Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі екі айлық баласының жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Қараша айында блогер алғаш рет ана атанған еді. 

“Хирургке кіріп шықтық. Кіндігімізбен кішкене алысып қалдық. Бұрынғыдай тиын басу деген жоқ екен. Баланың кіндігі туралы сұрақ көп болыпты. Алла сақтасын “грыжа” емес. Кіндігі түскеннен кейін орны дұрыс жазылмағандықтан сыртқа шығып кетті. Хирургке бардық, бәрі жақсы. Кіндік өз орнына келді. Сол себепті жақсы хирург табуға тырысыңыздар”, – деп жазды блогер. 

Сонымен қатар кәсіпкер баласына түрлі заттар алып, шопинг жасады. Сөз арасында жақсы жаңалығын барын да айтып қалды. 

“Бұйырса балапаным өскенде жас аналардың басын қосып, кеш ұйымдастырамын. Алла қаласа бір қуанышымыз бар. Соған дайындалып жүрміз. Жақында жариялаймын”, – деді Дина. 

  Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Еске салайық, блогер бала күтіміне қатысты ақыл айтқандарды орнына қойғанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.