5-қаңтар күні өткен жаңа жылдық би кешінен көрініс



Дата03.05.2019
өлшемі94 Kb.

5-қаңтар күні өткен жаңа жылдық би кешінен көрініс


12 қаңтар күні Кеңсай орта мектебі мен ауылдық Мәдениет қызметкерлері оқушылар мен студенттер кездесуін өткізді. Мәдениет қызметкерлері шағын концертін койды.



31- қаңтар күні Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде Кеңсай ауылдық округі арасында «Сағындырған әндер-ай» - атты Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен сайыс болып өтті. Сайысқа Жарсу, Саржыра, Кеңсай, Бақасу ауылдарының жастары қатысып, Кеңсай ауылынан Мәуітайқызы Мөлдір аудандық сайысқа жолдама алды.


Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты «Ауғаныстан-жүректегі жара» тақырыбындағы ауған соғысы ардагерлермен 13 ақпанда өткен кездесу кеші.


22-ақпан күні Кеңсай ауылдық округіне қарасты Бақасу, Саржыра ауылдарына -Халық әндерін жаңғырту мақсатында қойылған концерттен көрініс



Саржыра ауылы

Бақасу ауылы

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының салт дәстүрлерін дәріптеу мақсатында



1-наурыз алғыс айту күні мерекесіне байланысты «Әжелерге алғыс айтамын» атты «Көненің көзі» әжелер клубына 33-жыл толуына байланысты , әжелермен кездесуі болып өтті .


5-Наурыз күні Кеңсай ауылдық мәдениет үйінде халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты өткен мерекелік концерттен көрініс

7-нурыз күні Бақасу ауылының тұрғындарына арналған мерекелік концерттен

көрініс


16-наурыз күні өткен жастарға арналған би кешінен көрініс

22 - Наурыз күні өткен Кеңсай ауылындағы «Нұрлы Наурыз» мерекесінен көрініс









«Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінің «Лаула» эстрадалық және фольклорлық ансамбльін қайта жаңғыру мақсатында ұйымдастырылған концерт 29 наурызда Жарсу ауылына қойылды

1-сәуір Күлкі күні мерекесіне арналған «Әзіл кештері » атты іс шарадан көрініс


14 сәүір «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған би кешінен көрініс


27-сәуір күні Кеңсай ауылдық мәдениет қызметкерлері «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында жастар арасында аудандық «Жайдарман» ойындарын өткізді. Қатысқан командалар жеңімпаздары «Киелі Кеңсай» командасы .


Команда капитандары сайысы


8-мамыр күні Кеңсай Мәдениет үйінде 9-мамыр мерекесіне «Тыл ардагерлеріне» арналған салтанатты жиын болып өтті. Мерекеге округ ардагерлері шақырылып сый сиапат көрсетіліп мәдениет қызметкерлері шағын концертін қойды . Соғыс ардагерлері ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.



Мамыр айында Біржан ауылында өткен аудандық « Бала дауысы» сайысының жүлдегерлері. Кеңсай Мәдениет үйінің шәкірттері .


31 мамыр күні Кеңсай ауылдық кітапханасында Мәдениет қызметкерлері мен кітапханашы Түсенова Айгүлдің ұйымдастыруы мен "Қуғын сүргін құрбандарын" еске алу күнін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Мәдениет үйінің меңгерушісі М.Ибраев баяндама жасап Кітапханашы Түсенова сол күндерге байланысты шығарылған кітаптармен таныстырып мол мағлұмат берді.



1-Маусым халықаралық балаларды қорғау күніне ауыл әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлері Мәдениет үйінде " Өлкенің гүлденген балдаурені" атты балаларға арналған іс шара ұйымдастырды. Шараға ауыл балалары қатысып көңілдерін көтерді.



4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мәдениет қызметкерлері мектеп жанындағы сауықтыру алаңындағы балаларға « Рәміздер ұлттық мақтанышымыз» атты іс шара өткізді. Оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке , Отанына , халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасың, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін , тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырды.


15- Маусым күні Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне «Ақ халатты абзал жандар» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекеге округ дәрігерлері шақырылып марапатталды, мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт қойды.





23 маусым күні Кеңсай мәдениет үйінің жанындағы би алаңында болған «Көңілді кеш» атты би кешінен көрініс

27- маусым күні Мәдениет қызметкерлері мен ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен Кеңсай ауыл тұрғындарының көше аралық сайысы болып өтті. Сайыс 2-бөлімнен тұрды 1-бөлімі өнер сайысы 2-бөлімі спорт сайысы. Сайысқа көше тұрғындары қатысты

5 шілде -күні Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде Астананың 20-жылдық мерекесіне арналған «Астанам жасай бер» атты мәдени көпшілік шара өткізілді. Шараны ауыл әкімі Р.Ә. Тауасаров ашты . Мерекеге байланысты құттықтаулар, алғыс хаттар тапсырылды. Мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерт қойылды. Соны жастардың би кешіне ұласты.

6 шілде күні Астана күніне жастар арасында мини футболдан жарыс өткізілді .


Астананың 20-жылдығына арналған Би кешінен көрініс



6 шілде күні Астана күніне жастар арасында мини футболдан жарыс өткізілді .



9 шілде күні Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» аясында Қазақтың 100 жаңа есіміне кірген жерлесіміз Асылбай Абылайхан Қалқаұлының кездесуі болып өтті . «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған.


13 шілде күні Кеңсай ауылдық мәдениет үйінің жанындағы би алаңында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жалынды жастар» атты би кеші болып өтті .



19 шілде күні Кеңсай Мәдениет қызметкерлері мен жастар маманының ұйымдастыруымен футбол алаңында «Жаны саудың дені сау» атты Жастар арасында мини футболдан жарыс болып өтті. Жарысқа Зайсан , Қарабұлақ, Кеңсай жастары қатысты.

27 шілде күні Кеңсай Мәдениет үйінің кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Тілім тірегім соғып тұрған жүрегім» атты кітап көрмесі болып өтті .


3 тамыз күні Кеңсай Мәдениет үйінің жанындағы би алаңында болып өткен ауыл жастарына арналған би кешінен көрініс.


12-тамыз Құрлысшылар күні мерекесіне орай Кеңсай Мәдениет үйінде - Мәдениет қызметкерлері ауылымыздың құрлысшыларына арнап концерт қойды . Әкімшілік тарапынан алғыс хаттар тапсырылды .


17 тамыз күні Кеңсай Мәдниет үйінің жанындағы би алаңында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жастарға арналған «Биле-биле» атты би кешінен көрініс .


25-Тамыз күні Кеңсай Мәдениет үйінің жанындағы би алаңында «Танцор диско» атты студенттермен қоштасуға арналған би кеші болып өтті .



29 тамыз күні Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде Конституция күніне байланысты салтанатты жиын болып мерекелік концерт өткізілді .

7-қыркүйек күні Тіл айлығына байланысты Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде Мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Ана тілім ажарым асыл мұрам» атты сайыстан көрініс .

14-қыркүйек күні Кеңсай ауылдық Мәдениет қызметкерлері Бақасу ауылының тұрғындарына арнап «Кел билейік» атты би кешін ұйымдастырды



26- қыркүйекте Кеңсай Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастарға арналған «Дискотека -80» атты би кеші болып өтті .

8-қазан күні Кеңсай ауылында Кеңсай ауылдық әкімшілігімен Мәдениет қызметкерлері бірігіп Кеңсай округі қарттарына арнап «Қарттарым асыл қазынам» атты 2-бөлімнен тұратын мерекелік іс шара өткізді. 1-бөлімі – «Салауатты өмір салты» бұл бөлімде округіміздің 55-65 жас аралығындағы ер азаматтарға мини футболдан жарыс өткізді . 2-бөлімі «Мерекелік дастарқан». Шараға округ карттары белсене қатысты. Мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырды.


«Қарттарым асыл қазынам» атты шараның 2-бөлімі Мерекелік дастарқан




19- Қазан күні Кеңсай ауылдық мәдениет үйінде өткен жастарға арналған би кешінен көрініс .



26-қазан күні Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінің кітапханасында кітапханашы Мұрат Марияммен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақын- демократ, алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына байланысты мектеп оқушыларымен «Дөңгелелек үстел» ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа Торайғыровтың өмірбаяны мен өмір жолын таныстыру мақсатында.

2-қараша күні Кеңсай ауылдық мәдениет қызметкерлері күз науқаны аяқталуына байланысты , ауылшаруашылық саласында жүрген ауыл тұрғындарына арнап «Күз мерекем - күз берекем» атты концерт өткізді . Концертке «Ринат» «Серік» тағы басқа қожа шаруашылықтары шақырылып әкімшілік тарапынан алғыс хаттар тапсырылды .

8-қараша күні «Рухани жаңғыру» аясында Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде Зайсан ауданының 90 жылдығына Кеңсай әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлері бірігіп мәдени іс -шара өткізді. Әкімшілік тарапынан медальдар мен марапаттаулар берілсе . Мәдениет қызметкерлері мерекеге арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

15 –қараша күні Кеңсай ауылдық мәдениет қызметкерлері Жарсу ауылының тұрғындарына арнап «Бір –ән , бір әуен» атты концерт қойды.

30-қараша күні Кеңсай ауылдық мәдениет үйінде Әкімшілік пен мәдениет қызметкерлері Президент күніне арнап салтанатты жиын өткізді . Округ депутаты Зайсан аудандық «Нұр отан» партиясы филиалының 1-орынбасары М.М Қайрақова ауыл тұрғындарына алғыс хаттарын тапсырды. Мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт өткізді.



7 желтоқсан күні Рухани жаңғыру аясында Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық «Ақындар айтысы» болып өтті. Айтысқа Кеңсай , Шілікті , Қарабұлақ, Бақасу . Жамбыл ауылдарының және аудандық Музыка мектебінің ақындары қатысты.

14 желтоқсан күні Кеңсай ауылдық окугі әкімшілігі мен мәдениет қызметкері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап салтанатты жиын өткізді . Жиынға ауыл тұрғындары шақырылып аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды. Мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт қойды.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет