№29 "Балауса" бөбекжайы «Би кеші» концерттік бағдарлама Дайындаған: Хореограф



жүктеу 31.96 Kb.
Дата22.10.2017
өлшемі31.96 Kb.

29 “Балауса” бөбекжайы



«Би кеші»

концерттік бағдарлама

Дайындаған: Хореограф
Нурмакова Ф.У.

2017ж


«Би кеші» концерттік бағдарлама.


Мақсаты:

а) Балалардың би қимылдарының орындау шеберлігін арттыру,әрі қарай дамыту.Олардың биге қызығушылығын арттыру.Қи қимылдарының дұрыс орындалуын қадағалау.Музыкалық ырғақты тыңдауды үйрету.Әсіресе,қол,аяқ қимылдарының әр түрлі бағытта нақтылы және дұрыс орындалуын қадағалап,қойылған би композициясын өз мақсатына жеткізу.

ә) Балалардың би кезінде бет-ажарын және сахнада өздерін қалай ұстау керек екендігін үйрету.
Көрнекіліктері: Сахна әсемділігі:түрлі-түсті маталар,ал-қызыл көбелектер,түрлі-түсті ленталар,шарлар.

(Алдымен түрлі-түсті көйлектерімен қыздар жан-жақтан жүгіріп шығып,залға көтеріңкі жылы көңіл әкеліп,әсем де жайлы биімен баурап алады.Би аяқталған кезде,қыздар белгілі бір кескін бойынша отырады.Осы кезде залда әдемі музыка үні ойнатылып,жүргізушілер шығады.)


Жүргізуші: Армысыздар,қадірменді халайық,

Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.

Қуанышты шатықпеннен жүздесіп,

Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.


Әлемге той деп бүгін жар саламыз,


Бишілерді құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер барлығың төрлетіңдер,
Көңілдеріңді бір көтеріп аласыз.

Құрметті көрермен қауым,бүгінгі тек сіздер үшін өз өнерлерімен паш еткелі отырған бүлдіршіндеріміздің «Би кеші» атты концерттік бағдарламасын бастаймыз.



Би-саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі.Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі.Сонымен қатар музыкалық ырғақ адамның әрқилы сезім-күйін білдіріп, дененің икемді әрі жүйелі қозғалысын қалыптастырып, би негізінің қалануына ықпал етті. Алдарыңызда бөбекжайымыздың әрі сүйкімді,әрі байсалды II кіші топ ұлдарын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Би: «Моряктар»

Жүргізуші: Балабақшам базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты

Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің!

Ортаға өздерінің көз тартар ерке қылықтарымен бөбекжайымыздың ортаңғы топ ұлдары «Клоундар» биімен қарсы алайық.

Би өнерінде кең тараған би бұл-қазақ биі.Қазақ биінде билеуге лайық ән-күйлерге билеу негізінде «Қамажай»,«Айжан қыз» билері туып, халық арасына кең тарады. Әр бидің өзінің шығу төркінін, тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз-әпсаналардан байқап білуге болады. Қара жорға биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы (қобыздың) пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді.Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би Қара жорға аталыпты-мыс.



Жүргізуші: Таңданайық өнерге тамсанайық,
Биші ұл-қыздарымызды қарсы алайық.
Шабыттансын, көңілі көтерілсін
Өнерліні мадақтап жар салайық.

Қазақ биі «Шаңырақ».Сіздерге әдемі күйдің үніне еріп,қазақ биін шырқап орындайтын бөбекжайымыздың ересектер тобын қарсы аламыз.

Бүгінгі «Би кеші» атты концерттік бағдарламаны барлығыңыздың қатысуымен «Флешмоб» биін орындаумен аяқтаймыз.Бүлдіршіндер мен көрермен қауым бәріңді де биге шақырамыз.



Жүргізуші: Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде,-дей отырып,концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет