Әлемнің ең үздік тұжырымы саналатын UFC лигасы Хабибтің бауыры Абубакар Нұрмағамедовпен келісімшартын үзді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Fighttime.ru
Шавкат Рахмоновтың салмағында (77 келі) өнер көрсететін Абубакар Нұрмағамедов енді UFC тұжырымында өнер көрсетпейді. Лига атақты Хабиб Нұрмағамедовтың бауырымен келісімшартын ұзартпай, спортшыны еркіне жіберген. Ол тұжырымда 4 жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, екі рет жеңілген. Соңғы кездесуін UFC ESPN 46 турнирінде бразилиялық Элизеу Залески дос Сантосқа қарсы өткізіп, жеңіліп қалған.
Хабиб Нұрмағамедовтің UFC-ден не үшін кеткені белгілі болды
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 77 келі салмақ дәрежесіндегі рейтингте 3-орында тұр. Оның алдына экс-чемпион Камару Усман және чемпиондыққа үміткер Мұхамед Белал тұр.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.