3 І. Тарау. Қазақтың ХХ ғас 20- жылдардағы дипломатиясы



жүктеу 0.61 Mb.
бет3/3
Дата29.08.2018
өлшемі0.61 Mb.
түріДиплом
1   2   3

2.2. Н. Төреқұлов туралы тарихи зеріттеулер мен деректемелер.

«Ерер ердің еңселі ескерткіші». Тайыр Мансұровтың Нәзір Төреқұловқа арналған кітаптары туралы.
Бұл мақалаға саясат ғылымдарының докторы Тайыр Мансұровтың еңбегі өзек болғалы отыр. Ол тапжылмай ізденіп, ерекше талпыныс жасауының арқасында Алаш арасы Нәзірт Төреқұлов жайлы «Русский Раритет» баспасынан 200 жылы «Нәзір Төреқұлов-Сауд Арабиясы король дегендегі КСРО-ның өкілетті елшісі» атты тұңғыш еңбегі орыс тілінде жарыққа шықты. 608 беттік бұл жинаққа талай жылдар тас құлыптың қамауында жатқан халқымыздың біртуар ұлының дипломатиялық қызметіне байланысты, әсіресе оның Сауд Арабиясы Корольдігінде 1928-1935 жылдары өкілетті елші қызметін атқарған кездегі құжаттар тұңғыш рет толық жарық көрді. Оған Тайыр Айтмұхаметұлының қолын жеткізген, біріншіден, өзінің сегіз жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі болғандығы, екіншіден, Ресей Федерациясының сол кездегі Сыртқы істер министірі Е.М. Примаковтың үлкен жүрекпен азаматтық көрсетіп, қолғабыс етуі Автордың кітаптағы Евгений Максимовичке айтқан алғысын қазақ зиялылары тегіс қосылады деп сенеді.

Тайыр Мансұровтың мол еңбегінің бастамасы болған осы кітабының соңынан көп кешікпей Мәскеудегі «Реал Пресс» баспасынан 2001 жылы қалың оқырманға жол тартқан «Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны» жарқ ете түсті. Кітаптың мұқабасының безендірілуі бір аттың құнындай болып көз тартып, алтыннан жарқырап, мұнайы толқып жатқан әйгілі Сауд Арабиясын көзге елестетеді. Мекке мен Мединесі бар киелі елді бейнелеген әсерлі суретте жинақтың сыртын құлпыртып тұр. Ал ең құндылығы: кітаптың салған беттен төрт тілде шығуы түсінген адамды ерекше қуантады. Сөз орайында автордың бұл еңбегін Ресей баспасында әділ бағасын алғанын айтып өткеніміз ләзім.

«КСРО-ның Сауд Арабиясындағы тұңғыш және ең соңғы елшіснің тарихы» атты көлемді мақала авторы онда қазақ дипломатының қызметін айтқан кітаптан үзінділер келтіре отыра, мұндағы бағалы құжаттар мен фотсуреттерге айрықша көңіл бөлген /46/.

Тайыр Мансұровтың Нәзір аға туралы үлкен панорамасының бірі ғажап көрінісі көрінісі үшінші кітапта кеңінен көрініс тапты. «Өкілетті өкіл Нәзір Төреқұлов Дипломант. Саясаткер, азамат» атты ол шығарма орыс тілінде Мәскеудегі баспасында 2003 жылы жарыққа шықты. 335 беттен терең толғаулы сан түрлі дәйектермен дәлелденді. Бұл ұлағатты ғалымдардың есімінің Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов және көптеген қазақтың біртуар ұлдарымен қатарласа ел ардағы екенін айқындап берді. Кітаптың құндылығы сонда, мұнда өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихымыздың кейбір ақтандақтары, дипломалиялық әлемдегі ұлттық үлесіміз айқара ашылды. Сондықтан да Тайыр Мансұровтың көлемді де, деректі де дәрежелі еңбегін отанымыздың дипломатиясы тарихнамасының құнды бөлшегі деп есептеген жөн /47/.

Нәзір Төреқұловқа арналған Тайыр Айтмұхаметұлының төртінші кітабы шын мәнінде жалпы оқушы қауымға арналып, академик Е.М. Примактың жылы да жұп-жұмыр алғысөзімен, содан соң әр тараудың алдына тауыпқойылған тамаша эпиграфтармен беріліпті. Кітаптыңалғашқы бетінен бастап соңғы парағына дейін көз алдырмай, көңілді әле неден бұрғызбай бін демнен оқып шығуға магниттер тартатынына өз алдына, оның қай сөйлемін алсаң да шырайлы шындық пен дәйекті дерек жан толқытады. Шығарманың тілі де жинақы, жатық һәм дипломатия әлеміне сай өз дәлдігіне берер кәсіби ұғымдарға өте бай.

Төрт кітапты төркіндетіп, енді бесінші кітапқа келейік.Ұлан-ғайыр еңбектің тоқ етері, негізгі жинақтағы төртінші кітапта берілген, бесінші кітап, негізінде, сол «Молодая гвардия» баспасындағы «ЖЗЛ» сериясынан орыс тілінде шыққан кітаптың қазақшасы. Демек, бұл тікелей аударма емес, жазу стилінде де, сөз саптау әдісі мен шеберлігінде де жеке дара туынды секілді әдемі шыққан дүние. Автор бұл кітапты жазу үстінде негізгі деректерін алдыңғы кітаптардан алса да, қанын қазақы етіп, тілін тартып жылылыққа жұғыстырыпты. Тағы да бір айта кетерлік жәйт: халқымыздың біртуар дарабоз ұлының ұлағаты өмірін бір сырлы һәм сансыз қырлы етіп көрсету жолында осы туындысында басқа кітаптарында жоқ мағлұматтарды беруі көңілге әбден қонарлық іс.

«Ғибадатты ғұмыр» сериясымен 2005 жылы жарық көрген «Нәзір Төреқұлов» атты бұл кітаптың шығарған «Қазақстан» баспасы /48/ Кейіпкердің өмірбаяны мұнда өте тартымды берілген. Шынында да ұлы адамдардаң өмірін жете білмесең, ұлылығын ұғу да оңайға соқпайды. Нәзірдің әкесі діндар болған, оған қоса Ферғана аймағындағы атақты мақта комиссионері, өз заманының оқуы бар естісі, орыс өзбек, қазақ тіліндегі кітаптарды газеттерді үзбей оқитын. Бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлген сауатты сауда иесі екен.Нәзірдің бастапқы оқу жылдарында сәйкес келген патша үкіметінің жарлығымен ашылған орыс-түзем мектептері пайда бола бастады. Әне, сол жаңалықтарды да дер кезінде пайдаланған әкесі Нәзірдің осы мектепте оқытып 1905 жылы бұл білім баспалдағын бітірісімен жеткіншек талапкер көпестер мен сауда-өнеркәсіп компаниялары негізін қалаған сегіз жылдық Қоқан комерция учелищесіне оқуға түсіпті /49/.

1913 жыл оның ойдағыдай тәмәмдап Нәзір Төреқұлов Мәскеудегі институтқа оқуға түседі. Ол осы кезде жасынан құштар тіл өнеріне ерекше дем қояды, орыс және түрік тілін жетік білуіне француз және неміс тілдерін үйренуге бет бұруын қосады. Өзінше оқып тіл жетілдіру оған біткен екінші өнері еді.

Кітаптағы бір тарау Төрекұловтың король сенімін жеңіп алу жолындағы күресіне арналыпты. Бұл жолда Нәзір аға әл-Саудтың төңірегіндегі аса ықпалды кісілерден бастап, кедергі боладау деген шенділер мен шекпенділердің де бөтенсіместей ойына ие болу әрекеттерін оқығанда, нәтижесінде қолдастық, жолдастық ниетпен ұйыта білу таң қалдырды. Нәзір Төреқұловтың «большевиктік режимінің» өкілі болуы оған әркімнің жеке көзбен қарап, ішінде күмән сақтауын да автор көптеген дәлелдермен дәйекті түрде жеткізген. Ол дипломатиялық ойындар емес, ақылды адам мойындар үлкен ұғымдағы шындық. Қадағалаушылардың бірі атақты Ким Филбидің әкесі Джон Филби болғандығын оқығанда, қалың жаудың арасындағы қайсарь ағаның жеңістеріне таң қаласын. Мәселен, жалғыз ғана кеңестік сауда қатынасына Арабтардың жасаған кедергісін оқығанда бұл орындауға болмас әрекет, оның ар жағында Британия арыстандары тұр деп қаласың. Ал келе-келе, әрімнің өз қажетін бере-бере сол қиямет-қайынға тең ауыр шарттарды бұзып, қолайлы дәрежедегі келісім-шартқа Төреқұловтың қол жеткізуі Мәскеумен де, Сауд Арабиясымен де арпалыса біліп, ақыры пішімін тауып ісінің түпкі қайырлы болуға жеткенін көзбен көргенімдей оқығанымда Феномен деп атауға тілім шапшаң жетті /50/. Ағылшынның елшісі Бонды дуайендікке таласып тоқтатпай іштей наразы болып жүргенде Түрік Республикасының ұлттық мерекесі күнінде дипкорпустың атынан Төреқұлов ақсақал ретінде араб тілінде сөйлепті. Бұл сөзінің ел-жұртты естерінен танардай таң қалдырғаны соншалық, Бонд ендігәрі бірінші сөзге таласуын үзілді-кесілді тоқтатыпты. «Білгенге маржан, білмеске арзан» дегендей бұл жеңістің де тарихы ауны сонша кең екенін жауапты жиындарды король кеңес елшісін дипкорпустың дуайені ретінде он қол жағынан тақау отырғызатын болғанын көреміз. Ал одан кейін ар жағына Алла жар болып, корольге қашан барамын, қанша барамын дегізбестей әл-Саудтың сенімін әбден билеп алған Айта берсек осы іспеттес оқйғалардан да кеңес елшісінің ірі діни де, саяси да жеңістері аз болғанын көреміз /51/.

1967 жылы Ташкентте басылған «Революционерлер,бұқара жетекшілері» деген жинақта «Нәзір журналис ретінде тамаша талант болған, фельетон, заметкалар жазып, басмашылықтықтың контрреволюциялық мәнін, үгіт насихатының халыққа қарсы сипатын әшкерлеп отырған» деген жолдар бар. Осы сөздердің астарында көп мағына жатқан жоқ па?

Нәзір көзін көрген, ақылын тыңдаған тетелес інісі Жүсіпбек Арыстанов бір естелігінде «...неше алуан саяси, ғылыми мақалаларымен қатар очерктер, памфлектер, әдеби сын мен фельетондар, әр түрлі маңызды хабарлар оның дарынды қаламынан тынымсыз туындап жатты...» деп жазған еді көзі тірісінде /52/.

Филология ғылымының докторы, прафессоры Темірбек Қожакеев Нәзірдің шығармашылығы туралы алғашқылардың бірі болып арнайы зеріттеу мақала жазды. Сонғы бір мақаласында былай деп ой түйеді: «ал оның журналистік мұрасының ерекшеліктеріне келсек, Нәзір негізінен сыни мақалалар жазған. Олардың ерекше екпінмен, сын объектісін ақтара бұқара жазған. Нысанаға алып, діттеген адамдарын сілкілеп, шаңын қаға, есін кетіре, сауырлап-сауырлап тастайтын болған...» деп түйеді. Ол расында төрт аяғын тең басқан, тайпалаған жорға журналист, қаламының желі бар, қарымды саясаткер. Бұған келтірер мысал да, дәйек етер дерек те жетерлік.

«Нәзір-журналист» деген тақырыпқа келгенде қай зерттеуші де «Қазақ» қазақ газетін айналып өте алмайды. Ал бұл тақырып күні кешеге дейін аузға алынбай келсе, оған кінәлі Нәзір ғана емес, оның өзге де себептері болды.

2.3. Н. Төреқұловтың тарихи тағдыры.

Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, М. Шоқай, Т. Рұсқұлов, С. Садуақасов, М. Дулатов және тағы басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласын да еңбек етіп, сол арқылы әр қайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз /53/.

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловты осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар жүріп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешкен. Оның өмірір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлттық, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына алам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тілі ғылымымен баспасөзі мен бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті /54/.

Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері, Нәзір Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің өз көзімен көрген елдері мекендер, ірі-ірі саяси тұлғалар мен жасаған қарым-қатнасы сынды азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зеріттелген, Н. Төреқұлов тұлғасын терең ашуда терең қызмет еткен. Әсіресе, елші Н. Төреқұлов жайындағы Ресей сыртқы істер министірлігініңдегі, Ресей қауіпсіздік қызметінің Федералдық бюросындағы, солардың кіруге рұқсат етілмейтін мұрағаттары мен мұражайларындағы, құпия бөлімдеріндегі «аса маңызды мемлекеттік грифтегі» құжаттар мен олардың фотокөшірмелерін қолға түсіруге афтор зеріттеуші айрықша табандылық танытты.

Сталиннің және оның төңірегіндегі жандайшаптарының, асыра сілтеушілерінің тікелей ұйымдастыруымен, тікелей жала жабу арқасында көп ұзатпай Нәзір Төреқұловты ірі қайраткер ретінде саяси сахнадан алыстату мақсатында ашық, арсыз саясат жүргізілді. Түркі жұртына жаны ашыған үшін, көмек бергені үшін «пантюркизм» көсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-террорлық пантүркілік ұйымының белсенді мүшесі ретінде Тұрар Рұсқұловпен бірігіп кеңес Одағын құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Оның аяғы арамыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесілді және 1937 жылдың 3 қарашысында «халық жауы» деген айыппен мерт болуына алып келді. Төреқұлов осының барлығын сезді, білді. Біле тұра, зиялы,аса сабырлы, асамәдениетті жанретінде ең соңғы сағатына дейін партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады. Өзімен тұтас жаппай репрессияға ұшырап жатқан Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ағаларымнан жаным артық емес менің де, іштен тынып, сонғы деміне дейін жақсылықтан демін үзген жоқ /55/.

Сонау өткен ғасырдың30-жылдарының Нәзір Төреқұловтай отандасымыздың, қазақ азаматының әлемдік деңгейде терезесін тең ұстап, сол алпауыттардың өз тілінде, өз дәрежесінде Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыройлы қызмет атқаруы, сүйте тұрып түркі тектес халықтардың да мұң-мұқтажын шешіп, осы жолы да қам жасап отуіне де ерлікке пара-пар еңбек десек, артық емес. Осындай тағлымды тағдыр кешкен перзентіміздің тәуелсіздікке қол жеткен заманымызда арамызға қайта жарқырап оралатын кезеңі де келген секілді. Ендігі жылдары оның атаулы даталарына сәйкес үлкен-үлкен білім орталарының, дипломатия мектептерінің атаулары, мемлекет деңгейіндегі силастығымыз Н. Төреқұловтың есіміне ие болып жатса қанекей /56/.

Нәзірт Төреқұлов-тарихи тұлға.т Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым есте сақтаған жөн.

Нәзір Төреқұолвтың еңбектері мен зеріттеулері және де жүргізген саяси жаңалықтарын тым кеш зеріттеу жүргіссе де ол туралы мұрағат, мұражайлардан көптеп материалдарды тауып алып керекті жағдайда қолданып жүруімізге болады. Тұлғаның тағдыры қаншалықты қатал болғанымен оның жүргізген саясаты аса құнды болып саналады, сол себептен ол асыл нұсқаларды жоғалтпауымыз керек деп ойлаймын.

Нәзір Сауд Араб мемлекетіндегі саясатынан өз еліне қайтқанымен елдегілер Нәзірге айып тақты. Осыдан 1937 жылы 17 шілдеде кеңеске қарсы насихат жүргізді деген қолдан жасаған айыптаумен ол өлім жазасына кесіледі және атылады /57/.

1958 жылы Сталиндік қуғын-сүргіннің күнәсіз құрбандықтары қатарында Нәзір Төреқұлов ақталып шығады.



Қорытынды
Ақыл-ойымызды тәрбиелеген қоғамға әрбіріміз-ақ қарыздармыз.

Н. П. Чернышевский.
Жұмысымды қорытындылай келгенде қазақтан шыққан тұңғыш дипломат ірі мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметіне қатысты құнды деректерді іздестіруде соңғы кездері көп жұмыстар жүргізілуде. Араб түбінде КСРО-ның мүддесін қорғау жөнінде шебер қызметі, жер шарының сонау бір бөлігіндегі дипломатиялық күрестің барлық айла – шарғылары халқына мол түсінік береді. Қазіргі таңда Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметін зерттеуде көптеген ғалымдар жұмыс жүргізуде.

Нәзір Төреқұлов ана тілін ардақтай отырып, өзбек, тәжік, шағатай,парсы, араб, орыс және француз, неміс тілдерін де еркін меңгерген. Кеңес Одағының өзінде-ақ Ресейдің отаршылдық саясатын сынап,елі мен жерін тілін, дінін, ділін, ұлтының ар – намысын жоғары ұстап отырған. Мәскеудегі Бүкілодақтық «Күншығыс халықтары» баспасын басқарған (1925 жылы) жылдары Әлихан Бөкейхановты, Мағжан Жұмабаевты жұмысқа қабылдады. Жүсіпбек Аймауытовтың еңбегін жарықа шығарды. Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин сияқты қазақ азаматарымен араласты /58/.

Назір Төреқұлов халықтың тағдырына алаңдап, патшалы Ресей қазақ даласын шикізат көзіне айналдырып отырғанын, жерімізге басқа ұлтарды орналастыра отырып, орыстандыру саясатын жүргізіп отырғанын жан жүрегімен сезінді. Ал қазақтың көбі шөл және шөлейт аймақтарды мекендеп отырады. Отырықшылыққа көшеміз деп зорлыққа жол берген белсенді большебиктерді сынай келе былай дейді: «Кейбір кеңестік мәдениет қайраткерлерінің көкейіне қона кететін оырықшылыққа міндеттеу туралы декреттің қажеттілігін құр мақұлдай беруге әлі ерте қоғамдық дамудың бір сатысынан екіншісіне қиналмай өту үшін қажетті көмек көрсету Кеңес өкіметінің абыройлы міндеті», деп көрсетеді /59/ .

Бұл ой-пікір шын мәнәнде расқа шыққаны мәлім. Нәзір Төреқұловтың осындай еңбектері, ой-пікірлері оны «Халық жауы» етті. Қанша жылдар өтсе де Нәзір Төреқұловтың бұл тараптағы ойлары мен істері ескірген жоқ.

Сыры-сәруар, қыры-қыруар Нәзір Төреқұловтың тұлғасының шытырманнан тура жол тауып шығуы қиынның қиыны. Кешегі күні жеке басы орынсыз қараланған Нәзір Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылы да түркілік ислам дәстүрінде тәрбиеленген рухани топырақтан.

Сол құнарлы топыраққа түскен дәннің Медрессесі Қоқанда желкілдеп өсі-жетілуі айтарлықтай нәтижесін берді. Космополиттік азғындықтан Нәзірді сақтап қалғаны да сол топыраққа інкәрлігі болар. Нәзір ғұмырнамасының даусыз дерегі табылмаған тұсы осы-ақ шығар. Ғұмырының басқа кезеңдерінің дәйекті дерегі жетерлік.

Атасы Төреқұл сауда жолына тәрбиелеген Нәзір жан-жақты білімдар болғанымен, кәсіби экономист ол бұраланы мол қиын жолды неге таңдаған? Оған жауап, халқына шынайы жанашырлықтан болар, ол даусыз.

Студент Нәзір «қазақ» газетіндегі мақалаларын ұлт тәуелсіздігі жолындағы жан пида күреске арнады. Қаламын тастамай жүріп әкім де, ұлық та болып көрді, ақыры ғылым жолын таңдады /60/.

Ақыл тоқтатқан, заман деңгейіне көңіл ауып, мағишаттан жалыққан тұстағы қалауы осы болды. Үлкен ғылыми мансап пен атаққа іліге алмады., уақыт сұранысына сай Шығыс тілдерінде дәріс оқып жүріп, өз бетінше ізденген. Бұғауда бұлқындаған Нәзірдің ғұламалығы, ел-жұртының жанашырлығын бәрібір дәлелдеп кетті....

Жалпы, Н. Төреқұлов қысқа ғұмыры ішінде, халқы үшін қызмет етіп үлгерді. Ол студенттік күндерін бастап, болып жатқан оқиғаларға ерте араласып кеткен. Нұсқаушы қызметін атқарып, саяси ұйымның жұмыстарын да жүргізілген. Халқы үшін хатшы да, делегат та, редакторлық қызметке де араласып, оқиғалардан шет қалмай жүрген /61/.

Кейін Н. Төреқұловтөраға бола жүріп Түркістан Республикасы Орталық Атқау Комитетінің мүшесі болған. Халық ағарту салаларына араласып, сауаттылықты көтеруде белсене жұмыс жүргізген. Құрбан айттың үш күнін демалыс деп жариялауға қол жеткізген. Сондай-ақ, демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы делегатқа қол қойған да осы кісі.

КСРО халықтарының орталық баспаны басқары жүріп те халқы үшін қорықпастан мол еңбек сіңірген. Білімпаздардың сезінде алатын әрпін қабылдауда жеңіске жеткен. Кеңес елінің Хиджездағы бас консулы, кейін тұрақты және өкілетті елшісі болды. Онда үлкен және өте лайықты құрметке бөленіп, көп еңбек сіңіріп беделге барынша лайықты болып келіп, проректор қызметін атқарып, өз жолын ғылымнан тапқан. Көп ұзамай жазықсыздан-жазықсыз «Халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалады /62/.

Нәзір Төреқұлов 1937 жылы 3-ші қарашада ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды. Осыдан кейін Сауд АрабиясыКСРО дан елшілік алудан қапагершілікпен бас тартқан.

1958 жылы 23 қаңтарда КСРО Әскери Коллегиясы Жоғарғы сотынан № 4 Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталды /63/.

Елшінің артында қалған жалғыз қызы Анель Нәзірқызы ұзақ іздестіруден кейін табылып, көптеген тың деректер айтылды. Әкесінің 1958 жылғы ақталғаны туралы түп нұсқа қағазды да осы кісі берген.

Ең ауыр тапсырманың өзін орындауға даяр тұру, туындайтын мәселелерді шын мәнінде мемлекеттік тұрғыдан шешуге ұмтылу Нәзір Төреқұловтың Кеңестік «алғашқы толқын» дипломаттар арасындағы жарқын тұлғаның бірі деуге толық негіз береді /64/.

Мемлекет қайраткері, ірі оқымысты дипломат, һәм педагог, Сталиннің жеке басына табынуы салдарынан жазықсыз құрбанына айналған Нәзір Төреқұловтың туғанына 115 жыл. Оның тойын халық құрметтеп тойлап, еске мақтанышпен алатыны даусыз. Нәзір Төреқұловтың есімі Орта Озия халқына қашан да қымбат болып қала береді.

ҒҰМЫР ЖОЛЫ.

1892 жылы қазан. Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келді.

1900-0903 жж. Қоқандағы иедресені түскен.

1903-1905 жж. Қоқандағы орыс-үздіктер мектебінде оқиды.

1905-1914 жж. Қоқан сауда учелищесін оқып бітіреді.

1914-1916 жж. Мәскеудегі сауда институтының экономика факультетінде (3 курс) оқиды.

1916 ж күз. Минск түбіндегі майданның қара жұмысшылар арасында «Земсоюз» нұсқаушысы.

1916 ж. Қараша-желтоқсан. «Еркін дала» атты астыртын саяси ұйымының жұмысын басқарады.

1917 ж сәуір. Қоқан ревкомының хатшысы.

1917 ж 21-23 шілде. Орынбордағы өткен І жалпы қазақтық съезінің делегаты.

1917 ж шілде, 1918 ж наурыз. Торғай кеңестерінің оргоны-«Қазақ мұңы» газетінің бас редакторы.

1918 ж желтоқсан-1919 ж наурыз. Қоқан қалалық кеңесінің органы «Халық газетасы» газетінің редакторы.

1918-1919 жж. Ферғана облыс ревкомы төрағасының орынбасары.

1919 ж қыркүйек, Түркістан Республикасының Ортвлық Атқару Комитетінің мүшесі. Түркістан Кеңестерінің 8 съезінің делегат.

1920 ж 27 сәуір-21 қыркүйек. Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары.

1920 ж. мамыр-шілде. «Вестник просвещения и коммунистиской культуры» журналының редакторы.

1920-1922 жж. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы.

1920 ж, 19 шілде. Түркістан Уақытша Компартиясының жауапты хатшысы.

1920 ж, 1-7 қыркүйек. Шығыс халықтары І съезінің (Баку) делегаты.

1920 ж. 12-18 қыркүйек. Түркістан Компартиясының v съезінде есепті баяндама жасайды. Түркістан Компариясы Орталық комитетінің төрағасы болып сайланды.

1921 ж. 11-25 тамыз. Түркістан Компартиясының vI съезінде Түркістан Орталық Атқару комитетінің төрағасы.

1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңестерінің съезін басқарды.

1921ж. 7 желтоқсан. Революциялық әрекетті зерттеу комисиясының төрағасы.

1921 ж 13 желтоқсан ТүркЦИК жанындағы қазақ білімін ашып, өзі басқарды.

1921 ж қаңтар. Әулие атда өткен кедейлер съезінде «Қосшы» одағының тезистерін белгілеп берді.

1921 ж ақпан. Демалысты жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы декретке қол қойды.

1921 ж наурыз. Түркістан Компартия делегациясының құрамында РКП (б) Х съезіне қатысты.

1921 ж наурыз. В. И. Ленин қабылдауында болды.

1921 ж. Тамыз. Құрбан айт күндерін демалыс деп жарияланған жарлыққа қол қояды.

1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңесінің Х съезінде төрағалық, есепте баяндама жасады.

1921ж. қазан. Түркбуюро мен Түркістан Комунистік партиясы Орталық атқару бюросының мүшесі.

1922 ж. наурыз. Түркістан Компартиясының v конференсиясында РПК(б) ХI съезіне делегат болып сайланды.

1922 ж. 26 мамыр. Орта Азия бюросының құрамына енгізді.

1922 ж. шілде. Бүкілресейлік ХII конференцияға делегат болып қатысқаннан соң Мәскеу жұмыс істеуге қалдырылды.

1922 ж. желтоқсан. Жаңа түркі әліпиін жөніндегі Орталық Комитет коиссиясының мүшелігінесайланды.

1923 ж. ақпан. Мәскеуден «Темірқазық» журналын шығарды.

1924 ж. Орынборда білімпаздар съезінде латын әліппесіне өту қажетігін баяандайды.

1926 ж. наурыз. Бакудегі түркі білімпаздарының съезінде латын әріпін қабылдауда жеңіске жетті.

1928 ж. Латын әліппесіне өту жөніндегі Орталық Комиссияның құрамына енеді.

1928-1932 жж. Кеңес елінің һиджаздағы Бас консулы.

1932-1936 жж. Тұрақты және өкілетті елшісі.

1936-1937 жж. Мәскеу мен Ленинградтағы Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісінің проректоры.

1937 ж. 15 шілде Тұтқынға алынды.

1937 ж. 3 қараша Ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды.

1958 ж. 23 қантар. КСРО Әскери Коллегиясы жоғары 4Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталады.


Нәзір Төреқұловтың әр жылдар бойы баспасөз бетінде жарық

көрген еңбектердің тізімі.
1.Түркіні түгендеген Төреқұлдың Нәзірі. // Егемен Қазақстан 2000ж-25 қазан.

2. Алаштың ардақтысы Н. Төреқұлов. // Евразия кz 2007ж-2 қараша №44.

3. Алаш перзенті. // Егемен Қазақстан, 2007ж-3 тамыз.

4. Әріптестік елдерді жақындатады. (Қазақ-Араб) // Егемен Қазақстан 2004 ж 23 қаңтар. Қазақ саясаты.

5. Н. Төреқұловтың мұрасы-тарихи дерек көзі. // Ақиқат 2005ж №10.

6.Ғұмырлардың дастаны. // Өркениет. 2003ж №26.

7. Білімпаз қайраткер Н. Төреқөұлов. // Евразия кz 2006ж-11 қараша.

8. Алты Алаштың ардақтысы. // Ана тілі. 2003ж-8 сәуір.

9. Нәзір Төреқұлов Алаштың көрнекті қайраткері. // Алтын ұя 2007 ж- 9 қараша.№ 63.

10. Алаш перзенті (мәтін). // Егемен Қазақстан 2007ж-3 тамыз.

11. Тұнғыш дипломант. // Түркістан 2006ж-24 қараша.

12. Білімпаз қайраткер Н. Төреқұлов туралы. // Евразия кz 2006ж- 3 қараша.

13. Нәзіртанудың өрісі кең. ( Нәзір туралы арналған ғылыми-практикалық конференциялық жинақтан). // Егемен Қазақстан 2006ж-11 қараша.

14. Азамат, Күрескер, Дипломант. // Егемен Қазақстан, 2006ж-14 қыркүйек.

15. Қазақтың тұнғыш елшісі. // Ана тілі. 2005ж-29 қыркүйек.

16.Н. Төреқұловтың қайраткерлігі, беймәлім тағдыры және тарихи әдебиет. // Қазақ әдебиеті 2004ж-21 мамыр.

17. Қазақтың тұнғыш дипломанты. // Астана ақшамы 2003ж-5 тамыз.

18. Н. Төреқұлов елші, саясаткер, азамат. // Шымкент келбеті. 2003ж-18 сәуір

19. Қазақтың дара перзенті. // Ақиқат 2002ж №9.

20. Тұнғыш елші. // Егемен Қазақстан 2002ж-24 тамыз.

21. Құрмет пен сенімді серік еткен Египетпен қарым-қатнас мейлінше жандана түстік. // Егемен Қазақстан 2007ж-13 наурыз.

22. Араб әлемімен қарым-қатынастың жаңа кезеңі. // Қазақстан халқаралық қатынастар / Заң газеті 2007ж-16 наурыз.

23. Біз Египетте Қазақ жетістіктерін жоғары бағалаймыз. // Егемен Қазақстан 2006ж-8 қараша №27.

24. Т. Нәзір –ғұмыр және нәзік жыр. // Қазақ елі, 2003ж-№44-7 б.

25. Н. Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш елші. // Оңтүстік Қазақстан, 2005ж- 1 желтоқсан.

26. Ол король отбасымен дос-жар еді. // Жас Алаш, 2003ж-№3.

27. Н. Төреқұлов: елші, саясаткер, азамат // Шымкент келбеті, 2003ж-13 сәуір

28. Елшілердің ақсақалы. // Ақиқат, 2002ж-55б.

29. Тағлымға тағзым. // Жас Алаш, 2003ж-30 қаңтар.

30. Түркістанның туын ұстап өскен ер. // Әзіретті Түркістан, 2001ж-№28.

31. Төркінің түгендеген Төреқұлов. // Егемен Қазақстан, 2000ж-25 қазан.

32. Н. Төреқұловтың ағартушылық қызметі. // Қазақ мектебі, 2004ж-№5.

33. Ұлылық ұлағаты. // Қазақ елі, 2004ж-14 сәуір.

34. Н. Төреқұловтың қайраткерлігі. // Қазақ әдебиеті, 2004ж-21 мамыр.

35. 30-шы жылдардың басындағы саяси қуғындаушылық және Нәзір Төреқұлов // Тарихи тұлғалар, А... 2007ж тамыз.

36. Нәзір Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш дипломат. // Оңтүстік Қазақстан 2005ж 1 желтоқсан.

37.Н. Төреқұловтың қайраткерлігі, беймәлімтағдыры. // Қазақ әдебиеті 2004ж

38. Нәзір ғұмыр және нәзік жыр. // Оңтүстік Қазақстан 2003ж.

39. Ташкент таныған Төреқұлов. // Олжасбай. С 1998ж.

40. Нәзірдің қайраткер қырлары. // Әлмашұлы Ж.

41. Нәзір Төреқұлов дипломат. // Шымкент келбеті, 1996ж 29 қараша.

42. Нәзір-халқымның нәрлі тамыры. // Оңтүстік Қазақстан 2006ж 11 қараша.

43.Алты алаштың ардақтысы. // Ысқақұлы Д.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


  1. Бердібай Р. Халықтың дара перзенті // Ақиқат, 2001-№10-47 б.

  2. Нәзір Төреқұловтың шығармалары // Алматы 1997ж 6-7 б.

  3. Сахабат, Сәрсен Бек. Төреғұлдың Нәзірі// Алматы.Өркениет 2003-320б

  4. Мансұров Т. А. Елші Н Төреқұловтың Арабия дастаны // Масква

2002ж 8-9 б.

5.Сарыпбекова З. «Төреқұловтың қоғамдық саяси қызметі». // Алматы

2004ж 12-14 б.

6. Қасымжомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының дипломатиясы»

Алматы: 2002ж 401-403 б.


  1. Сонда -410-412б.

  2. Әбдізұлы Қ. «Алаш перзенті» // Егемен Қазақстан 2007ж 3-тамыз 5-б.

  3. Қ. Тоқаев. "Қазақстан Республикасының Дипломатиясы" Алм«ты:

2002ж 450-451б.

  1. Т. Мансуров Н. Төреқұлов. Апматы: Қазақстан 2005-16 б.

  2. Н. Төреқұлов шығармалары. Шымкент: 1996-4 б.

  3. Г. Тілеуқұлов «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» Ташкент: 2000ж-20б.

  4. Т. Мансуров. «Н. Төреқұлов» Алматы, Қазақстан 2005ж-20 б.

  5. Сонда- 21 б.

  6. Садырбек Олжебай. «Ташкент таныған Төреқұлов» // Оңтүстік Қазақстан 2002 жыл №134-5 б.

  7. Н. Төреқұлов. Дипломант. Алматы: Қазақстан 1997ж-7 б.

  8. Сәрсен Бек Сахабат. Түркістан: // Оңтүстік Қазақстан 2006ж-2қараша 3 б

  9. Н. Назаров, «Түркістанның туын ұстап өткен ер» // Әзіретті Түркістан

2001 жыл-№28-3 б.

20.Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлдың Нәзірі... Алматы 2003ж-28 б.

21.Н. Назаров. «Түркістанның туын ұстап өткен ер» // Әзірет Түркістан

2001 жыл №28-3 б.

22.Т. Мансуров. Тағлымға тағзым // Жас Алаш, 2003 ж 30 қазан-5 б.

23. Н. Төреқұлов. Шығармалары. Алматы: 1997ж-33 б.

24. Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы Қазақстан: 2005-27 б.

25. Қазақстанның тұнғыш дипломант (Н. Төреқұлов) // Астана ақшамы

2003 ж- 5 тамыз-5 б.

26.Сәрсен Бек Сахабат. Төреғұлдың Нәзірі. Алматы: 2003 ж-27 б.

27 . Т Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы Қазақстан 2005 ж-31 б.

28. Исабек Б. Н. «Төреқұлдың ағартушылық қызметі» // Қазақ мектебі,

2004 жыл-№5-38 б.

29. Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлдың Нәзірі: Алматы Қазақстан, 2003ж-14б

30. Т. Мансуров Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан, 2005ж-32 б.

31. Орманов С. «Н. Төреқұлов Қазақтан шыққан тұнғыш елші дипломат»

// Оңтүстік Қазақстан, 2005ж-1 желтоқсан -6 б.

32. Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлов Нәзір. Алматы: 2003ж-241 б.

33. Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан, 2005 ж-39 б.

34. Н. Оразов. «Ол король отбасымен дос-жар еді». // Жас Алаш 2003-№3-4

35. Төреқұлов. Дипломат. Алматы: Қазақстан, 1997 ж-8 б.

36. Орманов С. «Нәзір Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш дипломат // Оңтүстік Қазақстан, 2005 жыл-9 қараша-1 б.

37. Сонда-3 б.

38. Тұғыры биік тұлға //Оңтүстік Қазақстан, 2006ж-9 қараша-3 б.

39. Тайыр Мансуров «Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны»

Алматы: 2001 жыл-4-5 б.

40. Сонда- 7 б.

41. Т. Мансуров «Өкілетті өкіл, дипломат Нәзір Төреқұлов саясаткер Азамат» . Мәскеу: 2003 жыл-300 б.

42. Ақтаев С. Тұнғыш елші Н. Төреқұлов. //Егемен Қазақстан 2002ж-24 тамыз , 3-б.

43. «Н. Төреқұлов Ғибадатты ғұмыр» Алматы. 2005ж // Қазақстан баспасы

44. Сонда-25 б.

45. Сонда- 28 б.

46. Қансейт Әбдезұлы «Алаш перзенті» // Егемен Қазақстан 2007ж 3-тамыз. 5-б.

47. Сонда- 6-7 б.

48. Самат Мұса «Қазақстаннан шыққан кеңестің тұңғыш елшісі» // Егемен Қазақстан 200жыл 25-қазан 5 б.

49. Г. Тілеуқұлов. «Жазықсыз жазаланған тұлға» Ташкент. 2000ж-19б.

50. Сонда.-20 б.

51. Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан 2005 ж-230 б.

52. Г. Тілеуқұлов. «Жазықсыз жжазаланған тұлғалар» Ташкент. 2000 ж-21б.

53. Сонда-25 б.

54. Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұловтың Нәзірі. Алматы: 2003ж-27 б.

55. Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы. Қазақстан, 2005ж-38 б.

56.Сонда-40 б.

57. Сонда-42 б.

58. Н. Төреқұловтың Шығармалары. Алматы: 1997 ж-250 б.

59. З. Сарыпбеков «Төреқұловтың саяси қызметі» Алматы 2004ж-41 б.

60. Айсұлу Мусалиева. Н. Төреқұлов мұрасы-тарихи дерек көзі. // Айқап журналы №10. 2005 жыл-25 б.

61. Сонда-27 б.

62.Мансуров Т. А. Елші Н. Төреқұловтың Арабия дастаны. Масква 2002ж-450б.

63. Кекішев Т. «Н. Төреқұлов қайраткерлігі, беймәлім тағдыры және тарихи әдебиеті». // Қазақ әдебиеті 2004ж-21 мамыр. 4-5 б.



64.М. Бердібай. «Дара перзенті» // Ақиқат 2002ж-№9-46 б.

65. Самат Мұса «Қазақтан шыққан кеңестік тұңғыш елші» // Егемен Қазақстан. 2000 ж. 25 қазан 7-8 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет