41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Ақтөбе қаласы Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



жүктеу 37.94 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі37.94 Kb.


Умарова Гулдарай Каскирбаевна

41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі



Ақтөбе қаласы
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: №5 «Желкен» ересектер тобы_________________________________________

Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық________________________________

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру___________

Тақырыбы: Қысқы табиғатқа саяхат________________________________________

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және қысқы табиғат туралы білімдерін_________ тиянақтау. Қысқы табиғаттың әсемділігін тамашалап, шығармашылық жұмыстарды орындау дағдысын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.________________

Сөздік жұмыс: Ұлпа қар, жабысқақ, қысқы ойындар.__________________________

Көрнекілік: Фломастер, түрлі-түсті қарындаш, бұтақтар, желім, альбом парағы,____ бояулар, ыдыс, күрекше, лупа, борлар, қылқалам, ермексаз._____________________


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бүгін біз қысқы табиғатты тамашалауға балабақша ауласына саяхатқа шықтық.

Қыс мезгілін жақсы көресіндер ме?

Мен де қыс мезгілін жақсы көремін.


Жапалақтап ала қар,

Жауды түнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы.

Балалар киініп балабақша ауласына шығады.


Ия, жақсы көреміз.

Жапалақтап қар жауады, Боран соғады. Ағаштар жапырақсыз тұрады.



Іздену ұйымдастырушы

Дұрыс қысқы табиғат ерекше әдемі.

Балалар, басымызды жоғары көтеріп, аспанға қарайық. Қысқы аспан қандай?

Енді аспанда нені көріп тұрсыңдар?. Бұлттар қандай?

Жарайсыңдар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

Ал мұнау не? Ол қандай ағаш? Қыс мезгілінде ағаш қандай? Ал ақтерек жаз (күз) мезгілінде қандай болады.

Саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар, жерді не басқан?

Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Тосын сый.

Ал мына аққаланы қардан жасаған ба?

Қане тексеріп көрейік.

Аспан түсі көк.

Күн нұрын бізге төгіп тұр.

Аспанда бұлттар аз.

Бұл ағаш. Бұл терек ағашы. Қыс мезгілінде ағаш жапырақ сыз тұр. Жаз мезгілінде жапырақтары жасыл болды. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, жерге түседі.

Жерді қар басқан. Қар аппақ.

Аққала ойнаймыз. Коньки тебеміз. Шанамен сырғанаймыз.
Жоқ, бір бала аққаланы ұстап қарап, дәлелдеп айтады




Аққала басын көтеріп, балалармен амандасады.

Балалар, менде күрекше мен лупа бар. Қар қандай екенін лупамен қарап, зерттеңдер.

Қар қандай?

Не байқадыңдар?

Ақ қар неге ұқсайды?

Енді аққалаға не дейміз?

Балалар енді тобымызға барайық.

Енді саяхатта тамашалаған қысқы табиғаттың бейнесін бор, бояу, фломастер және түрлі-түсті қарындашпен бейнелеп салайық. Мақта, пенопласт, желім, ермексазбен қысқы табиғат көрінісін жасауға болады.

Әр бала күрекше мен лупаны алып, ұлпа қарды күрекшемен алады

Қар әдемі, қардың ішінде тастар кездеседі.

Ақ қар тұзға шекерге ұқсайды.

Рахмет сізге аққала.

Топқа кіреді.

Еркін бойынша жұмыс түрлерін таңдап, қысқы табиғатты бейнелейді.


Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар, саяхат сіздерге ұнады ма? Несімен ұнады?
Нені бейнеледіңдер?

Балалар бүгінгі жұмыстарың маған ұнады, рахмет сендерге.



Ия, ұнады.

Қардан жасалған мүсіндер ұнады.

Аққаланың келгені ұнады.

Мен мақтадан аспанды, аққаланы жасадым.

Пенопласты бұтаққа жапсырдым.

Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап, бағалап, қошемет көрсетеді.





Күтілетін нәтиже:










Нені біледі:

Қысқы табиғат және қыс мезгілі туралы біледі.













Қандай түсініктерді игерді:

Ұлпа қар, жабысқақ, сулы, ағаш, бұта,










Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

Қысқы табиғатты бейнелеуге

дағдыланды.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет