№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 2009-2010 оқу жылындағы қоғамдық – гуманитарлық бағыттарында сабақ беретін мұғалімдер жайлы мәлімет



жүктеу 219.89 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі219.89 Kb.

-
45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Қолданбалы курс тақырыбы
Математикадан стандарт емес және олимпиада

есептерін шешу



Сыныбы: 10

Пән мұғалімі: Ә. Құлмағанбетова

2009-2010 оқу жылы

Түсінік хат

Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.

Математикалық есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда, батыл қимылдаржасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.

Ендеше оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру – қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Оқушылардың логикалық ой- өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда «Математикадан стандарт емес және олимпиада есептерін шешу» деген қолданбалы курсты өткізудің маңызы бар. Логикалық есептерді шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға, өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде білуге жаттығады.

Шешімдерді іздеудің математикалық методтарын, логикалық пайымдауларды, математикалық модельдердің, адекваттылық мәселелерін оқушылар меңгеріп алуларына зор көңіл бөлінеді.Мұндай методтарға мыналар мысал болады. «Дирихле принципі» , «Эйлер дөңгелегі». Пәндік білімін тереңдетіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыру және өзіндік ғылыми – зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына баулу. Оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, біліктілігін арттыру,деңгейлік тапсырмалар қарастырылады және есепті дұрыс шығара білуге үйретеді.

Қолданбалы курс тақырыбы:

«Математикадан стандарт емес және олимпиада есептерін шешу»


Бағдарламаның түсінік хатын дайындау
Мақсаты:

Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, оқушылардың ақыл-ойын кеңейту логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.


Міндеттері:

Оқушылардың шығармашылық

қабілетін жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға оқушының дарындық қабілетін анықтау, математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушының қабілетін және тұлға қасиетін дамыту, оқушыны олимпиадаға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау.
Талаптар:

Математика туралы тереңірек білім беру арқылы оқушылардың математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.

Физика, химия, биология, әдебиет, экология, геометрия пәндерімен байланыстыра оқыту.
Кәсіпке бағдарлау:

Математик, информатик, сәулетші, суретші т.б мамандықтарды таңдау бағытында қолданылады.



Уақыт көлемі: Жалпы сағат саны 68, аптасына2 сағат

а) Тақырып жоспарының мазмұны ( бағдарлама құру)

ә) Курстық тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын реттеу (күнтізбелік жоспар құру)


Курсты ұйымдастыру формасын анықтау:

Лекция,семинар,топтық және жұптық сияқты ойната оқыту әдістерін пайдлану.


Курсты оқытуды аяқтау формасы:

Реферат, даярлау, баяндама жазу, жоба қорғау


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Тестік тапсырма,бақылау жұмысы, зачет тапсыру.

Лекция,семинар,топтық және жұптық сияқты ойната оқыту әдістерін пайдлану.
Курсты оқытуды аяқтау формасы:

Реферат, даярлау, баяндама жазу, жоба қорғау


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Тестік тапсырма,бақылау жұмысы, зачет тапсыру.



Бағдарлама мазмұны


Р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

5-ке аяқталған кез-келген санның квадратын табу

1




2

100-ге дейінгі кез-келген санның квадратын табу

1




3

Квадрат түбірін табу

1




4

Куб түбірін табу

1




5

Бесінші дәрежелі түбір табу

1




6

Жетінші дәрежелі түбір табу

1




7

Қысқаша көбейту формуласының көмегімен квадраттың түбір астындағы өрнектерді ықшамдау

1




8

Квадрат дәрежеге шығару

1




9

Бөлінгіштік белгілері ( 2-ге,3-ке,4-ке,5-ке,7-ге,8-ге,11-ге,13-ке,19-ға)

2




10

Қазақ халық ауыз әдебиеттерінің есептері

1




11

Сандық ойындар (математикалық ребустар, сиқырлы шаршылар)

2




12

Математикалық софизм

1




13

Логикалық теңдеулерді шешу

2




14

Арифметикалық орта мен геометриялық ортаның байланысын кейбір күрделі теңсіздіктерді шешуде қолдану

2




15

Қиын есептер

2




16

Эйлер дөңгелектері

1




17

Дирихле принципі

1




18

Аударып құю,өлшеу

1






19

Параметрлі теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу

2

20

Кері тригонометриялық функцияның анықталу облысы

2

21

Функцияның ең үлкен , ең кіші мәнін табу

2

22

Аудандық олимпиада есептері

2

23

Тригонометриялық функцияға қатысты есептер

2

24

Салыстыруға берілген есептер

2

25

Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу

а)Безу теоремасы

ә)Топтау арқылы көбейткіштерге жіктеу

б)Жаңа айнымалыны енгізу әдісі

в)Феррари әдісі


4

26

Жұп және тақ

1

27

Инварианттық

1

28

Бояулар есебі

2

29

Диофантты теңдеулерді шешу жолдары

7




а)Варианттарды таңдау тәсілі

ә)Евклид алгоритмі

б)Тізбектелген бөлшекткер

в)Көбейткіштерге жіктеу әдісі

г)Қалдықтар әдісі

д)Шексіз төмен түсіру

е)Қандай да бір айнымалыға қатысты квадраттық теңдеуді бүтін сандарда шешу




31

Сандар теориясына байланысты күрделі олимпиадалық

тапсырмалар




3

32

Көптаңбалы сандардың бөлінгіштік белгілері

2

33

Салыстыруға берілген есептер

2

34

Модулі бар теңсіздік

2

35

Параметрі бар теңсіздік

2

36

Логикалық есептер

2

37

Комбинаторика

2

38

Геометриялық есептер

1

39

Сынақ

1




Барлығы

68


Ұсынылған әдебиеттер:

Оқушылар үшін:

1.В. А. Гусеев, А.И. Орлов, А.Л. Розенталь. Математикадан кластан тыс жұмыс 6-8 кластарға арналған. Алматы «Мектеп» 1986ж.

2.Математические олимпияди в школе 5-11 кл А.В. Фарпов

Москва 2003

3.Ю.А. Алеилов 650 головоломках и задич на сообразительность Москва 2003г.

4. Г.Г. Левитас нестешдартные задачи по математике в 3, в 4 классе Москва 2005г.



Мұғалімдер үшін:

  1. С. Қаниев Республикалық математика олимпиадалар есептерінің жинағы Алматы Мектеп 1982ж.

  2. Международные математические олимпиади Дрофа Москва 2001г.

  3. Задачи Санк- Петербурской олимпиади Ненольников по математике 2003 года Санкт-Петербург 2003г.

  4. Н.Н. Забежанская «Математикалық лизайын» Алматы Рауан 1997г.



Шиелі аудандық білім бөлімі

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы



Іс қағаздарын жүргізу

таңдау курсының бағдарламасы

Сыныбы 10

Пән мұғалімі Сейілбекова С

Түсінік хат
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірінде әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының , ресми құжаттардың тілі бір жүйеге келіспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы төрісін кеңейте алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор.Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын,ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпаратттың табылмас қайнар көзі болады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды,қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері,атқарған қызметтері іс қағаздарынан айқын көрінеді.

Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін котеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің түбірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат,телефонхат сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау,ереже арқылы іске асады.Іс

қағаздарын жүргізу - мекеме жұмысының нақты құжаттармен ,деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толықтыру.Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау

тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат- тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат-жеке куәлік алады.Мектепті бітіргендігі –орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом береді. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасына жазылады..Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат,факс жіберуге тура келеді.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу- мектепте таңдау курсы ретінде оқытыла бастады. Бұл курстың міндеті:

1.Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екенін ұғындыру;

2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екенін таныту;

3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;

4. Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету;

5. Олардың түрлері, лексикасымен таныстыру.




Курстың мақсаты:


  • Сөз мәдениетінің негіздерін таныту

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру

  • Әлеуметтік- тілдік дағдыларын қалыптастыру

  • Іс қағаздарының үлгілерін сауатты жазуға дағдылану

  • Тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық, коммуникативтік қабілеттерін арттыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, іс қағаздарын сауатты толтырып, тиімді пайдалану.


Пән аралық байланыс:


Курсты ұйымдастыру формасы:


  • Лекция, практикалық тапсырмалар, іздену, өз бетінше жұмыс.



Іс қағаздарын жүргізу Х «А» сынып

(Бағдарлы таңдау курсы аптасына 1 сағат)
І тоқсан



Сабақтың тақырыбы

Сағат

Саны


Күні

1.

Қазақ тілі- ҚР-ның мемлекеттік тілі

1




2.

Стиль және оның түрлері

1




3.

Ауызекі сөйлеу стилі

1




4.

Көркем әдебиет стилі

1




5.

Ресми іс қағаздар стилі

а) қатынас қағаздары

ә) кеңселік іс қағаздары

б) іскерлік іс қағаздары



1




6.

Қызметтік хаттар туралы

1




7.

Өмірбаян, арыз

1




8.

Сенімхат, қолхат

1




9.

Мінездеме, түсініктеме

1





ІІ тоқсан

1.

Стилистика және оның түрлері

1




2.

Резюме, визит карточкалары

1




3.

Өтініш хат, ресми хат, ұсыныс хат

1




4.

Сұраныс хат,баяндау хат,жолдама хат

1




5.

Құттықтау хат,ақпарат хат,жеделхат

1




6.

Циркулер хат,телефон хат

1




7.

Қайталау

1





ІІІ тоқсан

1.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, байланысу тәсілдері

2




2.

Бұрыштама,бұйрық,бұйрықтан көшірме

1




3.

Хаттама, хаттамадан көшірме

1




4.

Еңбек келісімі,тізімдік есеп

1




5.

Аванстық есеп. Мәлімдеу

1




6.

Өтініш

1




7.

Шығармашылық жұмыс

1




8.

Септік, жіктік категориясы

1




9.

Қайталау

1





ІV тоқсан


1.

І сапар куәлігі

1




2.

Ішкі тізімдеме,кассалық кіріс ордері

1




3.

Сенімхат, анықтама

1




4.

Демалыс билеті, кету қағазы

1




5.

Арыз акт.

1




6.

Телефонмен сөйлесу, бұйрық түрлері

1




7.

Бұйрық түрлері

1




8.

Шығармашылық диктант

1





Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу оқу құралы»

Л. Дүйсембекова. «Алматы» 2005



  1. «Ресми іскери қазақ тілі»

А. И. Алдашева, Д.Х. Ақанова, З.Қ. Ахметжанова,

Қ.Қ. Қадешова, Ә.Д. Сүлейменова.

Алматы «Арман» баспасы 2002



  1. «Қазақ тілі ІХ сынып» Р.Әмір, М. Атабаева.

«Мектеп» баспасы 2005
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Оқушылардың бейімін анықтау мақсатында психолог мамандармен көп жұмыстар атқарылады. Және әр түрлі тақырыпта сауалнамалар алынып,сараптама жүргізіледі. Мысалы 5-6 сыныптар бойынша оқушылардың қандай сабақтарға қызығушылығы күшті, қандай пәндерді қызыға оқитындығын анықтау мақсатында алынды.

Нәтижесінде :

5-сыныптарда 96 оқушы оқиды .Қызығушылығы жоғары пәндерді пайызға шаққанда:




6-сыныптарда 90 оқушы бар


7-8 сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін, ақыл- ой даму деңгейін, бейімділіктерін анықтау, пәндер бойынша білімдерін анықтау мақсатында тест алынды. 8 сынып бойынша барлығы 102 оқушы оқиды.Тест 20 сұрақтан қарастырылған.Тест қорытындысы бойынша балл деңгейі 20- ға дейін баруы мүмкін.Қорытынды сан жоғарылаған сайын тұлғаның ақыл – ой дамуы да жоғары деңгейде.Қатысушы 8 «А» сынып бойынша оқушылардың 72% жоғары деңгейде, 28 % орта деңгейде екенін көрсетті.8 «Ә» сынып бойынша оқушылардың 65 % жоғары деңгейде, 35 % орта деңгейде.

8 «Б» сынып бойынша оқушылардың 68 % жоғары деңгейде, 32 % орта деңгейде екеніндігін көрсетті.

9 сынып оқушыларының кәсіби бағыт-бағдарының қалыптасуын бақылау мақсатында «Мен және менің өмірлік жоспарым» атты сауалнама алынды. Сауалнама бойынша оқытудың маңыздылығы мен ұнамды тұстарын анықтау, оқу пәндерінің қажеттілігі, 10-сыныпты қай бағытта жалғастырғысы келеді атты сұрақтар ұсынылды. Сұрақтар бойынша оқушылар әрбір пунк бойынша қалауларынша белгі қойып, өздерінің бағыттарын көрсетті. 9-сыныпта оқитын 119 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.

Сауалнама қорытындысы :



1. 9-сыныптан соң не істейсің ?


10-сынып

Өзге мектеп

Арнаулы орта

Шешілген жоқ

50

3

39

25


2. Өзіңді табу үшін қай пән маңызды ?


Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Әдеб.

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

25

30

24

17

16

32

19

15

23

9

7

18



3. Қай пән саған көбірек ұнайды


Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Техн.

Әдеб.

Сызу

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

26

23

16

12

6

22

8

30

21

17

17

14

6

27


4. Қай оқу пәнін жақсы игересің ?

Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Техн.

Әдеб.

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

35

16

19

12

3

27

28

11

25

6

13

8

30



Қоғамдық- гуманитарлық бағыты

Жаратылыстану-математика бағыты

54 қушы

65 оқушы
5.10- сыныпта қай бағытта оқисың?


Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыты бойынша төмендегі курстар жүргізіледі

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт






Жаратылыстану - математика






1.Әлем әдебиеті

2.Іс-қағаздарын жүргізу

3.Қазіргі заманның қазақстан тарихы

4.Тіл біліміне кешенді талдау

5.Сыр өңірінің тарихи -мәдени ескерткіштері

6.Картография негіздері

7.Экономика және қаржы

8.Выразительное чтение






  1. Олимпиада есептерін шығару(мат.)

  2. Күрделі есептерді шығару (физ)

  3. Тест есептерін шығару(мат.)

  4. Flash технологиясы

  5. Химия- тіршілік негізі

  6. Картография негізі

  7. Экономика және қаржы

  8. Лексика и фразеология (рус.яз)

Аталған курстар жоғары деңгейде жүргізіліп, оқушылардан тоқсан сайын сынақ алынып отыр.Қолданбалы және таңдау курстары бойынша оқушылардың білім деңгейі төмендегі үлгіде бағаланып, мониторингі шығарылып тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет