткен мұғалімдердің орнына қалған мұғалімдердің еңбек ақыларын төлеуге, білім беру нысандарының коммуналдық шығындарына, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шараларға, іс-сапар шығындарына және тағы да басқа шығындарға;

Лондон қаласына 6 оқытушыға жаратылыстану және ағылшын пәнінен стажировкаға бару үшін;

Д.Нұрпейсова атындағы халықтық музыка академиясының Германия елі Берлин қаласына концерттік бағдарламасының іс-сапар шығындарына;

басқа да ағымдағы шығындарға.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 76,9 млн.теңге:

Құрманғазы ауданы Орлы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын аяқтау;

Атырау қаласы орталық аурухана аумағында жаңа ғимарат құрылысына (мүрделер үшін) жобалау сметалық құжаттамасының байламы;

Индер ауданы Аққала ауылынан ФАП құрылысына жобалау сметалық құжаттамасының байламы.

Махамбет ауылындағы орталық емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

ағымдағы шығындар:

Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз етуге және басқа да шығындарға;

Махамбет ауылындағы орталық емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Әлеуметтік қорғау саласы бойынша 63,5 млн.теңге:

Әлеуметтік мәні бар аурулардың (туберкулездің) және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс – тіршілігі шектелген тұлғаларға жәрдемақы төлеуге және басқа да шығындарға;
Мәдениет және спорт салалары бойынша 2 900,7 млн.теңге:

3 мәдениет нысаны бойынша:

Жылой ауданы Құлсары қаласында мұражай құрылысын жалғастыру;

Атырау қаласында архив және кітапхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасының байламын жасақтауды жалғастыру;

Атырау қаласында Драмалық театрды қайта жаңғыртуды жалғастыру;

2 спорт нысаны бойынша:

Атырау қаласынан 3 спорт зал құрылысын жалғастыру;

Атырау қаласы жабық футбол манежі құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының ағымдағы шығындары:

Мемлекеттік тапсырыспен спорт саласы бойынша көрсетіліп отырған әлеуетті өнім берушілердің қосылған құн салық төлеушілердің тізбесіне қосылуына байланысты;

"Бейбарыс-Атырау" хоккей облыстық мамандандырылған спорттық клубы, "Атырау" кәсіпқой спорт клубы және Облыстық құрама командалардың іссапар және басқа да шығындарға;

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ағымдағы шығындары:

Облыстың кітапханалар қорын толықтыру үшін кітаптар сатып алуға;

Мәдени-көпшілік іс шаралар өткізуге, "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасы аясында өткізілетін іс шараға, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында іс -шаралар өткізуге, Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдық мерейтойын өткізуге;

Батыс Алашорда 100 жылдығына республикалық конференция өткізуге, Ибн Батутта жүріп өкен жолымен мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру 2 ші Халықаралық конференция өткізуге, мұражайларға жәдігер сатып алуға, мұражай жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстарына;

2018 жылдың 26-28 қараша аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық шараларын Атырау облысында ұйымдастыру және өткізу;

басқа да ағымдағы іс-шараларға;
Ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша 286,7 млн.теңге:

Жұмыртқалы құс шаруашылығына тағамдық жұмыртқа өндіргенге әр жұмыртқаға 2,2 теңгеден 40 000 000 дана жұмыртқаға субсидия беруге;

Қой малдарына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін асыл тұқымды аналық басқа әр басына 2500 теңгеден 27,2 мың басқа субсидия беруге;

Тауарлы шаруашылықтарға әр басына 1500 теңгеден 25 мың басқа субсидия беруге;

Индер, Исатай, Махамбет аудандарындағы суармалы егістік және жайылымдық жерлерін суландыруға;

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға;

Кәсіпкерлік басқармасы:

«МҚҰ «Атамекен-Атырау»» ЖШС-нің жарғылық капиталын қалыптастыру
73,5 млн.теңге (микрокредитная организация).


Сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 40,0 млн.теңге:

«Елді мекендердің бас жоспарлардың және қала құрылысы кешенді даму сызбасын дайындау» бағдарламасы бойынша Құлсары қаласы және Махамбет ауылының кейбір бөліктерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасақтау жұмыстары 80% орындалуына байланысты, аталған жұмыстарды аяқтауға;
Тұрғын үй және ИКИ бойынша 435,5 млн. теңге:

Махамбет ауданы Махамбет ауылында 60 пәтерлік көппәтерлі тұрғын-үй құрылысын жалғастыру;

Қызылқоға ауданында инженерлік-инфрақұрылым құрылысын жалғастыруға.

Газдандыру саласы бойынша 109,6 млн.теңге:

Махамбет-Жалғансай ауылдарының газ құбырларын қосу құрылысын жалғастыру;

Махамбет ауданы Көздіқара ауылын газбен жабдықтауды жалғастыру.

Атырау қаласы Жайық өзені арқылы өткелімен Еркінқала ауылымен Дамба ауылын қосушы жоғары қысымды газ құбырын салуды жалғастыру.

Электрлендіру бойынша 29,2 млн.теңге:

Махамбет ауданында құрылыс жұмыстарын аяқтап, теңгерімге беру үшін құжаттарын заңдастыру.

Сумен қамту саласы бойынша 20,0 млн.теңге:

Индер ауданы Қызылжар, Ақтан ауылдарындағы су жүйесінің құрылысын жалғастыру.

Өзге де нысандарға 121,7 млн.теңге:

Атырау қаласынан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын жалғастыруға.

Коммуналдық нысандар бойынша 225,5 млн.теңге:

Мақат ауданы Мақат ауылында кәріздік-тазарту имараты құрылысын жалғастыру;

Махамбет ауданы Махамбет ауылында кәріздік-тазарту имараты құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттама жасақтауды жалғастыру;

Атырау қаласында «Достық үйінің» құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақтауды жалғастыру.

Энергетика және коммуналдық-қаруашылық басқармасы бойынша ағымдағы шығындары 77,1 млн.теңге:

Заң фирмасының кеңес беру қызметтеріне Reed Smith (Кубикке қатысты);

Атырау-Ақпарат ғимаратының кабинеттерін жалға алу;

Нысандар бойынша жерге орналастыру жобаларын жасақтау;

Энергетика министрлігіне ай сайынғы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған газ беру жоспарын бекітуге қатысты жиналысқа қатысу үшін және қызметтік қажеттілікке байланысты басқа да министрліктерге іссапар және басқа да шығындарға;

Автомобиль жолдары бойынша 1 617,0 млн. теңге:

Аққала ауылының кірме жолын, ауылішілік жолдар және жаяу жүргінші жолдарын күрделі жөндеуді жалғастыру;

Махамбет ауданы Аққайың ауылының ауылішілік автомобиль жолын күрделі жөндеуді жалғастыру;

Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының ауылішілік автомобиль жолын тротуарымен қоса күрделі жөндеуді жалғастыру;

автокөлік жолдарын күтіп ұстауға;



Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 90,0 млн.теңге:

Құрманғазы ауданы елді мекендерін Қиғаш өзені суының басып кетуінен қорғау үшін бөгет құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру;

Төтенше жағдай және құқық қорғау органдары саласы бойынша 853,3 млн.теңге:

Индер ауданы Жарсуат ауылынан 1 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау;

"Котяевка-Рубеж" автомобиль жолында жол полициясының тұрақты бекетінің жаңа типтік үлгідегі ғимараты құрылысын жалғастыру.

Махамбет ауданы Махамбет ауылында әскерге шақыру пунктінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасының байламы;

Атырау қаласында қолданыстағы ғимаратты бұзып, 5 қатарлы әкімшілік ғимараттың құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру;

"Атырау-Индер" автомобиль жолында жол полициясының тұрақты бекетінің жаңа типтік үлгідегі ғимараты құрылысын жалғастыру;

"Атырау-Ақтау" автомобиль жолында жол полициясының тұрақты бекетінің жаңа типтік үлгідегі ғимараты құрылысын жалғастыру;

Атырау-Орал автомобиль жолында жол полициясының тұрақты бекетінің жаңа типтік үлгідегі ғимараты құрылысын жалғастыру;

Атырау қаласында милиция мектебі ғимаратын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама жасақтау;

Жол-патрульдәк полициясының стационарлық бекетінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау.

Мемлекеттік органдар бойынша 125,9 млн.теңге:

Қызылқоға аудан әкімдігінің әкімшілік ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;


Инвестициялық жобалардан үнемделген 787,1 млн.теңге қаражатты қысқартуға ұсыныстар түсті, оның ішінде:

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы - 98,6 млн.теңге;

Құрылыс басқармасы – 539,5 млн.теңге;

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 149,0 млн.теңге.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары негізінде ішкі өзгертулер және тағы басқа шұғыл шешуді талап ететін ағымдағы шығындар ескеріледі.

Қолдауларыңызды сұраймыз!


Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads -> upravleniya -> upr ekonomiki
upravleniya -> Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр аймағы елді мекендерінің кентішілік газ құбырлары желісінің құрылысы Қошалақ а., Асан а
upr ekonomiki -> Об утверждении Плана мероприятий
upravleniya -> Конкурс жариялайды Тапсырыс беруші «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»
upravleniya -> Жоба атырау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы
upr ekonomiki -> Об утверждении Плана мероприятий


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет