5 «б» сынып. Мұғалім: Азимбаева Г. Б



жүктеу 46.76 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі46.76 Kb.

Орталық орта мектебі

Шығармашылық жоба

Оригами модульдерінен құрастырылған «Паравоз» макеті

Орындаған: Избасар Асемай.

5 «б» сынып.

Мұғалім: Азимбаева Г. Б.

2016-2017 оқу жылы

Жобаның тақырыбы: Оригами модульдерінен құрастырылған «Паравоз» макеті.

Жоба мақсаты:

Оригами өнерінің тарихымен, технологиясымен танысу, паравоз жасап үйрену.

Жобаның міндеттері:

Қағаздан оригами буктеуді үйрену.

Қаржыны аз жұмсай отырып, өз қолыммен ерекше, әдемі зат жасау.

Сәндік-қолданбалы өнерде шығармашылықпен жұмыс істеудегі дағды мен шеберлігімді жетілдіру.



Кіріспе бөлім

Қағаздың алғаш пайда болуы.
Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды – бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен. Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі.
Оригамидің Отаны - Жапония.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 - 1185ж. ж.) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» – «қағаз» және «ками» – «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін. Оригами Жапонияда пайда болған. Жапон қағазы - айрықша қағаз. оны шығаратын кішкене зауыттарда электр қуатының орнына су, күн және жел қуатын пайдаланады. Оригамиді қайшыны пайдаланбай, бүктеу арқылы жасайды. Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан.


Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай, жинақы болу үшін пайдаланған.

Содан кейін бай ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазырғы кезде біз бір бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз.

Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек,құстар,

гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген.Уақыт өте келе XXғасырда оригами туралы бүкіл әлем

білетін болды.

Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше мың әр түрлі пішіндерді

жасай алады.

Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады.

Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.

Соңғы уақыттарда тек Жапонияда ғана емес, сондай - ақ басқа елдерде оригами өнерімен айналысады.. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тырна бүктеу тағыда бір мағынаға ие болды. Бейбітшілік символы Хиросимадағы атом бомбасының зардабынан жапа шеккен. Садако Сасаки 644 тырна бүктеп, (7 января 1943 — 25 октября 1955) дүниеден озды.
Оригамидің түрлері мен техникасы
Қарапайым оригами – оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен ғана шектеледі. Айналдыра бүктеу – оригами диаграммаларының бір түрі, дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба Оригамидің танымал түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. Сулы бүктеме – бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады.

Ал менің бүгінгі жасаған дүнием ол оригами модульдерінен құрастырылған «Паравоз» макеті.

Жобаны орындау:

Сонымен модульдерден құралған паравозды жасау үшін ең бірінші көп көлемде үшбұрышты модульдер дайындап алу керек және шыдамдылық қажет. Берілген модельде бірнеше түстер пайдаланылған. Модульдерді 1/8 А4 форматынан жасадым.

Мен бұл жұмысымды төрт бөлікке бөлдім, олар:

а) көмір тастап от жағатын орны;

ә) паравоздын «будкасын» және шатырын жасау;

б) «рамасы» мен қалған ұсақ бөлшектері (дөңгелектері, түтін шығатын мұржасы, жарық беретін «прожекторы»).





Көмір тастап от жағатын орны.

Бұл бөлімге жалпы алғанда 7-5 өлшемінде 410 дана кетти (ақ түстен -30, ашық қызыл түстен -25, жасыл түстен – 160, көк түстен – 175, қызыл түстен 20).









Паравоздын «будкасын» және шатырын жасау.

Будканың екі бірдей терезесі бар қабырғалары бар, (2 дана) және шатыры (1 дана).

Будканың бір қабырғасын жасау үшін 212 модул қажет болды (қызыл түстен -126, ақ түстен – 86 дана).





Шатырын жасау.

Шатырына барлығы 209 дана (ақ түстен – 66, ашық күлгін түстен – 105, қызыл түстен – 38 дана).











«Рамасы» мен қалған ұсақ бөлшектері (дөңгелектері, түтін шығатын мұржасы, жарық беретін «прожекторы»).

Олардың бәріне қоса алғанда 646 дана кетти.

Бүкіл «паравозға» – 1477 дана кетти.

Модульдер бір-бірінен ажырап кетпес үшін желім пайдалануға болады.







Идеяны талдау:

  • Менің жобаны жасаған басты мақсатым – өз қолыммен арзан, барлық жерден тез табылатын заттардан әдемі көрнекілік жасау.

  • Менің ойымша, менің шеберлік деңгейімді ары қарай дамыту керек.

Жобаның экологиялық негізі:

  • Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды, энергия шығынын, күрделі құрал-саймандарды, құрылғыларды, қымбат материалдарды қажет етпейді.

  • Мен тек қана қайшы, А4 форматындагы түрлі-түсті қағаз, ПВА желімін пайдаландым.

  • Менің ойымша, Бұл паравоз макетінен қоршаған ортаға зияны келмейді.

  • Шығын: А4 форматындағы қағаздар – 100 тенге, ПВА желімі 170 тенге.

Жасалған макетті бағалау

Мен бұл жұмысымды Экспо - 2017 конкурсттық жобасына дайындадым.






Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
post02 -> Жаңа білім мазмұнының химия пәнінде қолданудың тиімділігі «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында»
post02 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
post02 -> Сабақ: №21 Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ. Құндылық: Қиянат жасамау
post02 -> Лекциялық сабақтар мазмұны 3-25 Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары 26-46
post02 -> Ќыз жјне ер баланыѕ психологиялыќ ерекшеліктері
post02 -> Құрметті әріптестер,қонақтар сіздерді тәуелсіздік
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Алтын жүрек Анамыз.»
post02 -> Тақырыбы: Тәуелсіздіктің ұлы тұлғалары!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет