5 курс студенттеріне гематология бойынша тесттік тапсырмалар



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата07.02.2019
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3

5 курс студенттеріне гематология бойынша тесттік тапсырмалар

(2010-2011 оқу жылы)

1.А гемофилиясының себебі қанұюдың қай факторының кемістігі:

а) XII

б) IX


в) X

г) VIII


д) VII
2. В гемофилиясының тұқым қуалау типі төмендегі аталғандардың бірімен жүреді:

а) аутосомды-доминантты

б) рецессивті, X-хромосомамен қиылыса

в) тұқым қуалау типі белгісіз

г) рецессивті, жыныспен байланыссыз

д) аутосомды-доминантты


3. А гемофилиясына тән қанаққыштық типі:

а) микроциркуляторлы

б) васкулитті

в) гематомды

г) петехиалды-дақты

д) аралас


4. «А» гемофилиясына тән төменде аталған белгілердің бірі:

а) қан ағу уақыты ұзақ

б) қан ұю уақыты ұзаруы

в) қан ағу уақыты қысқаруы

г) қансоқта ретракциясы баяу

д) фибриноген В деңгейі жоғары


5. Агемофилиясының төмендегі аталғандар ішінен таңдаулы дәрісі:

а) иммунин

б) натрий этамзилаты

в) IX фактор концентраты

г) иммунат

д) октанайн


6. В гемофилиясында төмендегі аталған дәрілердің бірін енгізу қажет:

а) коэйт ДВИ

б) октанайн

в) гемофил М

г) криопреципитат

д) иммунат


7. А гемофилиясында криоприципитатты жиі қолдану себебінен төмендегі асқыну байқалады:

а) гемосидероз

б) апластикалық анемия

в) ингибиторлық гемофилия

г) тромбоцитопения

д) миелодиспластикалық синдром


8. Гемофилияның көрнекті белгісіне төмендегілердің бірі жатады:

а) мұрыннан қан кету

б) гемартроздар

в) экхимоздар

г) петехиялар

д) ішектен қан кету


9. А гемофилиясымен науқаста қан кетуде ең алдымен қанға төмендегі аталған дәрілердің бірі енгізіледі:

а) натрий этамзилаты

б) гемофил М

в) преднизолон

г) IX фактор концентраты

д) эпсилонаминокапрон қышқылы


10. 3 айлық ұлдың алғаш етке жасалған инъекция орнында көлемді гематома пайда болды. Қай ауру жөнінде ең алдымен күдіктену жөн?

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) туа пайда болған лейкоз

в) гемофилия

г) абсцесс

д) сепсис


11. 2 жасар ұлда жарақаттан соң тізе буынына қан құйылды. Жүре алмайды, ең алдымен көрсетілген тексерулердің қайсысы жүргізілуі тиіс:

а) қанұю уақыты

б) қан кету уақыты

в) ретикулоциттер саны

г) тромбоциттер саны

д) протромбинді индекс


12. 1 жасар ұлда жарақаттан соң тізе буыны ісінді. Ағасы 5 жасында миына қан құйылудан қайтыс болды. Кеселдің ең мүмкін себебі:

а) қанұюдың VIII факторының тұқым қуалайтын кемістігі

б) XI фактордың тұқым қуалайтын кемістігі

в) иммунокомплексті артрит

г) тромбоцитопениялық пурпура

д) қанұюдың К витаминіне тәуелді факторларының кемістігі


13. 1 жасар ұлда жарақаттан соң тізе буыны ісінді. Ағасы 5 жасында миына қан құйылудан қайтыс болды. Төменде аталғандар ішінен ең мүмкін диагноз:

а) реактивті артрит

б) гемофилия

в) бруцеллез

г) остеомиелит

д) ревматизм


14. Ұл, 1 жаста. Құлағаннан соң басында көлемді гематома пайда болып, мұрнынан күшті қан ағу басталды. Белгілісі: анасы жағынан нағашы ағасының бала кезінен буыны ауырады, мүгедек. Немере ағасы 3 жасында миына қан құйылып қайтыс болды. Төмендегі аталған тексерулер ішінен ең алдымен жүргізілетінін таңдаңыз:

а) қан ұю уақыты

б) тромбоциттер саны

в) қан ұйындысының ретракция уақыты

г) протромбинді индекс

д) Дьюку бойынша қан кету ұзақтығы


15. 2 жасар ұл тізе буыны ісіп, хирургия бөлімшесіне түсті. 1 жыл бұрын, соңғы аптада 2 рет мұрны қанады. Анасы жағынан әжесі мен анасында қанағуға бейімділік жоғары. Байқап қарағанда: тізе, кеуде, мойнында сирек көгерулер. Оң тізе буыны ісіңкі, ауырады, төңірегіне қан құйылған. ЖҚС: эритроциттер 3,2*1012/л, гемоглобин-90г/л, лейкоциттер 11,0*109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ, тромбоциттер 180 мың. Төмендегі аталған тексерулер ішінен күтетін мәнді қорытынды:

а) қанда VIII фактордың антигені анықталды

б) Дюке бойынша қанағу уақыты 20 минут

в) тәулік бойында қансоқта ретракциясы болған жоқ

г) тромбоциттердің адреналин мен тромбинге агрегациясы төмен

д) қан ұю уақыты (Ли-Уайт бойынша) 15 минут


16. 2 жасар ұл тізе буыны ісіп, хирургия бөлімшесіне түсті. 1 жыл бұрын, соңғы аптада 2 рет мұрны қанады. Анасы жағынан әжесі мен анасында қанағуға бейімділік жоғары. Байқап қарағанда: тізе, кеуде, мойнында сирек көгерулер. Оң тізе буыны ісіңкі, ауырады, төңірегіне қан құйылған. ЖҚС: эритроциттер 3,2*1012/л, гемоглобин-90г/л, лейкоциттер 11,0*109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ, тромбоциттер 180 мың. Төмендегі аталғандар ішінен ең мүмкін диагнозды атаңыз:

а) гемофилия

б) Шенлейн-Генох ауруы

в) Виллебранд ауруы

г) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

д) жедел лейкоз


17. А гемофилиясына» тән берілу түрі:

а) әкесі кондуктор болуы мүмкін

б) анасы кондуктор болуы мүмкін

в) ағасы кондуктор болуы мүмкін

г) апасы да кондуктор болуы мүмкін

д) әдетте кондуктор атасы болып табылады


18.Гемофилияға тән ең көрнекті белгі:

а) мұрнынан жиі қан кету

б) гемартроздар

в) көгерулер

г) петехиялар

д) мелена


19. А гемофилиясымен науқастың қан кетудегі ең бастапқы емі:

а) көктамыр ішіне натрий этамзилаты

б) гемофил М

в) көктамыр ішіне преднизолон

г) көктамыр ішіне IX фактор концентраты

д) көктамыр ішіне эпсилонаминокапрон қышқылы


20. Берілгендер ішінен қай ауруда қанағу уақыты ұзақ болатынын таңдаңыз:

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) Виллебранд ауруы

в) гемофилия

г) геморрагиялық васкулит

д) гемолитикалық анемия

21. А гемофилиясы диагнозы шарттары ішіне кірмейтін белгі:

а) қан ағудың гематомды типі

б) VIII фактор жетіспеушілігі

в) қанағудың васкулитті-пурпуралы түрі

г) тұқымқуалаушылық асқынған

д) қанұю уақытының ұзаруы


22. А гемофилиясының ингибиторлы формасында төменде аталған дәрілер ішінен қажеті:

а) криопреципитат

б) жаңа мұздатылған плазма

в) иммунат

г) дексаметазон

д) IX фактор концентраты


23. А гемофилиясы емінде ең жоғары дәрежеде тазартылған VIII фактор концентраттары қолданылады:

а) гемофил М

б) октанайн

в) криопреципитат

г) жаңа мұздатылған плазма

д) иммунин


24. В гемофилиясы емінде VIII фактор концентраттары қолданылады:

а) иммунин

б) криопреципитат

в) рекомбинантты активтелген VIII фактор

г) гемофил М

д) иммунат


25. Гемофилия емінің алдын алу тәсіліне төмендегілер ішінен кірмейтіні:

а) кем фактор белсенділігі деңгейін қалыптың 5%-да ұстау

б) емін 1-2 жасында бастау

в) емін алғашқы гемартроздан кейін бастау

г) қолданылатын қанұю факторлары ең жоғары дәрежеде тазартылған

д) жаңадан тоңазытылған плазма не нативті плазма концентратын қолдану


26. 2 жасар балада жарақаттан соң оң тізе буыны ісіп, қимылы тежелді. Анамнезінде тісі шыққан кезде ұзақ мұрын қанауы. 8 жасар немере ағасында жоғары қанаққыштық. Аталғандар ішінен болжам диагноз таңдаңыз:

а) гемофилия

б) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

в) ревматоидты артрит

г) ревматикалық қызба

д) Виллибранд ауруы


27. В гемофилиясының себебі қанұюдың қай факторының кемістігі екенін көрсетіңіз:

а) VIII


б) XII

в) IX


г) VII

д) XI
28. Гемофилияның ингибиторлық формасының болжамына аталған барлық факторлардың ішінен келмейтіні:

а) науқастың жасы

б) анамнезінде орнын басу емі

в) гемофилияның ауыр формасы

г) орнын басу емінің емдік әсері жоқ

д) орнын басу емінен соң плазмада кеміс фактордың деңгейі жоғарылаған жоқ
29. IX қан ұю факторының дәрісі:

а) гемофил М

б) криопреципитат

в) иммунат

г) октанайн

д) койт ДВИ


30. Гемофилияның жедел кезеңі емінде төменде аталғандар ішінен кірмейтіні:

а) аз мерзімді иммобилизация

б) қан шығару үшін буын пункциясы

в) буынға гидрокортизон енгізу

г) орнын толтыру емі

д) балшық емі


31. Геморрагиялық васкулит дамуы негізінде төмендегі аталғандар ішінен жататыны:

а) микробтың токсикалық әсері

б) вирусемия

в) тамыр қабатының аутоиммунды бұзылысы

г) тамыр қабатының иммунокомплексті бұзылысы

д) артериалды гипертензия


32. Төменде аталғандар ішінен геморрагиялық васкулит формасына жатпайтыны:

а) сұрапыл

б) рецидивті

в) терілік

г) аутоиммунды

д) аралас


33. Геморрагиялық васкулитке тән бөртпе сипатын көрсетіңіз:

а) симметриясыз, геморрагиялық

б) симметриялы, геморрагиялық

в) макуло-папулезді

г) ретсіз қанқұйылулар (экхимоздар)

д) инъекция орнына қан құйылу


34. Геморрагиялық васкулит еміне қолданылатын дәрілер ішінен жатпайтыны:

а) гепарин

б) викасол

в) дипиридамол

г) реополиглюкин

д) трентал

35. Геморрагиялық васкулит еміне төменде аталғандар ішінен кірмейтіні:

а) төсектік режим

б) гепарин

в) трентал

г) курантил

д) гемотрансфузия


36. Геморрагиялық васкулиттің таңдаулы дәрісі төменде аталғандардың бірі:

а) супрастин

б) гепарин

в) трентал

г) преднизолон

д) дипиридамол


37. Геморрагиялық васкулитке тән емес синдром:

а) терілік

б) буындық

в) абдоминальды

г) торакальды

д) бүйректік


38. Геморрагиялық васкулиттің төменде аталғандар ішінен ең қолайсыз асқынуларын көрсетіңіз:

а) рецидивті ағым

б) терілік және буындық синдром қабаттасуы

в) ішектен қан кету, бүйрек бұзылысы

г) абдоминальды, терілік

д) геморрагиялық бөртпе некроздармен


39. Геморрагиялық васкулиттің базистік еміне төменде аталғандар ішінен кіретін кешен:

а) преднизолон, гепарин, метотрексат

б) эналаприл, стероидты емес қабынуға қарсы ем

в) пенициллин, лоратадин, аскарутин

г) гепарин, курантил, трентал

д) циклоспорин, никотин қышқылы, витамин Е


40. Шенлейн-Генох ауруының терілік формасын төмендегі аталған кеселдер ішінен ең алдымен ажыратылуы тиісі:

а) есекжем

б) нейродермит

в) стрептодермия

г) везикулопустулез

д) менингококкцемия


41. 6 жасар ұлда қол аяғында симметриялы геморрагиялық бөртпе бойында ішінің ұстамалы түрде ауыруы пайда болды. Жіліншік буындарының ауыратынына шағымданады. Төмендегі аталғандар ішінен болжам диагнозын таңдаңыз.

а) ревматикалық қызба

б) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

в) геморрагиялық васкулит

г) жедел лейкоз

д) иерсиниоз


42. 7 жасар қыз баланың қол аяғында симметриялы геморрагиялы бөртпе; тізе, шынтақ буындарының ісінуі мен ауыруы бойында күшті іш ауыруы мен ішектен қан кету қосылды. Төменде аталғандар ішінен болжам диагнозын таңдаңыз:

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) гемофилия

в) жедел лейкоз

г) жаралы колит

д) геморрагиялық васкулит


43. 8 жасар ұлдың диагнозы: Геморрагиялық васкулит, терілік-буындық форма, ағымы жедел, белсенділігі I дәрежелі. Төменде аталғандар ішінен тағайындауға жарамайтыны:

а) гипоаллергенді емдәм

б) қатаң төсектік режим

в) преднизолон

г) гепарин

д) курантил


44. Шенлейн-Генох ауруының абдоминалды формасын төменде аталған кеселдер ішінен ең алдымен ажыратылуы тиісі:

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) аппендицит

в) холецистит

г) пиелонефрит

д) гепатит


45. 8 жасар қыз 10 күн бұрын баспа, дене қызуы 380С. Қазір қол аяғында бөртпе, іші, буындары ауырады, лоқсу. Анамнезінде: жиі ЖРВИ, баспалар. Қол аяғының жазу жағында симметриялы, негізінен буындар мен құйрықта геморрагиялы бөртпе. Бөртпе түсі алқызыл, макула-папулезді. Ішін, кіндік төңірегін басқанда ауырсынады. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі 2 рет сұйық. ЖҚС: эритроциттер 3,8*1012/л, гемоглобин-112г/л, түсті көрсеткіш 1,0; лейкоциттер 11,8 *109/л, тромбоциттер 370 мың; э-8; т.я.-5; с-63; л-19; м-5; ЭТЖ 22 мм/сағ,. Төмендегі аталғандар ішінен болжам диагнозын таңдаңыз:

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) есекжем

в) гемофилия

г) Шенлейн-Генох ауруы

д) жедел лейкоз


46. Шенлейн-Генох ауруының буындық синдром сипатына төменде аталған белгілер ішінен кірмейтіні:

а) бұзылыс жиі ірі буындарда

б) буындар ауыруы «ұшпалы»

+в) анкилозға әкелуі мүмкін

г) бүйрек синдромымен қабаттасуы мүмкін

д) жаңа тері бөртпелері білінгенде қанталайды


47. Шенлейн-Генох ауруына аталғандар ішінен тән бөртпе орналасуын таңдаңыз:

а) кеуде, іш

б) арқа

в) беті, мойын



г) қол аяқтың жазу жағы

д) қол аяқтың бүгу жағы


48. 5 жасар ұлда еш себепсіз қол аяғында майда папулезді-геморрагиялық бөртпе пайда болды: симметриялы, негізінен тізе, жіліншік буындары төңірегінде, дене қызуы 37,60С. Іш ауыруы қосылды№ Төмендегілер ішінен мүмкін диагнозды көрсетіңіз.

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) геморрагиялық васкулит

в) гемофилия

г) жедел лейкоз

д) гемолитикалық анемия


49. 6 жасар ұлдың шағымы: жіліншік буыны, іштің ұстамалы түрде ауыруы. Қарағанда: симметриялы геморрагиялық бөртпе жіліншіктің жазу жағы мен буын төңірегінде. Жіліншік буыны ісіңкі. Ішінің пальпациясында мықын тұсын ауырсынады., іш перде тітіркенісі белгілері жоқ. Төмендегілер ішінен ең мүмкін диагнозды көрсетіңіз:

а) ревматизм

б) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

в) геморрагиялық васкулит

г) жедел лейкоз

д) иерсиниоз


50. 7 жасар қыздың ауыруы жедел: іші қатты ауырады. Объективті қол аяғында симметриялы геморрагиялы бөртпе. Тізе, жіліншік буындары ісіңкі, ауырады. Төмендегілер ішінен болжам диагнозды көрсетіңіз:

а) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

б) гемофилия

в) жедел лейкоз

г) сепсис

д) геморрагиялық васкулит

51. 7 жасар қыздың ауыруы жедел: іші қатты ауырады. Объективті қол аяғында симметриялы геморрагиялы бөртпе. Тізе, жіліншік буындары ісіңкі, ауырады. Пальпацияда ішінің сол мықын тұсында жайылмалы ауыру сезімі. Нәжісі жиі, ботқа тәрізді, қан аралас. Төмендегілер ішінен болжам асқыну түрін таңдаңыз:

а) асқазаннан қан кету

б) ішектен қан кету

в) дизентерия

г) дисбактериоз

д) жаралы колит


52. 8 жасар ұлда анықталғаны: геморрагиялық васкулит, терілік-буындық форма, ағымы жіті, белсенділігі I дәрежелі. Науқасқа төмендегі аталғандардың бәрін тағайындауға болады, біреуінен өзге:

а) гипоаллергенді емдәм

б) қатаң төсектік режим

в) преднизолон

г) гепарин

д) курантил


53. Қыз бала 5 жасар. Қарағанда: симметриялы геморрагиялы бөртпе қол, жіліншік, құйрықта. Жіліншік буындарыаздап ісіңкі, іші ауырады. Зәрі қызыл-қышқыл түсті. Төменде аталғандар ішінен болжам диагнозын таңдаңыз.

а) гломерулонефрит

б) Шенлейн-Генох ауруы

в) тромбоцитопениялық пурпура

г) ревматоидты артрит

д) гемолитикалық анемия


54. Шенлейн-Генох ауруының диагнозын қою үшін аса мәнді синдромды таңдаңыз:

а) улану

б) терілік

в) буындық

г) ішектік

д) бүйректік


55. Шенлейн-Генох ауруына тән қанаққаштық типті көрсетіңіз:

а) петехиальды дақты

б) гематомды

+в) васкулитті-пурпуралы

г) ангиоматозды

д) аралас


56. Шенлейн-Генох ауруының ГКС емі көрсеткіштеріне төменде аталғандар ішінен жатпайтыны:

а) жайылмалы терілік пурпура көрнекті тромбогеморрагиялық компонент, некроздармен

б) ауыр абдоминалды синдром

в) терілік пурпураның толқынды ағымы

г) терілік буындық форма

д) нефрит нефротикалық синдромды


57. Шенлейн-Генох ауруының төмендегі аталғандар ішінен ең жиі асқынуы:

а) жүрек зақымдануы

б) бүйрек зақымдануы

в) АІЖ зақымдануы

г) ОЖЖ зақымдануы

д) өкпе зақымдануы


58. Шенлейн-Генох ауруының жеңіл формасында төменде аталғандар ішінен бірін тағайындауға болмайды:

а) аскарутин

б) преднизолон

в) курантил

г) гепарин

д) трентал


59. Қыз бала 8 жасар. 10 күн бұрын баспа, дене қызуы 380С. Қазір қол аяғында бөртпе: іші, буындары ауырады, лоқсу. Анамнезінде: жиі ЖРВИ, баспалар, цитрустарға тағамдық аллергия. Қол аяғының жазу жағында симметриялы, негізінен буын төңірегі мен құйрықта орналасқан, алқызыл макуло-папулезді геморрагиялы бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік төңірегін ауырсынады. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі 2 рет, сұйық. ЖҚС: эритроциттер 3,8*1012/л, гемоглобин-112г/л, түсті көрсеткіш 1,0; лейкоциттер 11,8 *109/л, тромбоциттер 370 мың; э-8; т.я.-5; с-63; л-19; м-5; ЭТЖ 21 мм/сағ,. Бұл бала еміне не қажет емесін көрсетіңіз:

а) гипоаллергенді емдәм

б) викасол

в) энтеросорбент

г) дезагреганттар

д) антикоагулянттар


60. Шенлейн-Генох ауруы емінде төменде аталғандар ішінен біреуінен өзгесі қолданылады:

а) смекта

б) гепарин

в) иммунат

г) курантил

д) преднизолон


61. Шенлейн-Генох ауруына аталған клиникалық синдромдар ішінен кірмейтіні:

а) буындық

б) терілік

в) кардиальды

г) абдоминальды

д) бүйректік


62. Геморрагиялық васкулиттің ауыр формасы абдоминальды синдромда төменде аталған асқынулар ішінен мүмкін емесі:

а) холецистит

б) инвагинация

в) іш бітелісі

г) ішек перфорациясы

д) перитонит


63. Геморрагиялық васкулиттің ауыр формасында аталған дәрілердің бәрі қолданылады, біреуінен басқасы:

а) гепарин

б) преднизолон

в) трентал

г) курантил

д) тромбоконцентрат


64. Геморрагиялық васкулитте буындық синдромның біліну сипатының бірі:

а) үдеріске кіші буындар қатысуымен

б) үдеріске орта және ірі буындар қатысуымен

в) көрнекті тұрақты буындар қатысуы деформациясымен

г) омыртқа бағанының мойын бөлігінің бұзылысымен

д) таңертеңгілік құрысу тырысумен


65. Геморрагиялық васкулитте іш ауруына барлық белгілерімен білінуі мүмкін, біреуінен басқасы:

а) құсу


б) ұстамалы түрде

в) «жіті іш» сипатымен

г) орны белгілі

д) «жіті іш» жайлы хабар беруі


66. Аралас түрлі геморрагиялық васкулиттің гепаринемінің есебі: (ХБ/кг/тәулігіне)

а) 50 ЕД/кг/тәулігіне

б) 200 ЕД/кг/ тәулігіне

в) 100 ЕД/кг/ тәулігіне

г) 150 ЕД/кг/ тәулігіне

д) 600 ЕД/кг/ тәулігіне


67. Геморрагиялық васкулитте гепаринді реттік енгізу тәртібі:

а) тәулігіне 4 рет

б) тәулігіне 3 рет

в) күнара

г) тәулігіне 1 рет

д) тәулігіне 2 рет


68. Тромбоциттер организмде аталған функциялардың біреуін атқарады:

а) транспорттық (тасымалдау)

б) ангиотрофикалық

в) антиген ажырату

г) фагоцитарлық

д) ингибиторлық


69. Верльгоф ауруындағы пурпураға тән:

а) мономорфты, полихромды, симметриялы

б) полиморфты, монохромды, симметриялы

в) мономорфты, монохромды, симметриялы

г) мономорфты, полихромды, симметриялы емес

д) полиморфты, полихромды, симметриялы емес


70. ИТП-да төмендегі дәрілердің бірі қолдануға жарамайды:

а) ацетилсалицил қышқылы

б) натрий этамзилаты

в) қанға иммуноглобулин

г) альфа интерферон

д) солюмедрол


71. ИТП-да ең жиі қанағу түрі:

а) асқазаннан

б) мұрыннан

в) қызыл иектен

г) жатырдан

д) буындық


72. ИТП-ның лабораториялық белгісі:

а) қан ұю уақыты ұзаруы

б) қан ағу уақыты ұзаруы

в) тромбоциттер көлемі кішіреюі

г) тромбоциттер көлемі артуы

д) қансоқта ретракциясы жылдам


73. ИТП-ға тән миелограмма сипаты:

а) эритроидты өскін тежелісі

б) сүйек кемігі мономорфты

в) сүйек кемігі аплазиясы

г) мегакариоциттер саны көп

д) мегакариоциттер саны төмен


74. ИТП патогенезіне тән төменде аталған тетіктердің бірі:

а) тромбоциттер өскінінің бұзылысы

б) тромбоциттердің таратылу бұзылысы

в) мегакариоцитарлық өскін тежелісі

г) тромбоциттердің аутоиммунды бұзылысы

д) сүйек кемігінің үшөскіндік аплазиясы


75.Тромбоциттердің адгезивті-агрегациялық қабілетін төмендететін дәрілер тобына жататындар:

а) салицилаттар

б) антикоагулянттар

в) кортикостероидтар

г) аминохинолиндер

д) фторхинолондар


76. ИТП-ның төменде көрсетілген аурулардың ішінен ең алдымен ажыратылуы тиіс:

а) гемофилия

б) жедел лейкоз

в) гемолитикалық анемия

г) Верльгоф ауруы

д) Шенлейн-Генох ауруы


77. Қыз бала 5 жасар. Сүт тісі түскен орнынан қан кетті. Бұған дейін соңғы жылы шамалы мұрын қанаулары болды. Көңіл күйі жақсы. Тері, іш ағзалары жағынан өзгеріс жоқ. Ең алдымен жүргізілуі тиіс тексеру:

а) сүйек кемігі пунктаты

б) шеткері қандағы тромбоциттер саны

в) қан ағу уақыты (Дъюке)

г) қан ұю уақыты (Ли-Уайт)

д) коагуляциялық жағдай


78. Қыз 3 жасар. ЖРВИ-дан соң ай бойында қызыл иекпен мұрыннан сирек шамалы қан кетуде. Төс, маңдайында бірер көгеру. Төмендегілер ішінен ең мүмкін диагнозды таңдаңыз:

а) жедел лейкоз

б) гемофилия

в) геморрагиялық васкулит

г) ИТП

д) гиповитаминоз


79. Қыз бала 12 жаста. Шағымдары жыл бойы қайталамалы мұрын қанауы, денесі мен қол аяғында түрлі түсті көгерулер. Жақ асты лимфа түйіндері I-II дәрежелі. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚС: эритроциттер 3,2 *1012/л, гемоглобин-80г/л, түсті көрсеткіш 0,9; лейкоциттер 10,5 *109/л, тромбоциттер 10 мың; ЭТЖ 13 мм/сағ. Диагнозды нақтылау үшін қажеті:

а) қанұю уақыты

б) тромбоциттердің ристоцитинмен агрегациясы

в) коагулограмма, тромбоциттердің агрегациясы мен адгезиясы

г) қанағу уақыты

д) эритроциттердің орташа диаметрі


80. 10 жасар ұл «ИТП» диагнозы бойынша емделді: 1 ай бойы преднизолон 1 мг/кг/ тәулігіне. Әсері жоқ. ЖҚС: эритроциттер 1,6 *1012/л, гемоглобин-46г/л, лейкоциттер 20 *109/л, тромбоциттер- бірен саран, ЭТЖ 40 мм/сағ. Сүйек миы пунктаты - өзгеріс жоқ. Не істеу керек?

а) шұғыл спленэктомия

б) иммуносупрессорлар тағайындау

в) преднизолон мөлшерін арттыру

г) трепанобиопсия

д) қанға иммуноглобулин


81. Қыз бала 10 жаста. ЖРВИ-дан апта өткен соң мұрыны қанауы, қызыл иек қанталауы. Теріде сирек түрлі түсті көгерулер, ретсіз, негізінен қол аяғында. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚС: эритроциттер 3,6 *1012/л, гемоглобин-108г/л, т.к.-0,9, лейкоциттер 8,2*109/л, э-2; т.я-5; с.я.-56; л-32; м-5; тромбоциттер- 10*109/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Бұл ауруда сүйек кемігінде:

а) мегакариоциттер аз

б) мегакариоциттер көп

в) мегакариоциттер жоқ

г) гранулоцитопоэз тежеулі

д) гранулоцитопоэз артуы


82. Қыз бала 10 жаста. ЖРВИ-дан апта өткен соң мұрыны қанауы, қызыл иек қанталауы. Теріде сирек түрлі түсті көгерулер, ретсіз, негізінен қол аяғында. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚС: эритроциттер 3,6 *1012/л, гемоглобин-108г/л, т.к.-0,9, лейкоциттер 8,2*109/л, э-2; т.я-5; с.я.-56; л-32; м-5; тромбоциттер- 10*109/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Бұл ауруда сүйек кемігінде: Емге қажет дәрілер:

а) гепарин, курантил

б) преднизолон. дицинон

в) викасол, аскорбин қышқылы


Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> №2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары
2011 -> 1. Жұтқыншақ арты кеңістіктің жалғасы не? көкіректің алдыңғы жағы
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2011 -> Глоссалгияны емдеудің патогенездік негізі
2011 -> Үлкен жастағы адамның Әлеуметтік-психологиялық статусы
2011 -> Экзаменационные тесты по дисциплине «детские болезни» для студентов 6 курса 2010-2011 уч
2011 -> Медициналық-профилактикалық факультетінің 6 курс студенттеріне емтиханға арналған тестік сұрақтар 2009-2010 оқу жылы
2011 -> Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?
2011 -> Шықшыт буын ауруларындағы сәулелі нақтаманың алгоритмі
2011 -> Элективті курс «Ауруханаішілік инфекциялар эпидемиологиясы және алдын алу. Инфекциялық бақылау жүйесі» бойынша 4 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет