Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық қорғаныс университетінің баспасөз қызметі

Президент Ұлттық қорғаныс университетінің бастығын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады. Тиісті құжат ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", — делінген ресми хабарламада. 

Мұстабеков жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ұлттық қорғаныс университеті бастығының оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары, оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Философия ғылымдарының докторы (PHD). генерал-майор.

Сондай-ақ ақорда сайтында Лұт Сапуұлы Әлшекеновтың Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметінен босатылғаны жөнінде өкімі жарияланды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.