52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 3.25 Mb.
бет1/15
Дата01.03.2018
өлшемі3.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілді


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

(52-шығарылым)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі - БТБА) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен», «Автомобиль және қалалық электр көлігі», «Теңіз және өзен көлігі» бөлімдерінен тұрады.

2. БТБА-ның осы шығарылымына берілген жұмыс түрлеріне тән жұмысшы кәсіптері енгізілді.

3. Тарифтік-біліктілік сипаттама сегіз разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

4. Өндірістің жағдайына немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай жекелеген кәсіптердің төмендеу разрядтарының жұмыс сипаттамасында жекелеген жұмыстарды орындау анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп көрсетілген. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.

5. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдап алу және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындауға, жұмыс орнын, жабдықтарды, аспаптарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытылы дайындау және тиісті тәртіпте ұстап отыруға, бекітілген техникалық құжаттаманы жүргізуге, сондай-ақ ақау түрлерін, себептері мен олардың алдын алу тәсілдерін білуге тиіс.

6. БТБА-ның осы шығарылымы ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.


7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

8. Қандай да бір өндіріс немесе жұмыс түрі үшін ерекше болып табылмайтын жұмысшылар кәсіптері БТБА-ның «Жұмысшылардың экономиканың барлық салаларына ортақ кәсіптері» 01 шығарылымында жазылған.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды қолдану, жұмысшыларға разрядтарды беру және жоғарылату тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының «Экономика салаларының барлығына ортақ жұмысшы кәсіптері» 01-шығарылымындағы жалпы ережелерінде көрсетілген.

10. Пайдалану қолайлығы мақсатында, БТБА жұмысшылар кәсібі атауы, разрядтар ауқымы және беттер нөмірлерінен тұратын алфавиттік көрсеткішті (1-қосымша) қарастырады.

11. Қолданыста болған БТБА-ның 2010 жылғы басылымдағы 52-ші шығарылымында «Теміржол көлігі және метрополитен», «Автомобиль және қалалық электр көлігі», «Теңіз және өзен көлігі» тарауларында қарастырылған жұмысшылардың кәсіптері атауларының тізбесі БТБА-ның (52-шығарылым) 2, 3, 4-қосымшаларда көрсетілген.


2-тарау. Теміржол көлігі және метрополитен
1. Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының бригадирі
12. Жұмыс сипаттамасы

Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.

Қызмет көрсетілетін учаске шеңберінде осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларды басқару.

Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жағдайда жолдар мен жасанды құрылыстарды ұстау.

Жолдар мен жасанды құрылыстарды белгілінген мерзімде тексеру.

Жолдың беткі құрылымы элементтерінде, жер төсемінде, жасанды имараттарда пайда болатын ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жолдың беткі құрылымы қызметі мерзімін ұзарту жұмыстарын жүргізу.

Қысқы жағдайларда жолды жұмысқа дайындау, қар мен құмнан тазарту, иірімдердегі жолды ұстау және жөндеу, жолдар мен жасанды құрылыстарды көктемгі және сел жаңбыр суларын өткізуге, табиғи құбылыстардан туындаған ақаулықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде пойыздардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету.

Жол монтерларына, аралап тексерушілерге, өтпелі жол кезекшілері және де басқа жұмысшыларға нұсқаулық жүргізу. Бригада қызметкерлеріне тікелей жұмыс орындарында жұмыс орындаудың оңтайлы жолдарын үйрету.

Бастапқы есептеу және есептілікті жүргізу.

Аспаптарды, механизмдерді, керек-жарақтарды, белгі бергіш материалдар мен оларды сақтау қоймаларын жарамдылықта ұстауды қамтамасыз ету.

13. Білуге тиіс:

теміржолдар мен жасанды құрылыстардың құрылымы;

оларды күнделікті ұстап отыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы;

жолдар мен жасанды құрылыстардың беткі құрылымы элементтерінің ақаулықтары;

жылжымалы құрам мен құрылымдарды жақындату көлемі;

жолдар мен жасанды құрылыстарды күнделікті ұстап отыру және жөндеуде қолданылатын аспаптар мен құралдар арқылы өлшеу ережесі;

теміржолдар мен жасанды құрылыстарды ұстау, жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенде пойыздың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету нұсқаулықтары;

теміржол және құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргізу және жарамды жағдайда ұстап отыруда еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережесі;

жол гидравликалық және электр аспаптар мен механизмдердің құрылымы, электрленген желілердегі теміржол көлігі қызметкелері үшін еңбекті қорғау ережесі;

жол жұмыстарын өндіруде технологиялық-нормалау карталары;

алғашқы есеп және есептілік.

14. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

15. Ескерту.

Жолдарды және жасанды құрылыстарды күнделікті ұстап отыру және жөндеу жөніндегі (босатылған) бригадир өзі басқаратын бригаданың жоғары біліктілігінен бір разряд жоғары, бірақ 5-разрядтан төмен емес тарифтеледі.

2. Теміржол көлігі кәсіпорындарының (босатылған) бригадирі


16. Жұмыс сипаттамасы.

Өндірістік бөлімшелердің жұмысшыларын басқару.

Белгіленген технологиялық процесс бойынша жұмысты орындау.

Бригаданың бекітілген жұмыс жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

Жұмысшыларды орналастыру, жұмыс орындарын материалдармен, аспаптармен және бөлшектермен қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау және өртке қарсы ережесі бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Оңтайлы еңбек тәсілдері мен әдістерін қолдану жөнінде бригада жұмысшыларына нұсқаулық жүргізу және оқыту.

Орындалатын жұмыстың сапасын қадағалау және бақылау.

Жұмысты қабылдап алу және нысандарды шеберге тапсыру.

Материалдың шығуын бақылау.

Орындалған жұмыстың көлемін есептеу және олардың сапасын бағалау.

Жабдықтар мен керек-жарақты жарамдылықта ұстап отыру.

17. Білуге тиіс:

жөнделетін тораптардың құрылымы мен өзара іс-әрекеті;

орындалатын жұмыстардың технологиялық процесі;

жұмыс өнімділігі ережесі;

жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру;

материалдың шығу нормасы;

5 біліктілік разрядынан төмен емес жұмыстарды орындау тәртібі мен ережесі;

қауіпсіздік техникасы ережесі;

орындалатын жұмысты есептеу тәртібі.

18. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

19. Ескерту.

Жолдарды және жасанды құрылысты күнделікті ұстап отыру және жөндеу жөніндегі (босатылған) бригадир өзі басқаратын бригаданың жоғары біліктілігінен бір разряд жоғары, бірақ 5-разрядтан төмен емес тарифтеледі.

3. Дрезина жүргізуші
20. Жұмыс сипаттамасы.

Теміржолда жүргенде дрезинаны басқару.

Материал, жабдық, құрылымдарды жұмыс орындалатын жерге тасымалдау және жұмысшыларды алып келу.

Станция шеңберінде маневрлік жұмыстарды орындау. жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындағанда кран құрылғыларын және басқа да арнайы механизмдер иен құрылғыларды басқару.

Дрезинада қызмет көрсету және дрезинаны, оның жабдықтарын жарамды етіп ұстап отыру.

Дрезинаның, көтергіш және бақса да арнайы жабдықтардың ақауын, жою.

Жоспарлы алдын алу жөндеуге қатысу.

21. Білуге тиіс:

дрезинаның, оның механизмдері мен жабдықтарының құрылымы, оларды пайдалану ережесі;

дрезина жұмысындағы және оның механизмдері мен жабдықтарының жұмысындағы ақаулықтардың себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

жанар жағар материалдардың сипаттамасы мен қасиеті және оларға қойылатын талаптар;

адамдарды және жүкті дрезинада тасымалдау ережесі;

тиеу-түсіру және басқа да кран жабдықтары арқылы орындалатын жұмыстарды өндіру ережесі;

дрезина тораптарының, дөңгелек жұптарының және кран жабдықтарын техникалық байқау, жөндеу және куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;

электр техникасы, механика және гидравлика негіздері.

Магистральды теміржол көлігінің теміржолында алмалы дрезинаны және өнеркәсіптік теміржол көлігі теміржолында алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсету - 3-разряд.

Жүк тасымалдауға арналған прицеппен жабдықталған алмалы дрезинаны, немесе жүкті тасымалдауға арналған платформамен жабдықталған алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд.

Жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға арналған мұнара, кран немесе басқа да арнайы механизмдермен жабдықталған карбюраторлы қозғалтқышты алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд.

Дизель күшті құрылғылы, мұнарамен, кранмен немесе басқа да жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға арналған басқа да арнайы механизмдермен жабдықталған алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 6-разряд.

22. Ескерту.

Дрезина жүргізушінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін жүргізушіден бір разряд төмен тарифтеледі.

4. Көлік-жинау машинасының жүргізушісі

3-разряд

23. Көлік-жинау машинасының жүргізушісі

Вокзал маңы және станциялық аумақтардағы, перрондар мен жолаушы платформаларында, көшелердегі қоқыс жүгін тасымалдауда түрлі жүйедегі және жүк көтергішті көлік-жинау машинасын басқару.

Оны тиеу және түсіруді қадағалау.

Көлік жинау машинасын жарамды ахуалда ұстау және техникалық қызмет көрсету.

24. Білуге тиіс:

көлік жинау машинасының құрылымы, жұмыс істеуі мен қызмет көрсету ережесі;

қолданылатын отын және майдың түрлері;

аккумуляторлы батареяларды зарядтау қызметі, мерзімі мен тәсілдері;

жол қозғалысы ережесі;

қауіпсіз жүру негіздері.

5. Локомотив және поезд бригадаларын шақырушы

2-разряд

25. Жұмыс сипаттамасы.

Наряд бойынша, депо бойынша кезекшінің немесе нарядшының нұсқауына сәйкес локомотив және поезд бригадаларын уақытылы шақыру.

26. Білуге тиіс:

қала аудандары мен көшелерінің орналасуын;

локомотив және поезд бригадалары қызметкерлерінің тұратын жерлеріне қалалық көлікпен тезірек бару немесе өту бағытын;

станциялық және депо жолдарында болғанда қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері.

6. Польстер қылқалам тоқушы


1-параграф. Польстер қылқалам тоқушы

2-разряд


27. Жұмыс сипаттамасы.

Польстер қылқалам, буксты жіп, кордты жіп және шпагатты жіптен иірілген біліктердің қапшықтарын қолмен тоқу.

Жіпті орау және тарқату.

Буксты жіпті және бауларды бұйым өндірудің техникалық шарттарына сәйкес сұрыптау және дайындау.

28. Білуге тиіс:

польстерлі қылқалам және басқа да бұйымдарды жасауда қолданылатын жіптің сұрыптары;

техникалық шарттарға сәйкес жіптің қасиеті;

жіпті орау және иіру жолдары;

польстерлі қылқаламды орауда қолданылатын бауды иіру тәсілдері, даяр бұйымның мөлшері.

2-параграф. Польстер қылқалам тоқушы

3-разряд

29. Жұмыс сипаттамасы.

Польстер қылқалам, буксты жіп, кордты жіп және шпагатты жіптен иірілген біліктердің қапшықтарын тоқу машинасында тоқу.

Машинаны іске қосу және тоқтату.

Инелерін ауыстыру.

Жіптің тығыздығы мен созылуын реттеу.

Машинаны тазалау және майлау.

Даяр бұйымдардың мөлшерін өлшеу.

30. Білуге тиіс:

машинаның негізгі бөлшектерінің құрылымы мен өзара іс-әрекеті;

машинаны іске қосу және тоқтату жолдары;

жіп нөмірлері;

тоқу сапсына қойылатын талаптар.

7. Көшу жөніндегі кезекші


31. Жұмыс сипаттамасы.

Поездардың, автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының тораптағы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.

Белгіленген тәртіпке сәйкес торап арқылы жүгі көп, көлемді емес, жай жүретін және басқа да машиналарды, механизмдерді жіберуді, мал айдауды ұйымдастыру және реттеу.

Тораптағы автоматты құрылғылардың, бағдаршам және дабыл қаққышты, прожекторлық құрылғылардың, электр жарық беру, радио және телефон байланысы мен басқа да құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

Кезекшінің (немесе кезекшілердің) күшімен жөндеуге болатын торап жабдықтарының жұмысындағы анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді жөндеу.

Автоматты дабыл қағу, автоматты шлагбаумды басқару аспаптарының жарамсыз жағдайында, энергиямен жабдықтаудың бұзылғанда, автоматика және дабыл қағу құрылғыларына қызмет көрсету және реттеу жұмыстарын өндіруде поездар мен көлік құралдарының қауіпсіз жүруін ұйымдастыру.

Көшті қоршау және белгіленген сигнал беру.

Өтпелі поездардың жағдайын тексеру, қозғалыстың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жылжымалы құрамдағы ақаулықтар және жүк тиеуде кемшіліктер табылғанда поезды тоқтату шараларын қабылдау. Торап жабдықтарының, теміржолдың және тораптың барлық аумағы мен шлагбаум шеңберіндегі кіріс жолды күту, тазалықта ұстауды қамтамасыз ету.

32. Білуге тиіс:

Торап құрылымын және оны ұстау ережелері;

торапта орналасқан жабдықтың қызметі принципі, жұмысынан ақау табу және жою;

көлік құралының торап бойынша қозғалысын реттеу тәртібі;

жол жұмыстары кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;

тораптарды құру және кұту бойынша нұсқаулық;

сол торапты кұту бойынша жергілікті нұсқаулық;

торапта автоматика құрылғысын қолдану тәртібі туралы жергілікті нұсқаулық;

тораптағы кезекші үшін қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария бойынша типтік нұсқаулық, теміржол торабы бойынша жол қозғалысы ережесі.

Қиылыста орналасқан тораптарды күту кезінде:

Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 поездға дейін теміржолдар, сонымен қатар қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды станциалық және кіріс жолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 3000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 17-100 поездға дейін теміржолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 1000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 101-200 поездға дейін теміржолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 200 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар - 2-разряд.

Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 поездға дейін теміржолдар, сонымен қатар қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды станциалық және кіріс жолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 3001-7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 17-100 поездға дейін теміржолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 1001-3000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 201-1000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 200 поездға дейін теміржолдар - 3-разряд.

Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 поездға дейін теміржолдар;

қозғалыс интенсивтілігі күніне 300 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар - 4-разряд.

8. Бұрма постының кезекшісі
33. Жұмыс сипаттамасы

Поездарды қабылдау, жіберу және маневрлау жұмыстары үшін бағдар жасауда орталық емес бұрмаларды бұру және бекіту.

Поезды қабылдайтын жолдардың бостығын тексеру, поездардың толық құрамда келуін және жөнелтілуін бақылау.

Құрамдар мен вагондарды тежегіш башпақтармен тежеу және бекіту.

Жарық беретін бұрма көрсеткіштерін, аударма бұрмаларды, керек-жарақтарды және дабыл заттарын жарамдылықта және тазалықта ұстап отыру.

Босаған болаттар мен шуруптардың техникалық жағдайын бақылау, бекіту, бұрма бөлшектерін майлау.

34. Білуге тиіс:

жол бұру постының аға кезекшісі мен кезекшісінің лауазымдық нұсқаулықтары;

жүк тасымалдау ережесі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы ережесі мен нормалары;

жұмысына қатысты станция жұмысының техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі;

бұрмалардың құрылымы, поездарды қабылдау, жіберу және маневрлау жұмыстары үшін бағдар жасауда орталық емес бұрмаларды бұру және бекіту ережесі;

бағдарлы-бақылау құрылғысның жұмыс жасау принципі және міндеті;

бұрма көрсеткіштерін жарамдылықта ұстап отыру ережесі;

бұрмаларды жарықтандыру тәртібі;

бұзылған бұрмаларды қоршау ережесі;

тежегіш башпақтардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі.

өнеркәсіптік теміржол көлігі станцияларының маневрлік станция аудандарындағы бұру постыларына қызмет көрсетуде – 2-разряд;

магистральді теміржол көлігі станцияларының маневрлік станция аудандарындағы және тракциялық кәсіпорын жолдарының бұру постыларында; өнеркәсіптік теміржол көлігі стацияларының кернеулі маневрлік аудандарында қызмет көрсетуде - 3-разряд;

магистральді теміржол көлігі станцияларының кернеулі маневрлік аудандарындағы бұру постыларына қызмет көрсетуде – 4-разряд.

35.Ескерту:

Бұрма постының аға кезекшісі өзі басқаратын немесе тізбесін жол бөлімшелерінің басшысы бекітетін поездарды қабылдау, жіберу және өткізу жолдарындағы бұрма постыларына өз бетінше қызмет көрсететін бұрма постыларының кезекшілерінен бір разряд жоғары тарифтеледі.

9. Тасымалдау құжаттарын жеткізуші

2-разряд

36. Жұмыс сипаттамасы.

Тасымалдау құжаттарын теміржол станцияларының шеңберінде барлық нысандар мен поездарға жеткізу.

Құжаттарды тіркеуде жүргізілген жазбаға сәйкес құжаттарды қабылдау, олардың санын тексеру.

Құжаттарды қолхат арқылы тапсыру.

37. Білуге тиіс:

құжаттарды қабылдау және тапсыру ережесі,

құжаттарды тапсыру және қабылдау орындарының орналасқан жерлері мен сол пункттерге өтудің қауіпсіз бағдарлары,

станция жолдарында болған кездердегі қауіпсіздік техникасы ережесін білу.

10. Сорғытушы


1-параграф. Сорғытушы

2-разряд


38. Жұмыс сипаттамасы.

Су тегеуріні шлангілерінің, қол аспаптарының және айлабұйымдардың көмегімен тоннель және станциялық сорғыларды, құдықтарды, кабельді және желдеткіш коллекторларды, станциялық платформаларды, қатты жол тұғырларын, жол жағалары мен метрополитен тоннельдерін шаю және тазарту.

Су тегеурінді шлангілерді су тегеурінді желіге қосу және ажырату.

39. Білуге тиіс:

метрополитеннің қызмет көрсетілетін учаскесінің сорғыту жүйесін шаю тәртібі;

су құбыр жабдықтарының орналасу орны мен пайдалану ережесі;

станциялардан және тоннельдерден суды бетіне шығару тәсілдері;

үшінші контактілі рельсте, бағдаршамдарда, релелік шкафтарда және басқа құрылғыларда кернеулік жағдайында жұмыс істеу ережесі, бекітілген учаске шеңберінде негізгі және транзиттік айдамалардың орналасуы және сорғыту құрылғыларының кескіні;

су бөлімшелерінің шектері;

сорғыту жұмыстарын орындауда қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдар.

Параграф 2. Сорғытушы

3-разряд


40. Очистка и промывка дренажей в труднодоступных местах и в местах усложненной схемы закрытой дренажной системы на станциях, подходных коридорах, в камерах съезда и других местах.

Қолайсыз жерлердегі сорғыларды және станциялардағы, кіреберістегі, съезд камерасындағы және басқа да жерлердегі жабық сорғы жүйесінің күрделі сызба орындарындағы сорғыларды тазалау және шаю.

41. Білуге тиіс:

механизацияның қолданылатын құралдары құрылымы және пайдалану тәртібі;

станция мен туннельдердегі сорғы жүйесі сызбасы және құрылымы;

химиялық ерітінділер құрамы және дайындау әдістері;

құрылғылар мен механизмдер жабдығы;

жабық құбырларды қатты қалдықтардан және бөгде заттардан тазарту технологиясы;

осы жұмыстарды орындауда қауіпсіздік шаралары - 3-разряд

11. Жүк поездарының кондукторы


42. Жұмыс сипаттамасы.

Магистральды теміржол көлігі жолдарындағы жинақ, шығару, жіберу, шаруашылық поездарына қызмет көрсету.

Вагондарға жіберу құжаттарын қабылдау және тапсыру, машинистті бағдар парағы бойынша жіберілетін поездың құрамымен таныстыру.

Өнеркәсіптік кәсіпорын жолдарындағы поездар мен вагондарды қабылдау, тапсыру және қызмет көрсету.

Ашық жылжымалы құрамдағы поездың дұрыс қалыптастырылуын және жүктердің дұрыс тиелуін тексеру.

Вагондар мен контейнерлерде жіберілетін жүктің түгел болуын қамтамасыз ету.

Поезды қоршау және тоқтағанда тежегіш башмақтар мен қол тежегіштерін бекіту.

Аралық станциялардағы құрама, шығару және жіберу поездарында маневрлеуге қатысатын барлық қызметкерлердің маневрлік жұмыстарын басқару және маневрлік жұмыстарға қатысу.

Ілеспе поездардың қауіпсіз жүруін және маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кірме жолдардағы барлық үлгідегі думпкарларды, табольт, хоппер-мөлшерлегіштерді босату.

43. Білуге тиіс:

жүктерді тасымалдау ережесі;

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесі және нормалары;

жөнелту, жүру және келу жолдарында поездарды қабылдау, қызмет көрсету және тапсыру тәртібі;

ашық жылжымалы құрамға жүк тиеу ережесі және вагондар мен контейнерлерді пломбалау;

поезд құраушысы мен оның көмекшісінің лауазымдық қызмет нұсқаулығы;

қызмет көрсетілетін станциялардың техникалық-иеленушілік акті және жұмысының технологиялық процесі;

жүк құжаттарын ресімдеу тәртібі;

вагон және контейнер құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

тежегіш башмақтардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

поездарды қалыптастыру жоспары;

жергілікті өзін-өзі басқаруға берілген орталықтандырылмаған және орталықтандырылмаған бағыттамалы бұрмалар ережесі.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның кірме жолдарындағы барлық жүк поездарға қызмет көрсетуде - 2-разряд;

шаруашылық поездардың темір жол желілеріне қызмет көрсетуде - 3-разряд;

құрама, шығару және жіберу поездардың темір жол желілеріне маневрлік жұмыстармен қызмет көрсетуде - 4-разряд;

құрама поездар желісі теміржолдарда қызмет көрсетуде - 5-разряд;

жүк поездарының кондукторының жұмысы кезінде аралық станциялардағы маневрлік жұмыстарды орындай отырып шығару, жіберу және құрама поездардың теміржол желілеріне қызмет көрсетуде - 6-разряд.

44.Ескерту:

Жүк поездарының бас кондукторы тиісті қызмет көрсетілетін поездың кондукторы үшін көзделген разрядтан бір разряд жоғары тарифтеледі.

12. Автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы


45. Жұмыс сипаттамасы.

Автоматты жіберу пункттеріне қызмет көрсету.

Тиын қабылдағыш, жарық таблоларының, автоматты жіберу пунктінің саңылауларының жарамдылығын бақылау.

Жолаушылардың метрополитенді пайдалану ережесін орындауын бақылау.

Жіберу пункті арқылы өтетін жолаушылардың билетін және жүру құжаттарын тексеру.

Жүк алып өтудің құнының толық төленуін және жолаушылардың үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

Жинақтағыштардағы құралдардың ақаулықтарын жою үшін слесарь электрикті шақыру.

Метрополитенмен бару бағдары туралы жолаушыларға түсіндіру беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет