Ыстамбұлдың басты көрікті жерлерінің бірі – Айя-София мешітіне бару енді ақылы болды. Енді қасиетті мекенге іштей тамашалағысы келетін қазақстандықтар 25 еуро яғни 12 жарым мың теңге төлеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңашылдық тек шетелдік туристерге қатысты. Бірақ түрік азаматтары үшін мешітке кіру тегін.

Сонымен қатар билік ғибадат орнына кіретін есіктерді бөлу туралы шешім қабылдады, енді біреуі саяхатшыларға, ал екіншісі жергілікті тұрғындарға арналған. Осы арқылы кезектерді азайтып, қалпына келтіру жұмыстарын тиімді жүргізуге болады, дейді әкімшілік.

  • Қытайдан Қазақстанға келетін туристердің саны 17 есе өскен
  • Бұдан былай Қазақстанға келген шетелдіктер туристік жарна төлемейтін болды

Бүкіл әлемде діни қызмет кезінде ірі соборлар мен мешіттерге кіру әдетте тегін. Ал ақылы болса, оған әдетте экскурсия кіреді. Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетіп, 80% болды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.