30 –тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтантты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді



жүктеу 23.89 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі23.89 Kb.

30 –тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтантты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді.

Абай атындағы саябақта 30 –тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік салтанатты жиында аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов құттықтау лебізін білдіріп аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттады. Мерекелік концерт аудандық мәдениет үйінің әншілерінің әсем әуенімен жалғасты. Қала, ауылдық округтер киіз үйлер тігіп, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін қойды. «Қымыз мұрындық», «Зайсан қарбызы» акциясы өткізілді.







Қала күніне орай дәстүрлі гүлдер мерекесі өткізілді

Қала күніне орай дәстүрлі гүлдер мерекесіне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Қамбар Кәкімұлы Чилібаев, қала әкімі Анарбек Жақыпбекұлы Дутбаев құттықтау сөз сөйледі. Қала әкімі мерекеде қаланы абаттандыру, гүлдендіруге үлес қосқан мекеме, кәсіпорын иелеріне марапат көрсетіп «Үлгілі үй», «Үлгілі мекеме», «Үлгілі аула» номинацияларын тапсырды. «Гүл өссе –жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты әртүрлі гүл атауын сән үлгісін көрсеткен кішкентай балабақша тәрбиленушілерінің мерекелік концертімен жалғасты. Гүл композицияларына қатысқан мекемелерге марапат, сыйлықтар тапсырды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады.







Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Рухани қазына » атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Дайыр ауылынан «Ғасыр» әжелер, Зайсан қаласынан Бисара Қашағанова, Сартерек ауылынан Ғаля Серікбаева қонақта болды. «Поэзия» жастар театрының әртістері «Қымыз мұрындық» қойылымын саханалады. «Ғасыр» әжелер тобы «Киіз басу» биін ұсынды. Бисара Қашағанова қымыз сусының пайдасы жәйлі сыр шерті.



Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудандық «Ой-хой қазақтың дәстүрлері-ай» атты әжелер арасында байқау өтті.

Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, ұмытылып бара жатқан халық әндерін, ұлттық билерді насихаттау. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт- дәстүрлерді бойына сіңіру. Кейінгі жас ұрпаққа тәлім тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылады. Байқау үш кезеңнен тұрды. 1-ші кезең қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ түрлерін пісіру. 2-ші кезең халық әндерін орындау, 3-ші кезең қазақтың ұлттық билерін көрсету. Әжелер арасында топты жарып шықан Дайыр ауылының әжелері «Ғасыр» әже тобы бірінші орынды жеңіп алды. Қаратал ауылы, Айнабұлақ ауылының әжелері екінші орынды иеленді. 3-ші орынды Шілікті, Қарабұлақ, Біржан, Сартерек ауылдарынан келген әжелер бөлісті. Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған әжелер тобы қатысқаны үшін марапатталды.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет