«2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»



жүктеу 49.94 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі49.94 Kb.

ӘОЖ 338.984 (574)
«2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны
Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А.Б.
2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылды.

Негізінен, дамыған елдерді жан басына шаққандағы табыс көлемімен, индустриалды дамуымен анықтайды. Дамыған елдерде дүниежүзі халқының 15 пайызы тұрады. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Дамыған елдердің санатына Австралия, Австрия, Бельгия, Ватикан, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Исландия, Ирландия, Израиль, Испания, Италия, БАӘ, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей жатады. 

«Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағдары елді жаңғырту тақырыбы болды. Қазіргі заманғы кезеңде сарапшылар жаңғыртудың екі кезеңін бөліп көрсетеді: бастапқы жаңғырту немесе экономиканың аграрлық түрінен өнеркәсіптік түріне ауысу кезеңі және ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруға байланысты қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту кезеңінде денсаулық сақтаудың тиімді жүйесіне, неғұрлым ұзақ өмір сүруге, сапалы білім беруге, тиімді және ашық институттарға, ақпараттық технологиялардың таралуына негізделген өмір сүру сапасын арттыру бірінші орынға шығады. Бұл кезең бойынша Қазақстанның дамыған елдерден артта қалуы шамамен 50 жылды құрайды.

Бүгінде отыздыққа кіретін дамыған елдер – негізгі және маңызды көрсеткіші ол жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі неғұрлым жоғары елдер. Жалпы ішкі өнім - мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Қазақстан бұл тұрғыда 50 орынға ие. Яғни, отыздықтан әлі алыстау. Төменгі кестеде ЖІӨ бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тізімі берілген (1 кесте).


Кесте 1

Жиынтық ішкі өнімі жоғары мемлекеттердің тізімі



2012-2014жж. ( көрсеткіш АҚШ долларда есептелінеді)



Мемлекет

2012

2013

2014

1.

Катар

149642

150309

145894

2.

Люксембург

88668

88050

90333

3.

Сингапур

74594

75949

78762

4.

Бруней

74396

75220

73823

5.

Кувейт

67131

72006

70785

6.

Норвегия

61648

63738

64363

7.

БАӘ

58917

60951

63181

8.

Швейцария

51578

52488

53977

9.

АҚШ

49746

51450

53001

10.

Гонконг (ҚХР)

49799

51009

52984

11.

Сауд Аравия

48163

50422

51779

12.

Бахрейн

45912

47361

49633

13.

Нидерланды

46309

46224

46440

14.

Австралия

42674

44215

45138

15.

Ирландия

45194

45757

44663

16.

Австрия

42813

43728

44402

17.

Германия

41730

42756

43475

18.

Швеция

41615

42428

43407

19.

Оман

45406

44460

43304

20.

Канада

41291

42259

43253

50.

Қазақстан

20626

21736

23038


Дереккөз:ХВҚ дерегі ЖІӨ адам басына шаққандағы 8 қазан 2014 ж. (ағыл.) IMF: GDP based on purchasing-power-parity (PPP) per capita GDP

Мамандардың қазіргі болжамдарына сәйкес, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін елімізге табиғи және адами ресурстарды, капиталды пайдаланудың, институционалдық ортаны және аумақтық дамуды жетілдірудің бағыттары туралы басты шешім қабылдау қажет.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> Қазіргі қазақ прозасы (Р. МҰҚанова) Бекқұлова А., Әбдір К.Ә


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет