22 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



жүктеу 78.55 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі78.55 Kb.



22 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2016 жылғы 4 тамыз Алматы қ.



  1. 2016 жылғы шілдедегі инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы шілдеде инфляция 0,5% (2015 жылғы шілдеде – 0,1%-ға) болды. Азық-түлік тауарлары 0,5%-ға (0,3%-ға төмендеу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%-ға (0,2%-ға өсу) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,6%-ға өсті (0,5%-ға өсу) көтерілді.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы шілдеде көбіне орамжапырақтың бағасы 31,4%-ға, қант – 11,3%-ға, картоп – 4,8%-ға, нан – 2,5%-ға өсті. Жеміс-жидек бағасы 2,3%-ға, май және тоң май 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде киім мен аяқ киім бағасы 0,3%-ға, оның ішінде мата 0,7%-ға, аяқ киім 0,6%-ға; тұрмыстық үй заттарының бағасы 0,4%-ға, оның ішінде жауатын және тазалайтын құралдар 0,7%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары 0,5%-ға көтерілді. Бензиннің бағасы 0,6%-ға, дизель отыны 0,4%-ға өсті.

Ақылы қызметтер тобында тұрғын үй қызметтерінің бағасы 0,6%-ға, оның ішінде салқын су 4,1%-ға, кәріз 4,6%-ға; көлік қызметтері 1%-ға, оның ішінде әуе көлігі қызметтері 6,7%-ға көтерілді.

2016 жылғы қаңтар-шілдеде инфляция 5,2% (2015 жылғы қаңтар-шілдеде– 1,5%) болды. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 5,6%-ға (1,1%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2%-ға (0,9%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 4,7%-ға (2,6%-ға өсу) өсті (1-график).
1-график

2015 және 2016 жылғы қаңтар-шілдедегі инфляция және оның негізгі топтары

Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылғы шілдеде 17,7% (2015 жылғы желтоқсанда – 13,6%) деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 15,9%-ға (10,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 27,8%-ға (22,6%), ақылы қызмет көрсету – 10,3%-ға (8,1%) өсті.
2. 2016 жылғы шілдедегі халықаралық резервтер (жедел деректер) және ақша базасы

Алдын ала деректер бойынша 2016 жылғы 29 шілдеде Ұлттық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 30,5 млрд. АҚШ долларын, таза халықаралық резервтері 29,7 млрд. АҚШ долларын құрады (Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоспағанда).


2016 жылғы шілдеде Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 1,8 млн. АҚШ долларына немесе 0,01%-ға ұлғая отырып, аса өзгерген жоқ. Бұл ретте шетел валютасындағы активтер 0,3 млрд. АҚШ долларына төмендеді, алтынның бағасы 1,2%-ға өскен кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер 0,3 млрд. АҚШ долларына өсті.

Ұлттық Банктің шетел валютасындағы активтерін реконвертациялаумен, Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және алтындағы активтерді қайта бағалаумен қамтамасыз етілген халықаралық резервтердің негізгі өсімі банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуімен, бекітілген графикке сәйкес банктермен валюталық-пайыздық своп операцияларының өтелуімен және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету операцияларын жүргізумен бейтараптандырылды.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (жедел деректер бойынша 64,7 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, жалпы алғанда елдің халықаралық резервтері бір айда 1,1%-ға төмендеп, 95,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2016 жылғы шілдеде 4 452,8 млрд. теңгені құрады, оның тарылуы бір айда 9,0%-ды немесе 441,3 млрд. теңгені құрады.


3. 2016 жылғы шілдедегі ақша нарығы

2016 жылғы шілдеде ақша нарығындағы сауда-саттықтың негізгі көлемі автоматты РЕПО нарығында өткізілді. Бұл ретте ақша нарығындағы мөлшерлеме 2016 жылғы 11 шілдеден бастап 13%-ға дейін төмендеген базалық мөлшерлеме деңгейі ескеріле отырып қалыптастырылды.







2016 жылғы маусым

2016 жылғы шілде

Өзгеріс, %-бен

Автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

5 275,9

5 565,2

5,5

Своп нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

1 915,4

1 725,7

-9,9

2016 жылғы шілдеде 1 күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме (TONIA1 индикаторы) жылдық 12,6% деңгейінде, 1 күндік своп операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 12,8% деңгейінде қалыптасты. Ақша-кредит саясатының операцияларын ақша нарығында жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы негізінен базалық мөлшерлеменің жаңа пайыздық дәлізінің төменгі шегі айналасында қалыптасты.


4. 2016 жылғы шілдедегі валюта нарығы

2016 жылғы шілдеде теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін


337,07-352,75 теңге аралығында өзгерді. 2016 жылғы шілденің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір ай ішінде 4,0%-ға төмендеп (жыл басынан бастап әлсіреуі – 3,6%), бір АҚШ доллары үшін 352,25 теңге болды. Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 2016 жылғы шілдеде 15,5%-ға төмендеп, 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 14,3%-ға төмендеп, 6,6 млрд. АҚШ доллары болды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 14,6%-ға төмендеп, 8,9 млрд. АҚШ доллары болды.





2016 маусым

2016 шілде

Өзгеруі, %-бен

ҚҚБ-ғы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі, млн. АҚШ доллары

2 662,6

2 250,8

-15,5

Банкаралық нарықтағы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі, млн. АҚШ доллары

7 748,5

6 640,3

-14,3


5. 2016 жылғы шілдедегі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2016 жылғы шілдеде Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукцион өткізілген жоқ. Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі шілденің соңында 5 549,3 млрд. теңгені құрады.


Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары

Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2016 жылғы шілдеде 4 300,1 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 20 аукцион, 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 6 айлық ноттарды орналастыру 1 аукцион өткізілді. Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша тиімді кірістілік 14,94%, 1 айлық ноттар бойынша – 14,64%, 3 айлық ноттар бойынша - 14,20%, 6 айлық ноттар бойынша – 13,43% болды. 2016 жылғы шілденің соңында айналыстағы ноттар көлемі 2 063,3 млрд. теңгені (бір ай ішіндегі өсім – 32,9%) құрады.


6. 2016 жылдың 1-жартыжылдығындағы төлем балансы (алдын-ала нәтижелер)

Алдын-ала бағалау бойынша 2016 жылдың 1-жартыжылдығындағы ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2,9 млрд. АҚШ долларын (2015 жылдың 1-жартыжылдығында 2,4 млрд. АҚШ доллары) болды, бұл тауардың таза экспорты көрсеткішінің күрт 36,6%-ға қысқаруына себеп болды. Тауарлардың экспорты 30,9%-ға төмендеп (оның ішінде мұнай мен газ конденсатының төмендеуі 41,8% болды), 17,1 млрд. АҚШ долларын, ал импорт 28,4%-ға төмендеп (алдын-ала деректер бойынша айтарлықтай төмендеу азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарлары мен инвестициялық тауарларды әкелу бойынша болған), 12,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде 2016 жылдың 1-жартыжылдығында сауда балансының оң сальдосы бағалау бойынша 4,8 млрд. АҚШ долларын (2015 жылдың 1-жартыжылдығында 7,6 млрд. АҚШ долларын) құрады.

Алдын-ала бағалау бойынша шетелдік тікелей инвестициялардың таза әкелінуі 5,7 млрд. АҚШ долларын (2015 жылдың 1-жартыжылдығында 1,2 млрд. АҚШ доллар) құрады.

Портфельдік инвестициялардың таза әкетілуі Ұлттық қордың шетел активтерінің өсуі және екінші тоқсанда шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын банктік емес ұйымдардың сатып алуы есебінен шамамен 3,0 млрд. АҚШ долларын (2015 жылдың 1-жартыжылдығында таза әкелінуі 2,1 млрд. АҚШ долларын) құрады.

Халықаралық резервтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) алдын ала деректер бойынша қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортын 9 ай қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Нақты айырбастау бағамы

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта нақты көрсетудегі теңгенің әлсіреуі 1,3%-ға (37 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамының индексінің өзгеруі), ал 2014 жылдың басынан бастап 2016 жылғы маусымға дейін 26,6%-ға әлсіреуі орын алды.

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта теңгенің Ресей рубліне қатысты әлсіреуі нақты көрсеткіш бойынша (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне қарай түзетілген) 6,0%-ды құраса, ал 2014 жылдың басынан бастап 7,8%-ға нақты әлсіреді.

Негізгі сауда әріптестерінің валюталарына қатысты нақты айырбастау бағамдары индекстерінің өзгеруі бойынша деректер кестеде берілген.


Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі


Валюта

2016 жылғы қаңтар – маусым

2014 жылғы қаңтар –

2016 жылғы маусым



Ресей рубліне қатысты

6,0% - ға әлсіреді

7,8%-ға әлсіреді

АҚШ долларына қатысты

1,6%-ға әлсіреді

43,5%-ға әлсіреді

еуроға қатысты

4,8%-ға әлсіреді

30,2%-ға әлсіреді

Қытай юаніне қатысты

2,1%-ға нығайды

38,8%-ға әлсіреді

Белорусь рубліне қатысты

1,6%-ға нығайды

12,0%-ға әлсіреді

қырғыз сомына қатысты

2,4%-ға әлсіреді

28,3%-ға әлсіреді

Толығырақ ақпаратты мынадай телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 3302 497

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz




1 Биржада автоматты РЕПО секторында МБҚ-мен жасалған бір жұмыс күндік мерзімі бар РЕПО-ны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет