«21 КҮн listerine®-ді қолдану» науқанының ережесі науқан атауы



жүктеу 94.98 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі94.98 Kb.

«21 КҮН LISTERINE®-ДІ ҚОЛДАНУ» НАУҚАНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ




1. Науқан атауы (әрі қарай – Науқан)

«21 күн LISTERINE®-ді қолдану»

2. Науқанды ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Атауы

«AdverSo (АдверСо)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Пошталық мекенжайы

Қазақстан Республикасы , Алматы қ., Баишев көш., 3а, 22-кеңсе

3. Науқанды өткізу әрекеті

Науқан мына Әрекет бойынша өткізіледі:

Тұтынушылық қасиеттеріне қанағаттанбаған Науқанға Қатысушыға Тауардың құнын қайтару.



4. Науқанды өткізу мерзімдері және жүлде қоры

4.1. Науқанды өткізудің жалпы мерзімі:

01.02.2017 ж. мен 30.05.2017 ж. аралығы.
4.2. 01.02.2017 ж. мен 31.05.2017 ж. аралығы (сатып алған күн чек бойынша анықталады) мерзімінде Қазақстан Республикасы аумағында Тауар сатып алу керек.
4.3. Ақшаны қайтару мерзімі 01.02.2017 ж. мен 10.06.2017 ж. аралығында жүзеге асырылады.


5. Науқан өткізілетін аумақ.

Науқан Ереженің 7-т. көрсетілген Тауарлар сатылатын ҚР аумағында өткізіледі.

6. Науқанға Қатысушыларға Ережелер туралы хабарлау тәртібі мен тәсілі.

Науқанға қатысушыларға хабарлау Науқан өткізілетін барлық кезеңде www.listerine.ru/21 жаһандық Интернет желісіне ережелерді орналастыру арқылы жүргізіледі.


7. Науқанға қатысатын Тауарларды сипаттау.

Науқанға қатысатын тауарларға Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған мына тауарлар жатады:

  • LISTERINE® Expert «Қызылиекті қорғау», 250 мл

  • LISTERINE® «TOTAL Care», 250 мл

  • LISTERINE® «Көк шай»», 250 мл

  • LISTERINE® Expert «Сараптамалық ағарту», 250 мл 

  • LISTERINE® «Жаңа піскен жалбыз», 250 мл

  • LISTERINE® «Жаңа піскен жалбыз», 500 мл

  • LISTERINE® «TOTAL Care», 500 мл 

  • LISTERINE® Expert «Тісжегіден қорғау», 250 мл




8. Науқандағы қайтару шарттары.

9. Жеке мәліметтерді өңдеу шарттары. 



8.1. Науқанға қатысу үшін Ереженің 4.2.-т. көрсетілген мерзімде Ереженің 7-т. көрсетілген көлемі 250 мл Тауардың 4 (төрт) данасын немесе көлемі 500 мл Тауардың 2 (екі) данасын сатып алып, сауданы растайтын кассалық чекті сақтап қою керек.

8.2. Науқанға қатысушы Тауардың сапасына қанағаттанбаған, атап айтқанда мынадай жағдайларда:

8.2.1 Тауар қаптамасында көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес тісті тіс щеткасымен және пастасымен тазалағаннан кейін 21 күн бойы күніне 2 рет үнемі шайған жағдайда тұтынушылық қаптамасында мәлімделген сипаттамасына (LISTERINE® өнімдерінің бәріне қатысты) сәйкес келмеген жағдайда;

немесе


8.2.2. Тауар қаптамасында көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес тісті тіс щеткасымен және пастасымен тазалағаннан кейін 21 күн бойы күніне 2 рет үнемі шайған жағдайда 7-тармақта көрсетілген (кез келген комбинацияда) өнімдердің бір немесе бірнеше түрін қолданған жағдайда 1 (бірінші) күні демді тазартпаған, 7 (жетінші) күні ауыз қуысын тазартпаған, 14 (он төртінші) күні тісті қатайтпаған және 21 (жиырма бірінші) күні тіс қағын азайтпаған жағдайда.
Ереженің 4.2.-т. көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Баишев көш., 3а мекенжайына Ереженің 7-т. көрсетілген мөлшері 250 мл Тауардың 4 данасын немесе мөлшері 500 мл Тауардың 2 данасын сатып алғанды растайтын анық әрі жақсы жазылған касса чектерінің көшірмесі бар, Тауарды сатып алғанды растайтын кассалық чегі бар 250 мл LISTERINE®-нің 4 бос құтысының немесе 500 мл LISTERINE®-нің 2 бос құтысының анық фотосуреті бар, www.listerine.ru/21 сайтында толтырылған және басып шығарылған, Қатысушы қол қойған, төмендегі мәліметтер көрсетілген анкетасы бар хатты жолдау керек:

- Аты-жөні*

- Туған күні*

- Қала коды көрсетілген байланыс телефоны*

- E-mail-і*

- Индексі көрсетілген нақты мекенжайы*

- Жеке куәлік №, ЖСН, кім берген, берілген күні*

- Қатысушының ҚР аумағындағы банктен ашқан шотының нөмірі, оған ақша қаражаты аударылуы мүмкін (Науқанды Ұйымдастырушы Тауарды сапасыз деп таныған жағдайда). Сондай-ақ банктің толық атауын, банктің мекенжайын, банктің корреспонденттік нөмірін, банктің БСН-ін;

- банктің ЖСН-ін* көрсету керек.

Және де мынадай сұрақтарға жауап беру керек:

- Ауыз қуысына арналған шайғышты бірінші рет сатып алдыңыз ба?*

- Әдетте, ауыз қуысына күтім жасау үшін қандай құралдарды қолданасыз және жиі қолданасыз ба?*

- Ауыз қуысын шаюға қанша уақытыңыз кетеді және жиі шаясыз ба? *

- Ауыз қуысын шаю мен мәселенің туындауы арасында қанша уақыт өтті? *

- Қандай тітіркену пайда болды (сипаттау керек)? *

- Тауардың дәл қандай қасиеттері іске аспады және сіз оны қалай бақыладыңыз? *

- Ауыз қуысына арналған LISTERINE® шайғышының несі ұнамады сізге, ауыз қуысына арналған LISTERINE® шайғышын сатып алуға жұмсаған ақша қаражатыңызды неге қайтарғыңыз келеді?
8.3. Хатты тапсырыс хат арқылы EMS курьерлік компаниясымен жөнелту керек.

8.4. Жоғарыда көрсетілген шарттарды ұстанған жағдайда Ұйымдастырушы Қатысушының 4 дана көлеміндегі Тауарды сатып алуға жұмсаған және пошталық шығынға кеткен ақшаны қайтарады. Сомасы Тауарды сатып алуға жұмсалған касса чектері және 8.2.-т. сәйкес тапсырыс хатты жөнелту чегі арқылы анықталады.

Науқанды өткізудің барлық мерзімінде бір Науқанға Қатысушыға аударылатын сома 5 000 (бес мың) теңгеден аспауы тиіс.

Науқанға қатыса отырып, қатысушы өзінің Науқанды өткізу мақсаты үшін ерікті түрде берген ақпаратын (оның ішінде, жеке мәліметтер) Науқанды Ұйымдастырушы, сондай-ақ мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын пайдалану арқылы олардың уәкілетті тұлғалары өңдейтінімен келіседі. Қатысушы Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған міндеттемелерін орындау үшін, оның ішінде қатысушының Тауардың 4 данасын сатып алуына жұмсаған ақшалай қаражатын қайтаруға байланысты Ұйымдастырушыға қажетті паспорттық мәліметтерді және өзінің есептік шотының мәліметтерін беруге міндетті.

Қатысушы Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті, кәмелеттік жасқа толған азамат екенін, жеке және сенімді мәліметтер бергенін растайды. Науқанды Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары осындай мәліметтерді рұқсатсыз таратудан қорғаудың қажетті шараларын сақтауға міндетті.

Келісім белгісіз мерзім ішінде әрекет етеді және Алматы қ., Баишев көш., 3а, 22-кеңсе мекенжайына өзіңіздің Науқанға қатысу үшін хабарлаған аты-жөніңізді, туған күніңізді көрсетіп, кері қайтарып алу туралы тиісті, қол қойылған, жазбаша хабарламаны жолдап, Операторға жеке мәліметтерді пайдалану үшін берген келісімін кері қайтарып алуды бағыттау арқылы кез келген сәтте Оператордан кері қайтарылуы мүмкін.

Науқанды Ұйымдастырушы мен оның уәкілетті тұлғалары келісімді кері қайтарып алу туралы хабарлама алған жағдайда мұндай Қатысушының жеке мәліметтерін өңдеуді тоқтатады және кері қайтарып алу хабарламасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай жеке мәліметтер жойылады.


10. Ақша қаражатын қайтару тәртібі.

10.1. Қатысушы Науқанның барлық шарттарын ұстанған, сондай-ақ Ұйымдастырушы Қатысушының 7-т. көрсетілген шарттардың бәрін орындады деп таныған жағдайда Ұйымдастырушы қатысушының 4 дана Тауарды сатып алуға жұмсаған ақшасын, сондай-ақ 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінен аспайтын пошталық шығынды қайтарады. Ақша қаражаты Ұйымдастырушы Ереженің 8-т. және 9.4.-т. сәйкес құжаттарының (мәліметтерінің) толық жиынтығын алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде Қатысушының көрсеткен жеке банктік шотына аударылады.

10.2. Ұйымдастырушы пошталық немесе банктік қызметтердің жұмысы үшін жауап бермейді.

10.3. Ұйымдастырушының есептік шотынан Науқанға Қатысушы көрсеткен шотқа ақша аударылған сәттен бастап Ұйымдастырушы өз міндетін орындаған болып есептелінеді.

10.4. Қатысушыға ақша қаражатын аудару үшін Ұйымдастырушы және Қатысушы 2 (екі) данадан тұратын Ақшалай жүлдені табыстау туралы Шартқа қол қояды, оның біреуі Науқан Жеңімпазында, екіншісі Ұйымдастырушыда қалады.




11. Науқанға Қатысушының құқықтары.

Науқанға қатысушының құқығы:

11.1. Ережелерге сәйкес Науқанға қатысу.

11.2. Өнімді тұтыну қаптамасында берілген нұсқаулыққа сәйкес пайдаланған, Ереженің 8-т. көрсетілген шарттарын орындаған, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушы Ереженің 8-т. көрсетілген шарттарын толық әрі дұрыс орындады деп таныған жағдайда Тауарды сатып алуға жұмсалған ақшаны, пошталық шығынды қайтаруды талап ету.


12. Ұйымдастырушының құқықтары.

Ұйымдастырушының құқығы:

12.1. Ереженің 8-т. көрсетілген мәліметтер жалған болса және/немесе толық болмаса, Қатысушыны науқанға қатыстырмау.

12.2. Ережелерді өзгерту, сондай-ақ Ережелердің өзгергені туралы хабарлама Ереженің 6-т. көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.


13. Қосымша жағдайлар.

13.1. ҚР кәмелетке толған азаматы, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын 18 жасқа толған тұлға Науқанға қатыса алады.

13.2. Осы Науқан аясында Тауарды ұқсас тауарға айырбастауға болмайды.

13.3. Науқан лотерея емес және жеңімпаздарды кездейсоқ анықтаудың кез келген мүмкіндігі жоқ.

13.4. Құжаттар (мәліметтер) жиынтығы және/немесе құжаттар (кассалық чектер) толық емес, оқу мүмкін емес және/немесе түсініксіз жазумен толтырылған хаттар Науқанға қатыстырылмайды және мұндай хаттар негізінде ақшалай қаражатты қайтару жүзеге асырылмайды.

13.5. Ақшалай қаражатты қайтаруға құқылы Науқанға Қатысушылар және №2 ӘРЕКЕТ бойынша жеңімпаздар осыған қажетті құжаттардың бәріне қол қоюға міндетті болады.

13.6. Әрбір Қатысушы Науқанды өткізудің барлық кезеңінде оған бір-ақ рет қатысуға құқылы.

13.7. Байқауға Ұйымдастырушының қызметкерлері мен өкілдері, олардың отбасы мүшелері, үлестес тұлғалар, сондай-ақ осы Байқауды ұйымдастыруға немесе өткізуге тікелей қатысы бар кез келген басқа да тұлғалар қатыстырылмайды.


«21 күн бойы LISTERINE®-ді қолдану» Науқанының Ережелеріне тіркелген №1 қосымша

1НАУҚАНҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНКЕТАСЫ



Аты-жөні*




Туған күні*




Қала коды көрсетілген байланыс телефоны*




E-mail-і*




Индексі көрсетілген нақты мекенжайы*




Жеке куәлік, ЖСН №, кім берген, берілген күні*




Қатысушының ҚР аумағындағы банктен ашқан шотының нөмірі, оған ақша қаражаты аударылуы мүмкін (Науқанды Ұйымдастырушы Тауарды сапасыз деп таныған жағдайда). Сондай-ақ банктің толық атауын, банктің мекенжайын, банктің корреспонденттік шотын, банктің БСК-сін көрсету керек.





Банк ЖСН-і.*




Ауыз қуысына арналған шайғышты бірінші рет сатып алдыңыз ба?*



Әдетте, ауыз қуысына күтім жасау үшін қандай құралдарды қолданасыз және жиі қолданасыз ба?*




Ауыз қуысын шаюға қанша уақытыңыз кетеді және жиі шаясыз ба?*




Ауыз қуысын шаю мен мәселенің туындауы арасында қанша уақыт өтті?*




Қандай тітіркену пайда болды (сипаттау керек)?*




Тауардың дәл қандай қасиеттері іске аспады және сіз оны қалай бақыладыңыз?*




Ауыз қуысына арналған LISTERINE® шайғышының несі ұнамады және неге?*




Ауыз қуысына арналған LISTERINE® шайғышын сатып алуға жұмсаған ақша қаражатыңызды қайтарғыңыз келе ме?*





Қол қою/мәнін ашып жазу*




LISTERINE® дәрілік зат емес. Мәліметтердің бәрі зерттеулер арқылы дәлелденген. © «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей, 2016 ж. Бұл бет мазмұны үшін толық жауапты «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ компаниясына тиесілі. Бет Қазақстан пайдаланушыларына, сондай-ақ LISTERINE®-нің ұлттық сайттарынан осы сайтқа сілтеме жасап бағытталған пайдаланушыларға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет