Баланың сүйіктісімен қарым-қатынас дұрыс қалыптаспаса да, қызыңыздың немесе ұлыңыздың таңдауын құрметтеу керек деп санайды қарым-қатынас жөніндегі маман және жаттықтырушы Колин Нолан. Маман келінін немесе күйеу баласын жек көретіндерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарым-қатынас маманы бір адам оның 38 жастағы қызы 17 жыл бойы бала тәрбиесіне қатыспайтын өзімшіл, жалқау жанмен бірге тұратынын жазған.

"Ол жалғызбасты сияқты жүреді, қызыма анасындай қарайды. Қызым балаларын жалғыз өзі асырап жүр. Бірақ қызым оны еш себепсіз ұнатпай, қатыгездік танытып жатырмын деп ойлайды", – деп жазды әйел.

Ол немерелерінің көзінше күйеу баласы туралы жаман сөз айтпайтынын, оған мән бермеуге тырысатынын, оның атын атамайтынын айтты. Тіпті күйеу баласын ұнатпағандықтан, қызына да бармайды екен. Әйел мінез-құлқын өзгерту керек пе, жоқ па, не істеу керек екенін маманнан білгісі келді.

Нолан қызыңыз үшін күйеу балаңызбен қарым-қатынасты бұзбай, немере-шөберелеріңізден алыстамас үшін ең болмағанда сабырлы болуға тырысу керек екенін атап өтті.

"Қызыңыз сіздің мұндай сөздерініңден күйеуін қорғау керек сияқты сезінуі мүмкін. Оған уақыт беріңіз, күйеуінің қателіктерін өзі көреді. Оны жақсы көріңіз демеймін, бірақ кездескен кезде қызыңыз үшін шыдап, мәдениетті болыңыз", – деп жазды Нолан.

Ол қызыңыз немесе ұлыңыздың көзінше оның сүйіктісін жамандай бермеуді сұрады.

"Ол сіздің оған деген көзқарасыңызды бұрыннан біледі, сондықтан оны ренжітпес үшін айта бермеңіз. Сол кезде ол сізге көбірек құлақ асады", – деді коуч.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.