§33. Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі



жүктеу 97.16 Kb.
Дата27.01.2019
өлшемі97.16 Kb.
түріСабақ







1

Мерзімі:

23.01.2017 ж

№3 сабақ , 7 бөлім

2

Сынып:

8 «А»

3

Тақырыбы:

§33. Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі.

4

Мақсаты:

Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуін білу, жүрек жұмысының автоматизмімен танысу.

5

Міндеттері:

- Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер қалыптастыру;

- Жүрек жұмысының жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелуін білу, күнделікті өмірде айырмашылығын ажыратуға дағдылану;



- Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс - жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.

6

Күтілетін нәтиже:

- Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер қалыптасады;

- Жүрек жұмысының жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелуін біледі және күнделікті өмірде айырмашылығын ажырата білуге дағдыланады;



Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс - жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге үйренеді.

7

Көрнекілік:

Құралдар:



Суреттер, слайд

А3 форматты қағаз, маркерлер, стикерлер.



8

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

9

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

10

Әдіс-тәсілдер:

«Қар кесегі», ой қозғау, топтастыру стратегиясы, қойын дәптер, сандар сыры.

Модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңаәдіс- тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытудағы басқару және көшбасшылық; Жас ерекшеліктерін сәйкес оқыту.



11

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

12

Ұйымдас

тыру кезеңі



Амандасу, түгелдеу.

Психологиялық дайындық



Амандасады, сабаққа қатыспаған оқушыны және үй тапсырмасын айтады.

Назарларын сабаққа аударады.



13

Үй тапсырмасын сұрау

Білу.


«Қар кесегі»

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар лақтыру.




Сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты еске түсіреді.

14

Жаңа сабақ

Түсіну.


Ой қозғау.

Ересек адамда жүрек минутына неше рет жиырылады? Яғни жүрек үздіксіз жиырылады деген сөз. Олай болса неліктен жүрек бұлшықеттері үздіксіз жұмыс істесе де қажымайды? Адреналин гормонының жүрек жұмысына қандай әсері бар? Оның әсері қандай реттелуге жатады?


Топтастыру стратегиясы:

1 топ: жүректің жұмысы

2 топ: жүрек жұмысының реттелуі

3 топ: сұрақтар әзірлеу.



Қосымша:

Жүректің қызметі жүрек циклінің алмасып отыруынан, ал олардың әрқайсысы үш кезеңнен тұрады. 1) құлақшаның жиырылуы(систола) 
2) қарыншаның жиырылуы (систола) 3) жүректің босаңсуы (диастола).

Жүрек жұмысының реттелуі – жүйкелік, гуморальді болып 2-ге бөлінеді. 
- Жүйкелік реттелу – вегетативтік жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. 
Вегетативті – ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім. 
Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан да оны кейде автономиялы деп атайды. 
Вегетативті 2-ге бөлінеді: 
1) Парасимпатикалық 
2) Симпатикалық 
Парасимпатикалық бөлімі – жүректің соғуын баяулатады, жиырылуы бәсеңдейді. 
Симпатикалық бөлімі – жүректі соғысын жиілетеді, жиырылуын күшейтеді. 
- Гуморальдық реттелу – гормондардың әсері мол. Бұл заттар қанға өтеді де, ол арқылы жүрекке әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінен бөлінетін адреналин гормоны жүректің жиырылуын тездетеді. Сонымен жүрек жұмысының реттелуі тек жүйке жүйесі ғана емес,қан арқылы берілетін белгілі бір химиялық әсерінен де байланысты. Сондай ақ кальций, калий тұздарының да әсері бар. Кальций жүрек жұмысын күшейтеді. Ал калий – баяулатады. 

Сұрақтарға еркін өз ойларымен жауап береді және тақырыпты анықтайды.
Берілген мәтінді оқиды, топ ішінде талдайды, басқа топтармен ой бөліседі.

15

Қолдану

«Қойын дәптер»

Жаңа сөздерді мағынасын талдап, дәптерге жазып алады.

16

Талдау .

Жинақтау



3 топтың әзірлеген сұрақтарымен жұмыс жасату.
«Сандар сыры»

1)«70-75» минутына жүректің жиырылу саны.

2) «100» 1-5 жасқа дейінгі балаларда жүректің жиырылу саны.

3) «0,1» жүрекшелердің жиырылуы

4) «0,4» жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде босаңсуы.

5) «120-150» 1 жастағы сәбидің жүрегінің жиырылуы.

6) «0,8» жүректің бір рет жиырылу ұзақтығы.

7) «0,3» қарыншалардың жиырылуы.



3 топтың сұрақтарына жауап береді.
Көрсетілген сандардың сырын анықтайды.

17

Кері байланыс

Шығу парағы

Шарты:


1. бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?

2. сабақта қандай мәліметтерге қол жеткіздіңіз?

3. Сіз үшін қандай әдістер тиімді?


Кері әсер парағын толтырады

18

Үйге тапсырма

§33. Оқу және қосымша іздену

19

Бағалау

«Басбармақ» арқылы формативті бағалау,

Бағалау парағымен жиынтық бағалау



Бағалау парағы

Күні:

Сынып:

Топ №

Топ


мүшелері

Тапсырмалар

Қар кесегі

1 ұп


Топтастыру стратегиясы

3-5 ұпай





Сауалдар


Сандар сыры


Қорытын

дысы



Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан




1



















2



















3



















4



















5



















Бағалау шәкілі:

13-15 ұпайға «5» 10-12 ұпайға «4» 07-09 ұпайға «3»



20

Сабақ соңындағы рефлексия



Тексерілді: _______________

23.01.2017 ж

Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі неде?

ҮЛКЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ӨКПЕЛІК ШЕҢБЕР ДЕП АТАЛУ СЕБЕБІ НЕДЕ?

КІШІ ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АЙТ.

ҚАННЫҢ ЕКІ ШЕҢБЕР БОЙЫМЕН АЙНАЛУ УАҚЫТЫ НЕШЕ ?

ҮЛКЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ БАСТАЛУЫ МЕН АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ АЙТ.


ТАМЫР СОҒУЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ЕРЕСЕК АДАМДА ТАМЫР НЕШЕ РЕТ СОҒАДЫ?


ҚАН ҚЫСЫМЫН ҚАНДАЙ ҚҰРАЛМЕН ӨЛШЕЙДІ?

ГИПЕРТОНИЯ, ГИПОТОНИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ВЕНА ҚАНЫ ҚАЙ МҮШЕДЕ ОТТЕККЕ ҚАНЫҒАДЫ?

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет