«24 kz» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында 2014 жылғы 16 қазанда сағат 14. 15 өткен Дінтанушы, ф.ғ. к. Кеңшілік Тышханның сұхбаты



жүктеу 41.84 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі41.84 Kb.
түріБағдарламасы


«24 KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында

2014 жылғы 16 қазанда сағат 14.15 өткен

Дінтанушы, ф.ғ.к. Кеңшілік Тышханның сұхбаты
Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдардың қатары тағы да толықты. Күні кеше Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты халықаралық «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымын экстремистік деп таныды. Айта кету керек, күмәнді құрылымның қызметіне Ресей, Түркия, Қырғыз елі мен АҚШжәне Еуропалық одақта да тыйым салған. Сот шешімі өз күшіне енді, ал заңсыз халықаралық ұйымының қызметіне қандай да бір қатысы бар азаматтар жауапқа тартылады. Бүгінгі бағдарлама қонағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Тышхан Кеншілік

Мұсылмандар арасында алауыздық тудыратын «ат-Тәкфір уаль-Хижра» экстремисттік ұйымының Қазақстан аймағында тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілуін қалай бағалайсыз?

«Ат-Тәкфір уаль-Хижра» ұйымының Қазақстан аймағында тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілуі тұрақтылықты, бейбітшілікті және татулықты сақтау жолында маңызды қадам болып табылады.


Мұсылмандар арасында алауыздық тудыратын ағымдардың бірі «ат-Тәкфір уаль-Хижра» экстремисттік ұйымы болып табылады. Жалпы тәкфиризм идеологиясы нені көздейді?

Бұл ұйымның атауыекі сөзден тұрады. Олар: тәкфір және хижра. «Тәкфір» - кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Ұйым мүшелері бір мемлекетті «кәпір» деп айыптай алады. Тәкфір үкімі билік өкілдеріне, оның ішінде саяси лидерлерге, қарулы күштер мен құқық қорғау органдары өкілдеріне де қатысты шығарылады. Сондай-ақ осындай мемлекетті «тағұт» «пұтқа табынушылар» мемлекеті деп те атайды және соңында оған қарсы жихад жарияланады.


Ал «хижра» деген не мағынаны білдіреді?

Классикалық исламда хижра – діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару деп түсініледі. Бірінші хижраны мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға өзінің серіктестерімен Мұхаммед пайғамбар жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – зайырлы заң ұстанушы қоғамнан тікелей немес жанама бөлектену немесе басқа мемлекетке дінін қорғау үшін қоныс аудару.


Тәкфир ұйымының қысқаша шығу тарихы жайлы айтсаңыз?

«Тәкфир» деп аталатын бүлік алғашқы рет – Әлидің халифалық дәуірінде пайда болып, мұсылмандардың арасына үлкен бүлік салған, сөйтіп «Хауариж» (қарсы шығушылар) деп атау алған бүлікшілер тобы. Олар Пайғамбардың жолынан ауытқып: «Барлық бұйырылған парыздарды орындап, барлық салынған тыйымдардан тыйылушы адам ғана - мүмин (иманды) болып табылады. Сондықтан, кімде-кім үлкен күнәларды істесе кәпір болып Исламнан шығады, сөйтіп ондай адам тозақта мәңгіге қалады» деген ұстанымды ойлап тапты.


Ұйым қай кезеңнен бастап қанатын жая бастады?

Ұйым өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мысыр елінің түрмелерінде жаппай қамауға алынған мұсылмандар арасында бой көтерді. Әсіресе, ол Мысыр студенттері арасында ерекше қолдауға ие болды. Ағымның дүниеге келуіне түрткі болған жайт, түрмелердегі адам төзгісіз жағдай еді. Түрмедегі ауыр азаптан көптеген кісілер қайтыс болды. Осындай уақытта ауыр қысымға ұшыраған мұсылмандар осы ағымға кіре бастаған. 1967 жылы Мысырдағы Президент сайлауы қарсаңында ағым екіге бөлінді. Бірі сайлауға қатысуға ниет білдірсе, екіншісі үзілді-кесілді сайлауға қарсы шықты. Сол кезде такфиршілер үкіметті мойындамай, ел президентін және мемлекеттік билікті «кәпір» деп, мемлекеттік жүйені мойындаған халықты «кәпірге» шығарды. Олардың оқыған намазы мен ұстаған оразасынан еш пайда жоқ деген пікірді алға тарта бастады.


Тәкфирлік элементтерді қалай танып білуге болады?

Олар керітартпалықты жақтайды, салт-дәстүрден, қалыптасқан қоғамның негіздерінен бас тартуы, олардың мұсылмандық ілімде біржақты әрі тікелей түсініктемеге сүйенетіндігінен көрінеді. Олар туған күнді тойлау, аптадағы күнді ерекше белгілеу, түрлі діни мерекелер, мерейтойлар жасау, танымал адамдарға ескерткіш орнату, қазалы күнге қатысты жиындарды жасау және сол жиындардағы түрлі шараларды (мысалы, жоқтау айту) ұйымдастыру, мазарларды тұрғызу және тағы сол сияқты шараларды жол берілмейтін жаңашылдық бидғат деп түсінеді.


Тәкфиршілдік көзқарастың Қазақстанда таралу үдерісі қандай деңгейде?

Өкінішке орай Қазақстанда да белгілі бір деңгейде таралған Тәкфіршілдердің тәжірибесі зайырлы заңдар мен зайырлы мемлекетті жоққа шығарумен тығыз байланысты. Осылайша, радикалдар қоғамның этно-мәдени және конфессионалдық үйлесімін бұза отырып өздерін шынайы ислам дінінің жалғыз ұстанушылары деп жариялайды. Шындығында, олар салт-дәстүрлері мен мәдениетін мұсылмандық аясында қалыптастырған қазақ халқының бай тарихи тәжірибесін жоққа шығарып рухани нигилизм танытады. Олар үшін біздің өткен тарихымыз бар болғаны адасқан және күпірлік жолы. Ал ислам діні Қазақстанға тәкфіршілердің арқасында келді деп санайды.


Олардың ұстанымдары ислам дінінің қағидаларымен сәйкес келмейді ме?

Өкінішке орай, радикалдар өздерінің сенімдерімен мұсылмандық ілімнің рухын да мағынасын да жоюда. Дәлелсіз «тәкфір» жариялау исламға тән сабырлық пен өзара түсінушілік шеңберінен әлдеқайда шығып отыр. Радикалдар намаз оқымайтындардың барлығын кәпір санайды. Бес уақыт намаз оқуы мұсылмандар үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады. Алайда, біреуді кәпір деу Алланы жоққа шығару, басқа құдайларды мойындау, Пайғамбарды, Құранды жоққа шығару немесе тіл тигізу сияқты үлкен күнәлар жасаған жағдайда айыпталады. Сондай-ақ, «тәкфір» жариялау тәртібі бірқатар шарттарды орындауды қажет етеді және бұл исламдық құқық саласындағы атақты ғұламалардың құзыретіндегі іс. Тиісті білімі және өмірлік тәжірибесі жоқ кез келген адам бұндай маңызды шешім қабылдай алмайды.


Осы ұйымның қатарына кіргендер экстремистік және террорлық әрекеттерге бой алдырады деген рас па?

Тәкфиризмнің қармағына ілінген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерден бас тарта бастайды. Өзінің ата-анасын намаз оқымағандары үшін кәпір деп айыптап, жалған сеніммен тіпті жанұясынан да бас тартады. Осының жалғасы ретінде ол әлемнің түрлі бұрыштарында қарулы жанжалдарға қатысатын террористік ұйымның мүшесіне айналғанын өзі де байқамай қалуы мүмкін. Өкінішке орай, Қазақстандық жастарды содырлардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері анықталуда. Отандастарымыздың қарулы жанжалдарға қатысу үшін Сирияға кетуі тәкфіршілдікті насихаттаудың салдарынан деп айтуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет