5 қосымша Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды жүргізу үшін Қарыз берушіге жолданатын қаржылық есептілік түрлері мен нысандары



жүктеу 31.36 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі31.36 Kb.

Сайтта орналастыру үшін

________жылдың ____________ № ____________


Банктік қарыз шартына

5 қосымша



Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды жүргізу үшін Қарыз берушіге жолданатын қаржылық есептілік түрлері мен нысандары
Қаржылық есептілік (оның ішінде, шоғырландырыдған) – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС), Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына, сондай-ақ Қарыз берушінің ішкі талаптарына сәйкес қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері мен ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

Қаржылық есептілікті Қарыз алушы тоқсан сайын, есептілік кезеңнің басынан бастап өсу ретімен ұсынады: бірінші тоқсан үшін, бірінші жарты жылдық үшін, тоғыз ай үшін, жыл үшін.



Қарыз берушіге Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды жүргізу үшін ұсынылатын қаржылық есептілікке келесі нысандар мен түрлер кіреді:

  1. Бухгалтерлік теңгерім, оған қоса активтер мен пассивтер бабы бойынша түсіндірме;

  2. «Өнімді сату және қызмет көрсетуден түскен табыс», «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны», оған қоса өзіндік құндағы тозу үлкендігі баптарының түсіндрмесі бар табыстар мен шығындар туралы есеп;

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, оған қоса операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет баптары бойынша түсіндірмелер;

  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

  5. түсіндірме хат;

  6. қосымша мәліметтер (мазмұнына талаптарды қараңыз);

  7. Қарыз берушінің талабы бойынша өзге есептер/түсіндірмелер.

Қаржылық есептілік баптары бойынша түсіндірмелер келесілерді көрсетіп ұсынылады, бірақ олармен шектелмейді:

  • дебитор/несие берушінің атауы, туындау себептері, құрылу күні, өтеу мерзімі, дебитор/несие берушінің мерзімі кешіктірілген міндеттемелерінің болуы және оларды орындау үшін қолданылатын шаралар туралы ақпарат көрсетілген дебиторлық және кредиторлық берешектің құрамы мен қарқыны;

  • несие берушінің атауы, құрылу күні, қарызды пайдалану мақсаты, қарыз сомасы, өтеу мерзімі мен тәртібі, мерзімі өткен міндеттемелер және оларды орындау үшін қолданылатын шаралар туралы ақпарат көрсетілген қарыздар бойынша берешек құрамы мен қарқыны (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар, акциялар, облигациялар эмиссиясы және т.б.);

  • банктік қарыз шарты бекітілген, бірақ ақша қаражатын (Қарыз алушының теңгерімінде танылмаған) игеру жүргізілмеген қарыздар бойынша ақпарат;

  • қарыз алушының өзге теңгерімдік емес міндеттемелері бойынша ақпарат (лизинг және басқ.).

  • «Басқалар» баптары бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің түсіндірмесі.

Қаржылық есептілік бабының елеулі өзгертілуі (5%-дан артық) жағдайында, өзгерістердің себептері және жалпы кәсіпорын бойынша қаржылық жағдайды жақсарту үшін қолданылатын шаралар туралы мәліметтерді ұсыну.
Қосымша мәліметтер келесі ақпаратты қамтиды:

  • өнімнің өзіндік құны (қарқындылықта);

  • борышқа қызмет көрсету қабілеті, ақша ағыны қозғалысының болжамы;

  • капитал нарығына рұқсат туралы ақпарат;

  • өндіріс маусымдылығы (циклділігі) туралы ақпарат;

  • Қарыз алушының нарықтық ұстанымының сипаттамасы, оған қоса оның экономикадағы циклдік және құрылымдық өзгерістерге (сала түрі, Қарыз алугымен өндірілетін (көрсетілетін) тауар (қызмет) тартымдылығының бағасы; мұндай тауарлар (қызметтер) нарығы, Қарыз алушы қызметінің саласындаға бәсекелестік деңгейі (негізгі бәсекелестер, Қарыз алушының рейтингі және т.б.) тәуелділігі, бәсекелес нарықтағы қызмет ұзақтығы;

  • Қарыз алушының қаржы топтарына, конгломераттарға және холдингтерге қатыстылығы;

  • бір (бірнеше) жеткізушіге және (немесе) тапсырыс берушілерге тәуелділік;

  • Қарыз алушының оның қаржылық жағдайын нашарлататын сот, әкімшілік талқылауларға қатыстылығы.

Қосымша мәліметтер көрсетілген тізіммен шектелмейді және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын кез келген өзге ақпаратты қамти алады.

Қосымша мәліметтер бірнші басшының және бас бухгалтердің қолдарымен расталады және кәсіпорынның қаржылық есептілігімен бірге ұсынылады.



Қарыз алушының еншілес ұйымдары бар болған жағдайда немесе ол ірі компания тобының мүшесі болса, бүкіл топтың қаржылық қызметін және қаржылық жағдайын бағалау үшін қосымша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну қажет.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет