№33 орта мектебіндегі Халыќ ќаћарманы Бауыржан Момыш±лы атындаѓы єскери-патриоттыќ клубыныњ ж±мыс баѓдарламасы



жүктеу 226.31 Kb.
Дата02.05.2018
өлшемі226.31 Kb.





Азамат әскери-патриоттық клубының тәрбие беру бағыты

  • Мемлекетіміз Қазақстан Республикасына шын берілген патриоттарды тәрбиелеу

  • Спорт жөнінен шыңдалған, шымыр, қайратты, дені сау жастарды даярлау

  • Жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке даярлау

  • Қазақстандық патриотизм,интернационализм бағытында тәрбиелеу


Азамат әскери-патриоттық клубының құрылымы

Әскери-патриоттық клубына мүше ретінде 5-11 класс аралығындағы № 26 орта мектептің оқушылары тартылады. Клубқа жетекшілік ету қызметі мектеп директорына, тікелей жаттығулар мен сабақтарды жүргізу міндеті әскери жетекшіге, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, тәлімгерге, директордың бұйрығымен жүктеледі Клубқа қабылданбас бұрын тілек білдіруші оқушы медициналық комиссияның «денсаулығының жарамдылығы туралы» рұқсат қағазын әкелуі шарт. Сонымен қатар ата-ананың арызы мен сабақ беруші пән мұғалімінің немесе класс жетекшісінің ұсынысымен қабылданады. Клуб мүшелері толық анықталған соң клуб мүшелері арасынан бөлімше командирі тағайындалады. Республика мерекесіне орай «Мәңгі алау» алдында салтанатты түрде клуб мүшелеріне мүшелік билет табыс етіледі.Салтанатты жиында клуб мүшелері клуб жұмысына адал қызмет етуге ант береді.


АНТ МӘТІНІ

Мен (Тегі.Аты-жөні), Азамат әскери-патриоттық клубына мүше ретінде қабылдана отырып салтанатты түрде ант етемін: Туған елім Қазақстан Республикасының адал ұлы және нағыз патриоты болуға ант етемін.

Ата-бабаларымыздың ерлік рухына тағзым ете отырып, әскери салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзімді еліміздің батыл әрі шыншыл, қайсар және білімді, жауапкершілігі жоғары әрі тәртіпті қорғаушысы болу үшін дайындауға ант етемін. Әрдайым ерінбей еңбек етуге, жалықпай білім алуға, үлгілі тәртібіммен, әскери даярлығыммен тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының жан-жақты азаматы болуға ант етемін.
Азамат әскери-патриоттық клубы мүшелерінің міндеттері


  • клуб жұмысына белсене араласуға, жаттығулар мен сабақтарға әрдайым қатысып отыруға. Себепсіз жаттығуларды жібермеуге

  • жаттықтырушының, әскери жетекшінің, бөлімше командирінің барлық бұйрықтары мен жарлықтарын бұлжытпай орындауға

  • қасындағы жолдастарын «теріс әрекеттерден» сақтандыруға

  • қиындықтардан қорықпауға, өз клубын мақтаныш тұтуға

  • оқуда, сабаққа зейінімен және үлгілі тәртібімен алда болуға

  • Соғыс,еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуге

БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ



  • үлгілі тәртібімен, қажырлы еңбегімен,жан-жақтылығымен және жауапкершілігімен әрдайым алда болуға

  • Бөлімше құрамындағы оқушыларды, олардың мекен-жайын, тұрмыс жағдайын, қызығушылығын толық білуге

  • Әскери жетекшімен, жаттықтырушылармен біріге отырып сабақтар мен жаттығуларды ұйымдастыруға

  • Айына 2 (екі) рет клуб мүшелерімен жиналыстар өткізуге

  • Әскери жетекшімен бірлесіп, әскери бөлімдерге, тарихи мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыруға

  • Соғыс,еңбек ардагерлеріне көмек көрсету кезінде клуб мүшелерін ұйымдастыруға

  • ҰОС ардагерлерімен, жауынгер-интернационалистермен және оқшауланған соғыстардың ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыруға

  • Спорттық жарыстар мен әскери-саптық жарыстарды ұйымдастыруға


Азамат әскери-патриоттық клубының мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттау әдістері

Жаттығулар мен сабақтар барысында сонымен қатар әртүрлі жарыстар мен қайырымдылық көмектер көрсету барысында клуб мүшелерін ынталандыру үшін әртүрлі марапаттау әдістері қолданылады.



  • салтанатты линейкаларда алғыс жариялау

  • мақтау қағаздарымен марапаттау

  • мектепішілік әскери ту алдында фотосуретке түсіру

  • бағалы сыйлықтармен марапаттау

Тәртіпті бұзған немесе қабылдаған антын бұзған клуб мүшелеріне тәртіп-тік жазалар қолданылады.

  • ескерту жасау

  • сөгіс жариялау

  • клуб жұмысынан 1 (бір) ай мерзімге аластау

  • клуб мүшесі қатарынан шығару


Азамат әскери-патриоттық клубының ұйымдастырылуы

Клубтың міндетті түрде өзіне тән әскери нышаны, эмблемасы, саптық өлеңі, әскери ұраны болуы қажет.

Клуб мүшелері әскери-саптық жарыстарға, спорттық жарыстарға (еркін күрес, дзю-до, балейбол т.б.), Интеллектуалды жарыстарға (XXI ғасыр көшбасшысы, жігіттің сұлтаны, мың бір сұрақ, тарих тағылым) қатыстырылады.

Клуб мүшелері әскери сабақтар мен жаттығуларға «далалық әскери киіммен», спорттық жаттығуларға спорттық киіммен қатыстырылуы шарт.

Мектеп бітірушілерге әскери оқу орынына түсуге тілек білдірген жағдайда оқу орынына «ұсыныс хат» жолданады.
Азамат әскери-патриоттық клубының қаржылай шығынын қамтамасыз ету

Әртүрлі іс-шараларды өткізу кезіндегі шығындарды ескере отырып клуб мүшелері 1 (бір) айда 1 (бір) рет мүшелік жарна төлейді.Мүшелік жарна көлемі клуб мүшелерінің шешімімен және ата-аналар комитетінің шешімімен бекітіледі. Қаржының жұмсалу есебін жүргізу үшін клуб мүшелері арасынан және ата-аналар комитетінің ішінен есепші тағайындалады. Әр жарты жыл соңында бөлімше алдында, клуб есепшілері жиналған жарналардың жұмсалуы туралы есеп береді. Көлемді іс-шараларды өткізу кезінде демеуші ретінде ата-аналар, жеке тұлғалар, мектеп әкімшілігі тартылады.

Азамат әскери-патриоттық клубының 2016-2017 жылға арналған іс-шаралар тақырыбы




Өткізілетін с-шаралар


Айы


Жауапты мұғалімдер

1

Клубқа мүшелерді қабылдау, клубтың жоспарымен таныстыру.

Төрт сайыс түрінен жарыс.

Қашықтыққа жүгіру.

Белтемірге тартылу сайысы.

Пневматикалық мылтықтан оқ ату сайысы.

Қол гранатасын лақтыру сайысы.



Қыркүйек

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері


2

«Көңілді старт» жарысы. «Мың бір сұрақ» сайысын өткізу.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету




Қазан

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Тәлімгер. Класс жетекшілері.


3

«Жас ұлан» әскери-спорттық сайысы

Мәншүк мұражайына экскурсия.





Қараша

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Тәлімгер. Класс жетекшілері.



4

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «еркін күрес» жарысы. Белсенді клуб мүшелерін марапаттау. Клуб есепшісінің жарты жылдық есебі

Желтоқсн

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар




5

«Жас шаңғышы» шаңғы спортынан сайыс

Жауынгер-интернационалистермен кездесу.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету


Қаңтар

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


6

«Жігіттің сұлтаны 2016» сайысы.

«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету.


Ақпан

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


7

Ұлттық ойындар (қазақша күрес,гір тасын көтеру,т.б.) сайысы.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету



Наурыз

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері. Тәлімгер.


8

Жеңіл атлетикалық сайыстар.

«Мен отанымды сүйеиін» атты шығарма сайысы

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету.


Сәуір

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


9

ҚР Қарулы Күштерн құрылған күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери өлеңдер байқауы, «Ал,қанекей,жігіттер» сайысы. ҰОС ардагерлерімен және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізу.


Мамыр

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері. Тәлімгер.


10

Әскери-далалық жиын. № әскери бөліміне экскурсияға бару.

Мамыр

Әскери жетекші


11

Әскери-спорттық клуб мүшелерін мараппаттау. Клуб жетекшісінің қорытынды есебі

Мамыр

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Тәлімгер.


12

Айына 2 (екі) рет бөлімше командирі клуб мүшелерімен жиналыстар жүргізіп, хаттама толтырылады.




Әскери жетекші.

Бөлімше командирі.




Ескерту: Аптасына 2 (екі) рет клуб мүшелерімен дзю-до және еркін күрес түрінен жаттығулар сонымен қатар әскери саптық даярлық түрінен жаттығулар жүргізіледі. (жеке жоспар бойынша)

Бекітемін:

мектеп

директоры

______Исаев.Ғ.Қ
26 орта мектебіндегі Азамат әскери-патриоттық клубының мүшелерімен жүргізілетін жарты жылдық жұмыстың тақырыптық жоспары




Өткізілетін сабақтар және жаттығулар

күні

Жауапты мұғалімдер

1

Клуб мүшелерімен жиналыс өткізу. Клубтың жұмыс жоспарын және бағдарламасын талқылау

0 .09.16

Мектеп директоры.

Әскери жетекші. ОТЖ орынбасар.

2

Еркін күрестен жаттығулар. Белдесу әдісін меңгеру

02.09.16

Әскери жетекші.

3

Саптық элементтерді орындауға даярлану.

07.09.16




4

Дзю-до әдістерін меңгеруге жаттығу.

09.09.16

Әскери жетекші.

5

Қарумен саптық әдістерді орындауға жаттығу

14.09.16

Әскери жетекші.

6

Волейбол ойынының әдістерін меңгеру

16.09.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші.

7

Мың бір сұрақ сайысына дайындалу

21.09.16

Тәлімгер.

8

Дзю-до.Татамиде күресу

23.09.16

Әскери жетекші.

9

Әскери топография. Жан-жақты бағдарлау әдісін меңгеру

27.09.16

Әскери жетекші.

10

Еркін күрестен жаттығулар.

30.09.16

Әскери жетекші

11

Волейбол

05.10.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші

12

Еркін күрестен жаттығулар. Жамбасқа салу әдісін меңгеру

07.10.16

Әскери жетекші

13

Баскетбол

12.10.16

Әскери жетекші

14

Дзю-до тәсіліне жаттығу.

14.10.16

Әскери жетекші

15

Калашников автоматын жартылай бөлшектеу әдісіне жаттығу

19.10.16

Әскери жетекші

16

Әскери-саптық әдістерге жаттығу

21.10.16

Әскери жетекші

17

Волейбол

26.10.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші

18

Еркін күрес тәсілдерін меңгеру

28.10.16

Әскери жетекші

19

Баскетбол

02.11.16

Әскери жетекші

20

Дзю-до тәсілдерін меңгеру

04.11.16

Әскери жетекші

21

Әскери жарғыларды меңгеру

09.11.16

Әскери жетекші

22

Еркін күрес тәсілдеріне жаттығу

11.11.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші

23

Баскетбол

16.11.16

Әскери жетекші

24

Атыс даярлығы

18.11.16

Әскери жетекші

25

Волейбол

23.11.16

Әскери жетекші

26

Саптық даярлық

25.11.16

Әскери жетекші

27

Шаңғы тебу

30.11.16

Әскери жетекші.

ОТЖ орынбасар.

Тәлімгер.

28

Дзю-до тәсілдерін меңгеру

02.12.16

Әскери жетекші

29

Саптық дайындық

07.12.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші

30

Атыс даярлығы

09.12.16

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Әскери жетекші

31

ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіздігі мерекесіне дайындалу

14.12.16

Әскери жетекші

32

Шаңғы тебу

21.12.16

Әскери жетекші

33

Баскетбол

23.12.16

Әскери жетекші

34

Жаңа жылға дайындық

28.12.16

Әскери жетекші. ОТЖ директордың орынбасары


Ескерту: ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және жалғызбасты қарияларға көмек көрсету жұмыстары, сонымен қатар экскурсиялар жасау, спорттық жарыстар мен әскери-саптық сайыстар өткізу жарты жылдық жұмыс жоспарынан тыс өткізіледі

26 орта мектеп бойынша


Бұйрық ______
«____» ________ 2015 жыл
Азамат әскери-патриоттық клубын

ашу туралы


Жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу бағдарламасына сәйкес, кластан тыс шараларды жоғарғы ұйымшылдықпен өткізу, сондай-ақ оқушылар арасында тәртіпті нығайту мақсатында, оқушыларды Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметке даярлау мақсатында әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жетілдіру мақсатында

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н :

1. 2015-2016 оқу жылында № 26 орта мектептің кластан тыс тәрбие жұмысының бағдарламасына Азамат әскери-патриоттық клубы ашылсын.

1.2. Клуб жұмысын басқару қызметін өз міндетіме аламын. Клубтың жұмысын ұйымдастыру, белгіленген сабақтар мен жаттығуларды жүргізу міндеті мектептің әскери жетекшісі Ж.Бердханға, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балтабаева.Б.Х, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Кенеев.А.А, Қожамжаров.Д жүктелсін.

1.3. Мектептің әскери жетекшісі Ж.Бердханға клубтың жұмыс бағдарламасын жасау және өткізілетін іс-шаралардың тақырыптық жоспарын жасау міндеттелсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Балтабаеваға жүктелсін.

Мектеп директоры Ғ.Қ.Исаев.


Әскери және спорттық даярлық сабақтары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.


  1. Мектепке келе жатқанда және факультатив сабақтары аяқталған соң жолда жүру ережелерін катаң сақтау керек.

  2. Даярлық сабақтары кезінде алысып - жұлысып ойнауға, жаттығу мылтығын рұқсатсыз алуға, адамға кезеуге, ұнғысына үңілуге қатаң тиым салынады.

  3. Спорттық жаттығулар кезінде әдістерді орындау әскери жетекшінің бұйрығымен, жүзеге асырылуы керек.

  4. Оқу-жаттығуы кезінде бөлімше, взвод командирлерінің бұйрықтары үздіксіз орындалуы шарт.

  5. Әскери бөлімдерге экскурсия кезінде, мұражайларға саяхат кезінде,

қарттарға көмек көрсету кезінде автобустарға міну және түсу тек қана

саптық әдіспен, әскери жетекшінің бұйрығымен жүзеге асырылады.



  1. Рұқсатсыз жаттығу кезінде жаттығу алаңын тастап кетуге болмайды. Барлық қозғалыс тек қана взвод командирінің бұйыруымен жузеге асырылады.

7. Жоғарыда көрсетілген кауіпсіздік ережелерімен таныстым, қатаң түрде орындаймын, сол үшін қолымды қойдым.


Р/с

Фамилиясы, аты

Қауіпсіздік ережесімен

танысқан күні



Ережемен танысқан оқушының қолы

1

Ерсайынов Нұрбек







2.

Смадияр Мерей







3.

Өтесін Аманбек







4.

Қалдыбай Заманбек







5

Шағанбаев Айбат







6

Оралов Кемеңгер







7

Бекболатов Нұрбол







8

Қарағошин Самат







9

Сәндібек Нұрбек







10

Әйтекеев Алмат







11

Мыңжасаров Меңдігерей







12

Жәдігеров Әнуар







13

Рүстемов Бекзат

06.09.12




14

Ерсайынов Мирасбек

06.09.12




15

Нұрышев Шыңғыс

06.09.12




16

Жұбаналиев Ерназар

06.09.12




17

Ерболат Жансая

06.09.12




18

Нұрмағанбетова Әйгерім

06.09.12




19

Маймақова Әйгерім

06.09.12




20

Қаратаева Әсем

06.09.12




21

Кужакулова Әсем

06.09.12




Қауіпсіздік ережесімен таныстырдым.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің



оқытушы-ұйымдастырушы: Бердхан.Ж
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет