25 шілде Алаш партиясының құрылғанына100-жыл толуына стенд газет шығарылды



жүктеу 53.98 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі53.98 Kb.

13 шілде күні «Егемен елдің жұлдыздары» атты жас жеткіншектердің концерті өтті.Концертте балаларға логикалық сұрақтар, жұмбақтар,жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер айтылды.Әртүрлі ойындар ойнатылып ары қарай әсерлі концертпен аяқталды.

18 шілде күні Жанделі көшесінің «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты концерті өтті.



25 шілде Алаш партиясының құрылғанына100-жыл толуына стенд газет шығарылды.



27 шілде күні «Бар мейіріміз балаларға » атты Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінің бүлдіршіндерінің концерті өтті.Концертте бүлдіршіндер тамаша әзіл-сықақ,бейбітшілік туралы әндері, мың бұралған билері ,ана-әке туралы тақпақтары болды.



3 тамыз күні 1994 жылғы Абай мектебінің түлектерінің 5 жылдық кездесу кеші өтті.Кездесу соңында ауыл жастарына би кеші ұйымдастырылды.



4 тамыз күні «Дені саудың-тәні сау» атты Қайырбеков отбасының балалары мен Төлеңгітовтер отбасының балаларының спорттық сайыс өтті.Сайыста белсенді болғандарға арнайы сыйлықтар берілді.



.

9 тамыз күні «Мектепке жол» акциясы бойынша аз қамтылған отбасыларға мәдениет қызметкерлерінің ұйымдыстыруы бойынша концерт өткізіліп, түскен ақшаға заттай көмек көрсетілді.



11 тамыз күні жастар күніне орай ауыл студент жастармен кездесу өтті.Студенттер өздерінің студенттік шағының қызықты сәттерін айтып берді.



15 тамыз күні «Комсомол» шекара заставасына шекарашыларды төл мерекелерімен құттықтап, ауыл әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламалары берілді.



2 қыркүйек күні ұстаздарды, мектеп ұжымын оқушыларды білім күнімен құттықтадық.Осындай үлкен мерекені бірлесіп атқарамыз.



15 қыркүйек ауылымыздағы мерейлі, үлгілі және өнерлі отбасыларының балаларының,немерелерін қатысуымен шағын концертіміз ұсынылды

Үлгілі отбасылардың бірі А.Уызбаева апайдың немерелерінің қатысуымен бүлдіршіндер флешмобы.



22 қыркүйек тіл мерекесі қарсаңында «Адамнан келген он пәленің тоғызы тілден» атты ауыл жастарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып,пікірлері тыңдалды, дөңгелек үстел тартысты өтті.Ауыл жасы Айгерім өз пікірін айтып тұрған сәті.



Кеште ұйымдастырылған жастардың би кешінен бір сәт



29 қыркүйек күні мәдениет үйінде 1 қазан қарттар күніне арналған «Қарттарым - асыл қазынам» атты 2 бөлімнен тұратын мерекелік іс-шара өтті.1- бөлімде қарттарымызды құттықтау концерт болып, 2- бөлімде мерекелік дастарқан жайылды.



4 қазан күні ұстаздар күніне арналған «Ұстаз-ұлы есім» атты мерекелік концерт өтті.Мерекелік концертте ұстаздарға құттықтаулар айтылып, ән айтылып, сықақтар қойылып, соңы би кешіне айналды.



13 қазан күні «Балалық шақ» атты концерт өтті.Концертті көрермендер жылы қабылдады.



20 қараша күні жергілікті ақынымыз М.Әукебаевтың тақпақтарын жатқа және мәнерлеп оқу кеші өтті.Кеште «Достық жыры», «Өмір- бақыт», «Таң шапағы» ,«Бақыт», «Құштарлық», «О,менің інілерім» атты және тағы басқа тақпақтары оқылды.



26 қазан күні «Бұрымды қыз» атты кеш өтті.Қазақ «Аттың көркі- жалы, қыздың көркі- шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған.

Бүгінгі ауылымыздың келіні Асел қыздарға Шашты қалай күту керектігін (айранмен, қынамен, қалақаймен) айтты.Шашты «қос бұрым» немесе «бестемше» ету өруге болатынын, қазақ халқының жырларында қыздардың шаштарын былай деп суреттеген:

Шашының ұзындығы ізін басқан,

Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген,

Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты.

10 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауымен және «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру және талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.



Жастар ұйымының жетекшісі Құндыз жастардың санасын жаһанданудың жағымсыз әсерінен сақтап, халықтың зиялылық-рухани әлеуетіне отансүйгіштікке, жоғары азаматтық жауапкершіліккке берекелік пен ел бірлігінің өте маңызды екендігі жөнінде баяндама оқыды.

18 қараша күні ауылшаруашылық күніне орай “Ауылы бірдің-ауызы бір» атты мерекелік концерт өтті.

24 қараша күні оралман ағайындарымыздың «Отаным-қазақ елім» атты концерті өтті.Концертте оралман ағайындарымыз домбырамен жәнеде көптеген басқа да аспаптармен заманауи және халық әндерін орындады.



30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай стенд-газет шығарылды.



1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай «Көш басында кемеңгер» атты мерекелік концерт өтті.Концерт екі бөлімнен тұрды.1-бөлімде ауыл тұрғындарымен мерекелік жиын өтті.2-бөлімде ауыл тұрғындарына мерекелік концерт қойылды.



8 желтоқсан күні «Иман-жанның тазалығы» атты дөңгелек үстел өтті.



«Адамды адам ететін де, сұлтан ететін де – Иман»-деп Шолпан жастарға баяндама жасады.



Діни тәрбиенің адам өміріндегі маңызына тоқталсақ, Пайғамбарымыз «Тазалық – иманның жартысы» деген.Әр бала тазалық имандыққа апарытыны туралы мысалдар келтіріп айтты.

14 желтоқсан күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнініне орай «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты мерекелік жиын және концерт өтті.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген ең үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Біз бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктіктерімізге тәуелсіздік арқасында қол жеткіздік.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады.



16 желтоқсан күні «40-тан асып барамын» аттты би кеші өтті.



22 желтоқсан күні «Алашқа атым шыққан Әсет едім» атты дөңгелек үстел өтті.Әсет Найманбайұлы – дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, белгілі сазгер.Дөңгелек үстелде балалар Әсет Найманбайұлының тақпақтарын жатқа айтып, күйлерін шертіп, әндерін айтты.Әсет Найманбайұлының танымал болған әндері «Хисмет», «Ырғақты», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Інжу маржан», «Қарагөз», «Әпитөк», «Алакөлім».Ақынның қазіргі таңда 300-дей өлеңі, 30-ға жуық дастаны, 20-дай айтыстары, 30-ға таяу әндері бар. Ақынның өлеңдері адамгершілік пен парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.





27 желтоқсан күні жылдағы дәстүр бойынша «Бейбіт өмір – береке-бірлікте» атты мерекелік шеруіміз мәдениет қызметкерлері мен әлеумет қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтадық. Азамттарға жаңа жылдық тілектер айтылып, сыйлықтар таратылды.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет