3 Autocad жүйесінде жұмыс істеу тәртібі және реті



жүктеу 101.73 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі101.73 Kb.

3 AutoCAD ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ РЕТІ

Бұл дәрісте, сіздер AutoCAD жұмыс ортасын қалай күйге келтіруді, AutoCAD командаларының қалай шақырылатынын, координаталар жүйесін қолдануды және пернетақтадан жасалатын объектілердің қажетті координаталарын енгізуді үйренесіздер.




  • AutoCAD жұмыс ортасын күйге келтіру

  • Дайындау операциялары

  • Командаларды шақыру

  • Координаталардың әлемдік жүйесі

  • Абсолюттік және салыстырмалы координаталар


3. 1 AutoCAD жұмыс ортасын күйге келтіру
AutoCAD іске қосылған кезде аты жоқ жаңа сызба-файл ашылады (Сызба 1). Осы жерде объект жасауды бастауға болады немесе бұған дейін жасалған сызбаны ашуға болады, мұнда соңғы жұмыс істеген кезде орнатылған барлық жұмыс иснтрументтері сақталады.

Настройка-Күйге келтіру сұхбаттық терезесінде AutoCAD интерфейсінің және сурет салу ортасының түрлі параметрлерін басқару мүмкіншілігі бар:



  • Сигнал для пользователя-пайдаланушы үшін сигналбелгісіз командаларды енгізген кезде немесе рұқсат етілмеген әрекеттер орындалғанда дыбыс сигналының қосылуы.

  • Автосохранение рисунка-суреттің автоматты түрде сақталуы сызба-файлды алдын-ала белгіленген уақыт аралығында дискіге жазу.

  • Установка цветов окна AutoCAD- AutoCAD терезесі түстерін орнатутерезе элементтері түстерін реттеу: сызу облысының, мәтін терезесінің фонын, сызу облысындағы және мәтін терезесіндегі мәтіннің, курсор сызықтарын.

  • Выбор шрифтов-қаріптер таңдауграфикалық және мәтәіндік терезелерде қолданылатын қаріптерді таңдау мүмкіндігі. Сызба объектілері болып табылатын мәтіндерге, AutoCAD терезесі үшін қаріп таңдау әсер етпейді.

  • Задание единиц измерения-Өлшем бірліктерін беруағымдағы өлшем бірліктерді олрнату (дюйм немесе миллиметр).


3. 2 Дайындық операциялары
3.2.1 Өлшем бірліктер жүйесін беру
Сурет салуды бастамас бұрын, өлшем бірліктерін таңдап алу керек. Өлшем бірліктері миллиметр, сантиметр және т.б. болуы мүмкін. Сурет таңдап алынған өлшем бірліктерін ескере отырып салынады, ал басқа бірліктерге көшу үшін оны масштабтау қажет. Сонымен қатар, орнатылған өлшем бірліктерді енгізу үшін формат, және олардың дәлдігін беруіміз керек. Бұл операциялардың барлығы Drawing Units сұхбаттық терезесінде (сурет 3.1) орындалады.

Осы сұхбаттық терезеде үнсіздік бойынша ОХ осінің оң бағытынан сағат тіліне қарсы есептелетін, бұрыштық өлшем бірліктері де реттеледі.

Орнатылған параметрлер координаталар мәніне де, көрсетілуіне де, ұзындық пен арақашықтыққа да әсер етеді..

Кейбір жағдайда, алдын-ала параметрлерін бермей-ақ сызбаны ашқан жөн. Бұл алдын-ала орнатылған параметрлер саны аз болу керек дегенді білдіреді, өйткені, мүлдем параметрсіз сызба болмайды. Ол үшін жұмыстың басы сұхбаттық терезесінің Start from Scratch (Простейший шаблон-Қарапайым шаблон) пернесін қолдану керек (сурет 3.2).



Сурет 3.1 – Өлшем бірліктерді күйге келтіру сұхбаттық терезесі
3.2.2 Сурет (формат) шекараларын анықтау
К: '_limitsағымдағы суреттің шекарасын (лимиттер) мүмкіншілігін береді. Ол Format  Drawing Limits (Формат  Лимиты чертежа-Сызба лимиттері) құлайтын менюінен шақырылады.

Суретшекарасы – сызба орналасқан облыс, әлемдік координаталар жүйесіндеекіөлшемді екі нүкте арқылы беріледі: сол жақ төменгі және оң жақ жоғарғы бұрыштар координаталары. Осылайша, сызба лимиттері болып табылатын, жасанды көрінбейтін тік төртбұрыш жасалады. Z осі бойынша шекаралар орнатылмайды.

AutoCAD бағдарламасы лимит шегінен шығып та сызуға рұқсат береді. Бірақ қосымша тр лимитте көрсетілген аймақта ғана орналасады. Бұл пайдаланушыға шеткі сызық салынбаған жағдайда сызба кеңістігі шекараларын бағдарлауға мүмкіндік береді.

Лимиттер толықмасштабты модельді қамтып қана қоймай, оның өлшемдерінен сәл үлкен болуы керек.
3.2.3 Тор параметрлерін анықтау
Тор (Grid) - дегеніміз лимиттер шегінде сурет облысын жауып тұратын нүктелердің белгілі бір тәртіппен орналасуы. Торды қолдану объектілерді түзеуге және олардың арасындағы қашықтықты бағалауға мүмкіндік береді. Торды басқа командалар орындалғанда қосып, өшіріп отыруға болады. Басып шығарғанда ол көрінбейді.

Торды қосу және оның жиілігін анықтау Tools  Drafting Settings(Сервис  Режимы рисования-Сурет салу режимдері) менюінен алынатын Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) сұхбаттық терезесінің Snap and Grid (Шаг и сетка-Қадам және тор) (сурет 3.2) бетінде орындалады. Торды тінтуірмен жағдайлар жолындағы Grid (Сетка-Тор) пернесіне немесе F7 функционалды пернесіне шерту арқылы қосып, өшіруге болады.



Сурет 3.2 – Тор параметрлерін және байлауыштың қадамын анықтау сұхбаттық терезесі

3.2.4 Байлауыш қадамын анықтау


Қадамдық байлауыш (Snap) – курсорды орнатылған қадамға дискретті жылжыту. Курсор қадамдық байлауыш режимінде тор түйіндерінде секіріп, түйіндерге жабысқандай болып қозғалады. Қадамдық байлауыш әдетте тінтуір арқылы нүктелерді дәл көрсету үшін қолданылады.

Байлауыш қадамы тор жиілігімен бірдей болуы шарт емес. Қадамдық байлауышты қосу және оның параметрлерін күйге келтіру Tools  Drafting Settingsменюінен алынатын, Drafting Settings сұхбаттық терезесінің, Snap and Grid (сурет 2.2) бетінде орындалады. Қадамдық байлауышты жағдайлар жолындағы Snap (Шаг-Қадам) пернесіне тінтуірмен шерту арқылы немесе F9 функционалды пернесіне шерту арқылы қосып, өшіруге болады.


3. 3 Командаларды шақыру
AutoCAD командалары құлайтын меню көмегімен, инструменттер панелінен, контекстік менюден, экрандық меню және команда жолына тікелей енгізу арқылы шақырылады.

  1. Команданы менюден шақыру менюдің сәйкес атауына тінтуір пернесін басу арқылы орындалады. Құлайтын меню ашылады, сол жерден қажетті команда тікелей таңдалынады.

  2. Инструменттер панелінен команданы шақыру үшін панельдің қажетті пернесіне тінтуірмен шерту керек.

  3. Контекстік менюден команданы шақыру үшін, команданы беріп, тінтуірдің оң жақ пернесіне шерту керек (сурет 3.3).


Сурет 3.3 – Сызық үшін команда таңдаудың контекстік менюі


  1. Экрандық менюден команда таңдау менюдің сәйкес атауына тінтуір пернесімен шерту арқылы жүзеге асырылады. Бет ашылады, сол жерден тікелей қажетті команда таңдалынады.

  2. Командалық жолдан таңдау Command: (Команда:) сөзінен кейін команда атын теру арқылы жүзеге асырылады, содан кейін AutoCAD опциялар жиынын шығарады немесе сұхбаттық терезе ашады.

Командаларды қайталау – Enter пернесі.

Команданы жою, менюді немесе сұхбаттық терезені жабу – Esc пернесі.

Соңғы команда әрекетін жою – инструменттердің стандартты панелінің пернесі.

Жойылған командаларды қайталап орындау, инструменттердің стандартты панелінің пернесі.

Осы жаңа ғана өшірілген объекті қайтадан орнына келтіру үшін Oops (Ой) командасы қолданылады.

3.4 Координаталардың әлемдік жүйесі
AutoCAD бағдарламасы электрондық сызбалар жасауға арналған, сондықтан сызба объектілерінің нүкте координаталары берілген өлшемдер бойынша енгізілуі керек. Өлшемдер берілетін координаталар жүйесі осы мақсатта қызмет етеді.

AutoCAD-та үнсіздік бойынша, әлемдік декарттық координаталар жүйесі (ӘКЖ) орнатылған, оның басы 0,0 нүктесінде. Осы нүктеде координаталар басын білдіретін және X, Y координаталық осьтерінің оң бағытын көрсететін белгі орналасқан (сурет 3.4).



Сурет 3.4 – МСК-ӘКЖ – нің басталуын көрсететін белгі


3. 5 Абсолютті және салыстырмалы координаталар
Екіөлшемді кеңістікте нүктелер X Y жазықтығында беріледі.

Олар декарттық та, полярлық та нысанда енгізіле береді. Екі жағдайда да координаталар абсолютті де, салыстырмалы да түрде беруге болады. Абсолюттік координаталар координаталар басынан,салыстырмалы координаталар соңғы нүктеден салынады.




      1. Декарттық координаталарды беру

Абсолюттік декарттық координаталарды беру X и Y –тің дәл мәндерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Нүкте координаталарын енгізу үшін, команда таңдалғаннан кейін, пернетақтадан X осі бойынша координатаны теріп, үтір арқылы Y осі бойынша координатаны тереміз. Мысалы, А нүктесінің абсолютті координатасын сурет 3.5 - те көрсетілгендей етіп беру үшін, пернетақтадан 150,90 мәнін теріп, осы мәндерді бағдарламаға енгізу үшін Enter пернесін басамыз.



Сурет 3.5 – Абсолютті декарттық координаталар


Салыстырмалы декарттық координаталар – соңғы енгізілген нүкте координаталарына қатысты X және Y осьтері бойынша координаталар өсімі. Салыстырмалы координаталар мәні абсолюттік координаларды енгізу тәртібімен орындалады, бірақ жазудың алдында @ белгісі қойылады. Мысалы, @90,90 дегеніміз, жаңа В нүктесі соңғы А нүктесіне байланысты, Х осі бойынша 90, Y – осі бойынша 90 бірлікке жылжығанын көрсетеді (сурет 3.5).


      1. Полярлық координаталарды беру

Декарттық координаталар секілді полярлық координаталар да абсолюттік және салыстырмалық болуы мүмкін.

Нүктенің абсолюттік полярлық координаталары ағымдағы декрттық координаталар жүйесінің басынан қарастырылатын нүктеге дейін өлшенетін радиус және Х осімен осы радиус арасындағы бұрышы арқылы анықталады. Радиус және бұрыш мәндері арасына ашылатын бұрыштық жақша түріндегі (<) белгі қойылады. Мысалы, 5<30 жазуы жаңа нүкте ұқзындағы 5-ке тең Х осіне 300 көлбеулеген (сурет 3.6) радиуста орналасқандғын білдіреді.

Сурет 3.6 – Абсолюттік Сурет 3.7 – Салыстырмалы

полярлық координаталар полярлық координаталар

Салыстырмалы полярлық координаталар, сонымен қатар, радиус және Х осіне көлбеу бұрышының өсімі ретінде де берілуі мүмкін. Олар декарттық координаталар секілді @белгісімен жазылады. Мысалы, @6<-60 жазуы жаңа нүкте соңғы нүктеден Хосіне 60°- бұрышпен көлбеген, 6-ға тең радиуста орналасқандығын білдіреді (сурет 3.7).

Полярлық ілесу – полярлық координаталар жағдайында тінтуір көрсеткішінің қозғалысы шектелмейді, сондықтан ортогональ сызықтар салудың Orto (Орто) режимі өшіп тұруы керек, ал оның орнына команда жолында полярлық ілесу Polar (Поляр) режимі қосылып тұруы керек.

Бұрыштарды реттеу Tools (Инструменты-Инструменттер)  Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) менюінен шақырылатын, Drafting Settings (Режимы рисования-Сурет салу режимдері) сұхбаттық терезесінің Polar Tracking (Отслеживание-ілесу) бетінде (сурет 3.8) орындалады.




Сурет 3.8 – Полярлық ілесу бұрыштарын реттеу


    1. Арақашықтықты тікелей енгізу

Мәліметтерді құру кезінде енгізілетін мәліметтер санын қысқартудың бір тәсілі ретінде – кесінді ұзындығын тікелей енгізу қарастырылады. Егер кесіндінің алғашқы нүктесі берілсе, онда Specify next point or [Undo]: (Следующая точка или [Отменить]-Келесі нүкте немесе [Жою]:) шақыруына жауап ретіінде тінтуір көрсеткішін қалаған бағытта қозғалтып, кесіндінің қажетті ұзындығын беруге болады. Бұл тәсіл ортогональ режимде тамаша жұмыс істейді.

Координаталар осі бойымен бағытталған сызықтар немесе 0, 90, 180 және 2700 бұрыштармен орналасқан сызықтар ортогональ сызықтар деп аталады.


    1. Координаталар мәнін көрсету

Жұмыс барысында жағдайлар жолының сол жағында орналасқан, координаталар индикаторында көрсетілген координаталар мәндерін қолдануға болады. Координаталар индикаторында шығарылатын мәндер тінтуір көрсеткіші және объект қай жерде екендігін хабарлайды.

Координаталар мәнінің көрсетілуі үш режимді:
1. - динамикалық абсолюттік координаталар. Графикалық аймақта көрсеткіштің ағымдағы орналасуын көрсетеді.
2. - статистикалық абсолюттік координаталар. Жаңа салу нүктесін беру кезінде ғана өзгереді. Бұл жағдайда координаталар индикаторы көлеңкеленіп тұрады.
3. - динамикалық полярлық координаталар (салыстырмалы). Графикалық зонада көрсеткіштің ағымдағы орналасуын көрсетеді. Координаталарды көрсетудің бұл режимі салу командасын орындау барысында алғашқы нүкте берілгеннен кейін қосылады, пайдаланушы келесі нүктені беру үшін тінтуірді қозғалтады.

Координаталарды шығару режимін жағдайлар жолындағы олардың мәніне шерту арқылы оңай өзгертуге болады. Сол секілді тінтуірдің оң жақ пернесі арқыл сол жерге шертіп, қажет команданы таңдауға болады (сурет 3.9):


- салыстырмалы

-абсолютті



- өшіру
Сурет 3.9 – Координаталарды көрсету режимдерінің контекстік менюі



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет