3 егеуќЎйрыќтардаєы фетальдік гепатоциттердіѕ асептикалыќ Ќабыну ошаєында шаќыратын тамырлыќ ЖЈне жасушалыќ серпілістері



жүктеу 436.78 Kb.
бет2/4
Дата29.08.2018
өлшемі436.78 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы

Осы зерттеу нәтижелері фетальді-жасушалық емді қолдану арқылы ағзалар мен тіндердің қабынуын, соның ішінде асептикалық қабыну үдерісін, емдеу әдістерінің тиімділігін жоғарылата отырып, ұтымды емдеуге үлес қосады.

Фетальдік жасушалар жүзіндісінің тиімділігін асептикалық қабыну үдерісінің үлгісінде зерттеу фетальді-жасушалық емді медицинада кеңірек қолданылуына түрткі және осы бағытта клиникалық зерттеулер жүргізуге тәжірибелік негіздеме болып табылады.

Фетальдік жасушалар жүзіндісінің қабынуға қарсы және иммунитеттің бейспецификалық жүйесін ынталандырушы (иммуностимуляторлық) қасиеттері туралы деректер теориялық және клиникалық медицина үшін айрықша маңызды және патофизиология мен иммунология пәндерін оқыту үдерістерінде қолдану табады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар

1) Фетальдік гепатоциттер жүзіндісінің дене салмағына 2 мл/кг мөлшерінде (негізгі топ) қабыну аймағына енгізгенде қабыну ошағындағы тамырлық және жасушалық серпілістерді белсендендірді, ерте тұрақтандырды және микроциркуляциялық арна қызметін қалыптастырып, лейкоциттердің эмиграциясы мен жасушалардың пролиферациясын күшейтіп, фибробласттық қаптаманы тез қалыптастырды.

2) Фетальдік гепатоциттер жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозада асептикалық қабыну үдерісінің лейкоциттарлық фазасынан бастап (2-ші тәуліктен) қолданғанда, лейкоциттердің эмиграциясын күшейтіп, макрофагтардың қызметін және пролиферациясын ынталандырды.

3) Фетальдік гепатоциттер жүзіндісінің дозасын 2 есе көбейтіп, 4 мл/кг мөлшерде енгізгенде, асептикалық қабыну үдерісінің лейкоцитарлық фазасын күшейткенімен фибробластық серпіліс мардымсыз және дәнекер тіндік қаптама жасалуының негізгі топтан артықшылығы болмады.

4) Фетальдік гепатоциттер жүзіндісін іш қуысына дене салмағына 2 мл/кг мөлшерде енгізгенде лейкоциттер эмиграциясын күшейгеніне қарамастан макрофагтік серпіліс пен фибробластардың өсіп-өнуі қарқынсыз болып, жылжуы қиындап, дәнекер тіндік қаптаманың жасалуы кешеуілдеді.

5) Асептикалық қабыну кезінде фетальдік гепатоциттердің әсерінен иммунитеттің бейспецификалық жүйесі стимуляцияланып, организм төзімділігі жоғарылады.



Зерттеулердің нәтижелері енгізілуі

Зерттеу жұмысының нәтижелері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің қалыпты және патологиялық физиология, патологиялық анатомия және микробиология, вирусология мен иммунология кафедрасындағы оқу үдерістеріне енгізілді.



Тәжірибелік нәтижелердің сыннан өтуі

Диссертацияның негізгі қағидалары, нәтижелері Марат Оспанов атындағы БҚММА «Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбына өткізілген оқытушы-профессорлық ғалымдар ғылыми конференциясында (Актөбе, 2002), «Физиология и патология иммунной системы» тақырыбына демікпе бойынша IV Бүкіл әлемдік Конгресс, IX Халықаралық клиникалық патология бойынша Конгрессте (Бангкок, Таиланд, 2004), «Человек и лекарство» атты тақырыбына XI Ресей ұлттық Конгрессінде (Москва, 2004), «Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан – 2030» атты тақырыбына Халықаралық ғылыми конференциясында (Қарағанды, 2005), Марат Оспанов атындағы БҚММУ морфологиялық мәселелік кеңесінде (Ақтөбе, 2009; 2010) баяндалды және талқыланды.



Басылымдар

Диссертация тақырыбы бойынша 8 жұмыс жарияланды.



Диссертацияның көлемі және құрылымы

Диссертациялық жұмыс 101 бет көлемінде баяндалып, кіріспе, әдеби шолу, материалдар және зерттеу әдістері, жеке жұмыс зерттеулері, алынған нәтижелерді талқылау мен бағалау және қорытынды бөлімдерінен, 184 пайдалынылған әдебиеттер тізімінен, 9 кесте мен 34 көркемделген суреттен тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Материалдар және зерттеу әдістері

Тәжірибе виварий жағдайында салмағы 180-230 г., болатын 360 тексіз аталық ақ егеуқұйрықтарға жүргізілді. Жануарлар Марат Оспанов атындағы БҚММУ- нің Орталық ғылыми–зерттеу зертханасында (ОҒЗЗ) стандарттық күнделікті тағамдық рационында және су ішуі еркін жағдайда болды. Тәжірибелер аталған ОҒЗЗ-ның операциялық бөлмесінде жасалып, зерттеулер патоморфологиялық (меңгерушісі м.ғ.к., доцент І.Н.Насыров) және иммунологиялық зертханасында жүргізілді.


Фетальдік жасушалардың асептикалық қабыну үдерісіне әсері 4 негізгі серияларда зерттелді (1 – кесте).
1 кесте – Жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің жалпы сипаттамасы



Зерттеу сериясы

Эксперименттің сипаттамасы

Топ саны


Жануар

саны


1

1– серия

Фетальдік гепатоциттерді асептикалық қабыну аймағына енгізгенде шақыратын тамырлық және жасушалық серпілістері

тиілмеген

бақылау тәжірибелік



5

19

66



2

2- серия

Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне фетальдік гепатоциттерді қабыну аймағына енгізу мерзіміне байланысты тигізетін әсері

тиілмеген

бақылау тәжірибелік



5

20

61



3

3– серия

Фетальдік гепатоциттер дозасының еселенген мөлшерін қабыну аймағына енгізгендегі асептикалық қабыну ошағының элементтеріне әсері

тиілмеген

бақылау тәжірибелік



5

19

67



4

4– серия

Фетальдік гепатоциттерді жануарлардың іш қуысына енгізгендегі асептикалық қабыну кезіндегі дәнекер тінінің реактивтік элементтерінің өзгерістері

тиілмеген

бақылау тәжірибелік



5

22

66



Барлығы

360

Фетальдік жасушалардың әсері үлгіленген асептикалық қабыну ошағындағы тамыр серпілістерінің өзгерістерін бағалау, жасушалар құрамдарын анықтау және жасушалардың қызметтік белсенділігін талдау арқылы (қабыну үдерісінің ағымы) бағаланды. Сонымен қатар, фетальдік жасушалардың организмнің реактивтілігіне ықпалын бағалау үшін иммундық бейспецификалық жүйе жағдайы зерттелді.

Гепатоциттер жүзіндісін ОҒЗЗ-ның операциялық бөлмесінде асептика мен антисептиканың барлық ережелерін сақтай отыра әзірледік. Жаңа туылған егеуқұйрықшаларды бірінші тәулік ішінде алып, жеңіл эфирлі наркоз кезінде декапитациялап, іш қуысынан бауырын алдық. Бауырды өлшеп, салмағын анықтап, арнайы жасалған шприц - майдалағышқа салып ұсақтап, арқауынан бөліп алдық (Ж.А. Доскалиев және бірлескен авторлар., 2002). Бауырдың фетальдік жасушаларынан әзірленген жүзіндісінің 1мл-де 1× 107 жасушалар бар.

Асептикалық қабыну үдерісін егеуқұйрықтардың жауырын асты аймағының терісінің астына скипидар жіберу арқылы үлгіледік (Г.Селье, 1961).

Әр сериядағы жануарларды тиілмеген, бақылау және тәжірибелік топтарына бөліп, бақылау тобына белгілі бір көлемде физиологиялық ерітінді енгіздік. Алдымызға қойған міндеттерге байланысты тәжірибелік топ жануарларына дене салмағына 2 мл/кг фетальдік гепатоциттерді қабыну аймағына, іш қуысына және 4 мл/кг қабыну аймағына енгіздік.

Асептикалық қабыну үдерісінің ағымын бақылау үшін, зерттелетін материалдарды, қабыну басталуынан 30 мин, 3, 6, 12 сағаттарда және 1, 3, 7, 14, 21-ші тәуліктерде қабыну ошағынан алып зерттедік.

Қабыну ошағының морфофункциональды жағдайын зерттеу үшін: жасушалық және тамырлық серпілістерді Ташке әдісімен (Т.Ташке, 1980) және жаңадан жасалу үдерісі бөлігіндегі өзгерістерді сипаттау А.А.Майборода әдісімен (А.А. Майборода, 1974)анықталды.

Алынған сандық мәліметтер бойынша қабыну фазаларының ұзақтығынан басқа қабыну үдерісі ағымының келесі сипаттамасын анықтадық: 1) микроциркуляциялық арна серпілісі; 2) мес жасушалар миграциясының қарқыны; 3) мес жасушаларының түйіршіксіздену үдерісі; 4) лейкоциттердің тамыр арнасынан шығуы және некрозға ұшыраған тінге қарай көшу қарқыны; 5) лейкоциттік тосқауылдың және фибробласттық қаптаманың қалыптасу сипаты; 6) лейкоциттердің фагоцитоздық белсенділігі; 7) фибробласттардың пролиферативтік белсенділігі; 8) қаптаманың жасалу жылдамдығы; 9) фибробласттық қаптамадағы коллаген жасалуының қарқыны.

Организм реактивтілігіне толық сараптама жасау үшін иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің көрсеткіштерін: фагоцитоз, лизоцим, комплемент, гетерогемагглютитининдер өзгерістерін зерттедік (А.М. Земсков и др., 1997; О.В, Бухарин, Н.В. Василев, 1974; Л.С. Резникова, 1967).

Алынған мәліметтер Стьюденттің параметрлік t-критериі бойынша өңделді (И.А.Ойвин, 1960). Нәтижелер р<0,05 сенімді деп саналды.



Зерттеу нәтижелері және талқылау

Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну аймағына фетальдік жасушалар жүзіндісін енгізгендегі қабыну ошағындағы тамырлар және жасушалар серпілісінің динамикалық өзгерістері зерттелді

Бұл сериядағы тәжірибелік егеуқұйрықтарға жауырын асты аймағының терісінің астына скипидар жібергеннен кейін, (сол мезетте) осы аумаққа 2 мл/кг дене салмағына фетальдік жасушалар жүзіндісін енгіздік.

Асептикалық қабыну ошағында тамырлар тонусы мен серпілісін, сіңбе деңгейін және құрамын уақыт өзгеруіне сай анықтадық.

Қабыну үдерісінің 30 минутында бақылау тобында тамырдың қиылу көлемінің орташа ауданы S=525±53,0 тең мкм2 болып, тәжірибелік топтағы жануарларда - 33% төмендеді (S=345±35,3 мкм2 , р<0,05). Қантолым тамырлар саны бақылау тобында 370±36,0 мм2, тәжірибелік топта - 435±46,0 мм2 тең екендігі анықталды. Сонымен, тамыр қиылу ауданы фетальдік жасушалар енгізілген топта, тәжірибелік тобымен бақылау тобын салыстырғанда, 1,3 есе жоғары (р<0,05) және тамыр қабырғалары созылып кеңіген, өткізгіштігі артқан.

Тәжірибенің 3-ші сағатында бақылау тобы қабыну ошағында қыл тамырлардың кеңеюі, артериолдар мен венулаларда қанға толуы, қанталау, ісіну үдеді. Осы кезеңде қабыну ошағында тамырлық серпіліс біркелкі тұрақталған. Бақылау тобындағы егеуқұйрықтарда ол әлі жоғары деңгейде; тамырдың қиылу көлемінің орташа ауданы 578±34 мкм2, қыл тамырлар саны 350±29,6 мм2; тәжірибелік топта - сәйкесінше 467±35 мкм2 және 470±46,0 мм2 тең. Яғни бақылау тобына қарағанда тамырдың қиылу көлемінің орташа ауданы 1,23 есе төмен (р<0,05), ал қыл тамырлар жиілігі 1,34 есе көп (р<0,05).

Тәжірибелік топта қабынудың 6 сағатында қабыну ошағында қанайналысы, тамырлар серпілісі жоғары деңгейіне жетті, тамыр қиылуының орташа ауданы S=670±63 мкм2 , ал, 1 мм2 аудандағы қантолым тамырлар саны 400±36 болды. Яғни, тамыр қиылуының орташа ауданы, бақылау тобына қарағанда, 1,42 есе жоғары, ал қантолым тамырлар саны статистикалық сенімді емес.

Фетальдік гепатоциттер енгізілген топта 12-ші сағаттағы қабыну ошағындағы қан тамырларынан лейкоциттердің екпінді эмиграциялануы нәтижесінде лейкоциттік тосқауыл жасалып болды. Бақылау тобында тамырлардың қиылу орташа ауданы 700.0±69 мкм2-ге дейін кеңігені анықталды. Қантолым тамырлар саны 380±37 тең. Ал, тәжірибелік топ жануарларында микроциркуляциялық тамырлардың орташа қиылу ауданы - 460±47 мкм2, қантолым қылтамырлар саны - 400±42.1 мкм2. Яғни, тамырлар қиылуының орташа ауданын, бақылау тобымен салыстырғанда, 1,52 есе жоғары (р<0,05) болғанымен, қантолым тамырлар саны өзгерген жоқ.

2-ші кестедегі деректерден тәжірибелік топтың қабыну ошағында 30 минут және 3-ші сағатында мес жасушалар саны бірқалыпты деңгейінде қалғаны көрінеді, олардың ең аз мөлшері 12-ші сағатта (10±0,1) байқалды және бақылау тобына қарағанда 2-3 есе жоғары екенін анықтадық (р<0,05). Келесі зерттеу уақыттарында тәжірибенің алғашқы мерзімдерімен салыстырғанда, мес жасушалар мөлшері төмендеді, бұл құбылыс жасушаның белсенділігінің және оны түйіршіксізденудің көрсеткіші (ТОК) мен түйіршіктердің босап шығу коэффиценті (ТБК) өсуінен байқауға болады. Фетальдік жасушалар жүзіндісі енгізілген жануарларда ТОК көрсеткішінің 3 сағаттағы деңгейін (0,74±0,07) 1-ші тәуліктегімен (1,1±0,1) салыстырғанда, 1,48 есе жоғарылағаны анықталды (р<0,05) және осы деңгей шамасы 21 тәулікке дейін сақталды. Тәжірибелік топтың ТБК 3-ші тәулікте, 3 сағаттағы қарағанда, 1,66 есе жоғарылады (р<0,05) және осы деңгейі 21 тәулікке дейін сақталды. Бақылау тобымен салыстырғанда, 1-ші тәулікте ТОК - 57%, ТБК - 38%-ға жоғарылап (р<0,05), келесі бақылау уақыттарында да осы деңгейде тұрақтады. Бақылау тобы жануарларының қабыну ошағындағы мес жасушалары бастапқы уақытта түйіршіксізденіп бұзылып, жойылды. Тек, 3-ші тәулікте қайта көбейе бастады, олардың ең жоғарғы деңгейі 7-ші тәулікте анықталды, одан әрі азайып, қалпына оралды. Мес жасушаларының белсенділігінің шамасы бақылау тобында, тәжірибелік топпен салыстырғанда, әлде қайда төмен екені анықталды.

Қабыну басталуының 3-ші тәулігінде тәжірибелік топта қабыну ошағының шеткері аймағында лейкоциттік инфильтрат тығыздығы төмендеп, бақылау тобындағы деңгейге теңесті. Лейкоциттік тосқауыл қалыңдығы бақылау тобында екі еседей артты (97,5±10,1 мкм). Тәжірибелік топтағы лейкоциттік тосқауылда нейтрофильдер өліп, олардың жиілігі 5000 мкм2-де 43,6±3,9 дейін төмендеді. Ал, бақылау тобында нейтрофильдер саны лейкоциттік тосқауылда өзгеріссіз қалды (87,5±7,7), яғни тәжірибелік жануарлардың 3-ші тәуліктік қабыну ошағындағы лейкоциттік тоқауылдағы нейтрофильдер саны 2 есе аз болды (р<0,05).
2 кесте – Фетальдік жасушалардың дене салмағына 2 мл/кг қабыну аймағына енгізгендігі қабыну ошағында мес жасушалардың саны және белсенділігінің өзгеруі (М ± m).


Жануар-лар

топтары

Көрсет-кіштер


Бақылау уақыттары



30 мин

3сағат

6сағат

12сағат

1тәулік

3тәулік

7тәулік

14тәулік

21тәулік



Бақылау тобы

n =21


Мес жасуша саны

1мм2


14,5±1,2

16,0±1,2

9,0±1,0

5,0±0,4

2,0±1,7

8,5±8,5

10±0,9


13±1,2


15±1,4



ТОК (шартты

бірлік)

0,53±0,05

0,49±0,05



0,5±0,08


0,65±0,06



0,70±0,057



1,0±0,09


1,1±0,08

0,9±0,08

0,9±0,09



ТБК (шартты

бірлік)

12,3±0,9

11,7±0,85


13,5±1,15


14,7±1,3

20,4±1,9

33,5±2,1

17,1±1,7

10,8±0,9

7,3±0,6


Тәжірибелік топ

n =66


Мес жасуша саны 1мм2

16,1±1,33



16,3±1,47



14,3±1,3*



10,1±1,1*



12,0±1,1*



14,5±1,04*



15,3±1,47*



17,1±1,6*



18,1±1,79




ТОК (шартты

бірлік)

0,6±0,07

0,74±0,07*


0,81±0,07*


0,93±0,09*


1,1±0,1*


1,3±0,15


1,5±0,17


0,9±0,085


1,1±0,1


ТБК (шартты

бірлік)

29,1±2,3*

25,2±2,4*


30,1±2,8*



35,7±2,6*


28,2±2,1*


42,0±3,1*


39,0±3,1

39,1±3,1

40,1±3,0

Ескерту – * бақылау тобымен салыстырғанда сенімді, р< 0,05.

1-ші тәулікте тәжірибелік топта жасушалық тосқауылдағы макрофагтардың мөлшері 70±6,7% болып, бақылау тобы жануарларына қарағанда, 1,4 есе жоғары (р<0,05) екендігі анықталды. Қабыну басталуының екінші тәулігінде, фетальдік гепатоциттер әсер еткен аймақта жасушалық және тіндік детриттер фагоцитоздалып, аумақ толық тазарды. Ал, бақылау топ жануарларында бұл құбылыс 3-ші тәулік аяғында байқалды. Сонымен бірге, лейкоциттердің хемотаксисі күшейді.

Алынған нәтижелерді салыстыра талдау, тәжірибе тобында қабыну серпілісінің ағымының қарқынды жүріп, тез аяқталуы, фетальдік гепатоциттерден шығатын биологиялық белсенді заттардың әсерімен байланысты, деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді (Доскалиев Ж.А., 2006; А.Д. Жетимкаринова, 2008).

Қабыну ошағында лейкоциттердің эмиграциясы, бүлінген тін мен жасуша қалдықтарын жою, тазарту үдерістері организмнің бейспецификалық иммунитет жүйесінің қатысуымен іске асады. Фетальдік жасушалар енгізген жануарларда, бақылау тобы жануарларының көрсеткіштерімен салыстырғанда, комплементтік белсенділіктің, лизоцим және гетерогемагглютинин титрі деңгейінің көбейгенін анықтадық (3 кесте).


3 кесте – Фетальдік гепатоциттерді қабыну аймағына енгізгендегі иммунитеттің бейспецификалық факторларының өзгерісі (М±m)



Көрсеткіштер

Тиілмеген топ

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

1

Лейкоциттер ×109

4,325±287,0

6540 ± 59,7*

9,730 ± 48,7*

2

Нейтрофильдер (%)

20,7 ± 4,3

20,4 ± 1,9

42,5 ± 3,8*

3

Эозинофильдер (%)

1,8 ± 0,1

1,9 ± 0,15

1,3 ± 0,11*

4

Лимфоциттер (%)

75,2 ± 4,3

74,3 ± 6,3

53 ± 4,9*

5

Моноциттер (%)

2,3 ± 0,18

4,4 ± 0,5*

2,4 ± 0,23*

6

ЛЫИ

0,5 ± 0,06

0,40 ± 0,071

0,58 ± 0,048*

7

УЛИ

0,9 ± 0,04

0,40 ± 0,071*

0,53 ± 0,03*

8

ЫИ

0,28 ± 0,04

0,29 ± 0,025

0,42 ± 0,27*

9

НФБ (%)

35 ± 2,2

30,5 ± 2,9

78,8 ± 5,7*

10

Лизоцим

24 ± 0,9

27 ± 1,5

35,6 ± 2,7*

11

Комплемент (мл)

0,015±0,001

0,015±0,001

0,02 ± 0,001

12

Гетерогемагглютининдер

2,0 ± 0,15

3,0 ± 0,3

8,5 ± 0,76*

Ескертулер

1- * р < 0,05бақылау тобымен салыстырғанда;

2- р < 0,05 тиілмеген топпен салыстырғанда.

Фибробласттардың өсіп-өнуі, көбеюі, бақылау тобына қарағанда, қарқынды жүріп 7-ші тәулікте 9-10 қабаттық қаптаманың жетілуімен сипатталды, ал осы кезде бақылау тобы жануарларында фибробласттық қабаттар қаптамада аз, небары 5-6 қабат түзілгендігі анықталды (р<0,05).

Фетальдік жасушалар жүзіндісі енгізілген егеуқұйрықтарда 7-ші тәуліктегі коллаген мөлшері 61,7±4,9% тең болып, бақылау тобында - 28,3±2,9% (р<0,01) екендігі анықталды. Келесі бақылану уақыттарында коллаген мөлшері көбее түсті. Бақылау тобында коллаген мөлшері төмен екені байқалды (р< 0,05).

Сонымен, қабыну үрдісінің репаративтік кезеңінде фетальдік жасушалар жүзіндісі енгізілген жануарларда, біріншіден, фибробластардың пролиферативтік белсенділігі жоғарылады; екіншіден, коллаген жасалу қарқыны да жоғары болатындығы анықталды. Осыған байланысты, 7-ші тәулікте жеткілікті деңгейде жетілген фибробластық қаптама қалыптасты.

Алынған нәтижелерді қорытындылай келе, тәжірибе тобындағы жануарларда қабыну үдерісінің лейкоцитарлық және макрофагтік фазаларының жылдамдауы мен фибробласттық қаптаманың ерте түзілуі фетальдық жасушалар мен олардың медиаторлық заттары, атап айтсақ 2,6,10 интерлейкиндердің, тиреотропты гормонның, фолликула ынталандырушы гормонның және т.б. әсерінен болуы ықтимал (Доскалиев Ж.А., 2006; Жетимкаринова А.Д., 2008).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет