26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



жүктеу 98.49 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі98.49 Kb.



26 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Қаржы нарығындағы ахуал туралы

2016 жылғы 27 қыркүйек Алматы қ.



1. 2016 жылғы тамыздағы инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы тамызда инфляция 0,2% (2015 жылғы тамызда – 0,3%) болды. Азық-түлік тауарлары 0,4%-ға (0,2%-ға төмендеу) арзандады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға (0,5%-ға өсу) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2%-ға (0,7%-ға өсу) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы тамызда көбіне жарманың бағасы – 3,1%-ға, оның ішінде қарақұмық жармасы – 4,2%-ға, қант – 2,9%-ға, шай – 1,9%-ға, күнбағыс майы – 1,8%-ға, нан – 1,3%-ға өсті. Жеміс-жидектің бағасы 2,4%-ға және көкөністер 11,6%-ға, оның ішінде картоп – 15,3%-ға, сәбіз – 16,8%-ға, қызылша – 11,8%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде газеттердің, кітаптардың және кеңсе тауарларының бағасы – 3,4%-ға, жеке пайдалану тауарлары – 0,9%-ға, киім және аяқ киім– 0,8%-ға, жуатын және тазалайтын құралдар – 0,7%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,7%-ға көтерілді. Дизель отынының бағасы 14,5%-ға, сұйытылған газ – 10,4%-ға, бензин – 0,4%-ға өсті.

Ақылы қызметтер тобында тұрғын үйді ұстау және жалға алу бағасы 0,4%-ға, көлік қызметі – 0,7%-ға, оның ішінде әуе көлігінің қызметі – 6,7%-ға өсті.

2016 жылғы қаңтар-тамызда инфляция 5,4% (2015 жылғы қаңтар-тамызда – 1,8%) болды. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 5,2%-ға (0,9%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,1%-ға (1,4%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 4,9%-ға (3,3%-ға өсу) өсті (1-график).


1-график

2015 және 2016 жылдардағы қаңтар-тамыздағы инфляция және оның негізгі топтары


Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылғы тамызда 17,6% (2015 жылғы желтоқсанда – 13,6%) деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 15,7%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 28,3%-ға (22,6%-ға), ақылы қызмет көрсету – 9,8%-ға (8,1%-ға) өсті.

2. 2016 жылғы тамыздағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (жедел деректер)

Алдын ала деректер бойынша 2016 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 30,7 млрд. АҚШ долларын, таза халықаралық резервтер 29,9 млрд. АҚШ долларын құрады (Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоспағанда).

2016 жылғы тамызда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 331,2 млн. АҚШ долларына немесе 1,1%-ға ұлғайды. Бұл ретте шетел валютасындағы активтер 361,8 млн. АҚШ долларына өсті, ал алтынның бағасы 1,35%-ға төмендеген кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер 30,6 млн. АҚШ долларына төмендеді.

Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен қамтамасыз етілген халықаралық резервтердің өсуі банктердің бекітілген кестеге сәйкес валюталық-пайыздық своп операцияларының өтеуімен және Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізумен бейтараптандырылды.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (жедел деректер бойынша 64,9 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, жалпы алғанда елдің халықаралық резервтері бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 95,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2016 жылғы тамызда 4 524,0 млрд. теңгені құрады, оның кеңеюі бір айда 1,6%-ды немесе 71,2 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы 2016 жылғы тамызда 18 900,0 млрд. теңгеге дейін 3,0%-ға азайды (жыл басынан бері 9,8%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 1 549,0 млрд. теңгеге дейін 2,8%-ға (жыл басынан бері 25,2%-ға өсті), банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 17 351,0 млрд. теңгеге дейін 3,1%-ға қысқарды (жыл басынан бері 8,6%-ға өсті). Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі 2016 жылы шілдемен салыстырғанда тамызда өзгерген жоқ және 91,8%-ды (2015 жылғы желтоқсанда 92,8%-ды) құрады.
3. 2016 жылғы тамыздағы ақша нарығы

2016 жылғы тамызда ақша нарығындағы сауда-саттықтың негізгі көлемі автоматты РЕПО нарығында өткізілді. Бұл ретте ақша нарығындағы мөлшерлеме 2016 жылғы 15 тамызда 13% деңгейінде сақталған базалық мөлшерлеменің деңгейі ескеріле отырып қалыптастырылды.






2016 шілде

2016 тамыз

Өзгеруі, %-бен

Автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

5 565,2

5 679,3

2,1

Своп нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

1 725,7

2 223,8

28,9

2016 жылғы тамызда 1 күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме (TONIA индикаторы1) жылдық 12,1% деңгейінде, 1 күндік своп операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 12,3% деңгейінде қалыптасты. Ақша-кредит саясатының операцияларын ақша нарығында жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы негізінен базалық мөлшерлеменің жаңа пайыздық дәлізінің төменгі шегі айналасында қалыптасты.


4. 2016 жылғы тамыздағы валюта нарығы

2016 жылғы тамызда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін


338,51-354,01 теңге аралығында өзгерді. 2016 жылғы тамыздың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір ай ішінде 3,4%-ға нығайып (жыл басынан бастап әлсіреуі – 0,03%), бір АҚШ доллары үшін 340,10 теңге болды. Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2016 жылғы шілдемен салыстырғанда 2016 жылғы тамызда 25,4%-ға ұлғайып, 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2016 жылғы шілдемен салыстырғанда 18,8%-ға ұлғайып, 7,9 млрд. АҚШ доллары болды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 20,4%-ға ұлғайып, 10,7 млрд. АҚШ доллары болды.





2016 шілде

2016 тамыз

Өзгеруі, %-бен

ҚҚБ-ғы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі, млн. АҚШ доллары

2 250,8

2 821,7

25,4

Банкаралық нарықтағы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі, млн. АҚШ доллары

6 640,3

7 886,5

18,8

Қолма-қол шетел валютасы нарығы. 2016 жылғы тамызда айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын сату көлемінің өсуі байқалды, бұл халықтың тарапынан жазғы демалыс кезеңінде сұраныстың дәстүрлі маусымдық өсуімен байланысты. Айырбастау пункттерінің нетто-сату көлемі тамызда 450 млн. АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда, 2016 жылғы 8 ай ішінде айырбастау пункттерінің қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуы 25,6 млн. АҚШ долларын құрады.
5. 2016 жылғы тамыздағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2016 жылғы тамызда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукцион өткізілген жоқ. Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі тамыздың соңында 5 512,1 млрд. теңгені құрады.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары

Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2016 жылғы тамызда 4 847,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 22 аукцион, 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион, 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді. Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша аукциондық кірістілік 13,21%, 1 айлық ноттар бойынша – 13,16%, 3 айлық ноттар бойынша - 13,33%, 6 айлық ноттар бойынша – 12,83% болды. 2016 жылғы тамыздың соңында айналыстағы ноттар көлемі 1 940,8 млрд. теңгені (бір ай ішіндегі төмендеу – 5,9%) құрады.


6. 2016 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,1%-ға төмендеп (жыл басынан бері өсім 8,6%), 2016 жылғы тамыздың соңында 17 351,0 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 190,6 млрд. теңгеге дейін 3,5%-ға төмендеді (жыл басынан бері өсім 11,0%), жеке тұлғалардың депозиттері 7 160,4 млрд. теңгеге дейін 2,4%-ға төмендеді (жыл басынан бері 5,4%-ға өсті).

2016 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 7 102,9 млрд. теңге (бір айда 3,7%-ға төмендеді, жыл басынан бері – 43,4%-ға өсті), шетел валютасындағы – 10 248,2 млрд. теңге (бір айда 2,6%-ға төмендеді, жыл басынан бері – 7,0%-ға төмендеді) болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 41,2%-дан 40,9%-ға дейін төмендеді (жыл басынан бері – 31,0%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2016 жылғы тамызда 4,4%-ға төмендеді (жыл басынан бері 36,0%-ға өсті) және 4 788,1 млрд. теңге болды (заңды тұлғалардың депозиттерінен 47,0%), шетел валютасымен – 2,6%-ға төмендеді (жыл басынан бері 4,5%-ға төмендеді) және 5 402,6 млрд. теңге болды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 2016 жылғы тамызда 2,1%-ға төмендеді (жыл басынан бері 61,8%-ға өсті) және 2 314,8 млрд. теңге болды (жеке тұлғалардың депозиттерінен 32,3%), шетел валютасымен – 2,6%-ға төмендеді (жыл басынан 9,6%-ға төмендеді) және 4 845,6 млрд. теңге болды.

Мерзімді депозиттер тамызда 12 601,8 млрд. теңгені құрап, 3,0%-ға төмендеді (жыл басынан бері 7,1%-ға өсті). Мерзімді депозиттер құрылымында ұлттық валютамен салымдар


4 625,5 млрд. теңге (бір айда 2,5%-ға төмендеді, жыл басынан бері – 46,5%-ға өсті), шетел валютасымен – 7 976,3 млрд. теңге (бір айда 3,3%-ға төмендеді, жыл басынан бері 7,3%-ға төмендеді) болды.

2016 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,1% (2015 жылғы желтоқсанда – 20,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,5% (8,5%) деңгейінде қалыптасты.


7. 2016 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2016 жылғы тамыздың соңында бір ай ішінде 0,6%-ға төмендеп (жыл басынан бері 0,1%-ға төмендеу), 12 664,1 млрд. теңге болды.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір ай ішінде 8 306,0 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 1,1%-ға төмендеу). Оның құрылымындағы заңды тұлғаларға кредиттер 0,6%-ға, ал жеке тұлғаларға – 1,0%-ға өсті. Заңды тұлғаларға да (2,8%-ға), сондай-ақ жеке тұлғаларға да (5,5%-ға) шетел валютасымен кредиттер көлемі 4 358,1 млрд. теңгеге дейін 3,2%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 2,0%-ға өсу). Теңгемен кредиттердің үлес салмағы бір айда 64,7%-дан 65,6%-ға дейін (2015 жылғы желтоқсанда 66,3%) ұлғайды.

2016 жылғы тамыздың соңында ұзақмерзімді кредиттер көлемі 10 504,5 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға, қысқамерзімді – 2 159,6 млрд. теңгеге дейін 2,4%-ға төмендеді.

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 2016 жылғы тамызда 8 632,8 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді (жыл басынан бері 1,4%-ға өсу), жеке тұлғаларға 4 031,2 млрд. теңгеге дейін 0,1%-ға өсті (жыл басынан бері 3,2%-ға төмендеу). Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы бір айда 31,6%-дан 31,8%-ға дейін ұлғайды (жыл басында – 32,9%).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2016 жылғы тамызда 2 788,2 млрд. теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 22,0%). Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу көлемі 35,3%-ға ұлғайды.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,4%), өнеркәсіп (13,5%), құрылыс (8,1%), ауыл шаруашылығы (5,8%) және көлік (4,7%) сияқты салаларға тиесілі.

2016 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,0% (шілдеде – 16,2%), жеке тұлғаларға 19,9% (20,1%) болды.


8. Экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына 2016 жылғы 2-тоқсанда жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы

2016 жылғы шілдеде экономиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында 2016 жылғы 2-тоқсанда кәсіпорындардың кезекті мониторингі жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын құрайтын мониторингке қатысушы кәсіпорындар саны 2016 жылғы 2-тоқсада 2816 болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар – 1 527 болды.

2016 жылғы 2-тоқсанда кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі жақсартылды: инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындар үлесі 32,9%-ға (2016 жылғы 1-тоқсанда – 35,8%) дейін төмендеді. Осы мақсатқа меншікті қаражатын пайдаланған кәсіпорындардың үлесі 64,0%-ға (2016 жылғы 1-тоқсанда – 61,3%) дейін ұлғайды. Сонымен қатар инвестициялармен қаржыландыруда банктердің кредиттерінің үлесі 5,1%-ға дейін ұлғайды (2016 жылғы 1-тоқсанда – 4,3%). Инвестициямен қаржыландыру мақсаты үшін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кредит алған кәсіпорындардың үлесі 0,8%-ды (2016 жылғы 1-тоқсанда – 0,8%) құрады.

Кредит алған және бұрын ашылған кредит желісі бойынша кезекті транш алған кәсіпорындардың үлесі 2016 жылғы 2-тоқсанда 16,9%-ға дейін ұлғайды (2016 жылғы 1-тоқсанда – 14,8%). Банктердің кредиттері бойынша мерзімі өткен (90 күннен астам) берешегі бар кәсіпорындардың үлесі 4,1%-ды құрады. 2016 жылғы 3-тоқсанда 18,1% кәсіпорын кредитке өтініш беруге ниеті бар.

Теңгемен және шетел валютасымен кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме деңгейі 2016 жылғы 2-тоқсанда тиісінше 14,6%-ды және 9,4%-ды құрады (2016 жылғы 1-тоқсанда – тиісінше 14,2% және 9,5%).

2016 жылғы 2-тоқсанда жалпы алғанда нақты сектор кәсіпорындарының және ішінара өнеркәсіп кәсіпорындарының дайын өніміне бағаның өсуі байқалды. 2016 жылғы 3-тоқсанда дайын өнімге баға өсуінің бәсеңдеуі күтіледі.

2016 жылғы 2-тоқсанда шикізат пен материалдарға баға өсуінің қарқыны жоғары деңгейде болды. 2016 жылғы 3-тоқсанда шикізат пен материалдарға бағаның өсу серпінінің бәсеңдеуі күтіледі.

2016 жылғы 2-тоқсанда теңгенің АҚШ долларына, еуроға және Ресей рубліне қатысты бағамының өзгеруінен шаруашылық қызметіне теріс ықпалын сезінген кәсіпорындардың үлесі тиісінше 49,0%-ға, 29,4%-ға және 43,4%-ға (2016 жылғы 1-тоқсанда тиісінше 55,9%, 33,8% және 46,1%) дейін төмендеді. Теңгенің АҚШ долларына, еуроға және Ресей рубліне қатысты бағамының өзгеруінен шаруашылық қызметіне оң ықпалын сезінген кәсіпорындардың үлесі 5,2%, 2,2% және 3,9% (2016 жылғы 1-тоқсанда 5,4%, 2,0% және 3,5%) болды.

2016 жылғы 3-тоқсанда кәсіпорындар жалпы экономика және ішінара өңдеуші өнеркәсіп бойынша дайын өнімге сұраныстың қалыпты ұлғаюын, ал тау-кен өндірісі саласында дайын өнімге сұраныстың төмен деңгейде сақталуын күтеді.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 3302 497

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz




1 Биржада автоматты РЕПО секторында МБҚ-мен жасалған бір жұмыс күндік мерзімі бар РЕПО-ны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме


Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы
info -> 30 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет