21 баспасөз релизі қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және



жүктеу 35.51 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі35.51 Kb.


21 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және

төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы
2016 жылғы 2 тамыз Алматы қ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.

Заң Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ қолданыстағы банк практикасында туындайтын бірқатар мәселелерді реттеу мақсатында әзірленді.

Заңмен Қазақстан Республикасының мынадай Кодекстері мен Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне – төлем жүйелеріне, төлемдер мен ақша аударымдарына қатысушылардың төлем жүйелерінің жұмыс істеуі және төлем қызметтерін көрсету жөніндегі, сондай-ақ банктік қызмет көрсетумен және төлемдерді жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленеді;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық-процестік, Қылмыстық-процестік кодекстеріне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Нотариат туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған, банк шоттарындағы ақшаны, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті жағдайында енгізілген ақшаны алуға шектеуді бекіту бөлігінде;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына клиенттің білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банк шоттарындағы ақшасын өндіріп алуға және тыйым салуға шектеулер енгізу бөлігінде;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне клиенттің банк шотындағы ақшаға тыйым салу кезінде банк шотынан ақша алу туралы нұсқауларды орындау тәртібін жетілдіру жөнінде толықтырулар енгізіледі;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, Қылмыстық кодексіне, Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарын шетелдік қаржыландыру мониторингін енгізу және жауапты тұлғалардың және (немесе) құрылымдық бөлімшелердің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша алғаны туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін белгілеу бөлігінде;

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Ұлттық Банкке төлемдер мен ақша аударымдарын ұйымдастыру және реттеу, төлем жүйелерін және төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бөлігіндегі өкілеттіктер бекітіледі;

- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында банктік құпияға қатысты ақпаратты жария ету кезінде банктер мен уәкілетті органдардың электрондық өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітіледі, сондай-ақ банктердің электрондық ақша жүйелері операторларының капиталына қатысу мүмкіндігі көзделеді.

Заңды қабылдау нәтижесінде оң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар күтіледі, осыған байланысты Заңда азаматтардың мемлекет кепілдік беретін жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер түріндегі ақшасын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй төлемдерін қорғау құқықтары бекітіледі. Сондай-ақ білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша және нотариус депозиті талаптарымен ашылған банк шоттарындағы ақшаның сақталуын қамтамасыз етеді. Заң төлем жүйелері қызметінің және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу тәртібін сақтау үшін жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Заңда банктік қызмет көрсетуді жетілдіру және жазалардың әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан мемлекеттік органдардың нұсқауларын орындау тәртібін реттеу жөніндегі нормалар қамтылған.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 3302 497



e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет