30 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



жүктеу 115.23 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі115.23 Kb.




30 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2016 жылғы 21 қазан Алматы қ.


1. 2016 жылғы қыркүйектегі инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы қыркүйекте инфляция 0,2% (2015 жылғы қыркүйекте – 1,0%) болды. Азық-түлік тауарлары 0,3%-ға (0,6%-ға өсу) арзандады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%-ға (2,0%-ға өсу) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4%-ға (0,7%-ға өсу) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қыркүйекте қанттың бағасы 5,9%-ға, жемістер – 1,4%-ға, көкөністер – 8,9%-ға, оның ішінде картоп – 16,2%-ға, сәбіз – 15,2%-ға, пияз – 13,7%-ға төмендеді. Жұмыртқаның бағасы 5,8%-ға, шай – 2,4%-ға, күнбағыс майы – 2,2%-ға өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде киімнің және аяқ киімнің бағасы 0,7%-ға, жуатын және тазалайтын құралдар – 0,6%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,4%-ға өсті. Дизель отынының бағасы 9,9%-ға, сұйытылған газ – 3,7%-ға, бензин – 0,7%-ға өсті.

Ақылы қызметтер тобында білім беру қызметінің бағасы 3,2%-ға, тұрғын үй қызметі – 0,4%-ға өсті. Көлік қызметінің бағасы 0,7%-ға, оның ішінде теміржол көлігі қызметі – 1,7%-ға, әуе көлігі – 14,4%-ға төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте инфляция 5,6% (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 2,9%) болды. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға (1,5%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға (3,4%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 5,3%-ға (4%-ға өсу) өсті. (1-график).


1-график

2015 және 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі инфляция және оның негізгі топтары


Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылғы қыркүйекте 16,6% (2015 жылғы желтоқсанда – 13,6%) деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 14,7%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 26,6%-ға (22,6%-ға), ақылы қызмет көрсету – 9,4%-ға (8,1%) өсті.

2. 2016 жылғы қыркүйектегі халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (жедел деректер)

Алдын ала деректер бойынша 2016 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 31,4 млрд. АҚШ долларын, таза халықаралық резервтер (Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоспағанда) 30,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

2016 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 0,9 млрд. АҚШ долларына немесе 2,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасындағы активтер 0,6 млрд. АҚШ долларына өсті, ал алтынның бағасы 1,0%-ға өскен кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер 0,3 млрд. АҚШ долларына өсті.

Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен қамтамасыз етілген халықаралық резервтердің өсімі банктердің бекітілген кестеге сәйкес валюталық-пайыздық своп операцияларының өтеуімен және Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізумен бейтараптандырылды.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (жедел деректер бойынша 64,4 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, жалпы алғанда елдің халықаралық резервтері бір айда 0,4%-ға ұлғайып, 95,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2016 жылғы қыркүйекте 4 646,9 млрд. теңгені құрады, оның кеңеюі бір айда 2,7%-ды немесе 122,9 млрд. теңгені құрады.


3. 2016 жылғы қыркүйектегі ақша нарығы

2016 жылғы қыркүйекте ақша нарығындағы сауда-саттықтың негізгі көлемі автоматты РЕПО нарығында өткізілді. Бұл ретте ақша нарығындағы мөлшерлеме жылдық 13% құраған базалық мөлшерлеменің деңгейі ескеріле отырып қалыптастырылды.







2016 тамыз

2016 қыркүйек

Өзгеруі, %-бен

Автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

5 679,3

4 287,3

-24,5

Своп нарығындағы сауда-саттық көлемі, млрд. теңге

2 223,8

1 551,6

30,2

2016 жылғы қыркүйекте 1 күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме (TONIA индикаторы1) жылдық 12,1% деңгейінде, 1 күндік своп операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 12,4% деңгейінде қалыптасты. Ақша-кредит саясатының операцияларын ақша нарығында жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы негізінен базалық мөлшерлеменің жаңа пайыздық дәлізінің төменгі шегі айналасында қалыптасты.


4. 2016 жылғы қыркүйектегі валюта нарығы

2016 жылғы қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін


334,93-341,97 теңге аралығында өзгерді. 2016 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір ай ішінде 1,4%-ға нығайып (жыл басынан бастап нығаюы – 1,3%), бір АҚШ доллары үшін 335,46 теңге болды. Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2016 жылғы тамызбен салыстырғанда 2016 жылғы қыркүйекте 20,5%-ға төмендеп, 2,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2016 жылғы тамызбен салыстырғанда 6,4%-ға төмендеп, 7,4 млрд. АҚШ доллары болды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 10,1%-ға төмендеп, 9,6 млрд. АҚШ доллары болды.





2016 жылғы тамыз

2016 жылғы қыркүйек

Өзгеруі, %-бен

ҚҚБ-дағы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың көлемі, млн. АҚШ доллары

2 821,7

2 243,0

-20,5

Банкаралық нарықтағы KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың көлемі, млн. АҚШ доллары

7 886,5

7 380,8

-6,4


5. 2016 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2016 жылғы қыркүйекте Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукцион өткізілген жоқ. Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі қыркүйектің соңында 5 509,5 млрд. теңгені құрады.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары

Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2016 жылғы қыркүйекте 4 690,7 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 21 аукцион, 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион, 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 12 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді. Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған тиімді кірістілік 13,87%, 1 айлық ноттар бойынша – 13,87%, 3 айлық ноттар бойынша – 13,25%, 6 айлық ноттар бойынша – 12,98%, 12 айлық бойынша – 12,03% болды. 2016 жылғы қыркүйектің соңында айналыстағы ноттар көлемі 2 266,3 млрд. теңгені (бір ай ішіндегі өсу – 16,8%) құрады.


6. Төлем балансы және сыртқы борыш

2016 жылғы 1-жартыжылдықта ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2015 жылғы 1-жартыжылдықтағы 2,3 млрд. АҚШ доллар тапшылығымен салыстырғанда 3,6 млрд. АҚШ долларын (немесе ІЖӨ-ге (-)6,4%) құрады.

Ағымдағы операциялар бойынша тапшылықтың ұлғаюы оң сауда балансының 4,6 млрд. АҚШ долларға дейін 39,4%-ға (2015 жылғы 1-жартыжылдықта 7,6 млрд. АҚШ доллары) қысқаруына байланысты.

Вrent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағалары орташа алғанда 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта 2015 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 30,8%-ға төмендеп (орташа алғанда 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта бір баррель үшін 58,0 доллар) бір баррель үшін 40,2 АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде тауарлар экспорты 31,2%-ға төмендеді және 17,1 млрд. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы 1 жартыжылдықта 24,9 млрд. АҚШ доллары). Мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 41,8%-ға төмендеп, 8,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Тауарлар импорты 27,6%-ға қысқарып, 12,5 млрд. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы 1 жартыжылдықта 17,3 млрд. АҚШ доллары). Импорттың жалпы көлемінде негізгі тауарлар номенклатурасының барлық түрлерінің әкелінуі қысқарды, бұл ретте, азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарлары мен инвестициялық тауарлар бойынша ең көп тиісінше 33,7%-ға және 33,2%-ға қысқару болды.

Резиденттердің шикізат экспортынан түсетін кірістерінің төмендеуі нәтижесінде шетелдік тікелей инвесторларға кірістер төлемдері 5,1 млрд. АҚШ долларына дейін 5,3%-ға қысқарды. Шығарылған облигациялар бойынша қазақстандық эмитенттердің берешегінің қысқаруы олар бойынша бейрезиденттерге кірістер төлемдерінің 0,6 млрд. АҚШ долларына дейін 22,5%-ға төмендеуіне әсер етті.



Қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (ҚР Ұлттық Банкінің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2016 жылғы 1 жартыжылдықта 5,1 млрд. АҚШ долларын (2015 жылғы 1 жартыжылдықта 4,1 млрд. АҚШ долларын) құрады және негізінен тікелей инвестициялау және мемлекеттік және корпоративтік сектордың орташа-ұзақмерзімді қарыз алу операциялары бойынша әкелінумен қамтамасыз етілді, ол портфельдік инвестициялар бойынша әкетілумен ішінара өтелді.

Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша капиталдың таза әкелінуі 2015 жылғы


1-жартыжылдықтағы 1,3 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 5,7 млрд. АҚШ доллары болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі (ШТИ) 9,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы 1 жартыжылдықтағыдан 25,8%-ға жоғары).

ҚР Ұлттық қорының және банктік емес ұйымдардың шетелдік активтерінің өсімі, сондай-ақ Қазақстанның эмитенттері шығарған борыштық бағалы қағаздарды қайталама нарықта сатып алу және өтеу нәтижесінде міндеттемелердің төмендеуі 3,0 млрд. АҚШ доллары болып қалыптасқан портфельдік инвестициялар бойынша таза әкетілуге ықпал етті.

2016 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының сыртқы борышы жыл басынан бері 6,7 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 160,4 млрд. АҚШ доллары болды.

Сыртқы борыштың құрылымында 8,5% немесе 13,6 млрд. АҚШ доллары мемлекеттік сектордың сыртқы борышына, 4,8% немесе 7,7 млрд. АҚШ доллары «Банктер» секторының сыртқы борышына, 33,5% немесе 53,8 млрд. АҚШ доллары «Басқа секторлардың» тікелей инвестициялармен байланысты емес берешегіне, қалған 53,2% немесе 85,4 млрд. АҚШ доллары фирмааралық берешекке тиесілі.

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚР Үкіметінің сыртқы борышы, негізінен, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Дүниежүзілік Банктен алынған қарызды игеру есебінен (1 млрд. АҚШ доллары) 1,4 млрд. АҚШ долларына өсті.

«Банктердің» сыртқы борышы негізінен резиденттердің «Банктер» шығарған еурооблигацияларды өтеуі және сатып алуы есебінен 0,3 млрд. АҚШ долларына қысқарды. Фирмааралық берешекті қоса алғанда, «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері сырттан жаңа қарыздарды белсенді түрде тарту және қолда барларын игеру, сондай-ақ аталған сектор эмитенттерінің еурооблигациялары құнының ұлғаюы нәтижесінде 5,7 млрд. АҚШ долларына ұлғайды.



Сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 83,4%-бен салыстырғанда 107,0%-ын құрады. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 2015 жылдың соңындағы 6,6%-ға қарағанда ІЖӨ-нің 9,1%-ын құрады. Сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы көрсеткіштерінің нашарлауы сыртқы борыштың өсуіне, сол сияқты ІЖӨ көрсеткішінің доллармен есептеуде төмендеуіне байланысты орын алады.
Нақты айырбастау бағамы

2016 жылғы сегіз ай ішінде теңге нақты көрсетуде 2,8%-ға әлсіреді (нақты тиімді айырбастау бағамының 37 елдің валюталарына қатысты индексінің өзгеруі), ал 2014 жылдың басынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін әлсіреу 27,6%-ды құрады.

Теңгенің Ресей рубліне қатысты әлсіреуі 2016 жылғы сегіз ай ішінде нақты көрсетуде (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне қарай түзетілген) 8,7%-ды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 10,5%-ды құрады.

Негізгі сауда әріптестері валюталарының нақты айырбастау бағамдары индекстерінің өзгеруі жөніндегі деректер кестеде көрсетілген.



Кесте. Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі


Валюта

2016 жылғы қаңтар – тамыз

2014 жылғы қаңтар – 2016 жылғы тамыз

Ресей рубліне қатысты

8,7%-ға әлсіреу

10,5%-ға әлсіреу

АҚШ долларына қатысты

3,3%-ға әлсіреу

44,5%-ға әлсіреу

Еуроға қатысты

5,9%-ға әлсіреу

31,0%-ға әлсіреу

Қытай юаніне қатысты

0,9%-ға нығаю

39,5%-ға әлсіреу

Белорусь рубліне қатысты

1,9%-ға әлсіреу

15,0%-ға әлсіреу

Қырғыз сомына қатысты

2,2%-ға әлсіреу

28,2%-ға әлсіреу


7. 2016 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,6%-ға ұлғайып (жыл басынан бері өсім 10,4%), 2016 жылғы қыркүйектің соңында 17 628,1 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 425,1 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға артты (жыл басынан бері өсім 13,6%), жеке тұлғалардың депозиттері 7 203,0 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға өсті (жыл басынан бері 6,0%-ға өсті)

2016 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 7 357,7 млрд. теңге (бір айда 3,6%-ға ұлғайды, жыл басынан бері – 48,6%-ға өсті), шетел валютасындағы – 10 270,3 млрд. теңге (бір айда 0,2%-ға ұлғайды, жыл басынан бері – 6,8%-ға төмендеді) болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 40,9%-дан 41,7%-ға дейін ұлғайды (жыл басынан бері – 31,0%)

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2016 жылғы қыркүйекте 3,4%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 40,6%-ға өсті) және 4 952,6 млрд. теңге болды (заңды тұлғалардың депозиттерінен 47,5%), шетел валютасымен – 1,3%-ға ұлғайды (жыл басынан 3,2%-ға төмендеді) және 5 472,4 млрд. теңге болды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 2016 жылғы қыркүйекте 3,9%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 68,2%-ға өсті) және 2 401,5 млрд. теңге болды (жеке тұлғалардың депозиттерінен 33,4%), шетел валютасымен – 1,0%-ға төмендеді (жыл басынан 10,5%-ға төмендеді) және 4 797,9 млрд. теңге болды.

Мерзімді депозиттер қыркүйекте 2,3%-ға ұлғайды және 12 894,6 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 9,6%-ға өсті). Мерзімді депозиттер құрылымында ұлттық валютамен салымдар 4879,8 млрд. теңге (бір айда 5,5%-ға ұлғайды, жыл басынан бері 54,6%-ға өсті), шетел валютасымен – 8014,9 млрд. теңге (бір айда 0,5%-ға ұлғайды, жыл басынан бері 6,9%-ға төмендеді) болды.


8. 2016 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2016 жылғы қыркүйектің соңында бір ай ішінде 0,2%-ға ұлғайып (жыл басынан бері 0,1%-ға ұлғайды), 12 686,1 млрд. теңге болды.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір ай ішінде 8 420,9 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 0,2%-ға ұлғайды). Оның құрылымындағы заңды тұлғаларға кредиттер 1,6%-ға, ал жеке тұлғаларға – 1,1%-ға өсті. Заңды тұлғаларға да (2,3%-ға), сондай-ақ жеке тұлғаларға да (0,6%-ға) шетел валютасымен кредиттер көлемі 4 265,3 млрд. теңгеге дейін 2,1%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 0,2%-ға төмендеді). Теңгемен кредиттердің үлес салмағы бір айда 65,6%-дан 66,4%-ға дейін (2015 жылғы желтоқсанда 66,3%) ұлғайды.

2016 жылғы қыркүйектің соңында ұзақмерзімді кредиттер көлемі 0,3%-ға 10 470,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді, қысқамерзімді - 2,6%-ға 2 216,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 0,1%-ға 8 621,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді (жыл басынан өсу 1,3%), жеке тұлғаларға 0,8%-ға 4 065,1 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан 2,4%-ға төмендеу). Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 31,8%-дан 32,0%-ға (жыл басында – 32,9%) дейін артты.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2016 жылғы қыркүйекте 0,4%-ға 2 798,8 млрд. теңгеге артты (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 22,1%). Жыл басынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу көлемі 35,8%-ға өсті.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,8%), өнеркәсіп (13,8%), құрылыс (8,0%), ауылшаруашылығы (5,4%) және көлік (4,2%) сияқты салаларға тиесілі.

2016 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа есептелген сыйақы мөлшерлемесі 15,1% (тамызда – 16,0%), жеке тұлғаларға – 18,9% (19,9%) құрады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 2704 697

e-mail: press@nationalbank.kz



www.nationalbank.kz


1 Биржада автоматты РЕПО секторында МБҚ-мен жасалған бір жұмыс күндік мерзімі бар РЕПО-ны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме


Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет